Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан Экономикасы.





ХҮІІІ ғасырдың өзінде Ресей Қазақстанның таби,и байлығына қызығушылық білдірген. Қазақ жерлерінің қосылуынан кейін, кен орындарын іздеу күшейді.

Тау кен өндірісін дамыту Ресейдің қажетін ашумен байланысты болды. Алғашқыда өндірісшілер мен көпестер тұрғылықты халықтан тас көмір, мыс, күміс – қаланы кен орындарын су тегінге сатып алып жүрді.

1815ж Торғай даласында Орынбор экспедициясы 100 пұт қорғасын кенін өндірді.

1916ж Сібірден қазақ даласына Шангин бастаған үлкен экспедиция жіберілді. Олар Есілдің солтүстігінен Нұра өзенінің бойынан алтын, күміс, мыс және қорғасын кен орындарын тапты.

Қазақтардың ықпалымен көптеген мыс, күміс, қорғасын кен орындары ашылды. Әсіресе Қарқаралы, Баян Ауыл уездерінде, кейіннен тас көмір табылды.

Осы жаңалықтармен қазақстанда өндірістің басы басталды. 1861 ж Ақмаола уезінде пасск метал қорыту заводы Рязанов мұрагерлерінің 1840 ж купец Поповтар Қарқаралы уезінде мыс заводы іске кірісті, 80 жылдарда Қазақстанда көмір, металл өндіру күрт өсті.

ХІХ ғасырдың аяғында Жезқазған мыс орны іке қосылды, Шығыс Қазақстан рудниктері, Батыс қазақстанда мұнай көздерін англоамерикан және француз кәсіпкерлері ашты.

Қазақстанда өндірістің дамуында Батыс сібір темір жолының мәні зор. Ол солтүстік Қазақстан аумағының 300 км Омбыдан Петропавловскіге дейін жатты.

ХІХ ғасырдың І жартысында пароход дами бастады.

1870 ж телеграф линиясы іске қосылды, Верный мен Әулие ата Шымкенттен, Ташкентке ғасыр аяғында темір жол, телеграф, су қатынасы Қазақстанды Москва, Петербург, Ташкентпен байланыстырды. Өндірістің пайда болуы қазақ пролетариатының қалыптасуына әкелді. Капиталистік қатынастардың дамуымен, темір жол жүйесінің дамуымен, өмірге әкімшілік реформалардың енуімен Қазақстанда қалалар дамып, олардың халқы өсе бастады. Әсіресе өндірістік, сауда, қолөнер, мәдениет орталықтары – облыстық, уездік қалалар халқы қарқынмен өсті.

Капитализмнің дамуымен далаға сауда-ақша қатынастары келді. Сауданың негізгі түрі – мыстық, ақша айналымы нашар болды. Жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Қазақтар Қытаймен, Ресеймен, Хива, Қоқандпен, Бұхара, Шығыс Түркістанмен сауда жасады. Олар негізінен малдарын темір, мыс, шойын заттарға айырбастады.

ХІХ ғасыр аяғында банктар капиталистік түрде несиелер беруді игерді. Қала банклары Омбыда – 1875ж, Петропавлда – 1871ж ашылды. Кейіннен мемлекеттік банк бөлімшелері басқа қалаларда да ашылды.

Жалпы, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік, экономикалық процесстер Қазақстан өмірінің барлық саласына терең әсер етті. Ауылдың шаруашылық жүйесіне оң әсерін тигізді, кен өндіру өндірісін дамытып, жеке кәсіпкерлікті, ауыл мен қаланың байланысын дамытып, Ресейдің империализм сатысына кіруіне жағдай туғызды. Отарлы Қазақстан оның бір құрамдас бөлігі еді.

XIXғ. соңғы ширегінде Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі өмірге келді. XIXғ. орта шенінде-ақ Қазақстанда пайдалы қазбалардың көптеген түрлері бар екендігі мәлім болды. XIXғ. 60жж. бастан Ресейдің кәсіпкерлері қазақ өлкесіне капиталдарын жеткізіп, пайдалы қазбалардың бірқатар кен көздері негізінде өнеркәсіп кәсіпорындарын құруды қолға алды. 70-80ж. ауылшаруашылық шикізаттарын өңдейтін май шайқайтын, былғары шығаратын, ұн тартатын және басқа кәсіпорындар едәуір қорқынмен дамыды. Шикізат өндеу кәсіпорындарының негізгі орталықтары Солтүстік Батыс және Шығыс Қазақстан болды. Былғары өнеркәсібі дамудың айтарлықтай деңгейіне жетті.

Шымкент сантонин зауытын химия өнеркәсібінің бастамасы деп есептеуге болады.

1822ж. негізі қаланған бұл зауыт өзінің өнімін Англияға, америкаға, германияға, Үндістан және Жапноияға табысты түрде экспортқа шығарып отырды. Оңтүстік аудандарда Шымкент пен Түркістанда негізінен мақта тазалайтын бірнеше зауыт істеп тұрды. Темекі өнеркәсібі Верный қаласында 1875 және 1900жж. салынған, қуаты шамалы екі кәсіпорыннан тұрды.

Арал теңізінде, Павлодар уезіндегі Қарабас көлінде тұз кен орындары ашылды. Қазақстан территориясында XIXғ. соңы мен XXғ. басында ірі 300-500-ге дейін жұмысшылары бар кәсіпорындар жұмыс істей бастады. Олар: Спасск мыс қорыту зауыты. Успенск рудингі. Қарағанды көмір кені. Екібастұз және Риддер кәсіпорындары болатын. Өнеркәсіптің айтарлықтай дамыған саласы тау-кен қазу кәсіпорындары еді. Қазақстанның өнеркәсібі, әсіресе тау-кен қазу, көмір және мұнай өнеркәсібі шетел капиталистерінің көңіл бөлетін объектісіне айналды. Спасск-Успенск, Атбасар мыс, Риддер рудниктері, қарағанды және Екібастұз таскөмір кендері, бірқатар мұнай кен орындары шетел капиталистеріне сатылып жіберілген болатын.

Өнеркәсіп пен ішкі сауданың дамуына Қазақстанды Сібірмен және Ресей империясының ішкі жерлерімен байланыстыратын теміржолдардың салынуы да мүмкіндік туғызды. XIXсоңғы он жылында Қазақстанда 482 шақырым рельстік жол салынды.

Урбанизация процестер. Қалалардың өсуі және маңызы.

XIXғ. 70-80ж. кедейленген қазақтардың күнкөрістік табыс іздеп, әр түрлі кәсіпшіліктерге және таукен өнеркәсіптеріне кетуі көбейе түсті.

Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өмірдің орталықтарына айналған Қазақстан қалалары да елеулі өзгерістерді бастан кешірді. XIX ғ. екінші жартысында қалалық мекендердің үлкен бөлігі шағын қалалар санатына жатты. Мысалы, Сырдария облысында шағын қалалар барлық қалалардың 71 процентін құрады.

1897ж. Жаппай жүргізілген халық санағы бойынша Қазақстан облыстарындағы халық саны мынадай болды: Ақмола облысында 127981 адам, Семей облысыны – 973589, Сырдария облысы –1166116, Торғай облысы – 728057, Орал облысы –801975 адам тұрды.

Оңтүстік Қазақстанда бұрынғы кезеннен бастап қалыптасқан қалалар пайда болған, этникалық ортасы түркі тілдес компоненттен тұрған.

Солтүстік-Батыс, Шығыс және Орталық Қазақстандағы қалалар қалыптасты отарлау кезенде алайда осы қалалар ежелгі Қазақстанның жерінде және бұрынғы мекен-жай, қоныстанған орындарда салынған.

1914ж. қарай Қазақстанда 26 қала пайда болды. Қалалардын этникалық құрамы түрлі-түрлі болып қалыптасқан.

Қалалардын тұрғынын құрамына ықпал еткен факторлар: крестьяндардын қоныс аударуы, саяси жер аудару тұрақтық әскер бөлімдерінің контингентінің, орналасуы жатақшылықтын өсуі.

Қалалардын этникалық, кәсіпшілік, діни құрамының өзгеруі бүкіл әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен байланысты.

Тұтас алғанда XIXғ. екінші жартысында болып өткен әлеуметтік экономикалық процестер Қазақстан өмірінің барлық салаларына терең ықпалын тигізді, аулдардың, қоныс аударған деревнялардың шаруашылық құрылымында нақтылы өзгерістер жасалуына, шикізат өндеу және Тау-кен қазу өнеркәсіптерінің алғашқы ірі ошақтары құрылуына, сауда жүйесіне өсімқорлық элементтерінің, жеке меншіктік кәсіпкерліктің енгізілуіне, отарлы Қазақстан құрамды бөлгі саналған Ресейдің империализм стадиясына өтуі жағдайында қалалар мен селолар арасындағы өзара байланыстардың терендеуіне себепші болды.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 271. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.016 сек.) русская версия | украинская версия