Студопедия — Леуметтік жұмыстың технологиясы әлеуметтік технологиялардың бір бөлігі ретінде
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Леуметтік жұмыстың технологиясы әлеуметтік технологиялардың бір бөлігі ретінде






Кез келген қызмет көрсету саласында технологияны игеру, оны тәжірибеде қолдану кәсіби маманға қойылатын талап болып табылады. Сондықтан әлеуметтік қызмет саласында жоғары кәсіби білімді маманды дайындау бағдарламасы әлеуметтік жұмыс технологиясы мен әдістерін негізгі оқу пәндерінің бірі ретінде қарастырады.

«Әлеуметтік технология», «әлеуметтік жұмыс технологиясы», «әдіс», «әлеуметтік жұмыстың әдістері» ұғымдарына және олардың өзара байланысына тоқталып өтейік.

Технология (грек тілінен techne – өнер, шеберлік, logos – оқу, үйрену) – өңдеу құралдары мен тәсілдері туралы және объектіні сапалы қайта қалыптастырудағы білім жүйесі.

Алғашқыда технологияның анықтамасы тек қана өндірістік саладағы іс-әрекеттерге, яғни табиғи өнімді игеруге бағытталды. Ал қазіргі уақытта технология ұғымының мағыналық кеңістігі айтарлықтай кеңейді және мазмұны да зерттеу объектісіне әлеуметтік процестер технологиясын қосу арқылы толықты.

Материалдық өндіріс саласында технология ұғымы көпжылдық қалыптасқан дәстүрге байланысты теоретиктер мен практиктер тарапынан ешқандай күдік, сенімсіздік тудырған жоқ, ал әлеуметтік саланы технологизациялау, яғни «әлеуметтік технология» ұғымы қоғамда көп уақытқа дейін қолдау тапқан жоқ. Тіпті, 70жылдардың ортасында да әлеуметтік саланы технологизациялау мүмкіндігінің өзі біршама күдік туғызды.

«Әлеуметтік технология» ұғымы алғашқы рет болгар ғалымы Николь Стефановтың «Қоғамдық ғылымдар мен әлеуметтік технологиялар» монографиясында толығымен қарастырылған болатын.

Автордың айтуы бойынша, әлеуметтік процестер технологизациясының мүмкіндігі адамдық іс-әрекеттер құрылымымен негізделеді, яғни әлеуметтік технологиялардың мәні білімді, тәжірибемен адамның дағдыларын, әлеуметтік қатынастары мен процестерін қайта қалыптастырумен түсіндіріледі деді.

Н.Стефановтың тұжырымдауынан кейін қоғамтанушылар әлеуметтік саланы технологизациялау мәселесін белсенді түрде зерттеуге кірісті. 70 жылдың екінші жартысынан бастап, қазіргі уақытқа дейін әлеуметтік технологиялармен байланысты мәселелерді және ғылыми зерттеу белсенді түрде жалғасуда.

Осылайша, әлеуметтік технологияның күрделілігін зерттеудің әртүрлі бағыттары әлеуметтік технологияның мәнін анықтайтын көптеген анықтамалар берді. Олардың ішінде әлеуметтік технология: «басқару, реттеу тәсілі және әлеуметтік процесті жоспарлау», «өндіріс процесін қамтамасыз ету және іс–әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті әлеуметтік жобалаудың соңғы өнімі», «қойылған мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы», қойылған мақсатқа жету құралы және қоғамдық мәселені шешуге бағытталған тәсілдерін сипаттайтын әлеуметтанулық категория ретіндегі тұжырымдарды айтуға болады.

Бұл, келтірілген мысал, күрделі әлеуметтік феномен (әлеуметтік технология дегеніміз сол) мәніне толық және нақты анықтама беруге талпыныстың жеткіліксіздігін көрсетті және салыстырмалы сипатқа ие болды. Әлеуметтік технологияға берілген әрбір анықтама әлеуметтік технология мен әлеуметтік жұмыс технологиясын сипаттаудың белгілі бір маңызды аспектілерін бейнелеп отырды.

Әлеуметтік технология және әлеуметтік жұмыстың технологиясының объектісі болып әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік процестер табылады.

Алайда әлеуметтік технология мен әлеуметтік жұмыстың технологиясының шектелген терең ішкі пәнаралық өзара байланысы ортақ зерттеу объектісін анықтайды және негіздейді.

Әлеуметтік технология мен әлеуметтік жұмыс технологиясының өзара байланысын түсіндіру үшін, оларға анықтама берейік.

Әлеуметтік технологиялар – адам өміріндегі әлеуметтік қатынастар мен процестерді реттеу мен қайта қалпына келтірудің тиімді тәсілдер жүйесі болып табылады.

Әлеуметтік жұмыс технологиясы – бұл қиын жағдайға душар болған азаматтарға көмек пен қолдау, яғни әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған әлеуметтік технологияның бір бөлігі.

Әдіс – грек тілінен «metodos» –нақты міндетті шешу үшін белгілі бір мақсатқа жету тәсілі, зерттеу жолы,сонымен бірге нақтылықты теориялық және тәжірибелік игерудегі бағыттар мен тәсілдердің жиынтығы.

Әдістердің көмегімен әрбір ғылым өзінің зерттеу пәні туралы ақпарат алады, алынған мәліметтерді өңдеп, талдайды.

Әлеуметтік технология мәселелерімен айналысатын ғылымдар арасында, оның пәндік шеңберін, яғни әлеуметтік жобалау, болжау және басқару сияқты сұрақтарды да қарастыру арқылы кеңейтуге тырысқандығы байқалады. Осылайша, әлеуметтік технологияны кеңінен талдау, оның әлеуметтік инженерия және әлеуметтік басқарумен араласып кетуіне алып келеді де, нәтижесінде жеке зерттеу пәнінің бұлыңғырлануына соқтырады.

Әлеуметтік жұмыс ең алдымен шығармашылық сипатқа, ал оның нәтижесі әлеуметтік қызметкердің шеберлігіне, өнеріне, интутициясы мен тұлғалық ерекшелігіне тәуелді. Маманның кез келген іс-әрекеті күрделі әлеуметтік салада, технологизациялауға көне бермейді. Мұндай бағыттың өкілдері әлеуметтік жұмыс – теория мен тәжірибенің, ғылымның синтезі және адамдармен жұмыстың шеберлігі екендігін ескермей, әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындаудағытеориялық білімнің рөлін толық бағаламайды.

Әлеуметтік технология саласындағы мамандарәлеуметтік саладағы тәжірибелік іс-әрекеттерді технологизациялауға қажетті жағдайларды төмендегідей атап көрсетеді:

– әсер ету объектісі белгілі бір күрделілік деңгейіне, яғни әлеуметтік жүйе белгілеріне ие болуы керек;

– әлеуметтік әсер ету объектісінің элементтері, оның құрылымы мен қалыптасуының ерекшеліктері бөлініп көрсетілуі тиіс;

– нақты болып жатқан процестерде белгілі бір операцияларды, процедуралар мен көрсеткіштерді рәсімдеу мүмкіндігі;

– жаңа жағдайларда көрсеткіштердің процедуралардың, операциялардың қайталану және өндіріс мүмкіндігі.

Әлеуметтік жұмыс арнайы кәсіби, іс-әрекет және өзіндік зерттеу пәні бар ғылыми білімнің жеке жүйе ретінде технологизацияның барлық талаптарына сай келеді. Сондықтан басты мәселе әлеуметтік жұмыс технологиялық бағыттың мүмкіндігінде емес, оның технологиясын дайындау мен жүзеге асыру, әдіснама құралдары және оны тәжірибеде қолдану мен меңгеруде болып табылады.

Әлеуметтік жұмыс технологиясы біріншіден, кең мағынада әлеуметтік жұмыстың әртүрлі объектілеріне әсер ететін әдістер мен тәсілдер, ұйымдастыру, алгоритм және барлық құралдар жиынтығын білдіретін теориялық және тәжірибелік білім жүйесі ретінде қарастырылады. Технологиялық мәселелерді шешудің мұндай бағыты ең алдымен, аймақтық деңгейдегі әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы басқару органдары мен ұйымдастыру үшін тиімді болып табылады. Екіншіден, әлеуметтік жұмыстың нақты объектісі мен субъектісіне бағытталған арнайы технологиялар жиынтығы ретінде қарастырылады. Бұл бағыт, тұрғылықты жеріне немесе жұмысына байланысты әртүрлі категориядағы халықпен әлеуметтік мекемелердегі клиенттермен әлеуметтік жұмысты ұйымдастырушыларға тән болып келеді.

Әлеуметтік мәселелерді шешудегі технологияны дайындау – теориялық қорытындылар мен ұсыныстарға тәжірибелік апробацияны және теориялық негіздеуді қажет ететін күрделі процесс. Әлеуметтік жұмыстың технологиясын дайындаудың 3 негізгі типін атауға болады: теориялық, әдістемелік, процедуралық.

Теориялық кезең әлеуметтік саясат объектісі немесе әлеуметтік жұмыс клиентін қамтитын құрылымдық элементтерді, себептік байланыстар мен қатынастарды анықтау, технологизация пәнін айқындау және мақсатты қалыптастыруды ретке келтірумен айқындалады.

Әдістемелік кезең әлеуметтік саясат объектісі немесе әлеуметтік жұмыстың клиенті туралы ақпарат алу тәсілдері мен жолдарын таңдаумен, осы ақпаратты талдау мен өңдеу және әдістерді анықтау, пайда болған іс-әрекетке берілетін нақты ұсыныстар нәтижелерін трансформациялау (тасмалдау) принциптерімен сипатталады.

Процедуралық кезең апробация бойынша тәжірибелік іс-әрекетті ұйымдастыруға байланысты мәселелерді шешумен, ұсыныстардағы кемшіліктерді жоюмен және іс-әрекет алгоритмін құрумен сипатталады.

Әлеуметтік жұмыс технологиясы:

– қозғалыста болу, мамандардың клиенттермен жұмыс түрін, мазмұнынының жиі ауысатындығын және іс-әрекеттің эвристикалық сипатын білдіреді;

– үздіксіздік, клиентке жиі қолдау көрсету мүмкіндігі және оған ықпал етумен негізделеді;

– тізбектілік, клиентпен жұмыстағы процедура, кезеңдерінің тұрақты, стереотипті қайталануымен көрінеді;

– дискреттілік, клиентке мақсатты анықтағаннан бастап шешімді орындағанға дейін әсер етудің әркелкілігімен сипатталады.

Осылайша, әлеуметтік жұмыс технологиясы оның қолданбалы, тәжірибелік аспектісін көрсетеді. Технологиялық процестердің ерекшелігі мен мазмұнын, мәнін тереңірек ұғыну әлеуметтік сала мамандарының кәсібилігіне және әлеуметтік қызмет мамандарының іс-әрекеттеріне негізделеді.

Дәріс. Денсаулық сақтаудағы қарт адамдермен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері. Қарт адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс

Халықтың қартаюы бірқатар экономикалық және әлеуметтік-медициналық салдарға алып келеді. Қазіргі уақытта көптеген елдерде медициналық-санитарлық көмек жүйесінің қарауындағы барлық бюджеттік құралдардың шамамен алғанда жартысы қарт адамдарға медициналық қызмет көрсетуге жаратылады.

Қарт адамдарға ерекше әлеуметтік-медициналық мәселелер тән, олар: денсаулық жағдайы мен оны толық қалпына келтірудің мүмкін еместігі, материалды қамтамасыздандырудың жеткіліксіздігі және оны жоғарылатуға жағдайдың жоқтығы, жалғыздық пен қарым-қатынастың аздығы және т.б.

Қарт адамдардың жалпы белсенділігінің маңызын ерекше атап кетуге болады. Пассивті өмір салтын ұстанатын зейнеткерлерге қарағанда рационалды өмір салтын ұстанатын зейнеткерлердің физикалық, әсіресе әлеуметтік белсенділігі және бейімделу деңгейі аса жоғары.

Қарт адамдарды өмірдің барлық өзгерістеріне дайындап отыру керек, себебі олар басына түскен барлық мәселелермен күресе алмайды және жаңа жағдайға тез бейімделе алмайды. Осыған байланысты, зейнеткерлікке дейінгі жастағы және зейнеткер қарт адамдарды психоәлеуметтік жағынан қолдайтын арнайы ұйым қажет. Сонымен қатар, психоәлеуметтік жұмыс бейімделудің факторы болып табылатын тұлғалық ерекшеліктерге сүйене алады.

Еңбек ету кезеңінен кейінгі уақытта бейімделуі төмен деңгейдегі қарт адамдар тобымен дезадаптацияның алдын алу бойынша жұмыс жасау қажет.

Психопрофилактикалық жұмыс екі кезең бойынша ұйымдастырылуы мүмкін:

· зейнеткерлікке шығуға дайындық;

· еңбек ету кезеңінен кейінгі уақытта қарт адамдармен жұмыс.

Әр кезеңде оларды жүзеге асырудың өзіндік мақсаттары мен міндеттері бар.

Әлеуметтік-медициналық жұмыс маманының дезадаптациялы қарт адамдармен өзара әрекеттесу үрдісі индивидуалды және топтық формада ұйымдастырыла алады. Психопрофилактикалық жұмыстың бағдарламасын құру барысында қарт адамдардың зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі сәтті бейімделіп кетуін қамтамасыз ететін қарт адамдардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеру маңызды. Осы ерекшеліктерді талдау негізінде жұмыстың келесі блоктарын бөліп қарастыруға болады:

· еңбек ету кезеңінен кейінгі уақытта бейімделуі төмен деңгейлі қарт адамдар көп жағдайда өздеріне көңілдері толмай жатады, сондықтан өзін адекватты бағалауды қалыптастыру бойынша жұмыс жасалынады;

· бейімделу деңгейі төмен адамдар өмірлеріндегі көптеген құбылыстарды әр түрлі жағдай мен басқа адамдардың әсерінің нәтижесі деп түсінеді, сондықтан мұнда интерналды бақылауды қалыптастыру бойынша жұмыс жасалынады. Бұл жерде қарт адамдар олардың өмірінде болып жатқан құбылыстар үшін өздеріне жауапкершіліктің бір үлесін алулары керектігін, көптеген жағдай солардың өздеріне байланысты екенін түсінуі керек;

· еңбек әрекетінің аяқталуына байланысты кейбір қарт адамдарда «қоғамға керексіздік» сезімі, «әрі қарай өмір сүрудің маңызы жоқ» сезімдері пайда болады. Сондықтан, жұмыс істемейтін зейнеткерлердің әлеуметтік белсенділіктерін жоғарылату бойынша жұмыс жүргізіледі.

Үлкен жастағы тұлғалардың денсаулығын қорғауға бағытталған әлеуметтік-медициналық сипаттағы іс-шаралар кешенінде ерекше орынды әлеуметтік-медициналық көмек ұсынатын стационарлық мекемелер мен әлеуметтік-медициналық көмек көрсететін ауруханалық емес формадағы мекемелер алады.

Үлкен жастағы тұлғаларға стационарлық әлеуметтік-медициналық көмек көрсететін мекемелерге денсаулық сақтау жүйесінің стационарлық мекемелерін, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің стационарлық мекемелерін жатқызамыз:

· гериатриялық аурухана;

· ұзақ мерзімге қалуға болатын гериатриялық бөлімше;

· учаскелік ауруханалар негізіндегі әлеуметтік-медициналық бөлімшелер;

· соғыс ардагерлеріне арналған госпитальдар;

· интернат үйлері;

· мейіркештік қарау үйі (бөлімшесі);

· хоспис;

· гериатриялық орталық.

Жалпы соматикалық интернат үйінің әлеуметтік-медициналық жұмыс үлгісін қарастырайық. Интернат үйіне түсуші әрбір адам алғашқы екі аптада әлеуметтік бейімделу бөлімшесінде болады, онда әртүрлі мамандар (гериатр-дәрігер, психолог, әлеуметтік қызметкер, валеолог, невропатолог, реабилитолог) денсаулық резервтерін және әрбір осы мекемеге түсушінің жеке ерекшеліктерін зерттейді. Содан соң денсаулық жағдайына байланысты қарт адам әлеуметтік-еңбектік оңалту (егер еңбекке жарамды болса) бөлімшесіне, әлеуметтік-медициналық оңалту бөлімшесіне (егер физикалық еңбекпен айналыса алмаса) немесе қайырымдылық бөлімшелеріне (егер өз-өзіне қызмет ете алмаса) жіберіледі.

Өз кезегінде, мейірбикештік қарау үйінің (бөлімшесінің) негізгі міндеті болып созылмалы аурулары бар егде және қарт жастағы адамдарға әлеуметтік-медициналық көмектің қолжетімділігін жоғарылату болып табылады.

Мейірбикештік қарау үйі (бөлімшесі) келесідей іс-әрекеттерді жүзеге асырады:

· кәсіби медициналық қамқорлық және қарт және ауру адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету;

· дәрігерлік нұсқаулар мен процедураларды уақытымен орындау;

· ауру мен қарт адамдарды еңбек терапиясы элементтері арқылы медициналық оңалту;

· ауру және қарт адамдардың жағдайларын динамикалық бақылау;

· созылмалы аурулардың асқынуларын дер кезінде диагностикалау;

· келісімде бекітілген және денсаулық сақтау органдарымен бекітілген мерзім бойынша ауру адамдарды өз уақытында шығаруын ұйымдастыру;

· жалғызбасты қарт азаматтарды интернат үйлеріне орналастыру.

Мейірбикештік қарау үйі (бөлімшесі) келесідей қызметтерді қамтамасыз етеді:

· алғашқы шұғыл көмек;

· қарт және ауру адамдардың созылмалы ауруларының нашарлауына немесе асқынуына байланысты сәйкесінше емдеу-профилактикалық мекемелерге ауыстыру;

· денсаулық жағдайына байланысты ауруханаға жатқызылған тұлғаларды кезеңдетілген дәрігерлік қарауды ұйымдастыру (аптасына 1 реттен аз болмауы керек);

· созылмалы ауруы бар адамдарға дәрігерлердің ұсынысы бойынша кеңестік көмек;

· психологиялық көмек пен адекватты симптоматикалық терапия;

· тамақтану, соның ішінде дәрігерлік ұсыныстарға сәйкес диета;

Жалпы соматикалық профиль бойынша мейірбикештік қарау үйіне бағыттауға қарсы көрсетулер: туберкулездың белсенді формалары, өткір инфекциялық және психикалық аурулар.

Ауру адамдарды терминалды кезеңде симптомикалық емдеу үшін, оларға кәсіби қарауды ұйымдастыру, ауру адамдарға және олардың туыстарына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету үшін қайырымдылық медициналық мекемелер – хоспистер құрылады. Хоспистің міндеттері:

· қайрымдылық медицина – инкурабельді ауру (емделмейтін аурулар) адамдарға медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа түрлерін қалыптастыру;

· терминалды стадиядағы ауру адамдарға стационарлы медициналық көмектің және оларға үйге медициналық көмек көрсетудің жақсартылуын ұйымдастыру;

· терминалды кезеңдегі ауру адамдарға симптомикалық емдеу жүргізу, оларға психотерапевтік және дәстүрлі әдістерді қолдана отырып, кәсіби қарауды ұйымдастыру;

· ауруды сездірмейтін терапияларды қажеттілігіне қарай таңдау және жүргізу;

· ауру адамдар мен олардың туыстарына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, оларға аса ауру адамдарға қарау дағдыларын үйрету.

Гериатриялық орталық егде және қарт жастағы халыққа және ағзасында ерте қартаю белгілері бар тұлғаларға арнайы стационарлы және кеңестік- диагностикалық медициналық көмек көрсету үшін керек, сонымен қатар гериатриялық көмек көрсету мәселелері бойынша мамандар мен медициналық, әлеуметтік-медициналық мекемелердің әрекетін ұйымдастырушылық-әдістемелік басқарулармен қамтамасыз ету.

Гериатриялық орталықтың келесідей міндеттері көрсетіледі:

· жасы үлкен адамдар тобындағы тұлғалардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізу және олардың медициналық немесе әлеуметтік-медициналық көмекке қажеттіліктері;

· ағзасында ерте қартаю белгілері бар тұлғалар мен халықтың үлкен жастағы топтарына оңалту көмегі мен емдік-диагностикалық көмек көрсету бойынша жалпы емдік гериатриялық және әлеуметтік-медициналық мекемелер жүйелеріндегі емдеу-профилактикалық мекемелердің іс-әрекетіне талдау жүргізу;

· мемлекеттік кепілдіктердің орындалуына бақылау жүргізу, соның ішінде, медициналық және дәрімен қамтамасыз ету бойынша жеңілдіктер, протездеудің жеке түрлеріне жеңілдіктер;

· белгіленген азаматтар категориясын дәрімен қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша аймақтық және территориялық бағдарламаларды дайындауға қатысу;

· ағзасында ерте қартаю белгілері бар тұлғалар мен халықтың үлкен жастағы топтарына кеңес беру, емдік-диагностикалық, оңалту көмектерін көрсету;

· әртүрлі жастық топтардағы адамдарға емдеудің адекватты дәрілік және медикоментозды емес әдістерін таңдау;

· ағзасында ерте қартаю белгілері бар тұлғалар мен қарт ауру адамдарға қолданылатын диагностика, емдеу мен оңалтудың жаңа заманауи әдістерін практикаға енгізу;

· санитарлық-түсіндірушілік жұмысты жүргізу, қарттарға әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне жағдай жасау мен оларға қарау дағдыларына үйрету;

· гериатрия мәселелері бойынша жалпы емдеу желісінің мамандары мен емдік-профилактикалық мекемелерге практикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету, геронтология мен гериатрияның өзекті сұрақтары бойынша жиналыстар, конференциялар және семинарлар өткізу;

· қарттарға әлеуметтік-медициналық көмектің ауруханалық емес формасы шығыны аз және тиімді болып табылады. Осындай формалар ішінде келесілерді бөліп қарастыруға болады, олар: емханалардағы гериатриялық бөлмелер, амбулаторлық гериатриялық бөлімшелер, емханалардағы әлеуметтік-медициналық көмек бөлімшелері, амбулаторлық-емханалық мекемелердегі күндізгі стационарлар, үйде қызмет көрсететін стационарлар, мүгедектерді әлеуметтік-медициналық оңалту орталықтары, әлеуметтік қамтамасыз ету орталықтары, жедел әлеуметтік көмек бөлімшелері, әлеуметтік тұрғын үйлер, Қызыл Ай Қоғамымен және Қайырымдылық Қорымен ұйымдастырылатын қызметтер;

· ауылдық елді мекендерде әлеуметтік-медициналық көмекті ұйымдастыру қаладағы қағидалар бойынша құралады. Бірақ халықтың территориядағы орналасуына, ауыл шаруашылық жұмыстардың кезеңділігіне, қызмет көрсетудің үлкен радиусына, даладағы жұмыстар барысында ауа-райлық жағдайлардың әсер етуіне, шаруашылық-тұрмыстық әрекеттің ұйымдастырылмағандығына және білім мен мәдениет деңгейіне байланысты өзіндік айырмашылықтары да бар.

Ауылдық елді мекендерге әлеуметтік-медициналық көмекті ұйымдастырудың басты ерекшеліктерінің бірі – оның кезеңділігі болып табылады.

Бірінші кезең – ауылдық дәрігерлік бөлімше немесе территориялық медициналық қауымдастықтар (учаскелік аурухана, фельдшерлік-акушерлік пункттер – ФАП, денсаулық пункттері, перзентханалар және т.б.); бұл кезеңде ауыл тұрғындары кәсіби медициналық көмек ала алады (терапевтік, хирургиялық, акушерлік және гинекологиялық, стоматологиялық және т.б.).

Екінші кезең – аудандық медициналық мекемелер, оның ішінде алдыңғы қатардағы болып қалалық емханалар саналады. Ауыл тұрғындары арнайы медициналық көмекті оның негізгі түрлері бойынша алады.

Үшінші кезең – облыстық аурухана, диспансерлер, тіс емдеу емханалары және т.б. Бұл кезеңде барлық мамандық бойынша жоғары білікті кәсіби медициналық көмек көрсетіледі.

Ауылдағы қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық көмекті қамтамасыз етуде үлкен көмекті әлеуметтік қызметкерлер көрсетеді. ФАП қызметкерлерімен бірге, денсаулық жағдайын және үлкен жастағы адамдар тобының сақталу деңгейін бағалай отырып, олар медициналық-әлеуметтік көмек бөлімшелеріне бағыттау үшін контингентті анықтап алады.

Ауылдың әлеуметтік қызметкерлері жалғызбасты қарт адамдарға қызмет көрсету барысында оларға азық-түліктерін жеткізіп береді, отын сатып алуын ұйымдастырады, коммуналдық төлемдерін төлейді, науқастарға медициналық қызметкерлерді шақырады, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді, қамқорлығындағы адамдарды ауруханаға ертіп барады, ауруханада жатқан қарауындағы зейнеткер адамдарға барады, сонымен қатар мүмкіндігінше олардың әртүрлі сұраныстарын да орындайды.

Осылайша, ауылдық және қалалық елді мекендерде әлеуметтік-медициналық көмек көрсететін маманға геронтология мен гериатрия мәселелері бойынша білім деңгейі мен қабілеттерін әрдайым жоғарылатып отыруы қажет.

Дәріс. Наркологиялық денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік жұмыс. Наркологиялық аурулары бар тұлғалармен әлеуметтік-медициналық жұмыс

Әлеуметтік наркологиялық аурулар тобына маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, никотинизмді (темекі шегу) жатқызамыз. Наркологиялық аурулардың ең кең тараған түрі маскүнемдік болып табылады.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, «маскүнемдік – ішімдікті қолданудың кез-келген формасы, яғни қоғамда қабылданған дәстүрлі «тамақтану» нормасынан немесе нақты қоғамдағы әлеуметтік дағдылардың шегінен шығу».

Медицинада қабылданған анықтама бойынша, «маскүнемдік – бұл спирттік сусындарға деген әуестігі бар патологиялық ауру (психологиялық, физиологиялық тәуелділіктің туындауы), ал ішімдікті қолданбау нәтижесінде абстиненттік синдромның дамуына, сондай-ақ маскүнемдіктің күрделі жағдайында ішкі органдардың, жүйке жүйесінің бұзылуына және психикалық деградацияға алып келеді».

Өз кезегінде әлеуметтік қызметкерлер маскүнемдіктің этиологиясын әлеуметтік-мәдени детерминацияның, әлеуметтену мен әлеуметтік девиация, аномия концепциялары тұрғысынан түсіндіреді. Бүгінде маскүнемдіктің әлеуметтік-орта моделі қызығушылық тудырып отыр. Осының негізінде, маскүнем күйзелісті басынан кешіргендіктен ішеді, олардың түсінігінше, ішімдік күйзелістен шығуға көмектеседі. Мұндай адам өз әрекетін реттей алатын кіші әлеуметтік топқа жатпайды.

Осылайша, әлеуметтік жұмыстың заманауи теориясына сәйкес, маскүнемдік күрделі этиологиялық құраушылардың өзара іс-әрекетінің соңғы нәтижесі ретінде қарастырылады. Әрбір нақты жағдайда осылардың біреуі немесе бірнешеуі басым болып келеді.

Маскүнемдіктің әлеуметтік терапиясында индивидуалды психоәлеуметтік терапия, топтық, отбасылық терапия, қоғамдық ұйымға кіру (мысалы, «Анонимді маскүнемдер»), мінез-құлық модификациясы сияқты әдістер кеңінен қолданылады. Барлық аталған әлеуметтік терапия формалары клиенттің (пациенттің) жеке қажеттіліктеріне сәйкес әдіспен келуде тиімді болады.

Әлеуметтік қорғау мекемесіндегі клиенттердің басым бөлігі маскүнемдер болғандықтан, бұл аурудың алдын алу мен дамуының бастапқы сатысында кедергі келтіруде әлеуметтік жұмыскерлердің маңызы зор. Әлеуметтік қызметкер ішімдікті көп пайдаланатын клиенттердің физикалық және психоәлеуметтік мәселелерін анықтап алуы керек. Әсіресе, клиенттің физикалық тәуелділігімен бірге жүретін симптоматологияны және толеранттық деңгейін бағалау маңызды. Сонымен қатар, клиенттің психоәлеуметтік өткенін зерттеу керек, ол дегеніміз маскүнемнің өмірлік қиындықтар пайда болғанға дейінгі кезеңдегі ішімдікті қолдануы; маскүнемдікті тоқтату немесе азайту әрекеті; клиенттің әлеуметтік-медициналық және психоәлеуметтік көмек алу мақсатында әлеуметтік қорғау мекемесіне келу себебін анықтау.

Нақты әлеуметтік жағдайда әлеуметтік қызметкер клиенттің отбасы, оның достарымен қарым-қатынасы, жұмысы мен материалдық жағдайы туралы ақпараттарды жинап алуы тиіс. Әлеуметтік қызметкер клиенттің ата-анасының тарихын, сол отбасы мүшелерінің ішімдікке деген қатынасын, клиенттің және отбасы мүшелерінің терең күйзелісте болу немесе болмауын қарастыру қажет.

Әлеуметтік жұмыс теориясы осы саладағы әлеуметтік саясат мәселелеріне назар аударып, сол сұрақтарды түсінуге көңіл бөледі. Ең алдымен, мынаған назар қойылады: әлеуметтік саясат ішімдікті қолдану аясында 2 полюстің арасында тербелуде: рұқсат етілмеген және рұқсат етілген. Зерттеушілердің пайымдауынша, жалпы маскүнемдіктен бас тарту тенденциясы қалыптасып, нақты адамдарға әлеуметтік-медициналық көмек көрсету қызметіне көшуіміз мүмкін.

Әлеуметтік саясат тек маскүнемдерге ғана емес, сондай-ақ алкогольді пайдаланушы тұлғалардың антиәлеуметтік әрекеттеріне қоғамдық санкцияларды қарастыра отырып қоғамға да қатысты болуы керек.

Ішкілік және маскүнемдік мәселесі бүгінгі таңда салмақты әлеуметтік мәселе болып отыр. Ішкілік және маскүнемдік алкогольдік сусындарды асыра қолданудың әр түрлі деңгейлерін көрсетеді.

Алкогольді сусындарды пайдалануына қарай тұлғалардың келесідей топтары көрсетіледі (Ю.П. Лисициннің жіктеуі бойынша):

ü Алкогольді ішімдіктерді қолданбайтындар;

ü Алкогольді сусындарды сирек қолданатындар (мереке және отбасылық салтанаттарда ғана айына бір рет, аз мөлшерде ішу);

ü Алкогольді сусындарды орнымен қолданатындар (айына 1-3 рет), аз мөлшерде, белгілі бір жағдайда (мереке, достармен кездесуде) қолданады және теріс қылықтарды көрсетпейді.

ü Алкогольді асыра пайдаланушылар:

маскүнемдіктің алғашқы белгілері бар тұлғалар (алкогольді пайдалануға деген психикалық тәуелділік, ішу мөлшерін жоғалту), алкогольді көп мөлшерде, аптасына бірнеше рет және еш себепсіз қолданатын маскүнемдер, кез келген орындарда ішу;

алкоголизмнің айқын белгілері көрініс табатын тұлғалар, оларда алкогольге психикалық тәуелділікпен қатар физикалық тәуелділік, бас жазу синдромы (абстиненттік синдром) және тағы да басқа симптомдар, күрделі психикалық бұзылу симптомы (алкогольдік психоз);

Әлеуметтік жұмыс теориясында маскүнемдіктің әлеуметтік-медициналық мәселелері келесідей жіктеледі:

ü медициналық мәселелер: ішімдік бауырдың, орталық жүйке жүйесінің бұзылуына; миокард инфарктінің туындау қаупіне, мидың қан айналымына, туберкулез, рак, созылмалы бронхитке әкеп соғады, ішімдікке әуес ата-аналар дүниеге дені сау емес бала әкеледі, сонымен қатар бала өлімі көбейеді және т.б.;

ü әлеуметтік мәселелер: маскүнемдік қылмыстың, мүгедектіктің, өлім-жітімнің көбеюіне, аурудың өршуіне, яғни дені сау тұрғындардың көрсеткішінің төмендеуіне әкеледі;

ü әлеуметтік-экономикалық мәселелер: ішімдікті шектен тыс қолдану еңбек қабілеттілігін төмендетеді, қоғамға материалдық-экономикалық залалын тигізеді, еңбек өндірісіне және т.б. әсер етеді.

Осылайша, профилактикалық бағыттағы әлеуметтік-медициналық жұмыс микроәлеуметтік ортадағы ішімдіктің жағымсыз әсерінің алдын алумен анықталады; қауіпті топтарды анықтау; ұжымда және отбасында тәрбиелеу мақсатындағы барлық іс-шара жүйелерін қолдану.

Патогенетикалық бағыттағы әлеуметтік-медициналық жұмыс аурудың асқынып кетпеуінің алдын алумен байланысты.

Нашақорлық – есірткіге тәуелділіктің бір түрі, яғни есірткілік заттарды нашақорлық, ессіз күйге қол жеткізу мақсатында қолданады.

Есірткі заттарын қолдануды 3 аспектіге бөліп қарастыруға болады:

ü медициналық аспект – бұл заттар орталық жүйке жүйесіне галлюциноген ретінде әсер етеді.

ü әлеуметтік аспект – мұндай заттарды қолдану үлкен әлеуметтік мағынаға ие.

ü құқықтық аспект – бұл зат құқықтық актілерге сәйкес (кейбір дәрілер нашақорлық заттар деп танылады, мысалы: морфин, омнопон, промедал, т.б.) есірткілік зат ретінде танылған.

Нашақорлық заттарды қолдану мас күйге ұқсас деген ой қалыптасқан. Адам өміріне риза, күші көп, көңіл-күйі көтеріңкі сезімде болып, қозғалысында бәсеңдік те байқалуы мүмкін. Эйфорияға физикалық жақсы хал-ахуал мен тыныштық сезімі де қосылады. Эйфориямен қатар жүріс-тұрыстағы шайқатушылық, сөйлеуінде өзгерістер байқалып, терінің солғын тартуы, көздегі от кетіп, көз қарашығының ұлғаюы немесе кішіреюі көрініс табады. Есірткіге мас болу күйі 1 сағаттан 6 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Нашақорлыққа аурудың 3 кезеңі тән. Аурудың бірінші кезеңінде есірткілік көп сипат алады; дозаның артып отыруы, 1-2 тәулікте есірткінің жоқтығы психикалық бұзылушылық түрінде көрініс табады. Бірінші кезеңнің ұзақтығы 2-4 айдан жарты жылға дейін созылады. Екінші кезеңде толеранттық арта түседі, адамның іс-әрекеті бәсеңдеп, пассивті мінез-құлық таныта бастайды; физикалық тәуелділіктің белгілері байқалады, есірткінің жоқтығы абстиненттік синдромның дамуына әкеледі. Үшінші кезеңде есірткі ынталандырушы болады, мұнда эйфория мүлдем болмайды. Көптеген нашақорлар бұл кезеңге дейін жетпейді, себебі көп мөлшердегі дозадан нашақор өліп кетеді.

Токсикоманияның қаупі де есірткіден кем емес. Токсикомания –наркотикке жатпайтын дәрілік құралдарды немесе тұрмыстық химия заттарын наркотикалық әсер алу мақсатында қолдану. Токсикомания қолжетімді болғандықтан ол балалар мен жасөспірімдерге негізгі қауіпті тудырып отыр. Кез-келген токсикоманиялық зат сәйкес заңдық актілерден кейін наша







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 7311. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.045 сек.) русская версия | украинская версия