Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Экономикалық жүйе түрлері және олардың даму заңдылықтары.





1. Экономикалық құбылыстарды зерттеуге жүйелі көзқарас

2. Экономикалық жүйе және оның элементтері

3. Экономикалық жүйенің түрлерін жіктеу

1. Жүйелі көзқарас күрделі ұйымдастырылған объектіні зерттеудегі әдістердің жиынтығын көрсетеді. Мұндай көзқарас бөлек жүйелер ішіндегі ұлттық экономиканың түрлерінің үлкен жиынтығын және ірі блоктарды бөліп қарауға және олардың қызметін белгілеп, олардың арасындағы қайтарылымды байланыстарын анықтауға мүмкіндек береді.

Жүйе деп, ұйымдасқан тұтас бірлікті құрайтын, өзара байланысты элементтердің немесе бөлшектердің жиынтығы немесе комбинациясы аталады.

Жүйелер қарапайым және күрделі болады. Күрделі жүйе әр деңгейдегі жүйелер ішінде біріккен өзара іс-қимылдағы элементтерден тұратын көп деңгейлі конструкцияны көрсетеді. Егер күрделі жүйені басқару бір орталыққа жинақталса, ол орталықтандырылған деп аталады, егер басқару орталығы бірден көп болса, ондай басқару – орталықтанбаған деп аталады.

Сыртқы ортамен өзара іс-қимылының сипатына орай, жүйелер ашық және жабыққа бөлінеді. Ашық жүйе қоршаған ортамен белсенді айырбас жүргізеді. Жабық жүйе қоршаған ортамен белсенді айырбас жүргізеді. Жабық жүйе қоршаған ортамен мұндай айырбас жүргізбейді, немесе шектелген көлемде жүргізеді.

Күрделі жүйенің айрықша белгілері:

1. Өзара іс-қимылдағы және өзара байланыстағы элементтердің көп көлемде болуы.

2. Оның алдына қойылған мақсаттарға бағытталғаи жүйемен орындалатын қызметтерінің күрделілігі.

3. Бөлек блок - ішкі жүйелерге жүйелерді бөлшектеу мүмкіндігі.

4. Тармақталған ақпараттар желісін және ақпараттардың белсенді ағымдарын басқарудың болуы.

5. Сыртқы ортамен өзара іс-қимыл және кездейсоқ факторлардың ықпалы жағдайында қызмет істеуі.

2. Экономикалық жүйе - ұйымдық нысандар мен қалыптасқан мүліктік қатынастар негізінде қоғамда іске асатын, экономикалық үдерістердің жиынтығы. Экономикалық жүйені қоғамның нақты базисін құрайтын, саяси қондырма жоғары тұратын, экономикалық қатынастардың жиынтығы құрайды.

Экономикалық жүйені үш ірі блок құрайды:

1. Өндіруші күш (өндіріс құралы және жұмыс күші).

2. Өндірістік қатынастар (адамдар арасында қалыптасатын қатынастар, бөлу, материалдық игіліктерді және қызметтерді тұтыну және айырбастау).

3. Қондырма саяси, идеологиялық, мәдени және басқа институттардың жиынтығы.

Экономикалық жүйе ашық және жабық сипатта бола алады.

Ашық экономика - бұл әлемдік шаруашылық байланыстарына жоғары дәрежеде қосылатын елдің экономикасы.

Жабық экономика - бұл сыртқы әлеммен экономикалық байланысы жоқ немесе әлсіз байланысы бар елдің экономикасы.

3. Экономикалық жүйелер шешетін негізгі мәселелер: Не өндіру керек? Қалай өндіру керек? Кім үшін өндіру керек? Экономикалық жүйе осы мәселелерге қалай жауап беруімен ерекшеленеді. Экономикалық жүйені мынадай түрлерге бөледі:

- ескі технологияға негізделген, қол еңбегі кең тараған, көп экономиканың тәртіпті және ғасырлық салт-дәстүрлері қалыптасқан, әлсіз дамыған елдерде кең тараған дәстүрлік жүйе. Дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа тарап нені, қалай, кім үшін өндірілетіні солармен анықталады. Уақытпен белгіленген және арнаулы ресімдермен қолданылатын дәстүр өндірісті, айырбастауды, бөлуді және табысты тұтынуды анықтайды;

- әміршіл – бұл экономикалық жүйеде өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну туралы барлық шешімді мемлекет қабылдайды. Мемлекет диктаторлық болып табылады, оның жеке меншігі өндірістің барлығына және жерге тараған, қабылданған экономикалық шешімдер орталықтанған міндетті жоспарлауға негізделеді;

- нарықтық экономикада шаруашылық шешімдерін әрбір экономикалық агент өз бетімен қабылдайды. Ол еркін кәсіпкерлікке, бәсекелестікке және жеке меншікке негізделген. Нені өндіру қажет, ол, мына немесе басқа тауарға сұраныс беретін тұтынушымен анықталады. Қалай өндіру қажет, оны өндірістің ұстанымы мен табыстың жоғары болуын есептейтін өндіруші шешеді. Кім үшін шығарылуы қажет, кімнің ақшасы бар, соның пайдасына өндіруші шешеді;

- аралас экономика - негізгі экономикалық мәселелерді шешуде маңызды рөл ойнайтын мемлекет пен жеке сектордың экономикалық жүйесімен бірге жұмыс істейді. Сонымен бірге экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі мемлекет рөліне байланысты, аралас экономиканың моделі бөліп көрсетіледі. Мәселен, жапон моделі дамыған жоспарлауымен ерекшеленеді. Жоспар индикативті сипат-тамада болады, бірақ, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруда айтарлықтай рөл атқарады. Аралас экономиканың швед моделі мемлекеттің экономикалық саясатында әлеуметтік бағытымен ерекшеленеді.







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1489. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия