Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Инновациялық өнімдер мен қызметтердің өмір циклдері.





Инновациялық өнім – түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім. Мына бұйымдарды қамтиды:1) жаңа (қайта енгізілген) – радикалдық өнімдік инновация;2) жетілдірілген бұйымдар;3) жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінің негізінде құрылған бұйымдар - өзге де инновациялық өнімдер.Инновацияға жұмсалған шығындар кәсіпорындар ауқымында орындалатын инновациялық қызметтердің әр түрлі түрлерінің жүзеге асуымен байланысты ақшалай түрдегі нақты шығыстар. Маркетингілік инновация – бұл өнімнің дизайнында немесе қаттамасындағы, оның қоймалануына, нарыққа қосылуына немесе сату бағаларын белгілеуіне айтарлықтай өзгерістерді қоса, маркетингінің жаңа әдістерін енгізу;Ұйымдық инновация – фирманың іскерлік тәжірибесіне, жұмыс орындарын және сыртқы байланыстарын ұйымдастыруға жаңа ұйымдық әдісті енгізу;Өнімдік инновация – бұл ерекшеліктері немесе пайдалану тәсілдері бөлігі бойынша жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған тауар немесе қызметтерді енгізу;Технологиялық инновациялар - бұл кәсіпорынның инновацияны әзірлеумен және де енгізумен байланысты қызметтері. Атап айтқанда, өнеркәсіпте – технологиялық жаңа өнімдер мен процестер, сондай-ақ өнімдер мен процестердегі едәуір технологиялық жетілдірулер; қызмет көрсету салаларында - технологиялық жаңа немесе едәуір жетілдірілген қызметтер және жаңа немесе жетілдірілген қызмет өндіру (табыстау) тәсілдері. Технологиялық инновацияларға өнімдік және үдерістік инновациялар жатады.Технологиялық жетілдірілген өнім – қолда бар өнім, ол үшін сапалық сипаттамалар жақсартылады, тиімділігі ең жоғары компоненттерді немесе материалдарды, бір немесе одан көп техникалық қосалқы жүйелерді жартылай өзгертуді (кешендік өнім үшін) пайдалану арқылы өндірістің экономикалық тиімділігі артады.Технологиялық жаңа өнім – технологиялық сипаттамалары (функционалдық белгілері, конструкциялық орындалуы, қосымша операциялар, сондай-ақ қолданылатын материалдар мен компоненттер құрамы) немесе шамаланған пайдаланылуы негізіндегі жаңа, не осыған ұқсас бұрын шығарылатын өнімдерден елеулі айырмашылығы бар өнім. Мұндай инновациялар негізіндегі жаңа технологияларда, не осыған ұқсас қолданыстағы технологияларды жаңа пайдалануда, не зерттеулер мен әзірлемелер нәтижесін пайдалануда негізделуі мүмкін. Қорғалатын құжат – мемлекетпен қорғалатын өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне және өнеркәсіп меншігінің басқа объектілеріне құқықты куәландыратын құжат.Патент – техникалық проблеманың шешімін жазбаша нысанда тіркейтін құжат. Патентті иеленушіге өнертабысты пайдалануға айырықша құқық береді. Сондай-ақ осы техникалық шешімді басқа адамдарға беру құралы болып табылады.Лицензия – иегердің (лицензиардың) белгілі шарттарда және келісілген сыйақыға мүдделі жаққа (лицензиатқа) өнеркәсіптік меншіктің қандай да бір объектісіне тікелей құқық немесе ноу-хау, объектіні пайдалануға құқық, арнайы шартпен (келісіммен) келісім беру.Жаңа өнім – кәсіпорында алғашқы жасалған өнім, сондай-ақ жаңартылған, жаңа сапалық сипаттама алған және өзінің технико-экономикалық көрсеткіштері бойынша техника дамуының заманауи деңгейлеріне жауап беретін немесе құқықтық қорғалған, яғни өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге, пайдалы модельге расталған патенттері (алғы патенттері) бар өнім.Зияткерлік меншік объектілері – жеке және (немесе) заңды тұлғаның зияткерлік шығармашылық ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне тікелей құқығы.Өнеркәсіптік меншік объектілері - өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхема топологиясы. Өнертабыс – техникалық мәселені шешу мақсатында білімді жүйелеудің мүмкін болатын нұсқаларының бірі, алғы патент және патент түрінде жазбаша формада тіркеледі. Пайдалы модель – өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының, сондай-ақ құрама бөліктерінің конструкторлық орындалуы.Озық өндірістік технологияларды пайдалану - озық өндірістік технологияларды енгізу және өнеркәсіптік пайдалану.Өнеркәсіптік үлгі – бұйымның техникалық және эстетикалық ерекшеліктерінің біртұтастығы болып табылатын оның сыртқы пішінінің жаңа және елеулі айрықшылықтары бар шешімі.Тауар белгісі (сондай-ақ қызмет көрсету белгісі) – бір өндірушінің тауарлары мен қызметтерін басқа өндірушілердің біртекті тауарлары/қызметтерінен айыру үшін пайдаланылатын, тіркелген белгі.Патенттік тазалық – объектінің (технологияның, оның элементінің) заңды ерекшелігі оның белгілі елде сол елдің аумағында үшінші адамдарға тиісті патенттерді бұзу қаупінсіз еркін пайдалана алу мүмкіндігін білдіреді.Технологияны жасау – технологиялық құжаттаманы, жұмыс сызбаларын әзірлеу, қажетті жабдықты дайындау, сынау және оны белгіленген тәртіпте қабылдау.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 259. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия