Студопедия — Кіріспе. Әлеуметтану – бұл қоғам және қоғамдық қатынастарды ғылыми зерттеу
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кіріспе. Әлеуметтану – бұл қоғам және қоғамдық қатынастарды ғылыми зерттеу






I. Кіріспе.

Әлеуметтану – бұл қоғам және қоғамдық қатынастарды ғылыми зерттеу. Ол фактілерді шын өмірден алады және оларды ғылыми сұрыптау негізінде түсіндіреді. Әлеуметтану ғылым ретінде екі ғасыр бұрын құрылымдала бастады. Социологтар бірнеше негізгі байламдарды қолданады. Демографиялық байлам қоғам мінезін туу, өмірден кету және тұрғындар көшіп-қонуы арқылы зерттейді. Психологиялық байлам адамдар мінез-құлқын, олардың ойын, әлеуметтік қойылымын зерттеу арқылы түсіндіреді. Ұжымдық байлам топтар мен ұйымдарды зерттеуде қолданылады. Төртінші байлам қоғам өмірін адамзаттың өзара қарым-қатынас жүйесі ретінде зерттейді. Мәдени байлам мінез-құлықты мәдениет элементтерін сұрыптау арқылы зерттейді. Социологтар қоғамды екі деңгейде зерттейді – микро және макро деңгейлер микросоциология адамдардың күнделікті өзара іс-әрекеттерін сұрыптауға басты назар аударады.

Кез келген ғылым белгілі бір теориялық жүйелерге сүйеніп қалыптасады. Мұндай жүйелер жалпы мойындалған бір немесе бірнеше теорияларды қамтып отыруы мүмкін. Сол сияқты өзінің қалыптасу сәтінен бастап, социология бірнеше теорияларға негізделіп дамып отырды. Социолог-ғалымдардын әр топтары өздерінің ғылыми бағыт-бағдарына қарай, идеялық мақсат, мұраттарына қарай ор түрлі теорияларды басшылыққа алып отырды. Олардың әркайсысының өз методологиялық және методикалық принциптік негіздері болды. Міне, сол теорияларға негіз болған басты шарттар мен принциптердің жиынтығыи парадигмалар деп атайды. Кең мағынада парадигмаларды социологиядағы теориялық концепциядар деп карауға болады.

 

Құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигмалар

Макросоциология қоғамның негізгі құрылымдарын зерттейді. Микросоциологиялық деңгейде негізгі теория символикалық интеракционизм теориясы болып табылады. Бұл теория өкілдерінің пікірінше адамдар сыртқы дүние әсеріне белгілі бір мән береді. Макросоциологиялық деңгейде негізгі екі теория бар: функционализм және конфликтология (дау-жанжал) теориясы. Функционалистер пікірінше қоғам бір-бірімен өзара байланысқан және әрқайсысы жалпыға өз әсерін тигізетін бөліктерден тұрады. Конфликтология теориясының өкілдері қоғамдағы билік бөлінісіне басты назар аударады. Бұл теориялар туралы кейінгі бөлімдерде толық қарастырамыз.

Кез келген ғылым белгілі бір теориялық жүйелерге сүйеніп қалыптасады. Мұндай жүйелер жалпы мойындалған бір немесе бірнеше теорияларды қамтып отыруы мүмкін. Сол сияқты өзінің қалыптасу сәтінен бастап, социология бірнеше теорияларға негізделіп дамып отырды. Социолог-ғалымдардын әр топтары өздерінің ғылыми бағыт-бағдарына қарай, идеялық мақсат, мұраттарына қарай ор түрлі теорияларды басшылыққа алып отырды. Олардың әркайсысының өз методологиялық және методикалық принциптік негіздері болды. Міне, сол теорияларға негіз болған басты шарттар мен принциптердің жиынтығыи парадигмалар деп атайды. Кең мағынада парадигмаларды социологиядағы теориялық концепциядар деп карауға болады. Әр парадигма өзіндік талғампаздық симатымен ерекшеленеді. Олардың коғамдағы әртүрлі факторларға, адамдардың мінез-құлықтарына талдау жасауда маңызы зор. Сондықтан олардың ешқайсысы жеке-дара коғамға толық синаттама бере алмайды. Бірақ олардың әркайсы сының қоғамды тануда білгілі бір косатын үлесі бар. Барлық социологиялық парадигмаларды қоғамды анализ жасау тәсілдеріне және өздерінің методологиялық принциптеріне қарай үлкен екі топқа бөлуге болады:

1) құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигмалар;

2) интерпретатипті немесе микросоциологиялық парадигмалар. Бірінші топтағы, (кұрылымдық) парадигмалар қоғамды тұтас жүйе ретінде, оны ұйымдастыру, қызметтік мәселелерін және дамуын қарастырады. Ал екінші топтағы парадигмалар негізінен әлеуметтік іс-әрекет ретінде адамның мінез-құлқына баса көңіл бөледі.

Бірінші топтағы құрылымдық парадигмаға жататын парадигмаларға тоқталатын болсақ., олар төмендегідей:

1) функционалдық (қызметтік) парадигмалар;

2) конфликтік (конфликтологиялык) парадигмалар.

Конфликтологиялық парадигманын өзі үш тармаққа бөлінеді:

а) марксистік,

б) неомарксистік,

в) беймарксистік конфликтологиялық социология.

Екінші топтағы интерпретативті парадигмаларға жататындар:

1) әлеуметтік әрекетті қарастыратын парадигмалар;

2) символикалык интеракционизм;

3) феноменологиялык парадигма;

4) этнометодологиялык парадигмалар. Олардың әркайсысына кысқаша тоқталатын болсақ, макросоциологиялық парадигмалардың бірі – фуңкционалдық парадигма.

Құрылымдық - функционалдық парадигманың өкілдері: Огюст Конт, Герберт Спенсер, Эмиль Дюркгейм, Талкотт Парсонс, т.б. Олар қоғамды бір-біріне өзара тәуелді құрылымы бар және қоғамдық бүтінді құрайтын тұтас жүйе ретінде қарастырады. Олардың пікірінше, қоғамдық құрылымдағы мемлекет, жанұя, дін сияқты кейбір институттар дербес құрылым бола алмайды, керісінше әлеуметтік жүйенің белгілі бір құрамдас бөлігі ғана болып есептеліп, олар қоғам қасиетіне белгілі бір үлесін қоса алатын организм. Сондықтан қоғамның тіршілігі үшін және ол жалғасуы үшін негіз болатын белгілі бір шартты жағдай қажет деп көрсетеді. Құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигманың екіншісі - конфликтік парадигма. Мұның өкілдері де коғамды кұрылымдық тұрғыдан қарастыра отырып, ныңтұтас жүйеекендігін мойындайды. Құрылымдық принципті мойындай отырып, өз теорияларын коғамның әр түрлі топтық кұрылымына, олардын мүдделерініц әр түрлі болуына және бірі екіншісін пайдалану арқылы пайда табу әрекеттеріне талдау жасауға негіздейді. Міне, сол топтардың мүдделерінің әр түрлі болуына байланысты конфликтердің болатындығын көрсетіп, ал ол өз тарапынан қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрақсыздық тудырып отыратындығын анықтау мақсаты қойылады. Яғни, олардың пікірінше, әлеуметтік әртүрлі топтардың болуына және олардың мүдделерінің бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты қоғамда әр кезде конфликтік потенциалдың болуы табиғи құбылыс болып есептеледі. Конфликтік парадигмалар қоғамдағы әлеуметтік топтардың бөліну негізіне және конфликтердің сипатына қарай, марксистік неомарксистік және беймаркситік конфликтік парадигмаларға бөлінеді.

Марксизм қоғамды тұтас әлеуметтік шындық ретінде қарастырады. Екіншіден, марксизм халықты қоғамды жасаушы және халық қоғамның даму нәтижесі ретінде таниды. Сондықтан халыққа әлеуметтік қатынас, идеялар жүйесі ықпал етіп отыратын болып есептеледі. Демек, қоғамдағы әр түрлі институттар, әсіресе экономикалық, саяси, құқықтық, және діни институттар өзара тәуелділікте болатын тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс дейтін ұстаным басшылыққа алынады. Үшіншіден, марксизм қоғамның козғалу, өзгеру, даму тарихына диалектикалық көзқарасты қалыптастырады. Яғни әлеуметтік өзгерістер қоғамдағы бір-біріне қарсы күштердің өзара күрестері негізінде болатындығын көрсетеді. Диалектикалық қозғалыс — ол қарама-қарсылықтардың күресі, қарама-қайшылықтардың конфликтінің жемісі деп көрсетіледі. Сол қайшылық немесе одан туатын конфликт қоғам дамуының қайнар көзі дейтін пікірді мойындайды марксизм. Әсіресе экономикалық жүйедегі қайшылық және конфликт әлеуметтік өзгерістегі басты фактор болып есептеледі. Марксистік парадигмада экономикалық конфликт, әсіресе, қоғамның үстем және тәуелді топтарға бөлінуінен, сондай-ақ олардың арасындағы, ең алдымен, экономикалық қайшылықтардан туындайтындығына талдау жасауға басты назар аударылған. Сайып келгенде, марксистік конфликтологиялық парадигма да қоғамның құрылымдық институттарына және оның топтық жіктерге бөліну принциптеріне сүйенеді. Социологиялық жүйелері марксистік теорияның ықпалында болған ғалымдарды неомарксистерге жатқызамыз. Дегенмен олардың кейбіреулері өз көзқарастарын қалыптастырды. Неомарксистер, әсіресе, Маркстің коғам даму тарихын анықтаудағы экономикалық фактордың маңызды немесе шешуші роль атқарады дейтін көзқарасына қарсы шығады. Неомарксистік парадигманың негізгі өкілдері қатарына Антонио Грамши П.Уиллис, Инграм Тейлор, П. Уолтон, Дж.Янг, Юрген Хабермас сияқты ғалымдарды жатқызуға болады. Қорыта келгенде, неомарксистер өздерінің парадигмаларында конфликт көзін экономика жүйесінен емес, керісінше, қоғамның мәдени және идеологиялык салаларынан өрбиді. Бірақ олар да қашан және қандай жағдайда мәдени фактор тағдыры үшін маңызды және шешуші роль атқаратындығына толық анализ бере алмады. Беймарксистік конфликт парадигмасына келетін болсақ, бұл теорияның өкілдері де өз пікірлерін Маркске қарсы қояды. Олар қоғамда конфликтке түсетін, Маркстің айтқанындай, екі топ емес, одан басқа көптеген топтар бар деген пікірге келеді. Сондай-ақ, оларда экономикалық мүддеден басқа да мүдделер бар деп есептейді. Демек, ол топтар экономикалық билік үшін емес, алдымен әлеуметтік статус үшін күресуі мүмкін деген тұжырым жасайды. Мәселен, беймарксистік конфликт парадигмасын қазіргі өкілдерінің бірі, неміс социологы Ральф Дарендоря әлеуметтік конфликтер туралы Маркстің анализдері 19-ғасырдағы жағдайға сәйкес келгенімен, оны бүгін экономикалык жағдайларға қолдануға болмайды деп есептеді. Мәселен, АҚШ пен Ұлыбритания посткапиталистік жағдайда өмір сүруде. Жоғары мамандандырылған жұмысшылардың саны өсуде, аралық таптар ұлғаюда. Таптар арасындағы табысы жағынан алшақтық жойылуда деп айта келе, ол елдердегі бүгінгі өзекті мәселе, ол өндіріс кұрал-жабдықтарға қожалық пен оған бақылау жасау құрылымдары арасындағы үйлесімдіктің бұзылуы деген қорытынды жасайды. Микропарадигмаларға келетін болсақ, оның алғашқысы әлеуметтік әрекет парадигмасы. Бұл прадигманы жақтаушылары, әдетте, индивидтін мінез-кұлкын айқынды отыратыи қоғамда нақтылы әлеуметтік құрылымының болатындығына қарсы болады. Дегенмен, олардың кейбіреулері коғамдағы ондай әлеуметтік құрылымдардың болатындығын жоққа шығармайды, бірақ олар адамдардың мінез-құлқын, ең алдымен олардың өздері мінездеріне қандай мән, мағына беру тұрғысынан түсіндіріле және талдануы тиіс дейтін пікірді жақтайды. Мұндай концепцияның жақтаушысының бірі - неміс социологы Мат Вебер. Оның пікірінше, социологияның негізгі мақсаты - әлеуметтік әрекеттерді оның себептері арқылы түсіндіру болып табылады. Вебердің түсінігінде, әлеуметтік әрекет - ол адамның өз ісіне өзі мән беруі арқылы жасалатын және ол іске асырылған жағдайда оған басқа адамдардың әрекеті немесе мінез-құлқы арқылы жауап қайтару мүмкіндігі ескерілетін іс-қимыл. Мәселен адамның ойланбай істеген әрекеті немесе кенеттен болған жағдайлар Вебердің пікірінше, әлеуметтік әрекетке жатпайды. Сондай-ақ, адамның іс-әрекетіне басқаның көңіл аударуы эмоциясы ескрілмесе, ол да әлеумегпк әрекетке жатпайды. Мысылы адамның жеке үйде отырып, намаз оқуы, т.б. Сомдыктан Вебер әлеуметтік әрекетті түсіндіру үшін ең алдымен әрекет субъектінің өз ісіне берген мағынасын анықтау десе екіншіден, әлеуметтік әрекеттің себептік мотивтерін анықтау қажет деп көрсетеді. Вебердің пікірінше, әлеуметтік әрекеттер үлкен әлеуметтік өзгерістерге әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, әлеуметгік әрекеттер институттар мен топтардың іс-әрекет сипатына ыкпал етеді. Вебер әлеуметтік өмірдсгі идеяныи манызды ролін жактай отырып, адамдардын қоғамдық санасын, бүкіл көзқарасын түгелдей коғамның материалдык. немесе экономикалык факторлары анықтайды дейтін пікірге қарсы болады. Оның пікіріншс.діни көзкарастар аркылы да коғамның экономикалық жүйесін өзгертуге болады. Символикалык. интеракционизм концепцилсының өкілдері де әлеуметтік әрекетке көңіл бөледі, бірақ бұлар кіші шеңбердегі әлеуметтік өзгерістер интеракциялық жағдайларға баса назар ауадарады. Яғни, адамның өзіндік болмысы, оның қалыптасқан ортасындағы құрылымдық қатынастың көрінісін береді және сол ортадағы символдарды қабылдаудан тұрады, әрі индивидтің сол ортадағы рөлінен кұралады деп көрсетеді. Адамдар өзінің адамдық қасиетіне тек өздері өзара символдар арқылы қарым-қатынас жасаған жағдайда ғана ие бола алады деген пікірді жақтайды. Ал символдың ең негізгісі тіл деп көрсетіледі. Символ тек затты белгілеп қана қоймайды, сонымен бірге, ол затқа ерекше образ береді және адамның көңілін аудартады. Екінші сөзбен айтқанда, символ сол заттың атқаратын қызметін баса көрсетеді және адамның сол затқа деген қимылдық іс-әрекетінің белгілі бір түрін, бағытын көрсетеді. Сондай-ақ символ адамдардың әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас құралын қамтамасыз етеді. Мысалы, Мидтің пікірінше, символсыз адам арасындағы қатынас жоқ және сайып келгенде, адамзат соғамының болуы да мүмкін емесх Сонымен, Мидтің пікірінше, адамдар әрі әлеуметтік ортаның өздері жасай алады, әрі сол ортаның ықпалында болады. Яғни адам тек әлеуметтік ортада ғана қалыптаса алады. Және адамдар тек символдар дүниесінде ғана өмір сүреді әрі оның мәндік жағы, өмірдің мәндік сипаты адам қарым-қатынасына, іс-әрекетіне негізі болады деп көрсетеді.

XIX ғасырдағы әлеуметтану - әлеуметтанудың жаңа дәуірі, біріншіден, эмпирикалық әлеуметтанудың дамуы мен қалыптасуымен байланысты болды. Екіншіден, жаңа тұжырымдамалар мен бағыттардың шығуымен, үшіншіден, теориялық және эмпирикалық әлеуметтануды белгілі бір дәрежеде біріктіруге бағыт алуымен сипатталады. Бұл дәуір XX ғасырдың 20-шы жылдаранан басталып, біздің қазіргі өмірімізге дейінгі уақытты қамтиды. Бұл дәуір негізінен үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең 20-жылдардан 40-шы жылдарға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезеңде эмпирикалық әлеуметтанудың басымдылығы байқалады; Екінші кезең – 40-шы екінші жартысынан 60-шы жылдың аяғына дейін созылды. Бұл уақытта, керісінше, теориялық-әдістемелік әлеуметтанудың құрылымы күшейіп, эмпирикалық әлеуметтанудан жоғары көтерілді. Үшінші кезең – 70-жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін жалғастары. Үшінші кезеңде теориялық әлеуметтанудың зерттеулерін микро және макро әлеуметтанумен біріктіруге әрекет жасалады. Екінші жағынан, әлеуметтануды жеке ғылым ретінде жаңа деңгейге шығарып әлеуметтік процестерді зерттеу, оларды жаңа сапада түсіну, ұғыну мақсаттары қойылды. Жаңа қағидалы интегративті бағыттар пайда болды.

Жаңа тарихи әлеуметтану

Әлеуметтанудың ХХ ғасырдағы негізгі тенденциялары- эмпирикалық әлеуметтанудың дамуынан басталады. Эмпирикалық әлеуметтану деп, нақты зерттеулер жүргізуді, осылардың негізінде арнаулы әдістер қолдану (сұрау, бақылау, тәжірибе) арқылы жаңа фактілерді жинап, талдауды, қорытындылауды айтады. Мұндай нақты зерттеулер 20-30-жылдары АҚШ-та, сонан кейін басқа дамыған елдерде өте қызу жүргізіле бастады. Адольф-Кетле (франко-белгиялық статист), Чарльз Бут (Англия), Ульям Томас, Флорина Знанецкий (поляктар) осы салада еңбек етті.Дегенмен, эмпирикалық нақты зерттеулер теориялық әлеуметтанудың дамуына белгілі бір шамада кедергі жасады, теорияның маңызы мен рөлін төмендетті. Сондықтан теориялық әлеуметтануды қайтадан көтеріп, жаңғырту қажет болды, өйткені әлеуметтік теориялық сұрақтарға уақытында жауап берілмеді.Бұл мәселелерді дұрыс шешуде американ әлеуметтанушылары Талкотт Парсонс, Роберт Мертон, Питирим Сорокин, т.б. зор еңбек сіңірді.

Қоғам, қоғамдық өмірдің болғанын біз антикалық философиядан, біздің жыл санауымыздан бұрынғы VI ғасырда өмір сүрген ұлы ойшылдары Платонның “Заңдар”, “Мемлекет туралы” еңбектері мен Аристотельдің “Саясат”, т.б. еңбектерінен кездестіреміз. Бұл мәселелер жаңа дәуірде Макиавелли, Руссо, Гоббс, т.б. еңбектерінде де өткір тұжырымдалған. Осы тұрғыдан алғанда әлеуметтану ғылым ретінде көне немесе қайта өрлеу дәуірлерінде қалыптасты деп айтуға бола ма деген заңды сұрақ туады. Әрине, жоқ. Бұл жерде әлеуметтанудың жетекшісі -әлеуметтік философия өмір сүріп, онда қоғам, адам, осылардың дамуы туралы мәселелер қойылып, өзінше шешілді десек орынды болар еді. Әлеуметтану қалай пайда болды, қай уақытта, оның өмірге келуіне қандай алғышарттар себеп болды, т.с.с. сұрақтарға ғылыми дұрыс жауап беру үшін біз ғылымдардың шығуы мен дамуы зертейтін “Науковедение” атты кітаптың деректеріне сүйенеміз. Бұл ғылымның ұйғарымы бойынша, әлеуметтану ХІХ ғасырдың 40-жылдары, оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конттың 1839 жылы “Позитивтік философия курсы” атты еңбегі шыққанан кейін пайда болған. О.Конт бұл 6 томдық еңбегінің 3-ші томында “Социология” деген ұғымды бірінші рет қолданып, қоғамды ғылыми негізінде зерттеп білуді міндет қойды. Ұоғамды ғылыми негізінде зерттеу қажеттілігі - әлеуметтану ғылымының пайда болуының және қалыптасуының басты себебі болды. Өзінің даму кезеңінде әлеуметтану төрт негізгі кезеңнен өтті. 1-кезең. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндай сипатында болды. Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығып, қоғамды зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады. 2-кезең. Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану эксперименталды (практикалық) ғылымға айналды. Оның әр түрлі ақпарат құралдары қалыптасып, математикалық аппаратты кеңінен қолдана бастады. 3-кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын, алуан түрлі ой-тұжырымдарын өміре қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламентті және президенттерді сайлаулардың қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, саяси серіктестердің сайлауын қамтамасыз етіп отырды. 4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 228. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.016 сек.) русская версия | украинская версия