Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Органикалық заттардың номенклатурасы





1. Аврелий Августин. Исповедь. — М., 1992.

2. Гуревич А. Я. Средневековый мир: культура безмолвствующего большинства. — М., 1990.

3. Коноплев И. А. «Два Града» Блаженного Августина // Человек. — 1998 — № 1.

4. Ле Гофф Ж. Цивилизация Средневекового Запада. — М., 1992.

5. Мишо Г. История крестовых походов. — К., 1995.

6. Оссовская М. Рыцарь и буржуа. — М., 1987.

7. Уколова В. И. Античное наследие и культура раннего Средневековья. — М., 1989.

8. Хейзинга Й. Осень Средневековья. — М., 1988.

9. Эразм Роттердамский и его время. — М., 1989.

 

Жоспар.

1.Номенклатура тарихы

2.Локанттар

3.Номенклатура түрлері:

А)Рационалды Ә)Тривиалды Б) ИЮПАК

4.Органикалық қосылыстардың номенклатурасы.

 

Органикалық заттардың номенклатурасы

Бүгінде органикалық заттардың жалпы мөлшері бес миллионнан асты... Ал оның саны жыл сайын жүздеген мыңға артып отырады. осындай орасан көп заттың әрқайсысының өз атауы бар. Органикалық заттарды ғылыми тұрғыда атау, яғни органикалық заттардың номенклатурасының ережелерін жасау осыдан жүз жылдай бұрын басталса да ол әлі де болса дамытылып, түрлі-түрлі өзгерістермен, жаңа ережелермен толықтырылып келеді. Химиктер сол ережелерді оқи отырып, органикалық заттың қандай да болмасын қиын құрылысына қарамастан оны белгілі бір номенклатура арқылы атай алады. Себебі, мұнда бір тұрақты жалпылама ережелер бар.

Ғылым дамуында органикалық заттардың аттарын құрастырудың әртүрлі ережелері болады. Алайда, сол ережелердің барлықтарына ортақ бір нәрсе – заттың атауы оның құрылысына сәйкес болуы қажет деген ереже. Басқаша айтқанда, заттың атауын құрастыруды оның құрылыс формуласы негізгі қару болуы қажет. Заттың атауында оның құрылысын көрсету үшін әртүрлі құрамды күрделі сөздер пайдаланылады. Ол сөздер қажет болса, жеке-жеке белгілі бір түсініктерді бере алатын жай сөздерге оңай ыдырай да алады.

Зат құрылысындағы белгілі бер атомның, немесе, атомдар топтарының, қос немесе үшбайланыстардың және т.б. алатын орындарын нақтылап көрсету үшін құрылыс формуласының бойында әртүрлі цифрлар, немесе әріптер қойылады.

Мұндай белгілерді локанттар деп атайды.

1892 жылы Женевада өткен химиктердің Халықаралық конгресінде алғаш рет заттардың химиялық құрылыс теориясына негізделген номенклатура қабылданды. Бұл номенклатураны Женева номенклатурасы деп атады. Женева номенклатурасы кейіннен пайда болған орынбасарлық номенклатураның;алғашқы бір түрі еді.

Бұдан кейін 1930 жылы Льеж ережелері номенклатурасы, ал соғыстан кейінгі жылдарда осы күнде өте жиі қолданылып жүрген IUPAC ережелері пайда болды. Айта кететін бір жағдай IUPAC ережелері белгілі бір жүйелі номенклатура емес, ал осы кундерде заттардың аттарын құрастыруда пайдаланылып жүрген әртүрлі әдістердің жақсы жақтарының жиынтығы. Бұл әдістердің ең бастылары- рационалды номенклатура (осы куні оны рационалды-функционалды номенклатура деп атайды) және орынбасарлық номенклатура, яғни Льеж ережелерінің дамыған түрі.

IUPAC- ИЮПАК- химияның Халықаралық одағының ережелері 1956 жылы бекітілді.

Бүгінде органикалық заттарды атауда үш түрлі номенклатура пайдаланылады:

1.Тривиалды номенклатура.

2.Рационалды немесе радикалды – функционалды номенклатура.

3.Орынбасарлық номенклатура.

Кейінгі екеуі жалпы айтанда жүйелеу номенклатурасы деп аталады.

Тривиалды номенклатура бойынша заттарға кез келген кездейсоқ атау (сол затты алған жердің аты, оның аса түсетін бір қасиеті, түсі-түрі т.б. байланысты) бере салады. Басқаша айтсақ, тривиалды атау тікелей затқа байланысты шығатын атау. Ол бойынша заттың құрылысы туралы ешқандай мағлұмат алуға болмайды. Тривиалды ат заттың құрылысы, формуласы туралы ешқандай ұғым тумай тұрғанда-ақ пайда болған, яғни оларға бағынбайды.

Сонымен қатар осы күндері органикалық заттардың жартылай- жүйелі, жартылай тривиалды номенклатурасы да біршама жерде затқа атау беруде қолданылады. Жартылай тривиалды атауда заттың құрылысы туралы аз да болса мәліметтер көрсетіледі. Мысалы, метанол деген атау арқылы бір заттың спирттер класына жататынын ұға аламыз.

Рационалды номенклатура бойынша затқа атау беру үшін мынадай принциптерді сақтау керек:

1. Атау берілетін затты осы зат кіретін гомологтық қатардағы ең

қарапайым заттың (ол гомологтық қатардың) ірінші мүшесі болуы міндетті емес туындысы деп қарастыру қажет. Сондықтан да жанағы заттың атауын құрастырғанда жаңа сөйлемнің құрамында осы қарапайым заттың да атауы міндетті түрде қоса аталады.

2. Көміртегі тізбегіндегі ең бір ыңғайлы, яғни молекуланың осі сияқты

болып тұрған көміртегін (қаныққан қосылыстар үшін) табу қажет. Ондай көміртегі көбінесе қаныққан қосылыстарда ең көп орынбасары бар көміртегі атомы болып шығады.

Ал қанықпаған қосылыстар үшін молекуладағы осьтік нүкте қос-,

үшбайланыстар тұрған жер болып саналады.

3.Осьтік нүктені штрихпен бөліп қойып, молекула құрылысындағы қалған барлық орынбасарларды (жеке-жеке радикалдарды және функционалды топтарды) топтастыру керек.

Міне, осыдан кейін барып ол радикалдарды, функционалдық топтарды

қарапайым шартын (басты топ ережесі), сақтай отыра, тізбектеп атап, ең ақырында осы заттың негізін салушы заттың атын атау қажет. Қарапайым мысалдар келтірейік:

1.

 

 

Бұл зат қаныққан қосылыс екені көрініп тұр. Олай болса мұны қаныққан көмірсутектерінің гомологтық қатарындағы ең қарапайымы метанның туындысы деп қарастырамыз және молекуладағы метанның «қалдығын» (формулада штрихпен бөлініп көрсетілген) анықтаймыз. Ал, молекуланың құрылысындағы басқа бөлшектерді (орынбасарларды), осы метанның құрамындағы жоқ сутегілердің орнын басып тұрған радикалдар деп білеміз және оларға құрамдарының күрделенуіне сәйкес, біртіндеп атаймыз, соныңда «метан» деген сөзді қосамыз. Сонда көрсетілген заттың рационалдық номенклатура бойынша атауы шығады: метил-этил-изопропилметан.

2.

 

Бұл затты этиленнің туындысы деп қарастырып, дәл жоғарыдағы

көрсетілген принциппен жұмыс істей отырып, оны тетраметилэтилен деп атаймыз.

метилэтилен
3.

 

Симметриялы емес метилэтилэтилен
4.

 

 

Изопропил-изо-бутилацетилен
5.

 

 

Зат ацетиленнің туындсы, яғни ол: изопропил-изо- бутилацетилен.

Метил-фенил-ацетилен
6.

 

NO2


7.

 

 

Бұл зат бензолдың туындысы, сондықтан, ол рационалды номенклатурамен нитробензол деп аталады.

8.

 

Β-нитромай қышқылы


 

 

9.

гексабромэтан

 


 

α-бензилвиниламин
10.

 

 

Ал соңғы күнгі орынбасарлық номенклатураның негізінде мынадай ережелер бар:

-сақинасы жоқ құрылысты қосылыстардың атын атауда «негіз» (тірек) ретінде көміртегі атомдарының ең ұзын тармақталған тізбегі алынады;

-затқа атау бергенде оның молекуласындағы әрбір көміртегі атомының басқа көміртегі атомдарынан айырмашылығын (тұрған орнына байланысты) білу қажет; егер көміртегі атомы өзімен көршілес бір көміртегі атомымен тікелей байланысып тұрса, онда мұндай көміртегін бірінші реттік көміртегі, ал екі көміртегін тікелей байланысып тұрса – екінші реттік үшеуімен байланысса – үшінші реттік ал өзінен басқа тағы төрт көміртегімен байланысса – төртінші реттік көміртегі деп атайды. Мына төмендегі мысалда ол атомдар сәйкестендіріліп,1,2,3,4- цифрларымен белгіленген:

Изобутил-трет, -бутил-метан

 

 


 

-негізгі функционалдық топ дегеніміз затың құрылысындағы көміртегінің ұзын тізбегінде жататын топ; мысалы:

 

 

Бұл қосылыста негізгі (басты) функционалдық топ карбоксил тобы – СООН, ал Br және NH2- қосымша топтар болып саналады. Қосымша топтар зат атауының басында, ал негізгі функционалдық топ аяғында кездеседі. Сонда көрсетілген зат 5-Амино 3-бромгексан қышқылы болып шығады. Осы атауға сүйене отырып тағы бір айта кетуге тиісті нәрсе мынау: -заттың атауын атағанда сөз алдында келетін функционалдық топтар біртіндеп алфавит тәртібімен аталуы қажет (жоғарғы мысалды қараңыз);

-тізбекті немесе сақинаны нөмірлеу принципі орынбасарлық номенклатураның басты кілттерінің бірі. Бұған біз кейінірек әрбір класқа номенклатуралық тоқтау жасағанда кеңірек қарастырып, мысалдар келтіреміз. Тек бұл жерде айта кететініміз; құрылыс формуласындағы көміртегінің ұзын тізбегін нөмірлегенде негізгі функционалдық топқа ең аз сандық мөлшерлі цифр жазылады; мысалы былай:

 

 

-егер зат тармақталған құрылысты болса, немесе қанықпаған болса, онда нөмірлеуді тармақтардың, немесе қос-, не үшбайланыстың ең жақын жатқан шетінен бастау керек.

Органикалық заттардың номенклатурасында орынбасушы топтардың аттарын жақсы білу, олардың симфолдарын, қысқартып жазылған формулаларын білу ерекше орын алады. Орынбасушы топтарды екіге бөлуге болады:

1. Радикалдар

2. Функционалдық топтар.







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 10684. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия