Студопедия — Дәріс 1. Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде. Әлеуметтік жұмыс: негізгі түсініктер, категориялар, бағыттар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс 1. Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде. Әлеуметтік жұмыс: негізгі түсініктер, категориялар, бағыттар






Дәріс 1. Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде. Әлеуметтік жұмыс: негізгі түсініктер, категориялар, бағыттар

Әлеуметтік-медициналық жұмыс – бұл денсаулықты қайта қалпына келтіру, сақтау және нығайтуға бағытталған, көптеген пәндердің негізінде қалыптасқан медициналық, психологиялық және әлеуметтік-құқықтық кәсіби іс-әрекет түрі.

Әлеуметтік-медициналық жұмыстың мақсаты – денсаулық деңгейінің максималды мүмкіндігіне қол жеткізу, физикалық және психикалық ауытқушылығы бар және әлеуметтік жағдайы нашар адамдармен жұмыс істеу және оларды бейімдеу.

Әлеуметтік-медициналық жұмыстың объектісі – медициналық және әлеуметтік көрсеткіштер бойынша жағдайы қиын адамдар, олар: мүгедектер, кәрі адамдар, жетім балалар, жас аналар, көп балалы отбасылар, ЖҚТБ-мен ауыратын адамдар, табиғи апаттардан зардап шегушілер, қашқындар, жұмыссыздар және т.б.

Әлеуметтік-медициналық жұмыстың ерекшелігі – ол кәсіби іс ретінде екі жеке дара – денсаулық сақтау мен тұрғындарды әлеуметтік қорғау сияқты салалардың тоғысқан жерінде қалыптасады.

Әлеуметтік-медициналық жұмысты ұйымдастыруда әрекеттің осы түрінде кәсіби толық ыңғайды қамтамасыз ететін қағидаларды ұстанған жөн. Олар: экожүйелілік, полимодальділік, ынтымақтастық, конструктивті ынталандыру, континуальділік.

Әлеуметтік-медициналық жұмысқа:

· әлеуметтік-медициналық көмекке мұқтаж жандарға кепілдік беруді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

· денсаулықты қорғау мәселелері бойынша азаматтардың құқықтарын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;

· салауатты өмір салтын қалыптастыру;

· отбасына және оның әр мүшесіне әлеуметтік-медициналық көмек көрсету;

· медициналық көмек және сырқат адамдарға күтім жасауды ұйымдастыру;

· медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге қатысу;

· сырқат жандар мен мүгедектерді әлеуметтік-медициналық сауықтыру;

· психиатрия, наркология, онкология, гериатрия және медицинаның басқа салаларында әлеуметтік жұмыс жүргізу;

· денсаулық сақтау, тұратын ортаның жағдайы, азық-түлік және шикізат сапасы мәселелері бойынша ақпараттарға қол жеткізу;

· тұрғындардың көмекке мұқтаж тобына әлеуметтік-медициналық көмек кешенді бағдарламасын жасауға қатысу;

· міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің кепілді көлемі мен сапасын бақылауға қатысу;

· әлеуметтік-медициналық патронаж және т.б. жатады.

Кәсіби әлеуметтік-медициналық жұмыс әлеуметтік қызмет көрсетудің келесі мекемелерінде тиімді жүзеге асады, олар: отбасы мен балаларға әлеуметтік көмек көрсетудің аймақтық орталықтары; кәмелет жасына толмағандарды әлеуметтік сауықтыру орталықтары; балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік жетімхана; геронтологиялық орталықтар; әлеуметтік қызмет көрсетудің стационарлық мекемелері (қарт адамдар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлері, психоневрологиялық интернаттар, жетімдер үйі, физикалық жетіспеушілігі бар балаларға арналған интернат-үйлері). Дайындығы бар білікті мамандар қызметтерін ведомстволық тәнділігіне немесе меншік түріне қарамастан кез-келген мекемеде атқара алады.

Әлеуметтік-медициналық жұмыскердің кәсіби іс-әрекетінің келесідей негізгі бағыттары көрсетіледі:

1) жұмысқа қабілетті жастағы, бірақ жарақат алған және мүгедек болып қалған, қайта қалпына келтіру емін, шектеулі мүмкіндігіне орай тұрмыстық ортаға бейімделуді, отбасы мүшелері мен қоршаған адамдардың психологиялық қолдауын, жаңа кәсіп пен жұмысқа орналастыру сияқты әлеумметік көмекке мұқтаж адамдар;

2) созылмалы ауруы бар және жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі егде жастағы адамдар;

3) құрамында созылмалы, инкурабельді (емделмейтін) ауруы немесе мүгедек жандары бар отбасылар;

3) толық емес (әкесіз немесе анасыз), көп балалы, қамқорлық, жас, аса мұқтаж, асыраушысын жоғалтуына байланысты зейнетақы алатын және басқа да аз қамтылған отбасылар;

4) ахуалы нашар, бейәлеуметтік отбасыларындағы балаларды дер кезінде анықтау, туылған күнінен бастап диспансерлік бақылауға алу, қиын немесе психикалық дамуы артта қалған балаларды қажеттілігіне қарай балабақшаға, шипажайға бағыттау аномальді құбылыстардың (темекі шегу, алкоголизм, наркомания) алдын алуға және әлеуметтік өмір процесіне салауатты өмір салтының элементтерін ендіруге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік-медициналық іс-әрекеттің маңызды бағыты ретінде уақытша экономикалық немесе әлеуметтік сипаттағы қиын жағдайға ұшыраған адамдардың денсаулығын қолдауға нақты мүмкіндіктер және қолайлы жағдай жасау есептеледі.

Мультипәнаралық іс-әрекет түрі бола отырып және тұрғындардың денсаулығын сақтау және әлеуметтік көмек көрсету салаларында жүзеге асырыла отырып, әлеуметтік-медициналық жұмыс қалыптасқан үлгі мен әдістерді қолданады:

► денсаулық сақтау жүйесінде – алдын алатын, сауықтыратын, психотерапевтік және т.б.;

► тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінде – әлеуметтік кеңес беру, әлеуметтік жәрдемақылар, үйге әлеуметтік қызмет көрсету, стационарлық мекемеде әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік қызмет көрсету мекемелеріне күндізгі уақытта келуді ұйымдастыру, уақытша баспана ұсыну және т.б.

Сонымен қатар, әлеуметтік-медициналық жұмысты шартты екі құрамалыға бөлуге болады: алдын алуға (профилактикалық) бағытталған әлеуметтік медициналық жұмыс және патогенетикалық бағыттағы әлеуметтік медициналық жұмыс.

Алдын алуға (профилактикалық) бағытталған әлеуметтік медициналық жұмысқа:

• соматикалық, психикалық және репродуктивті денсаулықтың әлеуметтік тәуелді бұзуларының алдын алу шараларын орындау;

• салауатты өмір салты бағдарларын қалыптастыру;

• денсаулық мәселелері бойынша ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету;

• әлеуметтік-медициналық көмектің мақсатты бағдарламаларын жасауға қатысу;

• әлеуметтік басқару;

• денсаулықты қорғау сұрақтары бойынша азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және т.б. кіреді.

Патогенетикалық бағыттағы әлеуметтік медициналық жұмысқа:

■ әлеуметтік-медициналық көмекті ұйымдастыру іс-шаралары;

■ әлеуметтік-медициналық сараптама жүргізу;

■ мүгедектерді медициналық, әлеуметтік және кәсіби сауықтыруды жүзеге асыру;

■ әлеуметтік жұмысты медицина мен денсаулық сақтаудың басқа салаларында да жүргізу;

■ клиенттің психикалық статусына жөндеулер жүргізу;

■ әлеуметтік-тұрмыстық сауықтыру инфрақұрылымдарын жасау;

■ бір-бірімен байланысты мамандықтардың мамандарының өзара іс-әрекетінде жалғастырушылықты немес орнын басуды қамтамасыз ету және т.б.

Өзінің бағытында әлеуметтік-медициналық жұмыстың медициналық көмек пен денсаулық сақтау ұйымдарының іс-әрекетімен ұқсастықтары көп. Бірақ ол өз құзыреттілігінің шегінен аспайды және емдік-диагностикалық қызметтер атқармайды. Медицина қызметкерлерімен өзара іс-әрекетті және жауапкершілік саласының нақты шегін қамтиды.

Әлеуметтік-медициналық жұмыстың маңызды құраушы бөлігі болып әлеуметтік-медициналық патронаж (франц.тіл. patronage – қамқорлық) табылады. Әлеуметтік-медициналық патронаж – үйде жүргізілетін, алдын алу (профилактикалық) бағытындағы жұмыс; жеке тұлғалар, отбасылар, тұрғындар тобының әлеуметтік-медициналық көмекке қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асатын медициналық, әлеуметтік және қоғамдық ұйымдардың іс-әрекет түрі.

Дәріс 2. Денсаулық сақтау адами қоғамның әлеуметтік жүйесі ретінде

Әлеуметтік медицинаның шығу тарихын әдетте дін, жазушылық саласындағы ғана емес, сонымен қатар медицина саласындағы реформатор – Эхнатон – Аменхотеп IV (б.э.д. 1368-1351) есімімен байланыстырады. Ол зұлматпен (мракобестік) аяусыз күрескен; бақсы, балгер, тәуіптердің ем-доммен айналысқандары үшін олардың соңдарына қатал түскен болатын. Эхнатон дәрігерлерді абыз деңгейіне дейін көтеріп, оларды пір тұтатын. Халықаралық медициналық белгі – кубокка шырмалған жылан. Бұл белгі Эхнатонның реформасы кезінде патша (патшаның тәжінде де жыланның белгісі болатын) мен дәрігердің қоғамдағы теңдігінің куәсі ретінде пайда болды. Археологтардың тапқан дәрі дайындау рецепттері, хирургиялық операция жоспары мен әр түрлі дене және жан дерттерінің симптомдық сипаттамалары әлі де ескірген жоқ. Эхнатонның кезінде дәрігердің әлеуметтік маңызы жоғарылап, отандастарының денсаулығы мен тағдырына жауапты болды. Қоғамдық денсаулық Эхнатонның кезінде мемлекеттік құндылық болып саналды. Тылсым мағынадан аулақ «денсаулық» және «ауру» ұғымдары қалыптасты.

Гиппократ әлеуметтік дәрігер ретінде.

Әдетте Гиппократтың есімімен (б.э.д. 460— 370) 4 зат байланыстырылады: 1) Гиппократтың анты, 2) Гиппократтың бетпердесі, маскасы (жүрек-өкпе жетіспеушілігіндегі адамның түр әлпеті), 3) Гиппократтың бас-киімі (бас сүйегі зақымданғанда тағылатын таңғыш), 4) Гиппократтың темпераменттері (сангвиник, холерик, флегматик және меланхолик). Гиппократ ішімдікке салыну, наркотизм сияқты адамдардың ақауларымен белсенді күрескендіктен – оны әлеуметтік медицинаның әкесі деп атайды.

Гиппократ бір Құдайға табынды – Асклеп (римдік Эскулап). Осыдан барып дәрігерлерді асклепиидтер (эскулаптар) деп атап кеткен. Гиппократ өте қызық уақытта өмір сүрді. Оның өмір сүрген уақыты біздің өмірімізге ұқсас болып келеді. Спарта жеңіс тапқан Пелопоннес соғысы басталған кезде Гиппократ 30 жаста еді. Оның қызметінің белсенді кезеңі Лакедемонның гүлденуімен тұспа-тұс келеді. Гиппократ 90 жасында қайтыс болады және артынша Фивамен соғыста Спарта жеңіліс тауып, ұлылығы таяды. Ол Спартада ешқашан болмаған. Бірақ Лакедемонның әсіресе қоғамдық денсаулыққа байланысты мемлекеттік тәжірибесі, Спартадағы дәрігердің екіұшты – ұлылығы және қауіпті жағдайы Гиппократты қатты қызықтырып, ол соны тиянақты зерттеді....Гиппократтың екі қарама-қарсы жақтан қарсыластары болды. Бірінші қарсы жақ: көне Египеттен, мұнда дәрігерлер Осирис – өлім құдайының қызметшісі болып қала берді. Екінші жақ: күшті, құдіретті Спарта, мұнда ауру кемтарлық сияқты ұят нәрсе болып есептелетін. Біз де спартандық мемлекет пен халық денсаулығын жақсарту тәжірибесіне толығырақ тоқталайық.

Гиппократ айта кету керек, халықтық мәдени дәстүрден шыққан екі сұмдық әлеуметтік ақаулармен тайынбай күрес жүргізгендіктен де оны әлеуметтік медицинаның әкесі деп толық түрде айтуға болады. Ол екі құдіретті Құдай – Аполлон мен Диониске (және оның ең жақын досы Вакхаға) соғыс жариялады. Грецияның көп бөлігі табынатын Аполлонның ғибадаты пайдалы дене шынықтыру мен спортты мағынасыз, пайдасыз тек бұлшық ет өсіруге ғана бағытталды. Ол физикалық жаттығулар емес, арнайы шөптерден жасалған тұнбалар мен малдың ішек-қарын сығындыларын, яғни қазіргі анаболиктердің баламасын қолдану нәтижесінде жүзеге асырылды. Міне, осы кезден бастап бүгінгі күнге дейін жетіп отырған, ешнәрсеге негізделмеген «Дені сау тәнде – дені сау рух» ұраны тасталған болатын.

Грек жастарының басқа бөлігі кері шекке шықты. Құдайлары етіп Дионис пен Вакханы таңдаған олар вакханалияға беріліп, яғни ішімдікке салынып, наркотикалық шөптерді пайдаланып және бей-берекет жыныстық қатынастарға түсу арқылы өз жастық шақтары мен денсаулықтарын құртты. Гиппократ осы әлеуметтік апаттардың жолын бөгеуші бірінші дәрігерлердің бірі болды. Қазіргі кезде біздің өркениетті елімізде осы Аполлон, Дионис және Вакхалардың ізбасарлары жетіп артылады.

Гиппократтан екі ұрпақ кейін туылған оның апологеті (жақтаушысы, жалғастырушысы) Асклепиад ұстазының кейбір медициналық-әлеуметтік көзқарастарының спартандық қатаңдығының жұмсартуға тырысты. Гиппократтың уағыздарын ол «емдеу – сенімді, тез және жағымды» деп толықтырды. Бірақ бұл уағыз-өсиет Гиппократтан кейін өмір сүрген барлық уақыттар мен халықтар дәрігерлерінің антына кіріктірілмеді. Айтпақшы, оның осы антқа авторлығын көптеген ғалымдар жоққа шығарып жүр.

Гиппократ қайтыс болған жылы Аристотельдің досы, жалғастырушысы, перипатетикалық мектептің; танымал өкілі – Теофрат дүниеге келді. Біз оның дайындаған 30 мінездемелік түрлеріне (гиппократтық темпераментердің және адамның этосы туралы түсініктер негізінде) қызығушылық танытамыз. «Этос» – (грек тілінен – дәстүр, мінез) – жеке мінездің тұрақты (туа біткен) сипаттарының жиынтығы. Ежелгі гректердің өзі «мінез – адамның тағдыры» деп түсінген. Теофраст сипаттаған барлық «мінездер» нормадан ауытқушы іс-әрекетке бейім адамдарға тән. Осылайша, Теофраст бүгінгі медицинаға да өте маңызды мәселе – девиантты және делинквентті іс-әрекет мәселесін көтерген болатын. Кейін Теофрасттың еліктеушілері көбейе түсті. Осы «адамгершілік мінез» ұғымы оған әлемдік атақ алып берген болатын. Тіпті Аристотельдің өзі шәкіртінің бұл ісіне бей-жай қарай алмады. «Этос» ұғымға сүйене отырып, ол философиялық білімнің жаңа саласы – этиканы жасады.

«Спартандық қайырымдылық» қазіргі кезеңде «спартандық өмір салты» ұғымынан сирек қолданылады. Бірақ галлалардың Еуропаны жаулап алу кезінде, II Фридрихтің басқаруы, тіпті гитлерлік Германия кезеңінде «спартандық қайырымдылық» дәрігерлердің кәсіби іс-әрекетіндегі басты қағидасы болатын.

Спарта дәрігерлері сол кездегі оның негізін қалаушы Ликург кезеңінен бастап ең құрметті каста болып саналды. Олар эфорларға, кем дегенде герусийлерге жатқызылды, яғни жоғарғы мемлекеттік шенеуніктер болды. Алғашында герусийлер кеңесі – ауру адамды, жаңа туған нәрестені, оның ата-аналарын (әлсіз немесе шала туылған бала туылғанда), қарт адамдарды тірі қалдыра ма қалдырмай ма немесе олардың өлуіне «көмектесе ме» деген сияқты мәселелерде шешім қабылдайтын. Өйткені Спартада адам ауру болғанша өлі болғаны дұрыс деп табылатын. Спартандықтар жарым адамдарды жардан лақтырып жіберетіндігі туралы бәрімізге аян. Герусийлердің бұл шешімін эфорлар бекітеді – соңғы саты патшалардан да жоғары тұрады. Мұнда ешкімнің әлеуметтік жағдайы ескерілмейді: құзға ауру соңғы илот та, ауру патша да тасталады. Бұның өзі Спарта дәрігерлерінің ауру, әлсіз адамдарға деген «спартандық қайырымдылығы». Алға көз жүгіртіп айтатын болсақ, бүгінгі күнде барлық дамыған елдерде тартысқа түсіп жүрген эвтаназия – сол, Спартадан!

«Асклепий өлімнен мықты» деп ұрандаған Гиппократ, осылайша өз қарсыластарына жауап қатқан болатын. Айтпақшы, «дәрігер пациент өмірі үшін соңына дейін, өлімнің биологиялық белгілері – мәйіттің дақтары шықпайынша күресу керек» дегенді де Гиппократпен байланыстырамыз. «Өмірмен байланысы жоқ аурулар» ұғымын Гиппократ қабылдай алмады, сонымен қоса ол спартандық дәрігерлерден бойын аулақ ұстады. Спартандық дәрігерлердің тәжірибесінен ол салауатты өмір салтын насихаттауды қабылдап, салауатты өмір салтының барлық ережелерін (тамақ мен жыныстық қатынастардағы ұстамдылық, күнделікті дене жаттығулары, күнделікті оқыл-ой жүктемесі, алкоголь мен есірткі заттарды қолданудан бас тарту, көңілді билер билеу және т.б.) ұстануды талап етті. Өз өмірінде Гиппократ осы қағидаларды ұстанды, ал бұл ережелерді орындамаған дәрігерлерге: «Сен адамдардың өмірі үшін жауаптысың, ал өзіңнің өмір сүру салтыңның түрі мынау», - деп ренішін білдірген болатын.

 

 







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 3740. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия