Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлының көтерілісі.
Бөкей Ордасы 1801ж. Еділ мен Жайық өзендері аралығына Бөкей хан басқарған 5 мың қазақ шаруашылықтары қоныс аударды. Мұның өзі (Бөкей) орданың құрылуына бастапқы негіз болды. 30-жылдардың аяғында-ақ 20 мыңдай шаруашылық пен 80 мың адам жойылды. Бөкей Ордасының ен белгілі ханы Жәңгір-хан болған – Бөкей ханның баласы. Жәңгір хан өз кезеңінін адамы болған. Ханның өмірі туралы мәліметтер бойынша – ол өте ақылды,прогрессивтік, білімді билеуші болған. Жәңгір ханның тұсында Бөкей Ордасы жаңа экономикалық шаруашылық қатынастарға кірген. Бөкей ордасында ру-тайпалық қатынастарын орнына әкімшілік-саяси қатынастар ене бастады және жерге жеке меншік туа бастады. Жәңгір хан өз уақытының ағартушысы болған. Қазақстан территориясында ең бірінші мектептер ашқан, кітапхана, архив, мұражай ұйымдастырған Жәңгір хан болған. 1844ж. Жәңгір қайтыс болғаннан кейін Бөкей Орданың территориясы Ресей Астрахан губерниясына қосылған, осы кезден бастап хан атағы жойылған. ХІХ ғасырдың залы жылдарында көшпелі малшылар ортасында, Бөкей ордасында көшпелі халық толқулары жиіледі.Жәңгір Ордада ескі тәртіпті бұзып, феодалдық жүйе орнатты. И.Тайманов пен Махамбет Өтемісов көтерілісінің себептері терең және саяси экономикалық негізде еді. Жәңгір барлық рубасыларын өз адамдарымен алмастырды. Ең жақсы жерлерді алды. 1835ж бастап Жәңгір хан қоғамдық жерлерді жеке тұлғаларға бекітті. Әуелі ол жерлерді жергілікті бастықтарға жақсы қызметі үшін берсе, кейіннен ақшаға сатты. Бұл – жерді талап жаржыға салуға әкелді. Ханның мұндай аграрлық саясаты көшпелілер арасындағы әлеуметтік қатынастарды шиеленістірді. Орданың халқының үштен бірі жерсіз қалды, көбісі жерді жалға алды, жер сауда объектісіне айналды. Бір жағынан меншік иелері отырықшылыққа көше бастады, егіншілік пен шөп шабу дамыды. Жерді жеке меншік ретінде пайдалану ескі сұлтандық ақсүйектерді және Орданың жаңа сословиесі - дворяндарды күшейтті. Дворяндар Жәңгір ханның тархан грамотасы негізінде қалыптасқан. Адамдардың бұл табы – біртіндеп Ордадағы саяси билікке ие болып, рулық дәстүрлерді оғыстырды. Ал батырлар мен билер осы рулық дәстүр негізінде халықтың құқын қорғауға ұмтылды. Жәңгір хан мемлекеттік алым салық жинаудың жүйесін енгізді. Алым салықтан бас тартқан қазақтар қатаң жазаланды. Қазақтар қоныс аударушы орыстар мен үкімет тарапынан қанауға ұшырады. Сұлтандық ақсүйектер мен тархандар, старшындардың жерде меншік иеленіп күшеюі, салықтың ауыртпалығы, хан әкімшілігінің озбырлығы – халықтың көтерілуінің себептері. Қақтығыстар 1833ж басталды, оған себеп Қарауыл қожа Бабажановтың Каспий округінің басқармасы тағайындалуы. Хан оған Исатай Тайманов ауылдарын бағындырды. Бұл әрекетті қасиетті дәстүрді бұзу деп санаған Исатай күреске кірісіп, бағынудан бас тарты. Бұл күрес кейіннен үлкен көтеріліске ұласты. Исатай Тайманов ең жақын сақабасы Махамбет Өтемісов болды. Ол да Берше руынан шыққан старшын. Қарауылқожаның Исатай батырдың бағынудан бас тартқандығы туралы хабары Ордада ылаң туғызды. Жәңгір хан Исатаймен оны жақтаушыларды ұстауға әмір берді. Осы бұйрықты алысымен Қарауылқожа Исатайға қарсы әскермен аттанды. Исатай ханға келді, бірақ халық тобымен және Қарауылқожаның іс әрекеттеріне қарсылық өтінішпен келді. Қарауылқожа Исатаймен жекпе жекке шықпады. Исатай хан атына тағы да ұжымдық шағым түсірді. Исатай ханға қарсы шеру ұйымдастырды. Хан осыдан қорқып Астрахань губернаторынан көмек сұрады. Ызаланған халық ауыл – ауылда қаруланған топтар құрды. Қарауылқожа талқандалды. Ордадағы топтар, батырдың бүлігінен қорқып, бас сауғалай бастады. Сонымен бірге, бүлікшілер көпестер мен саудагерлерді тонады. Көтеріліс Орда шекарасынан шықты. Қазан айында бүлікшілер Хан ордасын қоршады, ал Орал желісінен оларға қарсы үш колонна орал казактары шықты. Қарашада, Меркульев басқарған отряды Теректі құмға жетті, онда көтерісшілер тоқтаған болатын. Шабуыл нәтижесінде қарусыз халық жеңіліске ұшырады. Исатай мен Махамбет Кіші Ордаға 13 желтоқсанда ғана жетті. Енді Айшуақ сұлтан олардың соңына түсті. Исатай Кіші жүзде халықты жаңа күрестерге шақырды. 1883ж маусымда сұлтан Қайыпқали Есімовпен 2000 жігітті бастап Ембі өзеніндегі Темір шатқалына келді. Кіші жүздегі көтеріліс Кенесары қозғалысымен тұспа тұс келді. Көтеріліс Орта Азия, Шығыспен сауда қатынастарын тоқтатып тастады. Сондықтан Ресей үкіметі көтерілісті басуға отрядтар жіберді. Маусымда Исатай 300 жігітпен Айшуақ ауылына шабуыл жасауға шешім қабылдайды. Себебі, онда тұтқында әйелі, туыстары, балалары тұтқындалған. Исатай отряды сұлтан әскерімен кездесіп, өзінің жауының соңына айналысып, ол қоршауға түсіп, қаза тапты.
|