Студопедия — Мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген қоғамдық қатынастың модельдері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген қоғамдық қатынастың модельдері






Дамуында қиындығы бар адамдарды қоғамға интеграциялау, қоғамның осы адамдарға деген қатынасына, қоршаған адамдардың олардың өмірі туралы ақпараттануына, мүгедектердің ерекшеліктеріне байланысты болады. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, белгілі бір елдің дамудың жаңа жолына өтуі, әрдайым мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттік саясаттың принциптерін қайта қарастырумен байланысты болады.

Әдебиеттерді талдау көрсеткендей, социумның дамуының әртүрлі сатысында мүгедектік туралы алуан түрлі ұғымдар қалыптасты: діни, медициналық, әлеуметтік. Соған сәйкес, әртүрлі зерттеушілер мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген қоғамдық қатынас модельдерінің алуан түрлі жіктеуін ұсынды. Біздің ойымызша, аталған модельдерді айқындаудағы аса толыққанды және түпкілікті тұғыр ретінде, қазақстандық авторлар А.Е. Думбаев пен Т.В.Попова (28) ұсынған мүгедектіктің алуан түрлі модельдерінің жіктеуі алынады. Аталған ғалымдар Е.Р.Ярская-Смирнова және Э.К.Наберушкина ұсынған мүгедектіктің алуан түрлі тарихи және қазіргі заманғы 12 моделін негізге ала отырып, мүгедектіктің модельдерін төмендегідей топтастыруды ұсынады:

1. «Ескі» (дәстүрлі) модель, ол өзінің құрамына классикалық, медициналық, реабилитациялық және экономикалық модельдерді қамтиды, яғни мүгедектікке «медициналық» тұғыр;

2. «Жаңа» (постдәстүрлі) модель – мүгедектікке «әлеуметтік» тұғыр;

3. Мүгедектіктің «жаңаша» парадигмасы.

Авторлар атап көрсеткендей, ұсынылған жіктеу мүгедектік туралы көзқарастардың дамуындағы тарихи аспектілерді көрсетіп қоймайды, сонымен бірге практикалық бағыттылығы болады. Аталған жіктеудің негізінде әлеуметтік саясат тұжырымдамасы дәстүрлі және прогрессивті деп бөлінеді.

Авторлардың пікірлері бойынша, қазіргі кезде халықаралық және отандық саясатта, мүгедектіктің әлеуметтік моделі басым болып саналады, бірақ бұл мәселені діни және медициналық тұрғыда көру, социумда қалдық формалары түрінде ұсынылады.

Төменде А.Е.Думбаев пен Т.В.Попова (28) ұсынған, бұл авторлардың өздерінің зерттеу жұмыстарында толық қарастырмаған, бірақ адамзат дамуының ерте кезеңдерінде көрсетуді қажет ететін мүгедектіктің моральды (діни) моделін және мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқшаулаудың алуан түрлілігі моделін сипаттау берілетін болады.

Мүгедектіктің алуан түрлі тарихи және қазіргі заманғы 12 моделі:

1. Дамуында бұзылуы бар адамдарды оқшаулаудың алуан түрлілігі моделі бірнеше модельдер түрінде қарастырылды: «адам емес моделі», «қоғамға қауіпті», «аяушылық объектісі», «ауыртпалық тудыратын қайырымдылық объектісі».

2. Мүгедектіктің моральды (діни) моделі – бұл қазіргі кезде аз қолданылатын ең ежелгі және тарихи модельдің бірі, ол мүгедектікті абыройсыздық және күнәлар үшін діни жазалау ретінде анықтады. Мүгедектік «адам – құдайға ұқсас» жүйесінен шығып қалу ретінде түсіндірілді. Соған сәйкес, бұл дертті таратушы толыққанды еме тіршілік иесі ретінде қабылданды. Мүгедек тіпті қоршаған адамдардың байтарап қатынасына да ие болмайтын, себебі саңыраулық, соқырлық, ессіздік, туа біткен кемтарлық адамға өзінің күнәлары үшін берілген жаза деп саналды. Бірқатар мәдениеттер мен субмәдениеттер осы кезге дейін мүгедектікті діни жазалау сезімімен немесе мүгедектің күнәсіме, ар-ұятымен, төменгі әлеуметтік мәртебесімен байланыстырады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін аталған модель ерекше ауыр болып саналады, себебі әлеуметтік өзін-өзі жек көрушілікті туындатады. Аталған модель қазіргі кезде елдің шынайы әлеуметтік саясатында қолданылмайды, бұл қоғамда кең тараған мүгедектікті көрудің белгілі бір тәсілі ретінде қалып отыр.

