Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бап. Экологиялық аудиттi жүргiзу





1. Экологиялық аудит экологиялық аудиттi жүргiзу жоспарына сәйкес жүргiзiледi, оны экологиялық аудитор осы баптың 2-тармағының талаптарын ескере отырып жасайды және ол тапсырыс берушiмен және аудиттелетiн субъектiмен келiсiледi. Экологиялық аудит жүргiзудi жоспарлау кезiнде тараптар экологиялық аудиторлар палатасы бекiткен, ұсынымдық сипатта болатын экологиялық аудиттi жүргiзу жоспарының үлгiлiк нысанын басшылыққа алады.
2. Экологиялық аудиттi жүргiзудiң сатылары мыналар:
1) аудиттелетiн субъектiмен алдын ала танысу;
2) аудит жүргiзу жоспарын әзiрлеу;
3) қажеттi ақпаратты жинау және жүйелеу;
4) аудиттелетiн субъектiнi қарап тексеру және оның қызметкерлерiне сауал жүргiзу;
5) арнайы зерттеулер көлемiн айқындау;
6) арнайы зерттеулер жүргiзу;
7) экологиялық тәуекелдердi айқындау;
8) экологиялық қауiпсiздiк деңгейiн арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
9) экологиялық аудиторлық есеп жасау болып табылады.
3. Экологиялық аудит жүргiзудiң жоспарын әзiрлеу үшiн экологиялық аудитор аудиттелетiн субъектiнiң ерекшелiктерiмен алдын ала танысады.
4. Қажеттi ақпаратты жинау мен жүйелеу аудиттелетiн субъектiде және өзге де ұйымдарда жүргiзiледi. Ақпарат құрамына:
1) қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң аудиттелетiн субъектiнiң қызметiне қатысты талаптары;
2) аудиттелетiн субъект орналасқан ауданның картасы және карта-схемасы;
3) егер бар болса, аэрофотосуреттердiң нәтижелерi;
4) аудиттелетiн субъектiнi басқарудың әкiмшiлiк құрылымы;
5) егер бар болса, аудиттелетiн субъектiдегi қоршаған ортаны қорғау қызметi туралы ереже;
6) экологиялық рұқсат;
7) аудиттелетiн субъектiнiң қоршаған ортаны қорғау бойынша соңғы бес жылдағы есебi;
8) өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу жөнiндегi есептiлiк;
9) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның соңғы үш жылда тексерулер жүргiзуi туралы хаттамалардың көшiрмелерi;
10) егер бар болса, аудиттелетiн субъектiнiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламасы;
11) апатты жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi iс-шаралар жоспары;
12) қабылданған толықтырулармен қоса, аудиттелетiн субъектiнiң қоршаған ортаға әсер етуiн бағалау;
13) шығарындыларды, төгiндiлердi түгендеу жөнiндегi ағымдағы кезеңдегi есеп;
14) жол берiлетiн шектi шығарындылар мен төгiндiлердiң, қалдықтарды орналастырудың ағымдағы кезеңде қолданыста болатын нормативтерiнiң жобалары;
15) субъект қызметiнiң экологиялық-экономикалық аспектiлерi туралы деректер;
16) бұған дейiнгi экологиялық аудиторлық есептердiң көшiрмелерi;
17) аудиттелетiн субъектiнiң әсерi болатын аудандағы мемлекеттiк экологиялық мониторингтiң деректерi;
18) аудиттелетiн субъектiнiң қызметiне байланысты азаматтардың және қоғамдық бiрлестiктердiң өтiнiштерi туралы мәлiметтер кiредi.
5. Аудиттелетiн субъектiнi қарап тексеру және оның қызметкерлерiне сауал жүргiзу құжаттаманың аудиттелетiн субъектiнiң нақты жай-күйiне сәйкес келуiн бағалау, аудиттелетiн субъект мамандарының бiлiктiлiгiн айқындау, аудиттелетiн субъект қызметiнiң тиiмдiлiгiн жақсарту үшiн ұсыныстар әзiрлеу мақсатында жүргiзiледi.
6. Қарап тексеру барысында:
1) аудиттелетiн субъектiнiң жоспар-схемаға және жалпы технологиялық сипаттамаға сәйкес келуi;
2) аудиттелетiн субъектiнiң құжаттамасында қоршаған ортаға әсер ету көздерi көрсетiлуiнiң толымдылығы;
3) аудиттелетiн субъектiнiң ықтимал әсер ету аумағының жай-күйi;
4) қоршаған ортаға ықтимал әсер ету туралы құжаттамаға енгiзiлмеген мән-жайлардың болуы;
5) өндiрiстiк объектiлерде есепке алу және өзге де қажеттi құжаттаманың болуы мен толымдылығы;
6) объектiнi пайдалану процесiнде қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi техникалық талаптардың сақталуы;
7) өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзуге қойылатын талаптардың сақталуы анықталуға тиiс.
7. Аудиттелетiн субъектiнiң қызметкерлерiнe сауал қою барысында:
1) қоршаған ортаны қорғау үшiн мәнi бар мәселелер бойынша қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейi;
2) есептiлiк құжаттаманы жүргiзудiң объективтi болуын растау үшiн қажеттi ақпарат;
3) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының бұзылу жағдайлары және оларды болдырмау жөнiндегi шаралар туралы мәлiметтер;
4) аудиттелетiн субъектiнiң болашақта шаруашылық және өзге де қызметтi одан әрi жүзеге асыруы кезiнде экологиялық талаптардың бұзылу ықтималдығы;
5) қоршаған ортаны қорғауды жетiлдiру жөнiндегi инженерлiк бастамалардың болуы анықталуға тиiс.
8. Арнайы зерттеулердi экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдар мынадай жағдайда:
1) өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу жөнiндегi есептiлiктi растау қажет болғанда;
2) қоршаған ортаға әсердiң құжаттамаға енгiзiлмеген көздерi анықталғанда;
3) аудиттелетiн субъектi қызметiнiң қоршаған ортаға және халықтың денсаулық жағдайына терiс әсер ету салдарлары туралы мән-жайлар болғанда жүргiзедi.
9. Қажет болғанда, зерттеулер:
1) шығарындылар (төгiндiлер) көздерiнде жүргiзiлетiн өлшеулердi, қалдықтар үлгiлерiн зерттеудi;
2) аудиттелетiн субъектiнiң ықпалды әсер ету аймағында қоршаған ортаның ластануын өлшеулердi;
3) аудиттелетiн субъектiнiң ықпалды әсер ету аймағында өсiмдiктердiң, жануарлар дүниесiнiң, экожүйелердiң және халық денсаулығының жай-күйiн зерделеудi қамтиды.
10. Арнайы зерттеулердi жүргiзу үшiн қоршаған ортаның жай-күйiн айқындайтын аккредиттелген зертханалар тартылуға тиiс.
11. Аудиттелетiн субъектiнiң экологиялық тәуекелдерiн айқындау:
1) құжаттама мен есептердiң байқалатын ағымдағы жай-күйге сәйкестiгiн талдау;
2) аудиттелетiн субъект қызметiнiң өсiмдiктерге, жануарлар дүниесiне, экожүйелерге және халық денсаулығының жай-күйiне ықтимал салдарларын бағалау, соның iшiнде қоршаған орта сапасының бұзылуынан туындаған аурулар мен өлiм-жiтiм жағдайларын талдау;
3) қоршаған орта үшiн терiс салдарларға әкеп соғуы мүмкiн аудиттелетiн субъектiдегi авариялық жағдайлардың ықтималдылығын немесе технологиялық регламенттен өзге де ауытқуларды айқындау жолымен жүргiзiледi.
12. Аудиттелетiн субъектiнiң экологиялық қауiпсiздiгi деңгейiн арттыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу:
1) осы сияқты объектiлер үшiн пайдаланылатын ең үздiк қолжетiмдi технологияларды;
2) қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесiн жақсарту жөнiндегi ықтимал шараларды;
3) өндiрiстiк экологиялық бақылауды жетiлдiру тәсiлдерiн;
4) экологиялық нормативтер мен талаптарды өзгерту жөнiндегi ұсыныстарды зерделеу негiзiнде жүргiзiледi.







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 612. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия