Студопедия — Леуметтік сала
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Леуметтік сала






Ұлыбританияда балалар орталығын құру бойынша пилотты жобалар сәтті енгзілді. Мұндай орталықтар балаларға күндізгі қарау бойынша қызметтер көрсетеді; яслилері бар; ата-аналармен оқу сабақтарын жүргізеді, балалардың мектеп өміріне белсенді қатысады және белсенді және мүдделі ата-аналарды балаларға блім беру және тәрбиелеу сапасын арттыру бойынша мәселелерді шешуге тартады. Сондай-ақ мектеп ғимараттарын (және бірқатар басқа мекемелер) салуға және жабдықтауға қойылатын талаптар әзірленген. Мысалы, көп қабатты мектептерде әрбір қабат ойындарға арналған құралдар мен орын-жайлармен жабдықталуы тиіс. Халық саны 1,3 млн. тұрғынды құрайтын, Ресифе (Бразилия) қаласында қаладағы жұмыспен қамту санының өсуіне көмектескен қатты қалдықтарды жинау және жою бйоынша жоба іске асырылды. Жоба бойынша жауапты тұлға тазалақыты сақтауды қамтамасыз ететін және қала инфрақұрылымына қызмет көрсететін Urban Cleaning and Maintenance коммуналық ұйымы тағайындалды. Жобаны әзірлеу және іске асыурдың себебі, үй шаруашылықтарының өз тіршілік әрекетінің қалдықтарымен өзен бассейндарын ластаудың жоғарғы деңгейі болды. Жоба мақсатына адамдардың қоршаған ортаға қатынасын өзгерту, жергілікті жерлерде қалдықтарды бөлуді ұйымдастыру, оларды одан әрі жою болып табылды. Жобаны іске асырудың екі жылынан кейін өңделетін материалдардың көлемі ұлғайды, өзендік су қоймаларына түсірілетін қатты қалдытар көлемі азайды, өз кезегінде бұл ауыз су сапасының жақсаруына әсер етті. Халықты экологиялық және гигиеналық оқыту нәтижесінде адамдар қалдықтарды бөлуді үйренді, кейбіреулер үшін бұл табыс көзіне айналды (жинап алып, өңдеуші кәсіпорындарға сату).

Қалалық жоспарлау және даму

Ванкувер (Канада) қаласында жергілікті басқару оргнадары қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге қалық дизайн, әлеуметтік бағдарламалар және т.б. жөнінде шешім қабылдауға қатысудың кең мүмкіншіліктерін ұсынады. Атап айтқанда, Ванкуверде және Канаданың басқа қалаларында олардың ойы бойынша олар тұратынауданның пролемаларын шешетін жерглікті жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін қала тұрғындарына ақшалай қаражат бөлу тәжірибесі қолданылады. Финляндиияда пәтерлерге арналған мемлекеттік жәрдемақылардың екі түрі бар. Біріншілеріне табысы жоғары емес адамдар үміт арта алады. Бұл жәрдемақы пәтерді жалдау шығындарын жабуға арналған. Екінші жәрдемақы түрі пәтерді сатып немесе салу үшін ұсынылады. Ол банк несиесінің пайыздары бойынша жеңілдіктер болып табылады. Егер финн мұндай жәрдемақы түрін пайдалануды шешсе, ол онда өзіне ірі пәтер алуға мүмкіншілігі болмайды. Сонымен бірге ол өз жанұясы үшін сатып алатын немесе салатын, сонымен бірге несие бойынша жеңілдіктерді пайдалануды шешкен адам үшін пәтер көлемін банк белгілдейді. Мемлекет сондай-ақ пәтерді алғашқы рет сатып алатын жастарды несиелік пайыздар бойынша жеңілдіктермен қолдайды. Бүгін көппәтері үйлерді қайта жаңарту бойынша жобалар ел бойынша іске асырылуда, кейбір кездерге қайта жаңартылуға бүкіл шағын аудандар қойылады.Тұрғын-үй қорын жаңартуға мемлекетте қатысады. Оның көмегі ол банктегі несие бойынша кепіл болып табылады. Үйді күрделі жөндеу үшін жөндеуге қажет шығындардың 80% мөлшерде жеңілдетілген несие алыға болады. Мемлекет қолдануының арқасында 16 жылдық мезімге алуға болатын мұндай несиенің пайыздық өлшемі жылына 3,5% аспайды.

Берлин – автомобильдер емес, тұрғындар мен қонақтар үшін қала, бірақ замануи коммуникациялармен. Берлиннің қала құрылсы тұжырымдамасы (бұрыңғы шығыс германия аумағында) өз күшін дәстүрлі еуропалық қалаларға тән деңгейге дейін құрылыс тығыздығынжоғарлату арқылы «қысқа жолдар қаласын» құруға талпынуда. Бұл кең автотрассаларды «кері салуды» қажет етеді және өмір деңгейі мен қала орталығында болу сапасын арттырады. Бұл тұжырымдаманы іске асырудың мысалы жүздеген жылдар бойында Потсдам алаңы мен Александерплатцты қосатын торап болып саналған Шпителльмаркт ауданын жаңарту боып табылады. Шпителльмаркт ауданындағы біріккен Берлинге мұраға қалған сегіз жолақтық автокөлік қозғалысын «кері салу» арқылы қысқарту жөнінде шешім қабылданды. Бұл қалалық алаң қала тұрғындары мен қонақтары үшін коммуналдық торап болды. Біріккен қаланың жүк және жолаушылар тасымалындағы қажеттіктерін қанағатандыру үшін төрт көлік құралын бірыңғай желіге біріктіруге шешім қабылданды: бағдарларының ұзындығы 300 км электричка; желілерінің ұзындығы 167 км болатын метро; ұзындығы 411 км болатын трамвай жолдары, автобус бағдарлары (1855 км). Қайта жаңарту және бағдарлар желілерін кеңейту арқасында Берлин орталығындағы жолаушылар тасымалы 80% муниципалды жолаушы көлігімен, ал 20% - автомобильде іске асырылуы тиіс берлин Сенатының қаулысын іске асыру мүмкін болды. Техникалық инновация ретінде аспалы магнитті «Трансрапид» жолын салу болады (федералды өкімет 2 млрд. евро қаржы бөлді), оны салу 2005 жылы аяқтаулы тиіс. Бұл жол Гамбург және Берлинді қосады, жол уақыты бір сағаттан кем болады. Ұлыбританиядағы орнықты және қауіпсіз ғимаратар жөніндегі 2004 жылғы Актіге сәйкес ғимараттар орнықты даму талаптарына сәйкес боуы тиіс, атап айтқанда ғимараттарды салу кезінде экологиялық нормалар сақталуы тиіс, энергия мен суды аз пайдалануға көмектесетін материалдар қолданылуы тиіс.

Рим клубы — 1968 жылы италияндық экономист, қоғам қайраткері және бизнесмен А. Печчеи бастамасымен құрылған мемлекеттік емес халықаралық ұйым, ол адам тіршілігінің негіздерін қозғайтын ғаламдық проблемаларды: қару-жарақпен жарақтану жарысы және ядролық соғыс қаупі, қоршаған ортаның ластауды зерделеу бағдарламасына бастама болған. Гру Харлем Брундтланд – 1980-ші жылдары Норвегияның қоршаған ортаны қорғау министрі, кейіннен Премьер-министр, қазіргі уақыта – Халықаралық денсаулық ұйымының атқарушы директоры.

Тұрақты даму бойынша Еуропа қалаларының Хартиясы (Аалборг хартиясы), Аалборгте (Ольборге), Дания, өткізілген ірі және кіші қалаларды орнықты дамыту бойынша Еуропалық конференциясында қабылданған, 1994 жылғы 27 мамыр. Тұрақты даму жөніндегі комиссиясы «Сәтті хикаялар» атты ақпраттықжинақтар шығарады – оларда осы саладағы қалаларда іске асырылған сәтті жобалардың қысқаша сипаттамасы беріледі. Әрбір жинақ ішінде - әртүрлі елдерде іске асырылған ондаған жоблардың сипаттамасы. Бұл материалдар әлем бойынша үлгі алатын мысал ретінде таралады

   
Мәселе Мәселенің қысқаша мәні
Кедейлікпен күрес   Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың миллионерлер және 1,1 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық демеу.
Тұтынудың құрылымын өзгерту Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі – қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себептері болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.-----
Халық және тұрақтылық 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5,5 миллиардтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді.
Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер: - СПИД-пен күреске жұмылдыру; - туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес; - бала өлімін кеміту; - халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру; - еркектер мен әйелдердің өздерінің балалрының саны мен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету; - халықты ауыз су және таза азық-түлікпен қамтамасыз ету; - балалардың денсаулығын қорғау; - қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан тазарту және оның алдын алу.
Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация) 2000жылға қарай дүниежүзінің халқының жартысы қалаларда тұруы тиіс. Қоғамның урбанизациясы экономикалық малу процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің 60%-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.
Атмосфераны қорғау Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны тұтыну мен өндіру.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.
Ормандарды жоюмен күрес Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкімет орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.
Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.
Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.
Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс: - қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40литр ауыз сумен қамтамасыз ету; - өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру; - барлық ауылдық аудандардың тұрғындарын экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.
Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің 95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.
Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою. Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4млн балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады. 2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.
Радиоактивті қалдықтарды жою Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің жұмысы нәтижесінде 200-мың м төмен, ал 10 мың м жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.
Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3-не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы елдерде - жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.
Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен ресурстарды пайдалану, биосфераның космостық зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.

1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген

Дүниежүзінің табиғат ресурстары Ресурстарға шаруашылық баға беру. Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты. Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер — шикізат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады. Дегенмен көптеген жоғары дәрежеде дамыған елдер де ресурстардың ірі қорына ие, олар кейбір ресурс түрлерін өндіруден әлемдік жетекші болуы да мүмкін. Жалпы алғанда, осы айтылғандай дүниежүзілік экономикада мамандану бір жағынан, дүниежүзіндегі елдердің тарихи және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, екінші жағынан, жекелеген ресурс түрлерінің Жер шарындағы таралу ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ресурстардың көпшілігі дамушы елдердін, аумақтарында орналасқан. Дүниежүзіндегі табиғат ресурстарының тендестіғі, олардың корлары, жағдайы және пайдалану болашағы қосымшадағы 4-кестеде көрсетілген. Осы кестеде теңдестіктің маңызды құрамына жеке-жеке тоқталамыз. Энергетикалық ресурстар. XIX ғасырдың басына дейін негізгі энергетикалык ресурс түрі — ағаш болып келді. Содан соң оның маңызы біртіндеп темендей бастады да, көмірді кеңінен пайдалану байкалды. Дегенмен көмірдің басымдылығы ұзаққа созылмады, себебі оның орнына мұнай мен табиғи газ игеріліп пайдаланылды. Қазіргі замандағы жалпы дүниежүзілік отын корлары бірінші кезекте көмір корьшан (жылу өндіру мүмкіндігінің 60%-ьша дейін), мүнай мен газдан (шамамен 27%) түрады (2-косарбеттегі картаны караңдар). Жалпы әлемдік өндірісте сұраныс баскадай: көмірге шамамен 30%, ал мұнай мен газға 67%-дан артык. 2000 жылы дүниежүзіндегі шынайы мұнай қоры 140 млрд т (жалпы барланғаны 250—300 млрд т) деп анықталған. Оның ішінде ОПЕК (мүнай экспорттаушы елдер ұйымы) елдерінің үлесіне өндірілген мүнай корыньщ 77%-ы тиесілі болды. Дүниежүзілік табиғи газ коры 146 млрд м3 деңгейінде анықталған. Оның ішінде ОПЕК елдерінің үлесіне табиғи газ корының 41%-ы тиесілі (косымшадағы 14-кестені караңдар).

Егер артық айтсақ дүниежүзілік мұнай қоры 200—300 жылға жетеді, ал шындығында колда бар мұнай қоры тек бірнеше жылға ғана жетуі мүмкін. Өйткені мүнай өндіру көлемі жыл сайын артып отыр. Мысалы, 1960 жылдары мүнай мен газ конденсатын өндіру мелшері шамамен 1 млрд т, ал табиғи газ ендірісі 5 трлн м3 болған. Ал 2000 жылы бүл көрсеткіштер тиісінше 3,5 млрд т жонө 23 трлн м3-ге жеткен (косымшаны карандар).

Жер шарындағы жер шарының котегориялары

 

Жер котегориялары Ауданы (млн.км2) Құрлық ауданымен салыстырғанда % үлесі
Мұздықтар(ледники) Полярлы және биік таулы бос аймақтар Тундра және орманды тундра Тундрадан тыс батпақты аймақтар Өзен,көл, су қоймалары Суарылмайтын бос аймақ, шың құз, жағалаудағы құмдауыт Орман Табиғи жайылым, жайлау аймағы Өңделетін жер аймағы Өнеркәсіп және қалалар орналасқан мекен Эрозияға, ьатпақтануға, сорлануға ұшыраған аймақтар Жиынтығы   16,3 5,0 7,0 4,0 3,2   18,2 40,3 28,5 19,0 3,0 4,5   11,0 3,3 4,7 2,7 2,1   12,2 27,0 19,0 13,0 2,0 3,0  

 

Мұнай өндірудің анықталған қоры казіргі кезде дүниежүзі деңгейінде жалпы 40 жылға жетеді деп болжам жасалуда. Бұл көрсеткіш ОПЕК елдері бойынша орташа есеппен 77 жылды күрайды. Сонымен қатар аса ірі ендіргіш елдерде керсеткіш қорлардың қамтамасыз етілуіндегі орташа деңгейінен жоғары. Мысалы, бұл көрсеткіш Сауд Арабиясында шамамен 80 жыл Кувейт пен Біріккен Араб Әмірлігінде 100 жылдан астам және т.б. Көмірдің сапалық кұрамы айтарлықтай маңызға ие, оньщ ітттінде кокстелетін көмір ерекше бағаланады. Мұндай көмірдің үлесі Аустралияда, Германпяда. Қытайда және АҚШ-та аса мол. Көптеген елдердегі экологиялык проблемалардың шиеленісуіне және табиғат қорғау шараларының қатаңдануына байланысты кемірдің күкірттілігіне басты назар аударылуда. Дүниежүзіндегі тас көмір өндіру, шамамен, 3,5 млрд т деңгейінде. Соңғы жылдары біркатар өндіріс жағдайы нашар және ендірілетін кемірдің айтарлықтай белігінің күкірттілігі жоғары елдерде таскөмір өндірісі күшті дағдарыска ұшырады, соның нөтижесінде бұл елдер көмірді сырттан сатьш алуға кешті. Көмір экспорттаушы аса ірі елдер катарына Аустралия, Канада, ОАР, Колумбия сияқты мемлекеттер кіреді.Қоңыр көмірдің барланған қорынын басым бөлігі және оны өндіретін өнеркәсіптің көпшішгі дамыған елдерде шоғьгрланған. Қоңыр көмір коры жөнінен АҚШ, Германия және Аустралия алдынғы орында. Қоңыр көмір өндірудің арзандығы (тек қана ашық әдіспен), онын төмендігіне қарамастан, салыстырмалы түрде арзан электр энергиясы ввжфуге мүмкіндік береді. Тас- көмір өндірісімен салыстырғанда қоңыр көмір өндіруде дағдарыс байқалған жоқ.Дамушы елдердің көпшілігінде не мұнайдың, не көмірдің ірі қорлары жоқ, ол елдер сондықтан өндірістік-энергетикалық ресурстардың импортына тәуелді. Ал аса дамымаған елдерде отынға деген сұраныстың айтарлықтай бөлігі ағаш отын және биомассаның өзге түрлері(сабан, көк) есебінен қамтамасыз етіледі. Энергетикалык ресурстардың шектеулі монополиялы сипат алуы XX ғасырдың 70-жылдары энергетикалық ресурстардың жетіспеушілігіне, әсіресе мұнайдың, ш рілуіне, соньщ салдарыная әлемдік жүзілік экономика дамуыньщ каркыалы өзін-өзі жоғалтты. Энергетикалық қорларының есімінен асып түсті, төмендей бастады. Экологиялық проблемалардың шиеленісуі де айтарлықтай деңгейге жетті. Дәл осы кезде алғашкы өлемдік ресурстардың саркылуы жөнінде қоркынышты болжамдар өмірге келді. "Ресурстық жомарттьщ" дәуірінен әнергияны тиімді пайдалану дәуіріне өту басталды. Минералдық ресурстар. Минералдық ресурстарға металдар, металл емес, пайдалы қазбалар, техникалык, кұрылыс материалдары жатады (10-сызба- нұсқаны жөне косымшаны карандар).Пайдалы казбалардың ішінде темір кені үлкен маңызға ие. Оның жер кыртысындағы қоры 600 млрд т мөлшерінде бағаланып отыр. Дамыған елдерде соңғы жылдары темір кенін өндіру қысқарған. Бұл болат балқытудың азаюына және металл сынықтарын кайта ендеуге байланысты. Сонымен қатар болатты езге материалдармен алмастыруға да болады. Темір кені дүниежүзінің көптеген аймақтарында өндіріледі (оларды картадан анықтаңдар). Марганец кенін өндіруден ТМД өзге елдерден айтарлықтай алдыңғы орында (Аустралиядан 1 млн т, Бразилиядан 990 мың т, Үндістаннан 400 мың т артық). Қазақстанның жер қойнауынан пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табыл- ған. Еліміз вольфрамның барланған қоры бойынша дүниежүзінде 1-орында, уран, фосфор және хромит кендерінен 2-орында, ал молибден мен қорғасыннан 4-орында. Батыс аймақтарда мұнай мен газдың мол қоры шоғырланған. Кен орындары өзге де пайдалы казбаларға бай. Алайда кеннен пайдалы өнім алу дөрежесі темен (темір 25—50%, мыс 0,3—0,6%, никель 1,3%, селен 0,1— 0,2%). Өнім өндіру барысында аса көп мөлшерде үйіндіге айналатын қалдықтар пайда болады. Сондықтан табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың негізгі принциптері мынадай болуға тиіс:

  • толық алу;
  • кешенді ендіру;
  • қайта пайдалану;
  • үнемді пайдалану.[1]






Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 188. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия