Ысқа мерзімді активтер: Қорлар есебі
Тауарлы-материалдық қорлар - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады. Халықаралық қаржылық есесптің «Қорлар» стандарттарына сәйкес тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады: - Шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мен тетіктер, отын, ыдыс (қап, қорап, жәшік т.б.) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қорлар; - Аяқталмаған өндіріс; - Мекеменің іс әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар. ХҚЕС 2 (халықаралық қаржылық есеп стандарттары) сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішісімен өзіндік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс. «VIP-ГТ» компаниясының негізгі қызметі тауарларды сату болып табылғандықтан, сатылымдағы материалдарға және кассадағы ақша қаражаттарына материалды жауапты тұлғаның арасыдағы қатынас өте маңызды. Жұмысқа қабылданған материалды жауапты тұлға міндетті түрде қызметтік инструкцияға қол қойылады. [Тіркеме 15 ] Материалдар алу сәтінде нақты құны (синтетикалық есепте) немесе есептік баға (аналитикалық есепте) бойынша көрсетіледі. Материалдарды алудың нақты құны ұйымның осы қорларды дайындау мен жеткізу шығындарынан және сатып алу бағасынан құралады. Есептік бағалар (алудың жоспарлы өзіндік құны орташа сатып алу бағасымен және т.б.) бойынша материалдарды есептеуде есептік баға ретінде қорлардың құны мен қор алудың нақты құны арасындағы айырма осы шоттаға есептеу арқылы айқындалады. Баланста материалдар есебі нақты құны бойынша көрсетіледі, осы баға бойынша олар синтетикалық есепте, ал аналитикалық есепте – тұрақты есептік бағалармен (келісім-шарттық немесе жоспарлы есептік) есептеледі. Егер материалдарды есептеу келісім-шарттық бағалар бойынша ұйымдастырылса, онда олардың нақты құны осы бағалар бойынша материалдар сомасына қосу көлік-дайындау шығындары (КДШ) қосылып шығарылады. ХҚЕС-на сәйкес КДШ құрамына жабдықтау-өткізу ұйымдарына төленген үстеме бағалар, барлық қосымша алымдарымен бірге жүкті тасығаны үшін кіре ақы төлемі, «VIP-ГТ» мекемесінің қоймасына материалдарды түсіру мен жеткізу шығындары, дайындау орындарында ұйымдастырылған арнайы дайындау кеңселерін, қоймалар мен агенттіктерді ұстауға арналған шығындар, материалдарды алу мен жеткізуге байланысты (жабдықтаушылардан жүк жеткізілгендегі ұйымның жүргізушілері, жүк тиеушілер)және іссапар шығындары кіреді. ТМҚ сатуда жүк құжаты мен шот-фактура тапсырылады, ТМҚ міндетті түрде сенім-хат арқылы табысталып, оны алғандығын растап сатып алушы тарапынан қол қойылады. [Тіркеме 8-10] «VIP-ГТ» қызметін бірнеше сату бөлімшелері арқылы жүзеге асыратындықтан, тауарларын негізгі қоймадан әр қаланың қоймаларына аударады. Бұл операция материалдарды ауыстыру накладнойымен расталады. [Тіркеме 14] Мекемедегі материалдар белгілі уақыт аралығына жарамды болып уақыт өте есептен шығарылып отырады. Ондай материалдарға қолданысқа алынған су, жанармай, кеңсе тауарлары және өзге де керек-жарақтар жатады. Бұл операция Есептен шығару және Есептен шығару актісімен расталып, арнайы коммиссияның қолымен рәсімделеді. [Тіркеме 18] «VIP-ГТ» ЖШС бойынша тауар 184 теңге бағамы бойынша 216 АҚШ доллорына өткізілді немесе 39744 сомасына (184*216); Дт 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары»; Кт -6010 «Өнімдерді өткізу мен қызмет көрсетуден түскен кіріс» - 39744 теңге.
|