Базалық діни қағидалардан туындайтын мүгедектіктің моральды моделі, бір жағынан, мүгедектекті «күнәлар үшін жаза» ретінде қарастырды, ал екінші жағынан - мүгедектерді азап шегушілерге жатқызды. Моральды, діни модель мүгедектікті «күнәлар үшін жаза» ретінде, жын-перілерге құлай берушілік, сиқыр мен нашар карманың салдары ретінде қарастырады, немесе мүмкіндігі шектеулі адамдарды діни қабілеті бар азап шегушілердің қатарына жатқызды. Соңғы көзқарасқа сәйкес, мұндай адамдарды періште, диуана, шат-шадыман, басқа адамдарға жақсылық тілейтін адамдар деп атады. Талдау барысында, діни модель контексінде мүгедектерді идентификациялау, оларды қоғамнан оқшаулауға әкелді және олардың жағымсыз әлеуметтік бірдейлігінің қалыптасуына ықпал етті. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін аталған модель ерекше ауыр болып саналады, себебі өзін-өзі жек көрушілікті туындатады.

3. Мүгедектіктің медициналық моделі. Осы модельге сәйкес, психофизикалық және интеллектуалды дамуы бұзылған адам науқас деп саналады. Мүгедектіктің медициналық моделі, мүгедектікті медициналық феномен ретінде анықтайды («науқас адам», ауыр дене жарақаты бар адам», «интеллектуалды дамуы жеткіліксіз адам» және т.б.). Осы модельге сүйене отырып, мүгедектік ауру, дерт, патология ретінде қарастырылады. Бұл мұндай адамның кемістігі бар тұрғысында, медициналық көмектің перспективасын және ықтималды емдеу тәсілдерін анықтауды білдіреді. Социумдағы мүгедектіктің ауру ретіндегі идентификациясы, мүмкіндігі шектеулі адамдардың «науқас» әлеуметтік рөлін меңгеруін, негіздеді, мұндай адамға медициналық мекемеде жүзеге асыруды талап ететін ұзақ мерзімді емдеу мен қамқорлық қажет. Мүгедектіктің медициналық моделі 18 ғасырда медицинаның әлеуметтік институт ретінде туындауымен бірге қалыптасты. Еуропа мен Ресейдегі медициналық тұғырлардың аясында, әлеуметтік саясаттың патерналистік жүйесі қалыптасты. Мемлекет мүгедектікті еңбекке жарамасыздық ретінде қарастырды, яғни адамда денсаулығына байланысты еңбек іс-әрекетіне деген шектеулері болған жағдайда, тегін медициналық қызмет, зейнетақы және жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмек көрсетілді (бұлар базалық физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады). Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы мектептер мен техникумдар құрылды, ал еңбекке орналастыру мүгедектерге арналған өнеркәсіпте жүзеге асырылды. Патерналистік саясат қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың идентификациясына ықпал етті, сонымен бірге олардың дербес әлеуметтік белсенділігін төмендетуге әкелді. Мүгедектіктің медициналық моделі ұзақ уақыт бойы басым орын алды және ерекше ғылымилық пен ізгілікке ұсынылды (кейде оны «әкімшілік модель» деп атайды, себебі ол денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде пайда болды). Мүгедектіктің медициналық моделі адамдар арасындағы дене және психикалық айырмашылықтарын патологиялық кемістіктер мен ауытқулар терминінде, яғни «толыққанды болмау» терминінде қарастырады (29).

Медициналық модельдің идеологиясы осы кезге дейін заңнамаға, әлеуметтік саясатқа және әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға белгілі түрде әсер етеді. Мысалы, Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүгедектікке берген анықтамасы осы модельге өте жақын: дерт – денсаулық күйі немесе диагноз (мысалы, ми жұлын жарақаты), шектелген мүмкіндіктер - физикалық немесе функционалды шектеулер (мысалы, жүре алмау қабілеті), қабілетсіздік (мысалы, жұмыс істеу қабілетсіздігі). Медициналық модельдің айрықша тұғыры ретінде, оның мүмкіндігі шектеулі адамдарды құзыретті емес, өзі үшін және еңбек етуге жауапкершілік алуға қабілетсіз, қарауды қажет ететін, мүмкін қоғам үшін қауіпті адамдар ретінде қарастыруы алынды. Мұндай тұғырда кез келген дерт автоматты түрде мүгедектердің қарапайым әлеуметтік іс-әрекетке қатысуын шығарып тастайды, соған орай ерекше медициналық орталықтар, оқшауланған арнайы интернаттар мен коррекциялық мектептерді құру қажет. Бұдан басқа, олар арнайы әлеуметтік жеңілдіктерге, олардың материалдық әл-ауқатының барынша аз деңгейін қанағаттандыратын құралдарға мұқтаж болады. Мұндай тұғыр мүмкіндігі шектеулі адамдардың төменгі әлеуметтік мәртебесін бекітуге ықпал етеді және олардың дербес болмауы, сенімсіздігіне қатысты әлеуметтік стереотиптерін күшейтті. Аталған модельде мүгедектер әлеуметтік саясаттың объектісі ретінде қарастырылды.

Медициналық модель мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыстың әдістемесін анықтайды, оның патерналистік сипаты болады (яғни, қоғамның шектеуші-қолдаушы ұстанымы) және емдеуді, еңбек терапиясын, адамға аман қалу үшін көмек беретін арнайы қызметті құруды (мысалы, баланың интернатты типтегі білім беру мекемесінде білім алуы немес мүгедектің медициналық мекемеде ұзақ уақыт мәжбүр болған жағдайда).Білім алу, экономикалық өмірге қатысу, демалыс кез келген мүгедектігі бар адам үшін жабық болып саналады. Арнайы оқу мекемелері, арнайы өнеркәсіптер және санаторийлер мүгедектігі бар адамдарды қоғамнан оқшаулайды және құқықтары дискриминацияланатын азшылық топ етеді. Мүгедек балаларға арналған арнайы оқу мекемелері, медициналық модельдің көрінісі болып саналады. А.Е. Думбаев және Т.В.Попованың пікірлері бойынша, медициналық модельде 3 негізгі форма айқындалуы мүмкін: классикалық медициналық, реабилитациялық және экономикалық модельдер. Мұнда авторлар оларға келесідей сипаттама береді:

4) Мүгедектіктің классикалық медициналық моделі (немесе «әкімшілік модель») адамдар арасындағы дене және психикалық ауытқуларды патологиялық ауытқулар мен кемістіктер терминінде қарастырады. Мүгедектіктің классикалық медициналық моделінен, толыққанды болмауды адамның дені сау адамдармен қатар белгілі бір функцияларды орындай алмау қабілеті ретінде сипаттап, функционалды шектеулік анықтамасы шығады. Атап айтсақ, АҚШ-ның 1975 жылғы «Дамуында кемістігі бар адамдардың құқығы» туралы Заңында, мүгедектердің функционалды шектеулігінің адамзат іс-әрекетінің үші немесе одан көп саласында көрініс беретіні атап көрсетіледі:

- өзін бағып-күтудің мүмкін болмауы;

- қарым-қатынастағы, оқытудағы, қозғалыстағы, өзіндік бақылаудағы шектеулер;

- зиян келтіруге қатысты экономикалық дербессіздік, тәуелсіз өмір сүрудің мүмкін болмауы және т.б.

Мүгедектіктің медициналық моделі, онымен байланысты барлық мәселелердің адамзат ағзасының функционалды ерекшеліктері терминінде сипатталуына ықпал етті, мүмкіндігі шектеулі адамның қоғамның толыққанды мүшесі болуға қабілетсіздігі, ондағы кемістіктің болуының тікелей нәтижесі ретінде қарастырылды. Медициналық модельдегі мүгедектердің мәселелерін шешу, барлық күш-жігерді мүгедектерге берілетін алуан түрлі толықтыруға жинақтауға әкеледі. Олар үшін оқшауланған арнайы интернаттар мен коррекциялық мектептердің, арнайы құрылған желісі құрылды. Атап өтетін бір жайт, медициналық модельдің идеологиясы осы кезге дейін, заңнамаға, әлеуметтік саясатқа және әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға белгілі түрде әсер етеді.

5) Мүгедектіктің реабилитациялық моделі (функционалды шектеулер моделі). Мүгедектіктің медициналық моделінен толыққанды болмауды адамның дені сау адамдармен қатар белгілі функцияларды орындау қабілетсіздігін сипаттайтын, функционалды шектеулік анықтамасы шығады.

Толыққанды емес дамудың қазіргі заманғы функционалды анықтамасы, денсаулығында күрделі ақаулары бар көпшілік адамдарға қатысты болады, бірақ дерттің аса жеңіл формаларына ұшыраған адамдардың ауқымды санын есепке алмайды. Функционалды шектеулер моделінен реабилитациялық модель шығады, ол мүмкіндігі шектеулі адамның басты мәселесі ретінде, медициналық емдеуді және реабилитациялауды қажет ететін, «қалыпты емес» денесі мен психикасы бар, ауру адамның болуын алады, бұл модельдің мақсаты – туындаған функционалды бұзылысты жою немесе оның орнын толықтыру. Жұмыспен қамту қызметі мен мемлекеттік қызмет сияқты әлеуметтік институттар ең алдымен дені сау адамдардың мұқтаждықтары үшін құрылған. Жұмыс сияқты қалыпты өмірдің бір қыры, мүмкіндігі шектеулі адамдардың көпшілік бөлігіне мүлдем қолжетімді емес. Осы институттарды барлық адамдардың мұқтаждығы үшін бейімдеу үшін, қоғам мүгедектерді арнайы құрылған параллельді кеңістікке бөліп, басқа жолмен жүріп келеді. Бұл параллельді кеңістікте мүмкіндігі шектеулі адамдар – бұл көп жағдайда жұмыс істемейтін зейнеткерлер, немесе төмен еңбекақысы және мәртебесімен сипатталатын, мүгедектерге арналған «арнайы» жұмыс орындарын алатын адамдар. Реабилитациялық модельдің мәні бойынша, мүгедекті социумға бейімдеу болып саналады, ал социумдағы өзгертудің міндеті ретінде, мүгедектің мүддесіне қатысты оның әлеуметтік мәртебесін көтеру қарастырылмайды. Мүгедектіктің медициналық және реабилитациялық моделі арасындағы туыстас байланысты атап өткен жөн. Көптеген зерттеушілер мүгедекетіктің медициналық моделі туралы айтқанда, осы екі модельдің аралас сипатын қамтиды.

6) Мүгедектіктің экономикалық моделі әдіснамалық негіз ретінде мүгедектіктің медициналық анықтамасы қабылданатын, қоғамның әртүрлі қабаттары арасындағы шығындарды қайта бөлуді қамтиды. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың физикалық толыққанды емес немесе психикалық науқастар ретінде қарастырылғандықтан, бұдан келесі тұжырым жасауға болады: олар дені сау адамдарға қарағанда, біршама «аз жүктемемен» жұмыс істейді немесе жұмыс істеуге мүлдем қабілетсіз болады. Осылайша, бұл «толыққанды емес» адамдар аса өнімді емес және экономикалық тұрғыда пайдасыз болып саналады. Олар өздерін қамтамасыз ету үшін, ресурстардың жеткілікті санын өндіре алмайды, нәтижесінде қоғам үшін масыл болып табылады. Мүгедектіктің экономикалық моделінің әсері, мүгедектіктің еңбекке жарамсыздық ретінде анықталған және мүгедектерді жұмыспен қамтуға шектеулер енгізілгенде, әлеуметтік саясаттың ұлттық тұжырымдамалары үлгісінде айқын байқалады. Егер мүгедек еңбектің өнімділігінің нормаларына сәйкес қабілетті болса, сонымен бірге денсаулығында тұрақты ақаулары болса, заңды тұрғыда оның мүгедектігін «алып» тастауға болады.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 2645. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия