Кейбір жиі кездесетін радикалдардың атаулары, формулалары және символдары
Функционалдық топтар жайында біз осы кітаптың алдыңғы тарауларында толық тарауларында толық баяндап кеткендіктен бұл арада оған тоқталмаймыз. Бұл жерде біз органикалық заттардың құрамында жиі кездесетін радикалдардың атаулары туралы мағлұмат беріп өткенді жөн көрдік. Кестеде көрсетілген кейбір радикалдарды қысқартып, ықшамдап жазып үйрену керек. Мысалы: CH3CH2- дегеннің орнына C2H5-, CH3CH2CH2-ні C3H7-деп, CH3CH2CH2CH2- орнына C4H9- деп жазу керек. Сонымен қатар кестедегі қысқартылып жазылған мына төмендегі сөздерді былай оқу қажет: н.-Пропил-нормаль пропил изо-Пропил- изобутил Алкандар- рационалдық номенклатура бойынша не метанның, немесе оның ең жақын гомологінің туындысы деп қарастырылады. Орынбасарлық номенклатура бойынша тармақталмаған алкандардың атаулары грек сан есімдерінің атына «ан» жұрнағын жалғау арқылы құрылады (тривиалды атаулары бар метан, этан, пропан, бутаннан басқасыныкі). Тармақталған құрылысты алкандарға орынбасарлық номенклатурамен атау бергенде, көміртегінің ең ұзын тізбегін таңдап алады және оны тармақтар басталатын шетінен натурал сандармен белгілейді (нөмірлейді). СОдан кейін қарапайым құрылымдық және негізгі топтың принципімен, цифрлық локанттармен тармақтардың ұзын тізбектегі орындарын көрсете отырып, заттың атауын шығарып алады.
а)
ә)
Бұдан арғы жерде этилен көміртектерінің атауларын алкандардікі сияқты ережемен құрастырады, тек зат атауының құрамындағы «ан» – жалғауы «ен»- жалғауына ауыстырылады. Рационалдық номенклатура бойынша алкендердің бәрі гомологтық қатарының бірінші мүшесі этиленнің туындысы деп қарастырылады.
Симметриясыз-диметил-этилен(рационалдық номенклатура) 2-метил-пропен (орынбасарлық номенклатура)
Алкендерге атау беруде көп жағдай да цирлік локанттардың орнына әріптік локанттар да пайдаланылады. Ол үшін қос байланыс тұрған көміртегі атомдарын әріптермен белгілейді. Мысалы:
Алкиндерді атағанда қаныққан көмірсутектеріндегі «ан»- жалғауының орнына «ин» жалғауы жүреді. Қалған жағдайлары бірдей. Ал, рационалдық номенклатура бойынша бұл кластың заттары гомолог бастаушысы ацетиленнің туындылары деп есептеледі. «Ацетилен» деген тривиалдық атау. Бұл кластың қалған заттарының бәріне атау бергенде рационалдық атау бергенде рационалдық немесе орынбасарлық номенклатураларды пайдаланған жөн. Ацетиленнен кейін келетін гомологтық қатардың екінші мүшесін атағанда «метилацетилен» деп рационалдық номенклатура бойынша немесе, ол затты жартылай тривиалды номенклатура бойынша «пропин» деп атаған ыңғайлы. Бұдан кейінгі келетін гомологтарды атағанда жартылай тривиалды және жартылай орынбасарлық номенклатура пайдаланылады. Мысалы, бутиндерді атағанда үшбайланыстың орнын көрсету үшін солай
![]() етпесе болмайды. Кластың келесі мүшесінен бастап тек орынбасарлық және рационалдық номенклатура бойынша атау беріледі. Мысалы:
![]()
![]()
Диен көмірсутектеріне атау бергенде оның алғашқы екеуіне негізінен жартылай тривиалды- жартылай рационалды номенклатуралар пайдаланылады. Мысалы: СН2=С=СН2 пропадиен (аллен)
Циклді көмірсутектерін атағанда әдетте орынбасарлық номенклатураны пайдаланады. Негіз ретінде цикл ядросының атауына алынады да, ал оған жалғасып тұрған топтар радикалдар деп есептеледі.
![]()
Циклді қосылыстардың бір валентті радикалдарын атағанда сақинаның атауына –енил, -инил, -диенил және т.б. жалғаулар алынады. Сонымен қатар, бос валенттілігі бар көміртегі атомына «1»- нөмірін береді. Мысалы:
Галогендердің атауын әдетте орынбасарлық номенклатурамен құрастырады. Галогеннің көміртегінің атауынан бұрын тұрады. Рационалды және жартылай біріктірілген номенклатуралар мирек кездеседі. Қалған жағдайлары осыдан бұрынғы кластардағыдай.
Спирттерді әртүрлі номенклатурамен атай береді. Сондықтан да олардың осы күндері пайдаланылып жүрген атаулары тіпті көп. Орынбасарлық номенклатура бойынша спирттерге атау бергенде ұзын тізбекті көміртегінің атауына «ол»-жалғауы енгізіледі. Радикалды-функционалды номенклатурамен ат бергенде спирт молекуласының радикалы аталады, ал одан соң «спирті» деген сөз қосылады. Карбинолдық номенклатура бойынша негіз ретінде C-OH қалдығы алынады және оны «карбонил» деп атайды да, бұл сөзді радикалдардың атауларын атап болған соң барып келтіреді. Сонымен қатар көпшілік жағдайларда жартылай жүйелі- жартылай тривиалды номенклатурамен берілген атаулар да қолданылады. CH3OH -метанол (жартылай тривиалды) C2H5OH - этанол (жартылай тривиалды) Карбонилдық номенклатура бойынша оның атауы: диметилкарбинол (құрылысында карбинол тобы штрихпен бөлініп көрсетілген).
![]()
![]()
СН2=СН-ОН (винил спирті) НС≡С-СН2ОН (пропаргил спирті)
Егер спирт молекуласында екі окси топ болса, әдетте оларды «диол» немесе «гликоль» деп атайды. НО-СН3-СН3-ОН этиленгликоль немесе этандиол-1,2 Құрамында үш гидроксил тобы бар спирттерді триолдар (глицерин) деп атайды, яғни ұзын тізбекті көмірсутектерінің атына «триол» деген сөз қосылып жазылады және окси топтардың орналасқан жерлері цифрлық локанттармен белгіленеді. НО-СН2-СН(ОН)-СН2ОН пропантриол (глицерин) Практикалық маңызы аса көп емес төрт атомды спирттерді эриттер, одан арғыларын пентиттер, гекситтер және т.б. деп тривиалды немесе жартылай тривиалды атауымен атай береді. Фенолдарға ИЮПАК ережелерімен атау бергенде циклдегі көмірсутегінің атының алдына «ОКСИ» деген қосымша енгізіледі.Сонымен қатар көпшілік жағдайда фенолдардың тривиалды атаулары өте жиі қолданылады.
Мысалдардан көріп отырғандай цифрлармен қатар әріп локанттар да қолданылады. Екі және үш атомдыфенолдарды іс жүзінде көбінесе тривиалды атаумен атайды. Екі атомды фенолдарды бензолдың туындысы есебінде қарастырсақ, онда оларды диоксинбензолдар деп атайды. Диоксибензолдардың үш изомер түрі бар.
Бұларды ИЮПАК ережелерімен атасақ, онда олар: 1,2-диоксибензол (пирокатехин), 1,3-диоксибензол (резорцин) және 1,4-диоксибензол (гидрохинон) деп аталады.
Жай эфирлерді атау үшін екі түрлі тәсіл қолданылады: а) көмірсутектерінің атауларына алдына «метокси» (СН3-О-тобы) «этокси» (С2Н5-О-тобы), «пропокси» (С3Н7-О-тобы) және т.б. топ қалдықтарының атауларын кіргізіп барып атау. ә) немесе молекула құрылысындағы радикал атауларына кластың негізін құрап тұрған «эфир» деген сөзді қосып айту арқылы атау береді. Мысалы: CH3-O- CH3 метоксиметан немесе диметил эфирі CH3-O-C2H5 метоксиэтан немесе метил-этил эфирі CH3-O-C4H9- изо метоксизобутан немесе метил-изобутил эфирі. CH3-O-CH=CH2 метоксиэтилен немесе метил-винил эфирі CH3-O-C6H5 метоксибензол немесе метил-фенил эфирі Циклді альдегидтерді атау үшін әдетте, көмірсутегінің атауының артынан «карбальдегид», немесе алдынан «формил» деген сөздерді келтіреді.
![]()
Николь призмасынан жарық сәулеінің өтіп ауытқу схемасы: 1. Полюстенбеген (шашыранды) жарық сәулесі.2.Николь призмасы, 3-полюстенген жарық сәулесі, 4- оптикалық активті заттың ерітіндісі, 5- полюстенген жарық сәулесінің жазықтығының ауытқуы, а- ауытқу бұрышы.
CH3-CO- CH3 (ацетон) немесе диметилкетон CH3-CO-C2H5 (бутанон) метил-этилкетон
![]()
Егер альдегидтерге немесе кетондардың құрылысында екі рет бір түрлі функционалдық топ қайталанып келетін болса, ондай қосылыстарды «диаальдегидтер» немесе «дикетондар» деп атайды.Мұндай жағдайда көбінесе ол заттардың тривалды атаулары аталады, немесе оларға карбонил топтарының өзара орналасуын көрсететін, әріптік локанттары бар орынбасарлық номенклатурамен құрастырылған атаулар беріледі.
![]() ![]()
β-Дикетондардың ең қарапайымы ацетилацетон, немесе пентадион-2,4
Мысалдардан көріп отырғандай, ұзын тізбекті қай жағынан бастап нөмірлесек те, екі карбонил тобы бір-бірінен не альфа (α-) не бета (β-) немесе гамма (γ-) жағдайында орналасатындығы, дикетондарға атау бергенде негізгі алатын мәселе болуы қажет. Карбон қышқылдарының атаулары әр алуан болып келеді. Тіпті орынбасарлық номенклатурамен берілетін атауларының өзі үш түрлі болады көмірсутек атауына «қышқылы» деген сөз қосу арқылы атау беріледі;
![]()
Мысалдардан көріп отырғандай, көп жағдайда карбон қышқылдарының тривиалды атауларын пайдалану тиімді және ұғынуға қолайлы. Бұл жағдай әсіресе, үлкен молекулалары карбон қышқылдарын атағанда ең қолайлы құрал болып табылады.
|