Асыр басындағы өлке тұрғындары
1905-1907ж революция қарсаңында аймақта әрқилы жұмысшы шаруалар наразылықтары өтті. Қазақстанда жұмысшы қозғалысы күшейді, 1901ж Қарағанды көмір бассейнінің жұмысшылары – Орынбор башқұрттары жалақы талап етіп наразылық жасады. Оларды қазақтар орыс, татарлар қолдады. 1902ж Зайсан уезінде қазақтар көтерілді. Олардың талаптары қанағаттандырылмағандықтан олар прийскіні тастап, жұмысты тоқтатты. 1902ж,1903ж Екібастұзда көтеріліс болды. Жалақы талап етті, талаптары қанағаттандырылды. Жұмысшылар Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында да көтерілді, олар жұмысты тастап кетті, кейіннен ұйымдасқан түрде стачка жасады. Орыс-жапон соғысы басталып, ол империалистік сипат алды және патша тәртібіне наразылықты күшейтті. 1905ж дейін Қазақстанда ірі көтерілістер болған жоқ, оған себеп: қанды жексенбі оқиғасы. Наразылық жиындар Ташкент, Омбы, Верный қалаларында өтті. Бұл экономикалық сипат алды, онда әсіресе темір жол шеберханалары мен депо жұмысшылары қатысты. Орал, Перовск, Түркістан, Шалқан т.б. көптеген теміржол станцияларында 1 Май қарсаңында жиындар өтті. Революциялық листовкалар таратылды. Социал-демократ, социал-революционерлердің, олар партия ұйымдарына бірікті. Қазақстан революциялық қозғалыс 1905ж күшейді, әсіресе патшаның 17 қазандағы манифесінен кейін, қазақстанның көптеген қалаларында қарсылық шерулер өтті. Омбыда Ә.Бөкейхановтың ұйымдастыруымен демонстрация өтті. 19.10.1905ж. оның ықпалымен манифест қазақшаға аударылды, сөйтіп Перовск, Орал, Қарқаралы, павлодарда таратылды. Ерекше белсенділік танытқандар: жергілікті зиялы қауым; А.Байтұрсынов, Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин, Бекметовтар, Ж.Ақбаев т.б. 1905ж 15 қарашада Қарқаралы оқиғасы өтті, онда қазақ, татар, орыстар қатысты. Кейіннен ұйымдастырушылары қуғынға ұшырады. Олар Ж.Ақбаев, А.Байтұрсынов, Ережеп Итбаев отарлық әкімшіліктен босатуды талап етті. Ірі көтерілістер таукен зауыттарында, шахта, темір жолдарда өтті, себебі олар Ресейдегі жалпы революциялық оқиғалармен тығыз байланысты еді. Қазақстан темір жолшылары 1905ж қазан саяси стачкаға белсенді қатысты. Ол Ресейдің бүкіл темір жол бойын қамтыды. Талап: саяси кепілдік және бостандық жариялау және құрылтай жиналысын 17 қазандағы манифест саяси бостандық әпергенмен, жұмысшылар қозғалысын бәсеңдете алмады. Қазақстан темір жолшылары Ресейдегі желтоқсан бүлігіне қосылып, экономикалық талаптар қойды. Петропавл, Орал, Перовск қазалы Түркістанда стачкалық комитеттер құрылды. Олар жергілікті билікті өз қолдарына алды. Станцияларда делегаттар сайланды. Сөйтіп, жаңа революциялық үкімет ұрығы қалыптасты. Бұл жағдайда Перов революциялық комитетінің ролі ерекше. Төрағасы Новоковский – бұрынғы теміржолшы, халықшыл. Комитетке социал демократтар: С.Табацкий, А.Горохов кірді. Стачканы басу үшін әскер келді, бірақ стачка 9 желтоқсанға дейін жалғасты. Стачкалар Өспен руднигінде, Павлодар, Қарағанды, Спасск мыс қорыту зауытында да өтті. Өспен руднигінде жұмысшылар жиыны өтіп, экономикалық талаптар қойылды. “Орыс қырғыз одағы” құрылды, П.Топоркин, В.Мартхога, Алимжан Байшагиров, Искак Қасқабаевтың басшылығымен. 11 желтоқсанда өткен стачка “Орыс қазақ одағы – капитализмге қарсы” ұранымен өтті. Әкімшілік олардың негізгі талаптарын қанағаттандырды, 8 сағаттық жұмыс күні енгізіліп, азық түлік арзандады. Орыс қырғыз одағы – Қазақстандағы барлық жұмысшылардың өз саяси, экономикалық құқықтары үшін күрестегі ынтымағының нығаюын білдіреді. Москвадағы декабрь көтерілісінің басылуымен, революция кейін шегінді. Әскери жағдай Петропавл, Омбы, Ақмола, Семей уездеріне тарады. Сібірге, Солтүстік Қазақстанға Меллер-Зокомельскийдің жазалау отрядтары жіберіліп, олар революция күшін басу үшін қуғын ұйымдастырды. Жалпы тұтқындау, айдауға жіберу, жұмыстан қуу басталды. 1906ж маусымда Семей кәсіпорындарының барлық жұмысшылары көтерілді. Оралда теміржолшылар Орынбор-Ташкент бойында наразылық білдірді. 1907ж жекелеген саяси акциялар: “Итальяндық” көтеріліс, яғни жұмысқа шығу, бірақ міндеттерін орындамау. Омбы-Петропавлдағы, Сібір магистраліндағы жұмысшы толқулары әскермен басылды. Жұмысшылар қозғалысының дамуында жергілікті социал демократтардың ролі зор болды. Орынбор, ташкент, Сібір, Астрахан, Самара, Саратов РСДРП комитеттері ерекше ықпал етті. “Сібір социал демократтар одағы” 1904ж Омбы ұйымы Петропавл, Кокшетау жұмысшылары арасында үгіт насихат жүргізді. Қазақстандағы алғашқы маркстік үйірмені Атабасарда, Оралдан айдалып келген Ушаков ұйымдастырған. Кейінен мұндай үйірмелер Қазақстанның барлық қалаларында болды. Олардый ұйымдастырушылары: Н.Васильев, М.Фрунзе, В.Куйбышев, Г.М. Тихомиров т.б. Социал-демократ топтар мен ұйымдар әсіресе теміржол бойындағы қалаларда туды, себебі онда депо, шеберхана жұмысшылары көп. 1905ж оқиғалармен кәсіподақ қозғалысының басталуы да байланысты, ең алғашқысы темір жол кәсіподағы, 1905ж, қарашада Орал қаласында Н.Смуровтың ұйымдастыруымен құрылды. Смуров кейіннен Чапаев дивизиясының командирі. Жалпы, 1905-1908жж Қазақстанда 20-25 кәсіподақ құрылған. Теміржолшылардың жекелеген қозғалысына қарамастан, жалпы қазақ жұмысшыларының наразылығы ауқымды болмады. Себебі жұмысшылар маусымдық өндірісте және саны жағынан аз. Халықтың көбі – жергілікті тұрғындар – шаруалар еді, аймақ әлеуметтік экономикалық тұрғыдан артта қалды. Қазақстандағы аграрлық қозғалыс біршама дамығанмен, жалпы әлі де шектеулі болды. Қазақ шаруалары мен қоныс аударушылар өз наразылықтарын кулактардың егісін өртеу, байлардың малын айдап кету, алым-салық төлеуден бас тарту, отарлық әкімшілікті ұрып соғумен ғана білдірді. Ұйымдасқан, саналы бой көрсету болмады. Қазақстанның әр аумағында шаруалар бүліктері болып тұрды. Осындай наразылықтардың негізінде 25 маусым 1905ж Қоянды жәрмеңкесінде қазақтар съезінде “Петиционная компания” туды. Бұл қабылданған петицияда патшаның атына жазылған: қазақстанда мұсылмандар үшін ерекше жағдай ұйымдастыру мешіттер салу, діни мектептер ашу, Меккеге қажылыққа аттану үшін шетел паспорттарын беру талаптары қойылған. Бұл талаптар қазақ халқының патшаның әділдігіне сенімін жоғалтпағанын көрсетсе, сонымен бірге қоғамдағы жөнсіздікке, жерді тартып алғанға, алым салықтың өсуіне, жайылымнан айрылғандықтарына, орыс үкіметінің өрескел, отарлық саясатына қарсы бой көрсетулері еді. Әсіресе, қазақ шаруаларының орыс халқына “қырғыздардан – орыстарға” үндеуін 1907ж ақпанда “Орынбор өлкесі” газетінде жарияланған үндеуін ерекше атауға болады. Қазақстанда жұмысшы және аграрлық күштің дамуында, азаттық қозғалыстың дамуында зиялы қауымның ролі ерекше. Зиялы қауым құрамында дәрігер, заңгер, мұғалім, т.б. Қазақ зиялы қауымы ұлт азаттық күресте ерекше орын алды. Социал демократтар: Мұхамед Макс Бекметов – Омбы пошта телеграф кеңсісінің телеграфы, Қарқаралы тумасы, РСДРПда 1903 жылдан, Қарқаралады оқыған, Семейде, Омбыда революциялық идеяларды насихаттаған. Ұлт-азаттық қозғалысындағы қазақ интеллигенциясының рөлін ерекше атап өткен жөн. Олардың күресі қазақ халқының өлкедегі аграрлық мәселенің әділ шешілуі жолындағы күресімен тығыз сабақтасып жатты. Жергілікті интеллигенттердің қатарлары өздерінің көзқарастарымен және іс-әрекеттерімен айырмаланды. Олардың кейбіреулері, негізінен төменгі топтардан шыққандары социалистік идеяларды ұстанды, социал-демократтармен, әскерлермен бірлесіп жұмыс істеді. Қазақ интеллигеғнциясының тек сан жағынан ғана емес, сонымен бірге ықпалы жағынан да неғұрлым басым екінші бір бөлігі либералды-демократиялық позицияда тұрды. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Б.Қаратаев т.б. 1905ж. қазанда олар Оралда бес облыстағы қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп қазақтардың ұлттық мүдделерің қорғауға тиісті өздерінің партиясы Ресейдің конституциялық-демократиялық партиясының филиалық құрмақшы болды. 1906ж. ақпанда Семейде қазақтардың екінші съезі болып өтті. Ол съезд кадеттердікіне жақып бағдарламаны мақұлдады, әйтсе де оған өлкеге орыс шаруаларының қоныс аудартылуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерлерін бұрыннан тұрғылықты халықтың меншігі ретінде тану, мектептер ашу т.б. туралы талаптар енгізді. Олар өздерінің дін тату еркіншілігін алу, ұлттық мәдениетті дамыту, Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен теңестіре тарату жөнінде мәселелер көтерді. Қазақстан халқының саяси санасының өсуінде мемлекеттік Думаға сайлау жүргізу айтарлықтай рөл атқарды. Бұл сайлау науқаны барысында саяси партиялардың сайлаушылар дауысы үшін күресі кеңінен өрістеді. Олар өлкенің орыс халқы саны едәуір неғұрлым ірі облыстарында социал-демократтар мен еңбек партиясының өкілдері, ал қазақ халқының арасында либералды-демократиялық ұлт интеллигенциясының өкілдері үлкен ықпалмен пайдаланатындығын көрсетті. Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан тоғыз депутат сайланды, олардың төртеуі қазақ халқынан- бес депутат байланды. Қазақстан территориясында саяси баспалар ашылды “Қазақ” - 1913-18жж. “Айқап” (1911-1915). Халықтын саяси санасына зор ықпалын тигізді. Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Жақып Ақпаев – либерал демократтар. 1905ж желтоқсанда бес облыс делегаттарының съезін өткізіп, өз партиясын құрмақшы болған. Қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғайтын. 1906ж ақпанда Семейде қазақтардың ІІ съезі өтті, ол кадетке жақын бағдарлама бекітті және аумаққа қоныс аударуды, Қазақстанның барлық жерін тұрғылықты халықтый меншігі деп табылу талаптарын қосты. Ұлттық мектептер ашу талабы қойылды. Бұл саяси ағымды - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышпаев, М.Дулатов бастады. Олар діни бостандық үшін, ұлттық мәдениетті, қазақ тілін дамыту үшін күресті. Семей, Петропавл, Ақмолада діни ұйымдар пайда болды. 1905ж Нижний Новгородте бүкіл реселік мұсылмандар съезі өтті, онда Қазақстан делегациясы да қатысты. Съезд “Бүкіл ресейлік мұсылман одағын” құрды, бағдарлама қабылдады. Қазақстан халқының саяси түйсігінің көтерілуіне мемлекеттік Думаға сайлау өткізудің де әсер етті. Ол кезде саяси партиялар сайлаушылар дауысы үшін таласқа түсті. Мемлекеттік Думаға сайлау – мүліктің ценз бен сословиелік теңсіздік жүйесінде жүргізілді. Салаушылар 4 теңемес бөлікке бөлінді: 1) егінші /помещик/, 2) қала /буржуазия/, 3) үй шаруасы, 4) шаруа және жұмысшы. Ерекше артықшылықпен помещиктер пайдаланды. Бұл жүйе жұмысшылар құқына нұсқау келтірді. Мемлекеттік Думаға – басқа ұлт өкілі сайланбады, яғни орыс тілін білмесе, Қазақстанда мемлекеттік Думаға сайлау – социал демократтардың орыс халқы арасындағы беделін, ал қазақтар арасында – либерал-демократ, ұлт зиялыларының беделін көрсетті. Мемлекеттік Думаға сайлауда патша үкіметті заңшығарушы билікке қазақ халқының өкілін жібермеу мақсатын ұстады. І мемлекеттік Думаға 9 депутат Қазақстаннан сайланды, оның 4 қазақ халқынан Ә.Бөкейханов, А.Беремжанов, А.Кальменов, Құлманов, орыс халқынан – 5. І мемлекеттік Дума халық сенімін ақтай алмады. 8 шілде 1906ж екінші Дума шақырылды. А.Бөкейханов бұрынғы дума мүшелерімен алым салыққа қарсы жиынға қатысты, сол үшін 3 айға түрмеге Семей, Самараға жер аударылды. ІІ мемлекеттік Думаға сайлау келесі тушілік жағдайда өтті. Онда 14 депутат сайланды, 6 –уы қазақтардан, 8 орыстардан. Қазақ халқынан сайланған депутаттар қоныс аудару саясатына қарсы шықты, бірақ князь Васильчиковтан -–қоныс аудару ісінің меңгерушісі: “ХХ ғасырда қырғыздардың көшпелі өмір салтын үзілді кесілді тоқтату керек, сондықтан қоныс аударушыларды жіберу керек” деген жауап алды. Ресейдің бүкіләлемдік империалистік соғысқа кіруі, Қазақстанның еңбекшілерінің жағдайына кері әсер етті. Алым салық көбейді, егін салатын жерге шектеу салынды. Соғыс жылдары ұлттық отарлау езгісі күшейді. Орыс шаруаларынан мұсылман еңбекшілеріне қарсы қаруланған отрядтар жасақталды. Олар ауылдарға шабуыл жасап, малдарын қуып, өздерін тонап кетіп отырды. І ші дүниежүзілік соғыс 1914ж 19 шілдеде басталды. Ресей соғысқа дайын емес еді, әскери техникалық қамтамасыз етілмеген. Соғыс басталысымен өндіріс күштері құлдырай бастады. І дүниежүзілік соғыс Қазақстандағы экономиканың құлдырауына әкелді. Егіншілік тұрақты дамымаған. Бүкіл ер адамдарды соғысқа әкету, малшаруашылығының құлдырауына әкелді. Мал басы азайды, жайылым мен жердің алынуына байланысты. Соғысқа қолдағы аттар мен түйелері, ірі қара малды да әкетіп отырды. Өнеркәсіп те әскери қажетке жұмыс істеді. Өспен, Сасық Қарасу рудниктерінде. Риддер, Соколов рудниктері түсті металлургияны дамытуға негіз алды. Екібастұз қорғасын цинк зауытына Ресейде пара пар өнеркәсіп орыны болған жоқ. Мыс рудасы Спасск мыс қорыту зауытында шығарылды. Отын базасы – Қарағанды көмір бассейні. Ірі шетел магнаттары мұнай өнеркәсібіне де кірісті. Патша үкіметі оларға жол ашты, себебі шетелдің көмегіне мұқтаж болды. Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде әскери өнеркәсіп комитеттері құрылды. Осындай комитеттер Қазақстанның барлық қалаларында құрылды. Өңдеу өнеркәсібі әскерге соғыс мұқтажына ет-сүт өнімдерін, тері бұйымдарын жөнелтті. Соғыс жылдарында да патша үкіметі қазақтардың жерін тартып алуды тоқтатқан жоқ, отарлық саясат күшейе түсті. Шаруа толқулары, ереуілдер көбейді. Солдаттар арасында бас көтерулер басталды.Соғыс жағдайында қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Дулатов “Қазақ” газеті аясында бірігіп, өз қатарларына шара – жұмысшыларды тартты. Міржақып Дулатовтың “Оян, қазақ” өлеңдер жинағы 1909ж басылып шықты Соғыс Ресей империясындағы кризисті күшейтіп, 1916ж ұлт азаттық қозғалыстың басталуына себеп болды. Басты себеп, әлеуметтік экономикалық және саяси сипат: отарлық саясаттың күшеюі, алым салықтың көбеюі, жерді тартып алу, орытсандыру саясаты. Сонымен бірге 1916ж 25 маусымдағы патша үкіметінің “Қазақстанның Орта Азия, Сібір халықтарын тыл жұмыстарына алу” туралы жарлығы. Бұл жарлық негізінде 19 дан 43ке дейінгі барлық ер адамдар майданға шақырылды. Жарлық туралы мәлімет жер-жердегі болыс басқарушыларға жеткізілді, олар халықпен түсінік жұмысын жүргізу керек еді. 1916ж қозғалыс патшаның осы Жарлығы жарияланғаннан кейін басталды. Әуелі стихиялық түрде нараылық көрсеткен халық, кейін ұйымдасқан қозғалысқа шықты. Олар әкімшілік шешуліктерге болыс, билерге бас салды, әскерге алынатындар тізімін өртеді. Қозғалыстың негізгі орталығы Жетісу мен Торғайда болды. 1916ж көтерілістің мақсаты: ұлттық және саяси бостандыққа қол жеткізу. Сондықтан ол ұлт азаттық сипат алды. Ол сонымен бірге көп ұлтты, себебі қазақтармен бірге, ұйғыр, өзбек, қырғыз, дұнғандар болды. Патша жарлығына қарсы шығып, халықты бастаған қазақ зиялылары Тоқаш Бокин, Тұрар Рысқұлов, Әубәкір Жүнісов т.б. Ал либерал-демократтар зиялысы Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов “Қазақ” газеті арқылы халықты көндіргісі келді. Себебі олар патшаға қарсы шығып, қуғын сүргінге ұшырайды деп қорықты.
|