Студопедия — Экскременттердің метагенезінің технологиялық схемасы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Экскременттердің метагенезінің технологиялық схемасы






- жануарлардың экскременттері резервурға түседі.

- Ферментация резрвуары-реактор. Мұнда экскременттердің анаэробтық өңдеу, яғни биогаздың пайда болуы.

- Газольдер биогаздарды сақтау үшін қолданылады

- Құрама резервуар экскременттерді өндеу жолында аралық қойма ретінде қызмет етеді.

- Өңделген экскременттердің сепарацясы. Экскременттерді сұйық және қатты бөліктерге айырады. Бұны жануарлардың экскременттерін эффективті қолдану үшін жасайды.

- Энергетика блогі. Электр жылу энегиясын өндіруге қажет құрылғылар орналасқан.

Қазіргі кездегі болжамдарды есепке ала отырып осы ғасырдың орта кезінде немесе аяғында мұнайдың, табиғи газдың және басқа да традициялды энергия көздерінің азйып бітуіне тура келеді. Бұған қоса көмірдің қолдануын экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты азайтып тастады.

Цивилизацияның әрі қарай дамуында энергияның ролі бар екендігіне ешкім күмән келтірмейді. Қазіргі қоғамда тура немесе жанама адамның іс-әрекеттерінің кез келген аймағында бұлшық еттердің энергиясынан көп энергияны қолданусыз өмірді елестетуге қиын.

Энергияны қолдану - өмір сүру деңгейінің негізігі көрсеткіші. Адам өзінің өміріне қажет энергияны жинау немсе аң аулау әдісімен жинаған кезде, оған күніне 8 МДж энергия қажет болды. Отты қолданғаннан кейін оның мөлшері16 МДж-ге дейін артты. Қарапайым ауылшаруашылығында ол 50МДж –ге дейін жетті, ал дамыған -100 МДж болды.

Біздің цивилизацияның өмір сүру жолында традициалды энергия көздері жаңа энергия түрлеріне көп рет ауысты. Және бұл ескі энергия көзі біткендіктен болған емес.

Күн әрқашан адамды жылытып оған жарық берді, бірақта адамдар оны отты қолдануға ауыстырды да ағаштарды жаға бастады. Ағаштардың орнына көмір келді. Ағаштардың қоры аз болмаса да бу машиналарына калориясы жоғары отын қажет болды.

Бірақ көмірде өзінің орынын мұнайға берді.

Енді мұнай мен табиғи газдың азаю салдарынан әлем рынкінде олардың бағасы жоғарлай бастады. Бұл жағдай әлем саясатында да тұрақсыздықты тудырып отыр. Осыған байланысты жаңа энергия көздері ізделіп биогаз технологиялары дамып келе жатыр.

Осы жұмыста жуық шамада болсада биогаз технологиялардың ауыл шаруашылығында пайдалы жақтарын қарастырып, оның біздің тұрған төңіректе қолайлығын көрсеттік.

Бұл эненргия көздерінің қуаттары көп болмағанымен олардын ПӘК-і жоғары. Энегетиканың осындай түрде дамуын экстенсивті деп атайды. Биогаздық құрылғылар мемлекеттің әр аймағында орналаса алады да тәуелсіз өз бетімен жұмыс істей алады.

Биогаздық технологиялардың кеңінен қолдануы малшаруашылғының дамуына әкеліп соғады. Бұл экономикалық жағдайды жақсартады.

Сонымен біздің мемлекетімізде бигаздық технологияларды дамыту керек. Өйткені мал асырау бізге таңысық емес. Ата-бабаларымыз көп жылдар бойы мал асырап өмір сүрген. Сол істі жоғалтпай, дамытып еліміздегі экологиялық жағдайды да дұрстауға болады.

 

Дүние жүзі елдерін түгелдей қамтыған қаржылық, экономикалық дағдарыс кезеңінде Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, оны одан әрі тиімді дамыту және елімізде азық-түлік қауіпсіздігін сақтаудың әлеуметтік-экономикалық және саяси мәні зор болып отырғаны белгілі.
Біздің еліміз дүние жүзінің ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін негізгі 25 мемлекеттің қатарына енеді және өзінің ресурстық әлеуеті жағынан қазіргі деңгейден 3-5 есе артық өнім өндіруге мүмкіндігі бар екені белгілі. Сонымен қатар, сарапшылар аграрлық сектор есебінен ІЖӨ-нің өсімі жаһандық дағдарыс салдарынан болып отырған кедейшілікті азайтуға басқа секторлардың ІЖӨ-нің өсуіне әсер етуі жағынан 4 есе тиімді болатынын нақты жобалармен айқындап беріп отыр. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның аграрлық секторында шешімін күтіп тұрған күрделі әлеуметтік-экономикалық проблемалар да жоқ емес.
Елбасы өзінің 2009 жылдың 6 наурызындағы Жолдауында аталған саланы ұтымды түрде дамытуға барынша мән беріп, “Агроөнеркәсіптік кешен туралы айрықша айтқым келеді, оның дамуы арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз”, деп ерекше атап көрсетті.
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені, оның негізгі құрамы – ауыл шаруашылығы, соңғы жылдары дүние жүзіне кең тараған қаржы-экономикалық дағдарыстың күшті ықпал етуі жағдайында дамып отырғаны белгілі. Дегенмен, дағдарыс аясының кеңеюі мен күрделенуі, отандық аграрлық жүйеге дер кезінде мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің нәтижесінде кейбір елдердегідей бұл сала рецессияға ұшырамай, белгілі бір деңгейде даму қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Сонымен қатар, соңғы жылдары ауылшаруашылық өнімдері көлемінің ұлғаюы байқалады. Өндірілген өнім ағымдағы бағалармен есептегенде 2007 жылы 1,1 трлн. теңге деңгейінде болса, 2008 жылы 1,3 трлн. теңге болып 18,2% өскен, ал 2000 жылмен салыстырғанда 3,3 есеге өскен.
Аграрлық секторды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында 2008 жылғы бөлінген қаражат 2007 жылмен салыстырғанда 1,7 есе ұлғайды, оның ішінде тікелей қолдауға (субсидия) бөлінген қаржы 2,0 есе, кредит ретінде берілгені 2,2 есеге өсті. Соның нәтижесінде аса қажетті дақылдардың егістік көлемін ұлғайтуға, агроөнеркәсіп жүйесін технологиялық және техникалық жағынан жарақтандыруға мүмкіндіктер туды. Әсіресе елімізде жетіспейтін өнім түрлері – майлы дақылдар, қант, көкөніс, жеміс-жидек өнімдерін одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөлінді, яғни өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсатында аса қажетті дақылдардың егістіктерін ұлғайту жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде 2008 жылы 2007 жылға қарағанда майлы дақылдар егістігі – 35%, көкөніс, жеміс-жидек – 17%, қант қызылшасының егістігі 39% өсті.
Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында “Азық-түлік корпорациясы” АҚ арқылы дәнді дақылдарды мемлекеттік қорға отандық тауар өндірушілерден нарықтық бағамен сатып алу мақсатында бюджеттен 12,0 млрд. теңге қаражат бөлінді. Мал шаруашылығы жүйесінде де оңды өзгерістердің қалыптасқаны байқалады. Мысалы, 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара мал 2,8% көбейген және сәйкесінше қой мен ешкі – 5,0%, шошқа – 1,0%, жылқы – 6,0%, түйе-3,4% және құс 10,5% өскен. Дегенмен мал шаруашылығында асыл тұқымды малдың үлес салмағы әлі күнге дейін төмен деңгейде қалып отыр және оның деңгейі төмендегідей: мүйізді ірі қара – 4,3%, қой мен ешкі – 7,4%, жылқы – 2,6%, түйе – 10%. Ал ғылыми негізге немесе озық тәжірибеге сүйенсек, сапалы өнім алу үшін асыл тұқымды мал басының үлес салмағы 30% кем болмауы қажет. Сонымен қатар, мал шаруашылығын ұтымды дамытуды тежеп отырған басқа да факторлар бар. Мысалы, 2007 жылы жүргізілген бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағының мәліметтері бойынша ауылдық өңірдегі үй шаруашылығында мүйізді ірі қараның – 85%, қой мен ешкінің – 77,0%, жылқы мен шошқаның 79,0% шоғырланған екен. Яғни бұл жүйеде заман талабына сай өнім өндіру мен оны өңдеудің өндірістік озық технологиясын ендіру үшін арнаулы орта және ірі кәсіпорындар жүйесін қалыптастырудың қажеттігі туындап отыр.
Сондықтан мал шаруашылығын әртараптандырып, одан түрлі өнімдер өндіру мен оны экспортқа шығару мақсатында “Мал өнімдері корпорациясы” АҚ және бизнес құрылымдардың қатысуымен қазіргі талапқа сай мал бордақылау алаңдарын және оған қажетті инфрақұрылым жүйелерін құру көзделген. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 2008 жылы республиқалық бюджеттен елімізде 30 сүт және ет өндіретін тауарлы ірі фермаларды құруға қажет негізгі құрал-жабдықтарды сатып алуға 5,0 млрд. теңге және олардың айналым капиталын толтыруға мемлекет тарапынан 5,3 млрд.теңге қаражат бөлінген. Тауарлы сүт өндіру фермаларын асыл тұқымды мүйізді ірі қарамен, ал мал бордақылау алаңдарын және ет комбинаттары озық үлгідегі техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, халықаралық стандарттарға сай келетін мал өнімдерін экспортқа шығаруын ұлғайтуды жолға қою көзделіп отыр.
Айта кететін жағдай, соңғы жылдары ауылшаруашылық өнімдерін тереңдетіп өңдеу үдерісін мемлекет тарапынан қолдау нәтижесінде ілгерілеу бар. Мысалы, 2007 жылы 2002 жылмен салыстырғанда ауылшаруашылық өнімдерін өндірістік өңдеудің үлес салмағы бойынша оларды елімізде шикізат ретінде өндірілген жалпы көлеміне шаққанда өсу тенденциясы байқалады. Мысалы, сүтті өңдеу 10,8%-дан 33,0%-дейін өскен, ал сәйкесінше ет – 13,6 және 24,0%, майлы дақылдар – 50,4 және 98,0%.
Дегенмен кейбір ауылшаруашылық өнімін шетелден сатып алу, яғни импорттың үлесі әлі де жоғары болып отыр. Ол шұжық өнімдері бойынша – 45,0%, консервіленген көкөніс, жеміс-жидек – 80%, құс еті – 70%, өсімдік майы – 35%. Жоғарыда аталған өнімдерді өзімізде өндіруге толық мүмкіндік болса да шетелден әкелуге мәжбүрміз. Сондықтан да азық-түлік импорты 2007 жылы 2,3 млрд. АҚШ долларын құрған.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қазіргі орын алған экономикалық дағдарыс кезінде одан әрі шиеленісе түсуі мүмкін. Сондықтан да алда шешуін күтіп тұрған ең күрделі мәселе – бұл агроөнеркәсіп кешенінің бүгінгі даму деңгейін төмендетпей, одан әрі тұрақты даму үдерісін қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан қолдауды күшейту.
Әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту үшін 2009-2011 жылдары республикалық бюджеттен 350 млрд. теңге болу көзделген. Оған қосымша агроөнеркәсіп кешенін қолдауға және одан әрі дамытуға “ҚазАгро” холдингінен 1,0 млрд. доллар (150 млрд теңге) көлемінде қаражат қарастырылған. Бұл іс-шараларды әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялармен біріге отырып жүзеге асыру көзделген. Мемлекет тарапынан бөлінетін инвестицияны бірінші кезекте жұмыс істеп тұрған және өнімі экспортқа бағытталған кәсіпорындар мен салаларға жұмсау қарастырылған.
Елімізде азық-түлік қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету проблемасын шешудің маңызды бөлігі – ол рыноктағы тұтыну бағасын тұрақтандырып, оны халықтың басым көпшілігінің қолы жететіндей деңгейден асырмауды қамтамасыз ету болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігі дегенде, біз көбінесе отандық өнімдер көлемінің халықтың тұтыну сұранысын қанағаттандыруы тұрғысынан қараймыз да, оның шешуші көрсеткіші – халықтың сол өнімдерге экономикалық тұрғыдан қол жеткізу мүмкіндігін, яғни олардың бағасының халықтың табысына сәйкес болуын ескере бермейміз. Демек, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді ұлғайтумен қатар, халықтың әл-ауқатын жақсартуда да экономикалық даму тетіктерін жүйелі үйлестіре жүргізу қажет.
Бұл мәселені жүзеге асыруда төмендегідей жағдайларды ескеру қажет сияқты. Еркін рынок жағдайында кез келген тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде реттеледі деген түсінік бар екені белгілі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жолымен дамыған елдерде экономикалық жүйенің толыққанды жұмыс істеуі үшін тек қана ерікті баға саясаты жүргізілмейді. Әлеуметтік-экономикалық маңызы зор, соның ішінде халыққа аса қажет азық-түлік түрлерінің бағалары мемлекет тарапынан тікелей де және жанама жолдармен де үнемі реттеліп отырады. Нарықтық экономика жағдайында тауар ұсынысының көлемі мен оның сұраныс деңгейінің арақатынасы бағаны өзі реттейді деген қағиданың ғаламдық интеграция мен бәсекелестіктің күшеюі жағдайында үнемі жүзеге аса бермейтін соңғы жылдардағы күрделі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер көрсетіп отыр. Сонымен бірге оның ішкі рынокқа, жалпы еліміздің экономикасына да кері әсерін тигізетіні анық. Осы орайда айта кететін бір жәйт – ол халық арасында тұтыну бағасының өскені ауылдағы тауар өндірушілердің толық пайдасына шешіледі деген үстірт пікір қалыптасқандығы. Нақты мәліметтерге жүгінсек, өнімді сату бағасы жылдан-жылға өсіп келеді, бірақ оның қарқыны базардағы, дүкендердегі тұтыну бағасының өсу қарқынынан әжептеуір кем. Мысалы, 2008 жылы ауылдағы мал өнімдерінің бағасы алдындағы жылмен салыстырғанда 17-18 % өссе, базардағы сүт бағасы – 41%, еттің бағасы – 30-33%, құс еті – 42%, жұмыртқа 35 % өскен. Бұның себебі, өнім өндірушілер мен оны тұтынушылар арасында жүрген делдалдардың, алыпсатарлардың көптігі, ауылшаруашылық өнімдерін орталықтандырылған жүйемен шаруалардан кепілді бағамен сатып алудың және көтерме сауда базарларында, бөлшек сауда орындарында ұтымды жүйенің қалыптаспауы. Қазіргі жағдайда азық-түлік базарларына өнім өндірушілер тікелей өздері шыға алмайды. Сондықтан мемлекет ауыл шаруашылығын қаржылай қолдауды күшейте отырып, дамыған шетелдердегідей ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлік бағасын тікелей және жанама түрде реттеу механизмдерін қолдануы керек.
Дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне қарасақ, олардағы баға реттеу тетіктері тек тауар өндірушілердің ғана мүддесін емес, сонымен бірге тұтынушылардың да мүддесін қорғауға және импортты шектеуге бағытталған. Мысалы Жапония ауыл шаруашылығының негізгі өнімдерінің бірі күрішті ел ішінде өз тауар өндірушілерінен ынталандыру мақсатында әлемдік бағалардан 6-8 есе жоғары бағамен сатып алады. Сонымен қатар бұл өнімнің импортына шектеу де қойылған. Біздің республикада да азық-түліктің бағасын реттеу мен оның тұрақты қорын жасау үшін ауылшаруашылық өнімдерінің біраз көлемін (әлеуметтік маңызды түрлерін) мемлекет кепілді бағамен, өнім өндірушілерден (шаруалардан) сатып алу механизмін енгізу қажет деп ойлаймыз.
Айта кететін жағдай, мемлекет қорына астық сатып алу жұмысын жүргізуде Азық-түлік корпорациясы соңғы жылдары тиімді нәтижеге жетіп жүр. Бірақ оның сатып алу көлемі жылына 1,0 -1,2 млн. тоннадай ғана болған соң, астық рыногындағы бағаның деңгейіне үлкен әсер ете алмайды. Сондықтан, бұл мемлекеттік кәсіпорын астықты сатып алу көлемін 3 млн. тоннаға жеткізсе (оның 2,5 млн. тоннасы азық үшін, 500 мың тоннасы – астық қоры), ішкі рыноктағы астық пен астық өнімдерінің тұтыну бағасын тұрақты бір деңгейде ұстауға мүмкіндік туар еді.
Осы орайда, еліміздің негізгі ауылшаруашылық өнімдерінің бірі, астықтың мемлекеттік тұрақты қорын жасаудың маңызы зор. Өйткені астыққа елімізге қажетті ішкі сұраныс қана емес, сыртқы рыноктағы сұраныстың да өте жоғары екені белгілі. Мысалы, 2007 жылдың күзінен бастап шетелдерде астыққа деген сұраныстың көбеюінен, оның бағасы 3-4 есе күрт өсіп кетті. Соның салдарынан еліміздегі жиналған астықтың экспортқа шығарылуы шектен тыс белең алып, ішкі сұранысқа қажетті астықтың тапшылығы байқала бастады. Аталған жағдайды реттеуде сол кезде ішкі астық рыногын мемлекет тарапынан тұрақтандырудың тиімді тетіктері жеткіліксіз болып шықты. Соның салдарынан нан өнімдерінің бағасы екі-үш айдың ішінде 2 есеге өсіп, мал өнімдерінің өзіндік құны мен бағасы 20-30% өсті.
Жоғарыда аталған күрделі жағдайларды реттеу, шетелдерде мемлекеттік қорға астықты жеткілікті мөлшерде сатып алып, қажет кезінде тауарлық (астық) интервенция жүргізу арқылы ұтымды түрде шешімін табатыны белгілі. Тауарлық интервенция – ұсыныс азайып немесе сыртқы сұраныс көбейіп, әлемдік баға күрт өсіп, экспорт көлемі ұлғаю салдарынан ішкі рынокта жетіспеушілік байқалып, тұтыну бағасы шамадан тыс өскен жағдайда жүргізіледі. Осыған орай, біріншіден, астықтың тұрақты қорын жасау, екіншіден, ауылшаруашылық өнімін өндірушілерден тікелей мемлекеттік мекемелерге (арнаулы тұтынушылар, жабық мекемелер) қажет өнімдерді (картоп, көкөніс, сүт, т.б.) тұтыну көлеміне сәйкес сатып алып, бюджеттен қаржыландыратын мекемелерді (әскери бөлімдер, жабық мекемелер, аурухана, бала-бақша т.б) толық қамтамасыз ету керек. Бүгінде олар азық-түлікті ашық тендер арқылы немесе делдалдардан тым жоғары бағамен сатып алуда. Бұл жағдайда жемқорлыққа тосқауыл қою қиындай түсетіні де анық.
Егер мемлекет бұл мәселені өз құзіретіне алса, біріншіден, көптеген мемлекет қаржысы үнемделер еді, екіншіден, ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер үшін бұл өнімдердің кепілді, тұрақты сату көзі болып табылар еді. Қорыта айтқанда, болашақта ауыл шаруашылығын қолдауға мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының көлемін көбейтумен қатар, субсидия бөлу мен бағаны реттеу тетіктерін жетілдіру – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторлары болып қала бермек.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 191. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия