Студопедия — Жұмыс уақыты кезіндегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жұмыс уақыты кезіндегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптары






3.1 Нормативті құжатнамаға сәйкес анализ жүргізу кезінде техник-зертханашы 1.3.3. т. сәйкес жұмыстар орындайды.

3.2 Химиялық анализдер өткізу уақытында нұсқаулықтар мен берілген анализ түрін өткізуде көрсетілген барлық операцияларды орындау, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.

3.2.1 ауысым тапсырмасында қарастырылмаған, жеке мүдде жұмыстарын орындауға тыйым салынады.

3.3 Жұмыстар өткізу кезінде жұмыс орнының қауіпсіздік талаптарына сәйкестік мониторингін тұрақты өткізу керек.

3.4 Қауіптер анықталған жағдайда, техник-зертханашы қосымша шаралар жүргізу арқылы сол жерде жою мүмкіндігін анықтау керек. Егер қауіпті жою мүмкін болмаса, жұмысты тоқтатып, бұл туралы зертхана басшысына немесе наряд берген тұлғаға хабарлау.

3.5 Егер анықталған қауіптілік қолда бар құралдармен сол жерде жойылмаса, қажетті шаралар қолданып, аяқталған соң жұмысқа кірісу.

3.6 Егер жұмыс орындау кезінде қауіптіліктер анықталмаса, техник-зертханашы жұмыс аяқталу бойынша профилактикалық шаралар қабылдап, жұмыс орындауды аяқтайды.

3.7 Механизмдердіі қозғалушы айналушы бөлшектерінің, ұшушы тіліктер әсерін болдырмас үшін техник –зертханашы келесі талаптарды орындау керек:

а) шыны ыдысты (химиялық ерітінділермен немесе бос) екі қолмен, ағаш немесе пластмасс жаймаларда көтеру;

б) жұмыс уақытында сынған химиялық әдіс қолданбау;

в) сынған ыдысты резеңке қолғаптармен қорғалған қолдармен жинау;

г) барлық қажет есептерді химиялық ыдыс немесе ерітінділерді кездейсоқ төгіп алудан сақтау үшін жеке үстелде жасау;

д) титрленген үстелдің жоғары сөресінен сыйымдылықтардың құлауын болдырмас үшін биіктігі 12 см кем емес тірек планкасына ие болу, әр сыйымдлылықтың орнын ауыстырғаннан кейін тірек планкасының тұтастығын және оны бекіту сенімділігін тексеру;

е) потенциометр құрылғысын араластырғыштың айналу бөлігімен байланыстың алдын алу үшін титрленетін ерітіндімен стакан араластырғыштың толық тоқтауы кезінде ғана үстелден аллынады.

3.8 Электр тогының әсерін тудырмас үшін келесі талаптарды сақтау:

а) сымды ұстап тұрып, розеткадан сымды тартпау, тікелей айырдан ұстау;

б) желіде тұйықталу, қызу және электр сымы тұтастығының бұзылуы болмас үшін желіні энергосыйымды приборлардың жылжымлы розеткаларына қосумен қайта жүктемеу;

в) электр жабдығы мен приборларды жерлендіру тұтастығын күн сайын тексеру;

г) жұмыс жасаушы жабдық пен приборлардың бетін дымқыл қолмен ұстамау;

д) ақаулы электр розеткаларын, сөндіргіштерді қолданбау, жазуы жоқ розеткалар қолданбау;

е) жұмыс жасаушы қондырғыларды, қыздыру құралдарын қараусыз қалдырмау;

ж) электр қалқандарында әрекеттер туғызбау;

и) приборлар мен жанып кеткен электр лампаларында қорғағыштарды алмастыру бойынша жұмыстарын өздігінен жасамау;

к) электр жабдықтарында немесе құралдарда анықталған ақаулар кезінде (сымның үзілуі, оқшауланудың зақымдануы, корпусқа жақынджау кезінде елеусіз ток тарту) дереу зертхана басшысына немесе наряд тапсырма берген тұлғаға хабарлау;

л) муфель пешіне, тартпалы шкафтың мәрмәр плиталарына қызмет көрсету кезінде диэлектрлік кілемшелер қолдану.

3.9 Өрт қауіпті жағдайдың алдын алу үшін келесі талаптар орындау:

а) ащық қыздыру элементтері немесе өздігінен жасалған құралдары бар қывздыру приборларын қолданбау;

б) жабдықты қауіпсіз пайдалану талаптарына сай қызып кетуге ұшырайтын электр жабдықтарының қызу дәрежесін алақанмен тексеру (спектрометр, фотометр);

в) арнайы бөлінген орындарда темекі тарту;

г) жұмыс журналдары мен өзге қағаз тасуыштар арнайы бөлінген жұмыс орнында толтырылады, сақталады.

3.10 Биіктен құлау, сүрінуден немесе сырғанаудан құлау қаупін болдырмау үшін техник – зертханашы үшін келесі талаптарды орындау қажет:

а) жұмыс орнын тазалықта ұстау, мерзімді тазалау және жұмыс алаңшалары мен өткеліктерде қосалқы бөлшектерді, металл сынығын қоймаламау;

б) алаңша қоршауларының сенімділігіне көз жеткізбей сүйенбеу;

в) баспалдақ өткеліктері бойынша қозғалыс кезінде тіреулерін қолмен ұстау;

г) өткеліктерді, қоршауларды, жабдыққа қызмет көрсету алаңшалары мен баспалдақ марштарын ауысым сайын тексеру.

д) жұмыс орындау кезінде зертханашының орнын ауыстыру үшін қажетті жұмыс кеңістігі арқылы жылжымалы розетка сымдарын, шпагат немесе резеке құбырын тартпау. Сымдардың, резеңке құбыр орналастырудың барлық жұмыстары зертхана бөлмесінің қабырғасын бойлай, немесе жұмыс уақытынан тыс өткізу;

е) едендерді күн сайын тексеру, еден жабынының жарылуын, иілуін болдырмау;

ж)жұмыс орнының нашар жарықталуы кезінде жұмыс жасамау, әсіресе, түнгі уақытта;

з) жұмыс орнында отыру үшін ақаулы орындықтар, кездесоқз аттар қолданбау.

3.11 Төмен температуралар әсерін болдырмас үшін қысқы уақытта мерзім бойынша киіну.

3.12 Ыстық беттермен байланыстың алдын алу үшін:

а) химиялық ерітінділердің тигельлермен булануы немесе химиялық шөгінділерді балқыту кезінде 10000С кезінде 90-1050С дейін қызған химиялық ыдысқа жанасудың алдын алу, ұзын оқшауланған тұтқалары бар арнайы қысқыштар қолдану;

б) 90-1050 С дейін қызған үлгілердің қаңылтыр табасынан ылғал анықтау кезінде арнайы мақта қағазды құрғақ тұтқыш қолдану.

3.13 Көрінетін спектрдің электромагниттік сәулеленуін, өте төмен, өте жоғары және жоғары жиіліктердің алдын алу үшін техник – зертханашы ЕҚН 07-63 «Рентген спектрометрлерінде жұмыс жасау кезіндегі еңбекті қорғау нұсқаулықтарына» сәйкес әрекеттер орындау керек.

3.14 Құрғақ химиялық заттар мен булардың қауіпті әсерінен, сонымен қатар сілтілер мен қышқылдардың теріге, мұрын мен ауыздық шырышты қабықшасына зиянды әсерінің алдын алу үшін техник – зертханашы келесі талаптарды орындау керек:

а) қосылған тартпалы вентиляция кезінде концентрациялы қышқылдармен жұмысты арнайы шкафта өткізу, міндетті түрде респиратор, қалқанша, қышқыл сілтіге төзімді қолғап, алжапқыш қолдану. Еденген төгілген қышқылды 4.4.(а) тармағына сәйкес бейтараптардырудан кейін дымқыл сумен жуу;

б) химиялық реактивтерден ерітінді дайындаудың барлық жұмыстарын тартпалы шкафта орындау;

в) кездейсоқ себілген және төгілген химиялық реактивтерді, улы иісті реактивтерді қауіпсіздік талаптарын орындаумен дереу жинау (резеңке қолғаптарда және қажет болса респираторда), сонымен қатар олардың шашырауын болдырмас үшін дымқыл жинау жұмыстарын жүргізу;

г) тарадан тері мен шырышты қабықшаларға тітіркендіргіш әсерін тудыратын қатты реактивтерді алу кезінде респиратор, резеңке қолғаптарын, қышқыл сілтіге төзімді алжапқыш қолдану, халаттың барлық түймелері түймеленген, басында бас киім болу керек;

д) қышқылдарды сақтау берік тұтқалы арнайы тарада, желдетілетін бөлмеде жүзеге асады. Бөтелкелер мен канистрды тығындалуы герметикалық болу тиіс. Әр бөтелке мен канистрде қашқыл атауының жазбасы болу керек. Егер жазбаны тараға (канистрге) орналастыру мүмкін болмаса, тараға сыммен немесе берік жіппен бекітеді;

е) қышқыл ерітінділерін дайындау кезінде оның химиялық ыдыстан шашырауын тудырмау үшін су қоспау;

ж) зертханалық жұмыста концентрациялы органикалық заттарды қайта құю жұмыстарын жалғыз орындамау;

и) идентификациялаушы таңбалар болмаса химиялық реактивтерді қолданбау.

3.15 Сілтілер, қышқылдар буымен уланудың алдын алу үшін химиялық реактивтермен тартпалы шкафта косылған вентиляция кезінде жұмыс жасау. Улану белгілерінің пайда болуы кезінде: бас ауруы, жиіленген жүрек қағысы, жалпы әлсіздік- кеніштің медициналық бөліміне дереу тексерілу.

3.16 Көру органына әсердің алдын алу үшін:

а) химиялық реактивтермен жұмыс кезінде қорғау көзілдіріктерін немесе қалқанша қолдану;

б) компьютермен жұмыс кезінде экранның вертикаль орналасуы кезінде көз деңгейі орталыққа немесе экранның 2/3 биіктігіне сай келеді, көру бағыты экран орталығына перпендикуляр және ең оңтайлы ауытқуы + 5 болмау керек, шектік көрсеткіш + 10;

в) егер ДК жұмыс ұзақтығы 2-сағаттан артық, 15 минут үзіліс жасау.

3.17 Қатты жел әсерінің алдын алу үшін жетекші қатысуымен ғана зертханадан тыс орын ауыстыру.

3.18 Қысылудың алдын алу үшін есік ашу, жабу кезінде есік тұтқасын, жәшіктер тұтқасын қолодану, күшті желд сезінде ілесуші жұмыскерлерді ескерту.

3.19 Тірек – қозғалыс жүйесіне әсердің алдын алу үшін:

а) бір қалыпты ұзақ уақыт болмау;

б) компьютерде жұмыс кезінде ыңғайлы орындыққа отыру;

в) химиялық ерітінділер, қышқылдармен дистелденген су болатын үлкен бөтелкелер мен канистрлерді жалғыз көтеруге болмайды, бұл жұмыстарды екі тұлға түрінде орындау. 3.20 Жабайы аңның (ит) қабуы болмас үшін:

а) жабайы аңға кездесу кезінде үрейленбеу;

б) жабайы аңның көзіне қарамау. Көзді төмен түсіру;

в) қатты дыбыс шығармау (күле, сөйлеу, қол соғу);

г) күрт қозғалыстар мен ыза тудырмау. Арқаны көрсетпей асықпай жүріп, қауіпсіз қашықтыққа өту;

д) жабайы аңмен байланысқа түспеу;

е) байланыс немесе қабу кезінде міндетті түрде дәрігерге көріну;

ж) егер ит қабуға әрекет жасаса, бүйірімен тұрып, қатты дауыспен бірнеше команда беру «Фу!» «Болмайды!» «Отыр!»;

и) егер ит отырса-ол секіруге дайын. Тамақты қорғау керек (иекті кеудеге қысып, шынтақты алға шығару);

к) иттен алысырақ кетіп, жылы сөйлеу «Жақсы төбет» «Жарайсың» «Бара ғой» т.б.;

л) егер ит қапса, өзіңіз де шабуылдаңыз, айқайлаңыз, оған барлығын тастаңыз, көзіне қарап, тіс шытыңыз. Кейде, ең шеткі жағдайларда, адамның адекватты емес әрекеті ең қабаған және үйретілген итті тығырыққа тірейді.

3.21 Затқа соғылу қаупін тудырмас үшін жұмыс үстелдерін қауіпсіз қашықтықта айналып өту.

3.22 Ақаулы жабдық немесе аспап табу кезінде жұмысты тоқтату.

3.23 Жұмыс барысы кезінле анықталған кезл келген сәйкессіздіктерді наряд тапсырма берген тұлғаға хабарлау.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 217. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия