Студопедия — Азақстан Республикасының әлеуметтік саясаты, оның маңызы мен тиімділігі туралы не айтасыз?
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстан Республикасының әлеуметтік саясаты, оның маңызы мен тиімділігі туралы не айтасыз?






ХХ ғасыр кез келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саясат болуы керек екенін дәлелдеді. Әлеуметтік саясаттың басым міндеттері қоғамдық ӛмірде белгілі бір деңгейде теңдікті қамтамасыз етуді кӛздейді.

Халықты әлеуметтік қорғау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең негізгі басым бағыты. Экономикалық нарықтық қатынастар кезеңіне ӛткенде мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру қажеттілігі туындады. Әлеуметтік саясат аясында халықты, оның ішінде кӛмекке аса мұқтаж адамдар, асыраушысынан айрылған, мүгедек жандар, жетім балалар әлеуметтік қорғалады.

Қазақстан Республикасы Ата Заңында «ӛзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам ӛмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп кӛрсеткен [10]. Әрине, әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. «Әлеуметтік қорғау – бұл мұндай қатынастар, яғни оның қамқорлығында индивидтер қоғамдағы ӛз позицияларын сақтауға мүмкіндіктері болады. Әлеуметтік қорғау – саяси немесе әлеуметтік одақты сақтау функциясы» [11].

Әлеуметтік саясатты жүргізудің негізгі мынадай принциптері бар: баға кӛтерілгенде компенсацияның түрлі формаларын енгізіп және индексация жүргізу арқылы халықтың ӛмір деңгейін қорғау; ең кедей отбасыларға кӛмектесу; жұмыссыздық жағдайында кӛмек беру; әлеуметтік сақтандыру саясатын жүзеге асыру; мемлекет есебінен білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғауды дамыту, мамандандыру бағытында белсенді саясат жүргізу. Жалпы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады: саясатты қалыптастыру, оны халыққа тарату және оны әр адамның қабылдауы. Әлеуметтік саясатты қалыптастыру процесіне түрлі үкіметтің жасаған бағдарлама, жобалары және парламент, президенттің бекіткен заң, жарлықтарын тікелей жатқызуымызға болады. Ал енді әр адамның

әлеуметтік саясатты қабылдауы, ол тікелей екінші кезеңнің жүзеге асуына байланысты ӛз нәтижесін береді.

Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесі

Халықты әлеуметтік қорғау мәселесін әр мелекет ӛзінің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігінің шеңберінде шешеді. Әр аймақтық бӛлініске сай әр мемлекеттің әлеуметтік саясатты жүргізудің ӛзіндік үлгілері болады. Мәселен, Ұлыбритания, Жапония, Канада, Жерорта теңізі және т.б. елдерінің әлеуметтік қорғау үлгілері сияқты Қазақстанның да ӛз үлгісі бар. Қазақстанда әлеуметтік саясатты жүргізіп, әлеуметтік қорғауды ұйымдастырумен 1996 жылы Президент жарлығымен құрылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысады. Тәуелсіз Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғаудың ӛзіндік құрылымы 1999 жылдардан қалыптасты. 2001 жылы 27 маусымды «Халықты әлеуметтік қорғаудың концепциясы» қабылданды. Бұл маңызды құжат мемлекетте әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуімен ерекшеленеді. Сонымен бірге құжат бойынша халықты әлеуметтік қорғау үш деңгейде жүзеге асады. Олар:

 базалық, мемлекеттік бюджет есебінен тӛлемдер: зейнетақы тӛлемдері, мүгедектік бойынша тӛлемдер, асыраушысынан айрылуына байланысты тӛлемдер, әлеуметтік қорғау мекемелері бойынша әлеуметтік кӛмек кӛрсету, мекен-жайлық әлеуметтік кӛмектер.

 міндетті, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша тӛлемдер: еңбек етуге қабілетсіз болған жағдайда, асыраушысынан айрылу жағдайында, жұмысынан айрылу жағдайында.

 қосымша, жұмыс беруші жауапкершілігімен сақтандыру.

Осының аясында жыл сайын үкімет пен министрлікте ауқымды бағдарламалар қабылданып, іс-шаралар жоспары бекітіледі.

Қоғамның тағы да бір әлжуаз таптарына арналған мемлекет тарапынан жасалынатын қолдаулар жүйесі кӛрсетілген «Мемлекеттік атаулы кӛмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Мемлекеттік атаулы кӛмек кӛрсету қаржылай тӛлемдер арқылы атқарылады. Атаулы әлеуметтік кӛмек жәрдемақы тӛлемдерінің 4 түрін қамтиды:

 тұрғын үймен қамтамасыз ету;

 кедейлік шегіне дейінгі жандарға қаржылай кӛмек кӛрсету;

 4 балалы және 7 жасқа дейінгі балалары бар жұмыс істемейтін аналарға кӛмек;

 үйде оқытылып, тәрбиленетін мүгедек-балаларға [12].

БҰҰ ның мәліметінше дүние жүзінде халықтың он пайызы, яғни алты жүз миллионнан астам адам мүгедек болса, Қазақстандағы бұл кӛрсеткіш тӛрт

жүз мың адам, яғни халықтың үш пайызын құрап отыр. «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңы, 2002 жылдың 11 шілдесіндегі «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және әдістемелік-педагоникалық коррекциялы қолдау туралы» ҚР Заңы, 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді қатарға қосу бағдарламасы және тағы басқа заңнамалық құжаттар мүгедек жандарға қолдаулар кӛрсетеді.. Осындай заңнамалар бойынша мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы оларға әлеуметтік, медициналық және әлеуметтік, кәсіби жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты бағыттағы қоғамдық ӛмірге оралтуға байланысты ӛткізілетін шаралармен жүзеге асады. Бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен мүгедек – балаларға 0,5 пайыздық кәсіби және жоғары білім алуларына берілетін квота қарастырылған. Жоғары оқу орындарында, мемлекеттік тапсырыс пен мемлекеттік грант бойынша оқып жатқан мүгедектерге стипендиялық қамтамасыз етуде жеңілдіктер беріледі [13]. Әлеуметтік саясаттың негізін салушылардың бірі Питирим Сорокин «Ғылым деген не деген» кітабында «Әлеуметтік саясат – әлеуметтік медицина» деген екен. Осы тұста мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдап, қорғауда кейбір ӛзекті мәселелер бар. Мәселен Заңға сәйкес мүгедектер сауықтыру бағдарламаларына орай протез – ортопедтік кӛмекпен, қозғалуға байланысты әлеуметтік жабдықтармен, сурдо – тифложабдықтармен және басқа да техникалық құралдармен, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттен бӛлінетін мемлекеттік тапсырыс бойынша сауықтыру, емдеу шараларымен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл шаралар толыққанды жасалынуына бақылауды күшейту керек. Сонымен бірге мүгедектіктің алдын алу, еңбекке қабілетті бӛлігін жұмыспен қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және ақпараттық ортаға тиісінше қол жеткізу мәселелерін ӛз шеңберінде жүзеге асыру тым ӛзекті мәселе болып табылады. Мәселен заң бойынша мүгедек жандарды жұмысқа алуы тиіс болса да, кейбір ұйым, мекеме басшылары физиологиялық кемшілігіне байланысты мамандықтың кәсіби иесі болған мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдамай жатады.







Дата добавления: 2015-10-18; просмотров: 530. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия