Студопедия — Тақырып. Экономикалық теорияның пәні және әдістері.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Экономикалық теорияның пәні және әдістері.






1. Экономикалық теорияның даму эволюциясы.

2. Экономикалық теория пәні, зерттеу әдістері мен атқаратын қызметтері.

1) Экономикалық ойлау адам қоғамының пайда болуымен қатар дүниеге келді. «Экономия» сөзі «ойкос»- үй шаруашылығы, «номос»- ереже, заң сөздерінен шығады да, алғашқыда үй шаруашылығын жүргізу ғылымы ретінде қарастырылады. Аристотель «экономия» және одан шығатын «экономика» терминін негізге алып өз кезеңіндегі қоғамның экономикалық заңдылықтарын қарастырады. Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуымен сауданың мәнін зерттейді.

«Саяси экономия» терминін алғаш рет еғгізген француз Антуан де Монкретьен. Ол саяси экономиканы шаруашылық қызмет ережелері ретінде қарастырады.

15-17ғғ. экономикалық ойдың анықтаушы бағыты- меркантелизм болды. Экономикалық теорияда меркантелизмнің мәні айналым саласындағы, демек ақша және сауда саласындағы заңдылықтарды анықтауда болды. Бұл бағыттың өкілдері- Томас Ман, Жан Батист Кольбер болды.

17ғ-да Англияда жаңа ойшылар пайда болады, солардың бірі Уильям Петти, ол класикалық саяси экономиканың; негізін салушы болып табылады.

18ғ-р Франциядағы экономикалық ойлар физиократтар мектебімен айқындалады. «Физиократтар» термині грек тілінен аударғанда «табиғат билігін білдіреді». Оның өкілдері Франсуа Кенэ және Анн Тюрго б.т.Физиократтар меркантилистерге қарағанда көңілді өндіріске аудартады.

18ғ-р Англияда экономикалық ғылымның классикалық мектептің; негізін салушы Адам Смиттпен ерекшеленеді. А. Смит адамның экономикалық белсенділігінің негізгі ынталандырушысы -жеке мүдде деп есептедеді. А. Смит адам өз мүддесін еңбек бөлінісі кезінде жүзеге асыратындығын көрсетеді. Осы мектептің тағы бір өкілі Давид Риккардо б.т.

19ғ-да. К. Маркс пен Фридрих Энгельс «маркизм» атты теориялық концепцияны құрды, бұл концепцияда Д. Риккардо және У. Петти жұмыстары жалғас алған.

19ғ-ң екінші жартысында «м аржинализм» бағыты пайда болады, бұл қоғамдық қатынастарға тартылған жеке субъектіні экономикалық талдау. Маржинализм классиктері- Карл Менгер, Фридрих фон Визер және т.б.

Осы кезеңде экономикалық теорияда- неоклассикалық;бағыт пайда болады, оның негіздері ағылшын экономисі Альфред Маршалл еңбектерінде көрініс алады, оның жұмыстарындағы экономиканы талдау «экономикс» деп аталады.

19-20ғғ. математикалық мектептің өкілдері ЛеонВальрас, В.Леонтьвпен белгілі, олар нарықтық экономиканы сұраныспен ұсыныс негізінде тепе- теңдікке жете алатын жүйе ретінде қарастырды.

20ғ. алғашқы жартысында экономикалық теорияның дамыуына үлкен ықпалды Йозеф Шумпетер тигізеді, ол экономиканың негізгі қозғаушы күші – кәсіпкер екендігін көрсетеді.

1936 жылы әйгілі экономист Джон Мейнард Кейнс жаңа экономикалық бағыт- кейнсиандықтың; негізін салады. Д.М.Кейнс экономиканың тиімді дамуының негізі –тиімді сұраныстың қалыптасуы екендігін дәлелдейді.

Одан кейіңгі бағыт (20ғ. бірінші жартысы) институционализм концепциясы болып табылдаы, оның өкілдері процестермен құбылыстарғы әр түрлі институттар арқылы көрініс береді, бұл институттар- мемлекет, монополия, салықтар және т.б. болды.

Экономикалық теорияның эволюциясын қарастырғанда экономикалық либерализмге тоқталған жөн, оның өкілдері Людвиг фон Мизес, Фридрих Август фон Хайек ойы бойынша социализм көпке созылмайды, жаңа индустриалды қоғам үшін жалғыз тиімді экономикалық саясат либерализм б.т.

Жаңа экономикалық ойдың маңызды бағыты – монетаризм концепциясы б.т., оның лидері американ экономисі Милтон Фридмен б.т. Бұл бағыттың зерттеу орталығы ақша факторлары арқылы экономиканы тұрақтандыру мәселесі болды.

2) Кез- келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің түпкі мақсаты- қоғам және жеке тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Экономикалық дамудың мәселелері осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ресурстарды бөлу кезінде туындайды. Бұл мәселелерді шешу екі фундаменталды экономикалық аксиомаға негізделеді: 1-ші аксиома – қоғам қажеттілігі шексіз, 2-ші аксиома – қоғам ресурстары тапшы немесе шектеулі. Осы тұрғыдан алғанда экономикалық әрекеттің мәні- шығындарды азайту және тиімділікті арттыруда.

Экономикалық теорияның пәнін анықтау кезінде ағылшын экономисі

Л. Робинсонның берген анықтамасы кең қолданылады: «Экономика- шектелген ресуртар жағдайында қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мақсаттар мен мүмкіндіктерді үйлестіру кезіндегі адам әрекетін зерттейтін ғылым».

Зерттеу объектісі тұрғысынан алғанда экономикалық теорияны микроэкономика және макроэкономика деп бөлуге болады.

Микроэкономика - нарықтық экономикадағы жекеленген субъектілердің қызмет етуінің себептерін, заңдылықтарын және салдарын талдауды айтамыз.

Макроэкономика - табыс, жұмысбастылық, баға динамикасының жиынтық көрсеткіштерін қарастырады, мемлекеттің экономикалық саясаттының заңдылықтарын анықтайды.

Экономикалық теория ғылыми танудың көптеген әдістерін пайдаланады. Экономикалық теорияның әдістерін қарастырайық.

Ғылыми абстракция әдісі - зерттеу объектісін кездейсоқ, уақытша жағдайлардан оқщаулап, оның тұрақты, өзіне тән сиптаттарын зерттеу. Осы әдіс көмегімен зерттелінетін объектінің маңызды жақтарын сипаттайтын ғылыми категориялар қалыптасып, экономикалық модельдер құрылады.

Кез- келген объект өзара – байланысты жүйеде әрекет етеді, сондықтан оларды зерттеу үшін дедукция және индукция әдістері пайдаланылады.

Индукция - жеке ойдың жалпы қортындыға қозғалысы.

Дедукция - ойдың жалпы жағдайдан жекеге қозғалысы.

Позитивті талдау - экономикалық құбылыстардың өзара байланысын өз күйінде зерттейді, мысалы тауарлардың бағасының өсуі оған деген сұранысты азайтады.

Нормативті талдау - процесс немесе құбылысты қандай түрде болу керек деген тұрғыдан зерттейді, мысалы нарықтық шаруашылықтағы табыстардағы теңсіздік -әділетсіз.

Экономикалы­қ- математикалық модельдеу - экономикалық құбылыстардың өзгеру себептерін, бұл өзгерістердің заңдылықтардың анықтайды және экономикалық процестерді болжауға мүмкіндік береді.

Экономикалық эксперименттер - макро- және микроэкономика көлемінде тиімділікті арттырудың әдістерін іздеу.







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1308. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия