Студопедия — БИЛЕТ № 16. Қорғау ғимараттардың сыйымдылығы қалай анықталады
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

БИЛЕТ № 16. Қорғау ғимараттардың сыйымдылығы қалай анықталады






Қорғау ғимараттардың сыйымдылығы қалай анықталады

Сыйымдылық бойынша қорғаныс ғимараттарын бағалау:

А) М орнының саны бойынша анықталады М=S_1/S_0, мұндағы, S_0 – жасырынуға арналған жерлердің ауданы; S_1- бір жасырынушыға арналған аудан;

Б) қорғаныс аймағы жердің көлемі бойынша анықталады. Ол үшін қорғаныс аймағындағы барлық панахалардың V_0 көлемін есептейміз. V_0=S_0 h, мұндағы h – 5имараттар мен басқада жерлердің биіктігі; S_0 - қорғаныс аймағындағы барлық жерлердің жалпы ауданы. Бір жасырынушыға келетін жердің ауданы төменде көрсетілген формула бойынша есептеледі: V_1= V_0/M.

В) қорғаныс ғимараттарының сыйымдылығын сипаттайтын көрсеткіш бойынша анықталады, K_BM=M/N, мұндағы М- қорғаныс ғимарраттарындағы орынның жалпы саны; N –қызметшілер саны.

Сыйымдылығы бойынша панахананы бағалау:

Жасырынуға арналған орынның саны. Панахананың биіктігі екі ярусты нарды қондыруға мүмкіндік беретін болғандықтан, есеп мөлшері ретінде бір жасырынушыға S1 = аламыз. Онда панаханадағы орынның есепті саны: M=S_n/S_1 =100/0.5=200. 0,5 м2/адам – панахананың сыйымдылығы 200 адамға арналған. Ғимарат көлемінде бір жасырынушыға кем дегенде 1,5м2/адам келетін шарт бойынша панахананың сыйысдылығын анықтайды. Бір жасырынушыға тиісті норма көлемін тексереміз: V_1=V_0/M=(S_0 h)/M=(100+2+10+24)*2.5/200=1,7 м3/адам, мұндағы S_0 - қорғану аймағындағы жалпы аудан, h – ғимараттың биіктігі. Осы жағдайларды ескерсек, панахана сыйымдылығы орнының есепті санына тең болады M=200.

Қосымша ғимараттар аудандарының сәйкестігін тексереміз. 600адам сиятындай панаханаға арналған ДЭС және ауаны регенерациялаудан басқа қосымша ғимараттар ауданының нормасы 0,12 м2/адам. Сонда: S_всп= 200*0,12 = 24 м2, бұл панахана ауданына тиісті.

Жасырынушыларды орналастыруға арналған жасырынатын жерлердің санын анықтау. Ғимараттардың биіктігі, екі ярусты жасырынатын жерлерді анықтауға мүмкіндік береді. Егер жасырынатын жердің ұзындығы 180см болса, онда міндетті түрде H=200/5=40 нар қойылады.

Қызметкерлер мен жұмысшылардың жасырынуына арналған панахананың мүмкіншілігін сипаттайтын сыйымдылық коэфициентін анықтаймыз: K_вм=M/N=200/200=1.

Қорытынды: 1) Панахананың көлемді – жоспарлау міндеті СНИиП талабына тиісті. 2) Панахана 100% қызметкерлер мен жұмыскерлерді жасыруға мүмкіндік туғызады. 3) Жасырынушыларды орналастыру үшін 36 екі ярусты жасырынатың орын орналастыру керек.

Гидрологиялық сипаттағы ТЖ. Геологиялық сипаттағы ТЖ. Метеорологиялық сипаттағы ТЖ.

Тілсіз қияпат немесе табиғат апаттары (Стихийное бедствие) — алапат табиғи құбылыс: дауыл, дауылды қарақүйын, қүйынды дауыл, су басу, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, кенеттен қалың кар жауу, цунами, қар кешкіні, құрғақшылық, тағы басқа. Бұл табиғи алапаттар тірі организмдерге, соның ішінде адамға төтенше әсер ететін экологиялық фактор болып саналады. Табиғат апаттары келесідей бөлінеді: гидрологиялық, геологиялық және метеорологиялық.

Геологилық сипаттағы ТЖ тоқталсық: жер сілкінісі, вулканның атқылауы, сел, қар көшкіні, опырмалар, сырғыма, қар басу, Тау тастарының құлауы жатады.

Жер сілкінісі

Жер сілкінісінің кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі — бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100-ден аса үлкен жер сілкіністері болып тұрады. Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарға үрей болады. Жер сілкінісінің қауіпті бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары, жасанды және су қоймалары, жарылғаш және улы материалдар қоймалары орналасқан.

Сел

Сел – тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.

Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекеленген толқындар мен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады.

Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауы (ескерту) ұйымдастыру үлкен әсер етеді.

Сейсмикалық қауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс.

Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарланған жағдайда, сондай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте, ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерге ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек. Қар көшкіні

Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.

Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін.

Тауда болған кез-келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, сақтандыру шараларын білуге міндетті.

Жай адамдар көшкіндерге қыстың суық мезгілінде тауда болса тап болуы мүмкін. Беткей тік болған сайын көшкіннің лықсу ықтималдылығы арта түседі, алайда 50 градустан тігірек беткейлер қауіпті емес, өйткені қар жамылғысы жинақталмайды, қар жауған сайын шағын бөліктермен сырғып түсіп отырады.

Жағдай сәтті аяқталса, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі және ол қауіпсіз жерге апарылды.

Опырмалар

Опырмалар – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының тмөен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекеленген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.

Опырмалар Қазақстан барлық таулы ауданыдарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулар мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Сас ірі опырмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскілерде пайда болған опырмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатауындағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады.

Опырмалар жылдың кез-келген уақытында, әдетте, тіктігі 19 градусқа жуық жарларда болады. Ірі қопырмалардың алаңы 50-60 га дейін жетеді.

Қар басу

Қар басу – табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады.

Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда, уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жолдың ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалқан, қар тосқауылы қойылады.

Қар басуы, боран туралы хабарды алған бойда, уақыт болса, жалпы қоршаулар, жолдағы ғимарат шетінен 15-20 метр қашықтықта жел соғатын жақтан қалқандар орнатылады.

Сырғыма

Сырғыма – ауырлық күшінің ықпалымен өзендер мен көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай тайғанап ығысуы (сырғанауы). Көбінесе жыралардың сумен шайылуы, оның мол жауын-шашынмен шектен тыс ылғалдануы, жер сілкіну немесе адамның іс-әрекеті (жарылыс жұмыстар және т.б.) болып табылады.

Сырғанау кезінде топырақ көлемі ондаған және жүздеген мың текше метрге дейін жетіп, кейбір жағдайларда одан да көп болуы мүмкін. Сырғыманың тайғанап ығысуының жылдамдығы жылына бірнеше метрден, секундына бірнеше метрге дейін ауытқуы мүмкін. Сырғыманың тайғанауының ең көп жылдамдығы жер сілкіну кезінде байқалады. Топырақ массасының сырғуы тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттардың, инженерлік және жол құрылымдарының, магистральді құбырлар мен электр тасымалдау желілерінің қирап және құлауына, сондай-ақ адамдардың зақымданып және мерт болуына әкеліп соғуы мүмкін.

Гидрологиялық сипаттағы ТЖ тоқталсақ: цунами, су тасқыны, табиғи өрттер жатады.

Таудың су тасқыны. Таудан аққан көп су аз уақыт ішінде дүлей күшке айналып, жолындағы тау тастарын, топырақтарын ала төмен құлайды. Олардың биіктігі 10-20 метрге, кейде 40-50 метрге дейін жетеді. Құлау шапшаңдығы секундына 3-5 метрді құрайды. Су тасқынының пайда болу себептеріне таудағы жауынның ұзақ болуын, мұздың кенеттен мол еруін, сол жердің топырағының бостығын, тас жиынтығының көптігін жатқызуға болады.

Су тасқыны. Бұл құбылыс та біздің елімізде жерімізде жиі болып тұрады. Тек соңғы бес жылдың ішінде, Атырау облысының өзінде ғана бірнеше су тасқыны болды. Бұл өзгерістердің барлығы тек абиғат күштерімен ғана болып жататын құбылыстар. Әсіресе, Каспий теңізінің тасуынан Құрманғазы, Исатай аудандары көп зиян шегуде. Мал, қора, қыстақтар, үйлер суға кетуде.

Жайық, Ойыл, Эмбі өзедерінің суының көтерілуінен Қызыл-қоға, Жылой, Махамбет аудандары көп зиян шегіп отыр. Каспий теңізі мен Жайық өзендері Атырау қаласына қауіп төндіруде. Бұған қарсы облыс басшылары тиісті шаралар қолданып (жағаны бекіту, елді мекендерді қауіпсіз орындарға көшіруді), күрес жүргізуде. Осындай жағдай 2003-2004 жж. Шардара су қоймасында, Сырдария өзенінің батысында болып, үлкен материалдық шығын әкелді.

Су басу — өзен, көл немесе теңіз суының деңгейінің көтеріліп, жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы. Ол елді мекендердің су астына қалуына, адам мен малдың өлім-жітіміне алып келеді.

Көптеген су басудың негізгі себептеріне нөсер жаңбыр жаууы, қардың, мұздақтардың үздіксіз еруі жатады.

Сырғымалар, бөгеттерден, тоғандардан кенет бұзылуынан пайда болатын су басу өте қауіпті болады.

Су тасқыны апаты кезінде мүмкіндігінше төменгі жерден жылдам кетіп, биік жерлерге көтерілу қажет.

Елді мекендегі тасқын кезінде қауіпсіздің көп жағдайда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі.

Су басқан аумақтағы ададмдарды іздеу шұғыл ұйымдастырылып осы жұмысқа АҚ және ТЖ құрамалары, әскери бөлімдері, жүзу құралдарының экипажы мен басқа барлық қолда бар күш пен құралдар тартылады. Құтқару жұмыстары кезінде ұстамдылық танытып, құтқарушылар талабын бұлжытпай орындау керек. Жүзу құралдарына (қатар, қайық, желкен және т.б.) шектен тыс салмақ алуға болмайды, өйткені бұл адамдардың өміріне қауіпті. Көмектің бірінші кезекте балаларға, ауру адамдар мен қарттарға көрсетілетінін есте ұстаған жөн.

Цунами (жапонша — тсунами) — мұхит түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын. Биікт. ашық мұхитта 1 м-ден аспайды; құрлықтағы тар шығанақтарда 50 м-ге дейін барады. Толқынының таралу жылд. 400 — 800 км/сағ-қа дейін. Мыс., адамзат тарихындағы Ц-мен байланысты ең ірі апат — 2005 ж. Оңт.-Шығыс Азияда болды.

Табиғи өрттер

Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафты өрттер – орман, орманды дала және дала (егіс) өрттері болып бөлінеді.

Ормандағы өртті сөндірудің негізгі жолы суды пайдалану, ал мүмкін болмағанда өртті қолда бар құралдармен сөндіруге күш салады. Мысалы, отты топырақпен көму, оттың шоғын бұтамен жанып кетен жерге қарай сыпыру, қарсы от қою, тулақты немесе киізді пайдалану т.с.с.

Ормандағы өрттердің 80 пайызы халықтың еңбек немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан, сондай-ақ орманда ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде болады.

Метеорологиялық сипаттағы ТЖ тоқталсақ: смерч, циклон, дауыл, қуаңшылық,Бұршақ, жатады.

Дауыл

Дауыл — жойқын күші бар және едуәір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел.

Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ асытнан бұзылуы әсер етеді.

Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, малдар шетінеп, материалдық залал келітреді.

Шаңдақ дауыл — бұл күшті жел салдарынан шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға көтерілуі.

Қазақтсан аумағында шаңдақ дауыл — сәуір, мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады.

Өндірістік және азаматтық нысандарға азаматтық қорғаныс нормаларының талаптары.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдер

дәрежесін бағалау критерийлері

7. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті декларациялануға жататын объектілер жатады, оларда:

1) мынадай: тұтанғыш, жарылғыш, жанғыш, тотықтандырғыш, уытты, жоғары уытты, қоршаған орта үшін қауіп тудыратын; құрамында адамның денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпті заттары бар өндіріс қалдықтары; радиоактивті және ионды сәулелену көздері бар қауіпті заттардың бірі өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын;

2) қара, түсті, бағалы металдардың балқымалары және олардың негізінде алынатын қорытпалар жасалатын;

3) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргізілетін;

4) электр қондырғыларының барлық түрлері пайдаланылатын;

5) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын;

6) 0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен немесе 115 Цельсий градусынан жоғары судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;

7) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер.

Сондай-ақ тәуекелдің жоғары дәрежесіне даярлаушы – зауытпен белгіленген пайдаланылуының нормативтік мерзімін өтеген, мынадай қауіпті техникалық құрылғылар (шахталық қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда) жатады.

8. Тәуекелдің орташа дәрежесіне технологиялық үдерісті тоқтататын және өндірістік персоналдың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін авариялар, инциденттер туындауы мүмкін объектілер міндетті декларациялануға жатпайтын объектілер жатады, оларда:

1) мынадай: тұтанғыш, жарылғыш, жанғыш, тотықтандырғыш, уытты, жоғары уытты, қоршаған орта үшін қауіп тудыратын; құрамында адамның денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпті заттары бар өндіріс қалдықтары; радиоактивті және ионды сәулелену көздері бар қауіпті заттардың бірі өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын;

2) қара, түсті, бағалы металдардың балқымалары және олардың негізінде алынатын қорытпалар жасалатын;

3) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргізілетін;

4) электр қондырғыларының барлық түрлері пайдаланылатын;

5) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын;

6) 0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен немесе 115 Цельсий градусынан жоғары судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;

7) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер.

Сондай-ақ тәуекелдің орташа дәрежесіне даярлаушы – зауытпен белгіленген пайдаланылуының нормативтік мерзімін 50 %-дан 100 %-ға дейін өтеген, мынадай қауіпті техникалық құрылғылар (шахталық қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда) жатады.

9. Сондай-ақ тәуекелдің болмашы дәрежесіне технологиялық үдерісті тоқтатпай, техникалық құрылғыларды зақымдап және мыналар пайдаланылатын қызмет көрсетуші персоналдың өмірі мен денсаулығына зиян келтіріп, ықтимал авария, оқиға туындайтын қауіпті өндірістік объектілер жатады:

1) 0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен немесе 115 Цельсий градусынан жоғары судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;

2) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер;

Сондай-ақ тәуекелдің кіші дәрежесіне даярлаушы – зауытпен белгіленген пайдаланылуының нормативтік мерзімін 50 %-дан астам қауіпті техникалық құрылғылар (шахталық қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда) жатады.

Сондай-ақ, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестатталған және қауіпті өндірістік объектілерде жұмыстарын жүзеге асырушы ұйымдар.

10. Тәуекелдің жоғары, орташа және болмашы дәрежелеріне жататын қауіпті өндірістік объектілер және техникалық құрылғылар тексерістер жоспарына кіргізіледі.

11. Объекті немесе техникалық құрылғы тәуекелінің аса жоғарғы тобына қатысы үшін негіз болуға жағдай жасаған қауіпті өндірістік фактордың зақымдану әсерін жою немесе төмендету кезінде объект немесе техникалық құрылғы тәуекелділіктің төменірек дәрежесі тобына өтеді.

Бір топтағы тексерістер техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың, авариялар мен қақтығыстар көрсеткіштерінің өсу үдерісі бар объектілерден немесе техникалық құрылғылардан басталады.

БИЛЕТ

1. Әлеументтік сипаттағы төтенше жағдайлар. Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері.

 

Әлеуметтiк сипаттың төтенше жағдайы - бұл пайда болудың нәтижесiнде қауiптi қайшылықтар және даулардың елiктiре алған немесе адамдардың денсаулығы немесе қоршаған ортаға адамгершiлiк садағалар, залал өзiмендерге елiктiрген қатынастардың әлеуметтiк саласында түбегейлi заттық жоғалтулар немесе адамдардың тiршiлiк әрекетiнiң шарттарды бұзылысы пайда болатын нақтылы аумақтарға жағдай.

Әлеуметтiк сипаттың төтенше жағдайларына жатады:

соғыстар;

(ұлтаралық, аралық конфессиялық тағы басқалар) жергiлiктi және аймақтық даулар

ашаршылық;

iрi ереуiл жасаулар;

жаппай тәртiпсiздiктер, ойрандар, өтреулер тағы басқалар.

Тұрпаттастың ЧСы шақыра алады, өз кезегiнде, басқа түрлердiң ЧСi.

2. Хлор, аммияк және күкірт қышқылымен улану.

Аммиакпен

Белгілері: Басында уланған адам ауырады, сосын көз ашиды, көзінен жас ағып, қабағын көтере алмайды, қатты құрғақ жөтел п.б. Содан соң дауысы қырылдап, кеуде түс, асқазаны ауырады. Басы айналады, ауыз қуысы күйеді. А-тың әсерін тоқтатпаса 2-3 сағаттан кейін өкпе суға толып кетуі мүмкін.

Атқарылатын іс-қимыл: сірке қышқылының 5%-ды ерітіндіні иіскету; респиратор кигізу н/е кез келег қышқылдың 5%-ды ерітіндісіне шыланған мақта-мата таңғышты таңу керек; киімді ауыстыру; альбуцид ерітіндісін көзге тамызу; қышқылдың әлсіз ерітіндісімен бет, қол, аяқтың тері қабатын жуу керек; аузын шайдыртып, мұрнына зәйтүн майын тамыз; тамағына қыша қағащын қою керек; 03 көмегін шақыру;

Хлормен

Белгілері: зардап шеккен адам көздің қарығуына ж/е көзден жас ағуына шығымданады. Алғашында оны құрғақ,қоздыратын жөтел қинайды содан соң, кеуде тұсы ауырады. Ол тез арада қобалжып, үрей п.б. Егер х-дың әсерін тоқтатпаса 2-3сағаттан кейін өкпе ісінеді.

Атқаратын іс-қимыл: дем алу бұзылмаса, респиратор н/е ас содасының 2%-ды н/е зәрге шыланған мақта дәке таңғышты тағу арқылы хлордың әрі-қарай ағзаға енуін тоқтату керек; таза киім ауыстыру керек; көзді ас содасының 2%-ды ерітіндісі мен 10-15мин бойы хлордың иісі кеткенше дейін шаю керек ж/е вазелин майын тамызу керек; ас содасының 2%-ды ерітіндісімен ауызын шаю керек; Сүт н/е сілтілі минералды су беру керек; 03 шақыру; дем алуы тоқталса, ауыздан-ауызға дем алу ж/е жүрекке жанама массаж жасау арқылы демді қалпына келтіру кажет;

Күкірт қышқылымен

Белгілері: дем жолдарынң қозуы байқалады, құсқың келу, аралас құсу, кей кезде өңеш пен асқазанның тесілуі, соңынан қан кетулер. Уақыт өте өкпе қабынады және ол өкпенің үлы ісінуіне әкеп соқтырады.

Атқаратын іс-қимыл: респиратор кигізу; көзін,терісін шайып аузын сумен шаю; зондсыз асқазанды шаюға болмайды; жасанды жолмен құстыруға болмайды; дем алу ж/е жүрекке жанама массаж жасай қажет; киімді ауытыру; тамағына қыша қағазын қою; 03 шақыру;

3. Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздіктің тәжірбиелі-ұйымдастырушылық шаралары

Кенеттен пайда болатын және қас-қағым сәтте өтетін, күшті қиратушы дүлей зілзала - жер сілкінісі деп аталды.

Жер сiлкiнiсi - жер қыртысында немесе мантияның үстiңгi бөлiгiнде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесiнде пайда болған және елеулi ауытқу түрiнде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуi мен Жер бетiнiң қозғалуы.

Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, арналар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар - су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма қопарылыс пайда болады. Тау жыныстары жарылып, тастар құлайды, адамдарды үрей-дүрбелең билейді. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде теңіз түбінің қозғалысы нәтижесінде теңіз гравитациялық толқындары - цунами пайда болып, құрлықта үлкен бүліншілік жасайды.

Жер сілкінісі кезіндегі ғимарат ішіндегі кез-келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін жер сілкінісі дүмпуі кезінде бас сауғалайтын жерді, қауіпсіз орынды алдын ала білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.

Тәжірибеде салыстырмалы қауіпсіз орын - негізгі ішкі қабырғалардың ішіндегі бұрыштары, негізгі ішкі қабырғалардағы жерлер, коллоннадағы және каркас бағандарының асты, кіре-беріс есіктердің маңдайшаларының асты, берік үстелдер және т.б. екендігі дәлелденген.

Спитак жер сілкінісі кезінде (07.12.1988 ж.) ваннада болған 6 адам тірі қалған.

Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың әйнектелген терезелері, шеткі бөлмелер, әсіресе соңғы қабаттардағы, лифтілер, баспалдақтар алаңы мен балкондар жатады.

Үйде, жұмыста көшеде және өзге жерлерде жер сілкінісі кезінде өзіңіздің қалайша әрекет ететініңізді алдын ала ойластыруға тырысыңыз. Әсіресе жан-жақты, егжей-тегжейлі жоспар үйде де, жұмыста да болуға тиіс.

Ең алдымен өзіңіз тұратын немесе жұмыс істейтін ғимараттың сейсмикалық төзімділік дәрежесін ескеру қажет.

Өз ғимаратыңыздың, ғимарат шегінде өзіңіз тұрған жердің беріктігін және қатты жер сілкінісі кезінде сіздің құзырыңызда бар-жоғы 15-20 секунд қалатындығын назарға ала отыра сіз өзіңіз үшін ыңғайлы орынды алдын ала таңдап алуға, не болмаса ғимараттан тезірек шығып кетуге тырысуға, не оның ішіндегі салыстырмалы қауіпсіз орынға баруға әрекеттенесіз.

Алдын ала ойластырылған жоспар сізге жылдам және қисынды әрекет етуге көмектеседі. Алайда, жағдайға байланысты оны жылдам өзгертуге дайын болыңыз.

Дүмпулерден және өзіңіз тұрған ғимарат қатты теңселгеннен кейін ол бұзыла бастауы, жабынның жекелеген плиталары немесе тірек қабырғаларының блоктары құлауы мүмкін. Бұл жағдайда ғимаратты жер сілкінісі кезінде тастап кетуге әрекеттену ғимарат ішінде болғаннан гөрі едәуір қауіпсіз болуы мүмкін. Есіңізде болсын қоршаулардың (тірек қабырғалары емес), каркасты ғимараттардағы ілінбелі қабырға панелдерінің құлауы, ғимараттың толық қирайтындығын білдірмейді.

-Алғашқы дүмпу кезiнде 1-ші қабаттың тұрғындары ешбiр дүрбелең-үрейсiз ғимараттан шығуға, ал одан жоғары тұратындар бастарын қолымен ұстап, салыстырмалы қауiпсiз орынға баруға тиiс;

-дүмпу аяқталған бойда арқаңызды қабырғаға сүйей отыра баспалдақ арқылы ғимараттан тез шығып кетiңiз. Газды, суды, электрдi ажыратуға тырысыңыз, өзiңiзбен бiрге құжаттарды, ақшаны, заттарды, дәрі қобдишасы салынған жол қабын алыңыз, есiктi кiлтпен жабыңыз;

- егер көршi пәтерде балалар мен қарт адамдар қалса, олардың көшеге шығуына көмектесiңiз. Сол жерде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетiңiз;

- ғимараттан, электр желiлерiнен алысырақ кетiңiз. Белгiленген жиналатын орынға барыңыз. Үзiлген ток өткiзгiштен (электр сымынан) сақтаныңыз, оған балаларды жiбермеңiз;

- рөлде отырғанда ашық жерге тоқтаңыз. Дүмпу аяқталғанша машинадан шықпаңыз. Қоғамдық көлiкте отырған орындарыңызда қалып, дүмпу аяқталғаннан кейiн жүргiзушiден есiктi ашуды өтiнiп, итерiспей шығып кетiңiз.

БИЛЕТ

1. ҚР Азаматтық Қорғаныстың міндеттері

АҚ жүйесiнiң құрылымы, құрылуы және жұмыс iстеу қағидаттары бұрынғы КСРО-ның қорғаныстық iс-шараларының бөлiгi ретiнде қалыптасты және жаппай зақымдау қаруын жаппай қолдануға қарсы әрекетке бағытталған. Қалыптасқан әскери-стратегиялық жағдайды талдау және соңғы жергiлiктi әскери қақтығыстар тәжiрибесi халықты қазiргi заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жүйесiн сақтау қажеттiлiгiн көрсетедi. Алайда бұл құралдарды бағыттау жүйесiнiң жоғары дәлдiгiне байланысты оларды қолданудағы акцент оқтұмсық қуаттылығын елеулi азайту кезiнде басқарудың және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етудiң маңызды объектiлерiн зақымдауға ауысады. Бұл жағдайда соғыс уақытында халықтың тiршiлiк ету әрекетiн қамтамасыз ету жөнiндегі мiндет аса өзектi болады.

АҚ-тың барлық iс-шараларын мемлекеттiк бюджеттен қаржыландыру мүмкiн болмайтындығына байланысты, "ақылға қонымды жеткiлiктiлiк" қағидатын негiзге ала отырып, бұл шығыстарды азайту бойынша шаралар қабылданады. Экономикалық жағынан дамыған елдерде АҚ реформалаудың негiзгi бағыттарының бiрi соғыс уақытында ғана емес бейбiт уақытта да күштер мен құралдарды қолдану мүмкiндiгiмен осы жүйенi әмбебаптау болып табылады. АҚ күштерi мен құралдары бейбiт уақытта террористiк акцияларды қоса алғанда, iрi ауқымдағы ТЖ-ны жоюға белсендi түрде тартылады.

Бiздiң елiмiзде бар АҚ бөлiмдерi жаппай зақымдау құралын қолданудан қорғауға, сондай-ақ ТЖ мен террористiк актiлердiң салдарын жоюға арналған. Сонымен қатар, техникалық базаның жеткiлiктi болмауына байланысты шет елдердегi iзгiлiк операцияларға олардың қатысуы мүмкiн емес. Әскери бөлiмдердiң, қорғаныс құрылыстары мен АҚ басқару пункттерiнiң техникасы мен жабдығы моральдық және физикалық тұрғыдан ескiрген. Мұнай өндiру объектiлерiнде және өнеркәсiптiң басқа да объектiлерiнде iрi ауқымдағы БЖ туындауының жоғары ықтималдығы бар елдiң батыс өңiрiнде АҚ-ның әскери бөлiмдерi жоқ.

Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың бiрқатарында ТЖ мен АҚ бойынша арнайы құрылымдық бөлiмшелердiң, кәсiпорындар мен ұйымдарда ТЖ мен АҚ мамандарының болмауынан ТЖ-дан және терроризм көрiнiстерiнен ел халқын, объектiлерi мен аумағын қорғау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, АҚ жүйесiн реформалау қиынға соқты.

АҚ жүйесiн реформалау назарды халықты қорғау, оның тiршiлiк ету әрекетiн қамтамасыз ету нысандары мен әдiстерiне ауыстыруды көздейдi.

Осыған байланысты:

АҚ басқарудың өңiрлiк органдарын (бiрнеше облыстарда бiр-бiрден) құру;

жергiлiктi атқарушы органдардың АҚ iс-шараларын жоспарлау, жүргiзу және қаржыландырудағы рөлiн күшейту;

АҚ әскери бөлiмдерiн құтқарушы сарбаздары даярлау жүйесiн сақтай отырып келiсiм-шарт бойынша әскери қызметшiлермен толықтыру;

АҚ құрамаларын құру және жарақтандыру қағидаттарын қайта қарау;

АҚ материалдық-техникалық ресурстарының ұтымды санын және қауiптi өңiрлерге оларды ауыстырудың, сондай-ақ шығыстарды өтеудiң тиiмдi тетiгiн айқындау жөнiндегi мәселелердi пысықтау қажет.

Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

1) басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзiрлiкте ұстау;

2) Азаматтық қорғаныс күштерiн құру, оларды дайындау және төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға ұдайы әзiрлiкте ұстау;

3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметшiлерiн даярлау және халықты оқыту;

4) радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды қадағалау және оған лабораториялық бақылау жасау;

5) Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларын жұмылдыруға әзiрлiктi қамтамасыз ету;

6) шаруашылық жүргiзу салалары мен объектiлерiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығын арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзу;

7) қорғану құрылыстарының қажеттi қорын, жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкiнiң қорларын жинау және әзiрлiкте ұстау;

8) халыққа, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға адамдардың өмiрi мен денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда iс-қимыл жасау тәртiбi туралы хабарлау;

9) iздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу, зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн және оларды қауiптi аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру;

10) азық-түлiктi, су көздерiн, тамақ шикiзаттарын, жемшөптi, мал және өсiмдiктердi радиоактивтiк, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, мал және өсiмдiк iндеттерiнен қорғау.

2. Адам ағзасына зиянды заттардың әсерін талдау.

Зиянды заттар адам организміне тигізетін әсеріне байланысты МемСТ 12.1.007-76

тағайындалып,төмендегідей кластарға бөлінеді:

1. Төтенше қауіпті (сынап,қорғасын).

2. Жоғары қауіпті (күкірт қышқылы, хлор).

3. Қауіптілігі орташа (темекі,шай).

4. Қауіптілігі төмен (аммяк, ацетон).

Жұмыс орындарында ауаны қауіпті жағдайға келтіруге арналған шаралар арасындағы

маңыздысы ҚШШ(қауіпсіз шоғырлану шегі) деп аталады

Адамның тыныс алу жолдары арқылы өте зиянды газдар мен булардан бүкіл

организм уланады,немесе организмнің жеке бөлігі улануы мүмкін.

Сондықтан, зиянды газдардың әсерінен төмендетілетін шараларды жете зерттеуден

бұрын, сол газдардың және зиян







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 193. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия