Жарықтың электромагниттік теориясы
Жарықтың электромагниттік теориясы жарық табиғатына деген көзқарастың ұзақ уақыт дамуы нәтижесінде пайда болды. Мұның алдындағы толқындық теорияда жарық жорамал орта-эфирде таралатын серпімді ұйытқу ретінде қарастырылды. Бұл теория 19 ғ. өмір сүрген Френель және басқа атақты физиктердің еңбектері арқасында мүлтіксіз жетілген теория дәрежесіне жеткізілген еді. Бірақ осыған қарамастан мұнда принциптік сипаттағы қайшылықтар байқалды. Ескі толқындық теорияның жеткіліксіздігі бәрінен бұрын байқалатын оптикалық құбылыстарды түсіндіру үшін эфирге механика заңдарымен үйлеспейтін өте оғаш және біріне-бірі қайшы қасиеттерді (эфир аса қатты және серпімді тұтас орта деген) таңуға тура келді. 19 ғ. ортасында электр және магнетизм саласында ашылған эксперименттік жаңалықтар негізінде Максвелл электромагниттік өріс теңдеулерін (электродинамиканың теңдеулер жүйесін) тұжырымдады. Максвелл теңдеулерінің ең маңызды салдары-электромагниттік толқындардың болу мүмкіндігі және бұлардың вакуумдағы таралу жылдамдығы осы теңдеулерге кіретін
|