Студопедия — Курс, 5В110300 – «Фармация» мамандығы студенттеріне арналған фармацевтикалық химия пәнінен тест сұрақтары, 27.05.2015 жылы. 5 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Курс, 5В110300 – «Фармация» мамандығы студенттеріне арналған фармацевтикалық химия пәнінен тест сұрақтары, 27.05.2015 жылы. 5 страница






@фенилбарбитур қышқылы

@этилбарбитур қышқылы

@фенилэтилмалон қышқылының диэтил эфирі

@фенилсірке қышқылының этил эфирі

@фенилмалон қышқылының этил эфирі

~Нормативті құжат талабына сәйкес морфин гидрохлориді субстанция-сының сандық мөлшерін қышқыл-негіздік титрлеу әдісімен жүргізеді. Препаратты сусыз сірке қышқылында ерітіп, сынап (II) ацетатын қосып, хлорлы қышқылмен эквивалент нүктесіне дейін титрлейді. Индикатор - кристалды күлгін.

Фармацевт-аналитик сынап (II) ацетатын қандай мақсатта қолданды?

@аминдердің негіздік қасиетін күшейту үшін

@қышқылдық қасиетін күшейту үшін

@реакцияны катализдеу үшін

@хлорид-ионды байланыстыру үшін

@субстанция ерігіштігін жақсарту үшін

~Нормативті құжат талабына сәйкес барбитал субстанциясының сандық мөлшерін қышқыл-негіздік титрлеу әдісімен жүргізеді. Препаратты диметилформамидте ерітіп, натрий гидроксиді ерітіндісінің бензол және метанолмен қоспасымен титрлейді, индикатор тимол көгі.

Фармацевт-аналитик қандай мақсатта препаратты диметилформамидте ерітеді?

@ субстанция ерігіштігін жақсарту үшін

@ реакцияны катализдеу үшін

@ қышқылдық қасиетін күшейту үшін

@ негіздік қасиетін күшейту үшін

@қышқылдық қасиетін бейтараптау үшін

~Викасол синтезінің өндірістік регламентіне сәйкес β-метилнафталинді тотықтыру хром (II) оксидімен жүргізіледі. Алынған 2-метил-1,4-диоксонафталинді ерігіш жағдайда ауыстырады.

Синтездің соңғы стадиясында түзілген өнімді ерігіш жағдайға ауыстыру үшін қандай реакциялық агент қолданылады?

@сірке ангидриді

@фенилгидразин

@натрий гидросульфиті

@мочевина

@тиокарбамин қышқылы

~Химия-фармацевтикалық өнеркәсіп шаншуға арналған препараттар өндірісі үшін фторурацил субстанциясын сатып алды. Фармацевт-аналитик субстанцияны идентификациялау үшін жағуға арналған қоспамен минерализация жүргізді. Қалдықты хлорсутек қышқылында ерітіп, кальций хлориді ерітіндісін қосқанда, ақ опалесценция пайда болды.

Фармацевт-аналитик дәрілік препаратты қандай функционалды тобы бойынша идентификациялады?

@амид тобы

@кето-тобы

@фторид-ионы

@метил радикалы

@пиримидин циклы

~

 

курс, 5В110300 – «Фармация» мамандығы студенттеріне арналған фармацевтикалық химия пәнінен тест сұрақтары, 27.05.2015 жылы.

~Сынақ зертханасына сараптамаға кофеин натрий бензоатының 20%-1,0 шаншуға арналған ерітіндісі қабылданды. Нормативті құжат дәрілік түрдің сандық мөлшерін кофеин және натрий бензоаты бойынша анықтауды ұсынады.

Дәрілік түр компоненттерінің мөлшері қандай әдіспен анықталады?

