Синтоизм діні туралы жалпы түсінік беру
Синтоизм – бұл Жапонияның VІ-VІІ ғасырларда қалыптасқан дәстүрлі діні. “Синто” (“құдайлар жолы”) ежелден жапондықтар дәріптейтін құдайлар мен рухтар әлемін (“ками”) білдіреді. Синтоистер өздерінін діндерін күн құдай-анасы және жапон императорларының ілкі анасы саналатын Аматэрасудан бастау алады деп есептейді. Аматэрасу – синтоистік құдайлар пантеонының басты құдайы. Синтоизм қағидалары VІ-VІІІ ғасырларға жататын басты үш дереккөзге негізделген, олар: “Кодзики”, “Нихон секи” (тарихи-жылнамалық жинақ), “Синсэн седзироку” (генеалогиялық тізімдер) Жапон мифоллогиясында адам кейпіндегі құдайларды Идзанаки және Идзанами деп аталады. Кейде оларды Адам мен Евамен салыстырады және оларды аң алғашқы пайда болған адамдар деп есептейді. Аңыз бойынша олар көпірде тұрып найзаның ұшын мұхитқа батырады, оны қайтадан алғандағы тамшыларынан жер, құрылық пайда болады. Сөйтіп Жапон аралдары пайда болған. Олардан жел, ағаш, тау, тұман және т.б құдайлар пайда болған. Идзанами өлген соң жер асты патшалығының құдайына айналады. Идзанаки сол көзін жуғандағы тамшыдан күн құдайы Аматэрасу, ал оң көзін жуғандағы тамшыдан түн құдайы Цукуеми, ал мұрнынан тамған тамшыдан су құдайы Сусаноо пайда болған дейді. ІІ Жаңа білімді бекіту (кері байланыс) 1- тапсырма Синтоизм дініндегі 5 концепция (5 минут)
әлем өздігінен пайда болған, әлем жоғарғы күш арқылы емес, өздігінен
жер бетіндегі өмір қуатын сипаттайды
табиғат пен тарихтың бірлігі, әлемнің тірі және тірі емес деп бөлінбеуі айтылады
концепция көпқұдайлықты көрсетеді, себебі синтоның өзі жергілікті табиғат культтерінен, жергілікті, рулық және тайпалық құдайларға табынудан пайда болған.
синто жапон ұлтымен етене байланысты,
|