АНАЛИТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Экономикалық талдау - экономикалық құбылыстар мен үрдістерді құрамдас бөлшектерге бөлуге негізделген және байланыстардың барлық көптүрлілігін және тәуелділігін оқуға негізделген мазмұнын пайымдаудың ғылыми әдісі болып табылады. Талдау- макро- және микродеңгейлерде жүзеге асырылатын басқару қызметі. Сәйкес, макроэкономикалық және микроэкономикалық талдау болып бөлінеді. Макродеңгейдегі экономикалық талдау ұлттық әлемдік экономика деңгейінде экономикалық құбылыстарды зерттейді, ол экономика саласында мемлекеттік және биліктің орындаушы органдарының шешімдерін және әрекеттерін ғылыми позиция негізінде шешуге негізделген. Экономикалық талдау тақырыбы кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ассоциялардың, шаруашылық үрдістері, экономикалық ақпарат жүйесі арқылы көрінетін объективті және субъективті факторлардың әсерінен құралатын әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың қызметінің түпкі қаржылық қорытындысы болып табылады. Экономикалық талдаудың мәні, мазмұны және тақырыбы негізінен төмендегі міндеттермен анықталады және тұрады: - кәсіпорын қызметінде жоспарлаудың ғылыми-экономикалық негіздемесін жоғарлату; - еңбек, материалдық және қаржы ресурстарының экономикалық тиімділігін анықтау; - өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін іздеу және қорды көтеруді анықтау; - кәсіпорын қызметіне әсер етуші объективті және субъективті факторларды анықтау; - жоспарлар және басқару шешімдерін орындауды бақылау; - кәсіпорынның ағымдағы және келешектегі қаржылық жағдайын анықтау. Экономикалық талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруды анықтау болып табылады. Экономикалық талдау қолданбалы ғылым болып келеді, бірақ оның нақты пайдасы өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде пайдаланылмаған қорларды анықтауды жүргізген кезде ғана іске асады. Кәсіпорын экономикасын дамыту қарқынын жоғарлату шаруашылық қорының барлығы жұмылдырылғанына, үнемділік режімінің басты қағидасы болып келетін - аз шығындармен, жоғары нәтижеге жету туралы негізгі қағидалар сақталуына байланысты.
Тұжырым: Кесте бойынша «VIP-ГТ» ЖШС көрсеткіштеріне сүенсек,сатудан түскен кіріс өткен жылмен есептік жылды салыстырғанда 190887 теңгеге өсіп отыр.Сол сияқты қысқа мерзімді активтердің отраша құны 15791 теңгеге өсті.Ал керісінше өткен жылмен есепті жылды салыстырғанда дебиторлық берешек 79203 теңгеге азайып отыр.Осы көрсеткіштерге сүйеніп «VIP-ГТ» ЖШС экономиқалық талдауының тиімді екенін көруге болады.
|