@кофеин-йодометрия, натрий бензоаты – ацидиметрия әдісімен

@ кофеин- сусыз ацидиметрия, натрий бензоаты - алкалиметрия әдісімен

@ кофеин-гравиметрия, натрий бензоаты – ацидиметрия әдісімен

@ кофеин-ацидиметрия, натрий бензоаты - йодометрия әдісімен

@ кофеин - аргентометрия, натрий бензоаты - алкалиметрия әдісімен

~Нормативті құжатқа сай хлордиазепоксидтің сандық мөлшері оның физикалық және химиялық қасиеттері негізінде берілген реакция бойынша анықталады:

 

Хлордиазепоксидтің сандық мөлшерін қай әдіспен анықтайды?

@сусыз ацидиметрия

@сусыз алкалиметрия

@ ацетилдеу әдісі

@ фотоколориметрия

@ полярография

~Нормативті құжатқа сай новокаин гидрохлоридінің сандық мөлшері оның физикалық және химиялық қасиеттері негізінде берілген реакция бойынша анықталады:

 

 

 

Новокаин гидрохлоридінің сандық мөлшерін қай әдіспен анықтайды?

@нитритометрия

@ацидиметрия

@ фотоколориметрия

@ алкалиметрия

@ полярография

~Сынақ зертханасында стандартты үлгінің болмауына байланысты изониазид дәрілік субстанциясының сандық мөлшерін анықтау үшін спектрофотометрия әдісі титриметриялық әдіспен алмастырылды.

Бұл жағдайда изониазид дәрілік субстанциясының сандық талдауында қай әдісті қолдануға болады?

@ кері йодометрия

@ перманганатометрия

@комплексонометрия

@ығыстыру аргентометрия

@сусыз ортада бейтараптау

~Фармацевтикалық өнеркәсіп натрий метамизол таблеткаларын өндіру үшін субстанция қабылдады. Фармацевт-аналитик субстанцияны идентификациялауда минералды қышқылдармен қыздыра отырып, жүргізді. Нәтижесінде иісі бойынша анықталатын өнім түзілді. Салқындатқаннан кейін темір (III) хлориді ерітіндісін қосқанда, қанық-қызыл түс пайда болды.

 

Натрий метамизол ыдырауы нәтижесінде қандай өнім түзілді?

@формальдегид

@ацетальдегид

@этилацетат

@ бензальдегид

@изонитрил

~Сынақ зертханасында сорғыш шкафтың істен шығуына байланысты хинин гидрохлоридінің сандық мөлшерін сусыз ортада бейтараптау әдісімен анықтау мүмкін болмады.

Аталған жағдайда хинин гидрохлоридінің сандық мөлшерін қандай қарапайым және қолжетімді әдіспен жүргізуге болады?

@байланысқан хлорсутек қышқылы бойынша бейтараптау

@байланысқан хлорсутек қышқылы бойынша меркуриметрия

@хинин негізі бойынша гравиметрия

@гидролизден кейін броматометрия

@ гидролизден кейін йодатометрия

~Сынақ зертханасына метилурацил жақпамайы қабылданды. Жақпамайдың сандық мөлшерін метилурацилдің стандартты үлгісі болмағандықтан спектрофотометрия әдісімен анықтау мүмкін болмады. Сондықтан титриметриялық әдіспен алмастыру ұсынылды.

Метилурацилдің сандық мөлшерін қандай әдіспен анықтауға болады?

@ығыстыру аргентометрия

@сусыз алкалиметрия

@кері аргентометрия

@кері алкалиметрия

@кері йодометрия

~Сынақ зертханасына сараптамаға хлорамфеникол субстанциясы қабылданды. Хлорамфениколдың стандартты үлгісі болмағандықтан, субстанцияның сандық мөлшерін спектрофотометрия әдісімен анықтау мүмкін болмады. Сондықтан титриметриялық әдіспен алмастыру ұсынылды.

Хлорамфеникол субстанциясының сандық мөлшерін қандай әдіспен анықтауға болады?

@нитритометрия

@сусыз алкалиметрия

@кері аргентометрия

@кері алкалиметрия

@йодометрия

~Нормативті құжат бойынша изониазид субстанциясының сандық мөлшерін төменде келтірілген химиялық реакция бойынша кері броматометрия әдісімен жүргізеді:

 

Сандық есептеуде қай эквивалентті молекулалық масса қолданылады?

@ г.экв=М.м/4

@ г.экв=М.м/3

@ г.экв=М.м/2

@ г.экв=М.м/5

@ г.экв=М.м

~Сынақ зертханасына неостигмин метилсульфатының 0,05% - 1,0 шаншуға арналған ерітіндісі қабылданды. Ерітінді сапасына бақылау жасауда фармацевт-аналитик идентификациялауды су моншасында натрий гидроксидінің 30% ерітіндісімен қыздыра отырып, жүргізді. Нәтижесінде иісі бойынша анықталатын өнім түзілді.

 

Неостигмин метилсульфаты препаратының ыдырауы кезінде қандай өнім түзілді?

@диметиламин

@аммиак

@этилацетат

@бензальдегид

@изонитрил

~Сынақ зертханасына шаншуға арналған Кортексиннің лиофилизатты ұнтағы, 10 мг қабылданды. ҚР мемлекеттік фармакопеясы талабына сай дәрілік препаратқа келесі көрсеткіштер бойынша сараптама жүргізілді: идентификация, түстілік, мөлдірлік, рН, тектес қоспалар, стерилдік, мөлшерінің біркелкілігі, бактериальды эндотоксиндер, сандық анықтау.

Фармацевт-аналитик қандай сапалық көрсеткішіне қосымша сынақ жүргізуі қажет?

@масса біркелкілігі

@пирогендер

@жалпы технологиялық қоспалар

@сульфатты күл

@қышқылдық/сілтілік

~Сынақ зертханасына прокаин гидрохлоридінің 0,5% - 5,0 шаншуға арналған ерітіндісі қабылданды. Препараттың сандық мөлшерін нормативті құжат бойынша нитритометрия әдісімен анықтауда келесі жағдайлар бойынша жүргізілді: дәл өлшем алу, рН ортасы, температуралық режим, сыртқы индикатор – йодкрахмал қағазы, титрант – 0.1М натрий нитриті.

Дәрілік препараттың нитритометриялық анықтауын қосымша қандай жағдайда жүргізу қажет?

@калий бромиді катализаторы қатысында

@натрий гидроксиді қатысында

@фосфатты буферлі ортада

@β-нафтол қатысында

@40°С температурада

~Сынақ зертханасына Мильгамма 100 мг шаншуға арналған ерітіндісі қабылданды. ҚР мемлекеттік фармакопеясы талабына сай дәрілік препаратқа мөлшерінің біркелкілігі көрсеткішінен басқа барлық сапалық көрсеткіштерге сараптама жүргізілді: идентификация, мөлдірлік, түстілік, рН, тектес қоспалар, бөлініп алынатын көлем, стерилдік, пирогендер, механикалық қосылулар, сандық анықтау.

Сынақ зертханасында дәрілік препарат мөлшерінің біркелкілігіне неге сынау жүргізілмеді?

@поливитаминді препараттарға сынау жүргізілмейді

@шаншуға арналған препараттарға сынау жүргізілмейді

@комбинирленген препараттарға сынау жүргізілмейді

@мөлшері 200 мг төмен препараттарға сынау жүргізілмейді

@мөлшері 50 мг жоғары препараттарға сынау жүргізілмейді

~Сынақ зертханасына Кетопрофен 2,5% гелі қабылданды. ҚР мемлекеттік фармакопеясы талабына сай дәрілік препаратқа келесі көрсеткіштер бойынша сараптама жүргізілді: идентификация, рН, біркелкілік, микробиологиялық тазалығы, микробқа қарсы консерванттар, сандық анықтау.

Фармацевт-аналитик аталған дәрілік препаратқа қосымша қандай сынақ жүргізуі қажет?

@тұтқырлық

@стерилдік

@жалпы технологиялық қоспалар

@қышқылдығы/сілтілігі

@мөлдірлік

~Нормативті құжат талабына сай новокаин гидрохлориді дәрілік субстанциясының сандық мөлшерін нитритометрия әдісімен анықтайды. Эквивалент нүктесін анықтау үшін сыртқы индикатор – йодкрахмал қағазы қолданылады.

Титрлеу соңын қалай анықтайды?

@индикатор қағазына зерттелетін ерітіндіні тамызғанда, көк дақтың пайда болуы

@ зерттелетін ерітіндісі бар колбадағы индикатор қағазының көгеруі

@индикатор қағазындағы көк дақтың зерттелетін ерітінді әсерінен түссізденуі

@крахмал ерітіндісімен дымқылданған индикатор қағазының көгеруі

@йод ерітіндісімен дымқылданған индикатор қағазының көгеруі

~Сынақ зертханасына сараптамаға токоферол ацетаты 100 мг капсуласы қабылданды. ҚР мемлекеттік фармакопеясы талабына сай дәрілік препаратқа келесі көрсеткіштер бойынша сараптама жүргізілді: идентификация, масса біркелкілігі, мөлшерінің біркелкілігі, тектес қоспалар, еруі, су, микробиологиялық тазалық, сандық анықтау.

Фармацевт-аналитик аталған препаратқа қосымша қандай сынақ жүргізуі қажет?

@ыдырағыштығын анықтау

@бактериальды эндотоксиндерді анықтау

@жалпы технологиялық қоспаларды анықтау

@тығыздығын анықтау

@сыну көрсеткішін анықтау

 

~Глюкозаны дұрыс сақтамаған жағдайда деструкцияға ұшырайды. Осы жағдайға байланысты ҚР мемлекеттік фармакопеясы препаратта тектес қоспалар мөлшерін нормалайды.

ҚР мемлекеттік фармакопеясы субстанциядағы қандай қосылыстарды тектес қоспалар түрінде нормалайды?

@5-гидроксиметилфурфурол

@бөгде қанттар

@қанттағы қорғасын

@пирогендер

@ерігіш крахмал, декстриндер

~Глюкозаны қышқылды-ферментативті гидролиз әдісімен алуда нормативті құжат тектес қоспаларды нормалайды.

Нормативті құжат зерттелетін препаратта қандай тектес қоспаларды анықтауды ұсынады?

@5-гидроксиметилфурфурол

@бөгде қанттар

@қанттағы қорғасын

@пирогендер

@ерігіш крахмал, декстриндер

~Сынақ зертханасына шаншуға арналған гидрокортизон 0,025/мл суспензия түрінде қабылданды. Нормативті құжат талабына сай препаратты талдауда калий гидроксидінің спиртті ерітіндісімен реакция жүргізіп, ары қарай конц. күкірт қышқылын қосқанда өзіне тән балғын алманың иісі бар этилацетаты түзілді.

Сынақ қандай функциональды топқа жүргізілді?

@күрделі-эфир тобына

@α-кетольды тобына

@стероидты цикліне

@метил тобына

@лактон цикліне

~Сынақ зертханасына индометацин 50 мг суппозиториялары қабылданды. ҚР мемлекеттік фармакопеясы дәрілік препаратқа келесі көрсеткіштер бойынша сараптама жүргізді: идентификация, ыдырағыштық, балқу температурасы, тектес қоспалар, дозаланған бірліктер біркелкілігі, микробиологиялық тазалық, сандық анықтау.

Фармацевт-аналитик қандай сапалық көрсеткішке қосымша сынақ жүргізуі қажет?

@толық деформациялану уақыты

@тығыздығы

@қалдық еріткіштер

@мөлдірлік

@қышқылдық/сілтілік

~Сараптамаға ксантиндер туындылары тобының дәрілік препараты қабылданды. Жалпы алкалоидты реакциялар оң нәтиже берді. Препарат сілтілі ортада күміс нитраты ерітіндісімен реакцияға түсіп, ақ түсті қоймалжың тұнба түзеді, ары қарай қыздырғанда тұнба ыдырап, салқындатқанда қайтадан қатаяды.

Сараптамаға қандай дәрілік препарат қабылданды?

@теофиллин

@теобромин

@ксантинол никотинаты

@пентоксифиллин

@кофеин натрий бензоаты

~Сараптамаға тропандар туындылары тобының дәрілік препараты қабыл-данды. Жалпы алкалоидты реакциялар оң нәтиже берді. Препаратты күкірт қышқылымен калий дихроматы кристалдары қатысында қыздырғанда, бензальдегид түзілуіне байланысты ащы бадамның иісі байқалады.

Сараптамаға қандай дәрілік препарат қабылданды?

@атропин сульфаты

@спазмолитин

@гоматропин гидробромиді

@тропафен

@тропацин

~Сынақ зертханасына натрий аминосалицилаты ұнтағының инфузияға арналған 100 мг дәрілік препараты түсті. ҚР мемлекеттік фармакопеясы талаптарына сәйкес дәрілік препаратқа келесі көрсеткіштер бойынша сараптама жасалды: идентификация, еру уақыты, мөлдірлік, түстілік, рН, механикалық қоспалар, тектес қоспалар, стерилділік, бірліктерді дозалау біркелкілігі, пирогендер, сандық анықтау.

Фармацевт-аналитик дәрілік препаратта қосымша қандай сапа көрсеткішін анықтауы тиіс?

@аномалды уыттылығы

@ыдырағыштық

@сульфат күлі

@үгілгіштік

@қышқылдық/сілтілік

~Клиниканың гинекологиялық бөліміне парентералды қолданылатын 1 мл дәрілік препарат ерітіндісі сараптамаға алынды. Сипаттамасы бойынша мөлдір, түссіз ерітінді, иіссіз, ерітінді рН 4,1-ге тең. Препарат оптикалық белсенді – меншікті айналу бұрышы +54º шамасында. Жалпы алкалоидты реакциялармен оң нәтиже берді, бром суын түссіздендірді.

Фармацевт-аналитик қандай дәрілік препаратқа қосымша идентификация жүргізуі қажет?

@эргометрин малеаты ерітіндісіне

@эрготамин тартраты ерітіндісіне

@папаверин гидрохлориді ерітіндісіне

@кокарбоксилаза ерітіндісіне

@анальгин ерітіндісіне

~Ауруханааралық дәріхананың аналитикалық бөлмесіне парентералды қолданылатын 100 мл ерітінді түсті. Сипаттама бойынша мөлдір, түссіз ерітінді, иіссіз, рН мәні 6,6. Препарат күміс нитратымен азот қышқылы қатысында ақ ірімшік тәрізді тұнба берді. Түссіз жалынды сары түске бояйды.

Аналитикалық бөлмеге қандай дәрілік препарат сараптамаға түсті?

@натрий хлориді ерітіндісі

@калий хлориді ерітіндісі

@метронидазол ерітіндісі

@реополиглюкин ерітіндісі

@глюкоза ерітіндісі

~Сынақ зертханасына 1,4-бензодиазепин тобының субстанциясы сараптамаға түсті. Қыздыра отырып қышқылдық гидролиз жүргізгенде келесі өнімдерді түзді:

 

Фармацевт-аналитик қандай дәрілік препаратқа қосымша идентификация реакция-ларын жүргізуі тиіс?

@феназепамға

@нитразепамға

@оксазепамға

@хлозепидке

@диазепамға

~Сынақ зертханасына 1,4-бензодиазепин тобының субстанциясы сараптамаға түсті. Қыздыра отырып қышқылдық гидролиз жүргізгенде келесі өнімдерді түзді:

 


Фармацевт-аналитик қандай дәрілік препаратқа қосымша идентификация реакция-ларын жүргізуі тиіс?

@хлордиазепоксидке

@нитразепамға

@оксазепамға

@нозепамға

@диазепамға

~Туберкулезге қарсы диспансерден инфузияға арналған лиофилизацияланған ұнтақ түріндегі дәрілік препарат сараптамаға алынды. Сипаттамасы бойынша борпылдақ сары жолағы бар ақ түсті ұнтақ. Түссіз жалынды сары түске бояды. Темір (III) хлориді ерітіндісімен күлгін бояу пайда болады. УК-спектр 265±2 нм және 299±2 нм толқын ұзындығында екі жұту максимумын көрсетті.

Фармацевт-аналитик қандай дәрілік препаратқа қосымша сапа көрсеткішін жүргізуі тиіс?

@натрий аминосалицилатына

@изониазидке

@метамизол натрийға

@протионамидке

@рифампицинге

~Туберкулезге қарсы диспансерден 250 мг таблеткалар түріндегі дәрілік препарат сараптамаға алынды. Сипаттамасы бойынша қабықшамен қапталған сары түсті таблетка, домалақ, екі жағы дөңес. УК-спектр 290±2нм толқын ұзындығында жұту максимумын көрсетті. Күміс нитратымен қою-қоңыр түсті тұнба түзді. Сынап ацетаты ерітіндісімен малынған қағазды хлорсутек қышқылының буында қыздырғанда қара түске бояды.

Фармацевт-аналитик қандай дәрілік препаратқа қосымша сапа көрсеткішін жүргізуі тиіс?

@этионамидке

@изониазидке

@фтивазид гидратына

@натрий аминосалицилатына

@рифампицинге

~Сынақ зертханасына құрамында қатты бөлшектері жоқ, ақ ұнтақ түріндегі дәрілік препарат түсті. Препарат іс жүзінде суда және органикалық еріткіштерде ерімейді, қышқылдарда және сілтілік жер металдар гидроксидтері ерітінділерінде өте аз ериді. Препарат сынамасын идентификациялау үшін натрий карбонаты ерітіндісімен қайнатады, сүзеді. Қалдықты судың аз мөлшерімен жуады, хлорсутек қышқылымен қышқылдайды және сұйытылған күкірт қышқылын қосады. Осы кезде натрий карбонаты ерітіндісінде ерімейтін ақ тұнба пайда болады.

Фармацевт-аналитик қандай дәрілік препаратқа қосымша сапа көрсеткішін жүргізуі тиіс?

@барий сульфаты

@кальций хлориді

@натрий хлориді

@магний сульфаты

@натрий тиосульфаты

~Сараптамаға ақ түсті әлсін сұр жолағы бар ұнтақ түріндегі дәрілік препарат алынды, иіссіз, өте ащы дәмді. Препарат жалпы алкалоидты реактивтермен оң нәтиже береді. Қышқылды ортада йод ерітіндісімен қоңыр, күміс түсті тұнба береді.

Фармацевт-аналитик қандай дәрілік препаратқа қосымша сапа көрсеткішін жүргізуі тиіс?

@дибазолға

@клофелинге

@метронидазолға

@нафтизинге

@галазолинге

~Сынақ зертханасына токоферол ацетатының 50% - 1,0 шаншуға арналған ерітіндісі қабылданды. Препарат сары түсті, жеңіл лайлану байқалатын тұтқыр ерітінді. ҚР өнеркәсіптің фармакопеялық мақаласына сай сапасын талдауда «мөлдірлік», «түстілік» көрсеткіштері сынағына төтеп бермеді. Бөгде қоспаларды жоғары эффективті сұйықтық хроматография әдісімен анықтауда спецификалық қоспалар мөлшерінің жоғары екендігін көрсетті.

Препарат тұрақтылығының өзгеруіне қандай жағымсыз үдерістер әсер етті?

@сақтау кезінде дәрілік препараттың тотығуы

@сақтау кезінде дәрілік препараттың гидролизі

@синтез кезінде субстанцияның толық тазартылмауы

@талдау жасауда дәрілік препараттың деструкцияға ұшырауы

@синтез жағдайының бұзылуы

~ҚР мемлекеттік фармакопеясы диализге арналған ерітінділер өндірісінде қолданылатын шаншуға арналған суда қандай тазалық көрсеткішін анықтауды ұсынады?

@алюминий қоспасын

@аммоний тұздары қоспасын

@кальций және магний қоспасын

@тотығатын заттар қоспасын

@бактериальды эндотоксиндерді

~Фармацевтикалық өнеркәсіп рутин 0,05 г таблеткаларын өндіру үшін субстанция сатып алды. Субстанцияны идентификациялау үшін фармацевт-аналитик магний ұнтағымен спиртті ортада конц. хлорсутек қышқылының қатысында реакция жүргізді. Қызыл түс пайда болды.

Фармацевт-аналитик дәрілік препаратты идентификациялау үшін қандай реакция жүргізді?

@цианидин сынамасын

@каролин сынамасын

@мурексид сынамасын

@ Марш реакциясын

@Бельштейн сынамасын

~Фармацевтикалық өнеркәсіп рутин 0,05 г таблеткаларын өндіру үшін субстанция сатып алды. Субстанцияны идентификациялау үшін фармацевт-аналитик қышқылды гидролизден кейін Фелинг реактивін қолданды.

Фармацевт-аналитик дәрілік препаратты молекуланың қай функционалды фрагменті бойынша идентификациялады?

@ глюкоза қалдығы

@ фруктоза қалдығы

@кверцетин

@дигидрокверцетин

@халкон

~Пурин туындысына жататын белгісіз дәрілік субстанцияға талдау жасауда танин ерітіндісімен әсер еткенде ақ тұнба түзілді, йод ерітіндісімен жылтыр қызыл тұнба түзілді.

Препараттың өзі екендігін дәлелдеу үшін қосымша қандай сынақ жүргізу қажет?

@мурексид сынағы

@гидроксам сынағы

@Бейльштейн сынағы

@коралин сынағы

@таллейохин сынағы

~Нормативті құжатқа парентеральды қолданылатын кофеин-натрий бензоаты 20% - 1,0 шаншуға арналған ерітіндісіне келесі сапалық көрсеткіштер енгізілген: мөлдірлігі, түстілігі, рН, мөлшер біркелкілігі, тектес қоспалар, механикалық қосындылар, жалпы технологиялық қоспалар.

Нормативті құжатқа аталған препаратқа қандай сапалық көрсеткіш қосымша енгізілуі қажет?

@бактериалды эндотоксиндер

@сульфатты күл

@бөлшектер өлшемі

@сыну көрсеткіші

@тығыздығы

~Сараптамаға рибофлавиннің 1% - 1,0 шаншуға арналған ерітіндісі қабылданды. Сипаттамасы бойынша сары түсті ерітінді, спиртті ерітіндісі жасыл флюресценция береді.Тексеру барысында оптикалық активсіз екені байқалды.

Қандай қоспаның пайда болуына байланысты препарат нормативті құжат талаптарына сай емес?

@люмифлавин

@люмихром

@лейкофлавин

@көмірқышқыл газы

@изоаллоксазин

~Сараптамаға рибофлавиннің 1% - 1,0 шаншуға арналған ерітіндісі қабылданды. Сипаттамасы бойынша түссіз ерітінді. Спиртті ерітіндісі флюресценция бермейді. Тексеру барысында тотығу-тотықсыздану процесіне ұшырағаны анықталды.

 

Қандай қоспаның пайда болуына байланысты препарат нормативті құжат талаптарына сай емес?







Дата добавления: 2015-06-16; просмотров: 1109. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия