Студопедия — Мүгедектіктің әлеуметтік моделі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мүгедектіктің әлеуметтік моделі






70-жылдары Скандинавияда «нормализация» ұғымы «медициналық модельге» балама ретінде пайда болды. Нормализация тұжырымдамасы дамуында ерекшеліктері бар бала туралы ұғымдардың кең перспективасын ашты және оны өзі өмір сүретін қоғамда қабылданған мәдени нормалар рухында тәрбиелеуге тірек жасады. Бұл ұғым АҚШ-да және Канадада қабылданды және «мәдени нормативті өмірдің паттерндерді» қалыптастырудың катализаторына айналды. Бұл кезең дамуында ерекшеліктері бар балаларды қалыпты қатарластар ортасына интеграциялау үдерісімен байланысты болды. Бұл контексте интеграция әдетте адамнан басым мәдениетке тән нормаларды қабылдауды талап ететін ассимиляция үдерісі ретінде қарастырылды. «Нормализация» ұғымының негізіне келесі қағидалар алынды: мүмкіндігі шектеулі бала – бұл іс-әрекеттің алуан түрлерін меңгеруге қабілетті, дамушы адам. Нәтижесінде, қоғам мұны мойындауы керек және қалыпты өмірге барынша жақындатылған жағдайлармен қамтамасыз етуі керек.

«Нормализация» моделін ендіру, қоғамның мүгедектерге қатынасын өзгертту мақсатында, оған қысым жасауға әкеледі, бұл балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау аясында жүзеге асырылды. Мүгедектіктің әлеуметтік моделін әрі қарай дамыту, нормативті құжаттарда көрсетілген аурулар, бұзылулар мен патологиялардың шектелген тізіміне сүйенбей, аталған қоғам үшін «қалыпты» сипат пен деңгейде әлеуметтік қызмет ету қабілетінің болуына және оны жоғалту дәрежесіне сүйеніп, мәселені қарастыру жолымен жүзеге асырылды. Соған сәйкес, мүгедектікпен байланысты мәселелерді шешуді ең алдымен, функционалды бұзылуы бар адамдарға көмек беру арқылы, әлеуметтік қызмет көрсету мекемелер жүйесін құру арқылы жүзеге асыру талап етілді. Мұндай мекемелер тұрғындар үшін аймақтық тұрғыда, ұсынылатын қызметтің жинағы бойынша, іс-әрекетінің шарттаы бойынша қолжетімді болуы қажет.

Қазақстандық авторлар А.Е.Думбаев және Т.В.Попова (28) атап көрсеткендей, 1981 жылдан бастап (Халықаралық мүгедектер жылы), мүгедектің реабилитациялаудағы қоғамдағы рөлінің маңыздылығын атап көрсететін, мүгедектіктің әлеуметтік моделіне қатысты қозғалыс кеңейе түсті. 90-жылдары мүгедектіктің анықтамасына еңбекке қабілеттілікті бағалау ғана емес, сонымен бірге өмір сұру әрекетінің басқа қырларын бағалау енгізіледі. Бұл тұғырдың мәні АҚШ-да (1991ж) мүгедектер туралы Заңда көрініс тапты, онда «мүгедектік» термині белгілі бір адамға қатысты, «ауытқуы бар бір немесе бірнеше адамның негізгі өмір сүру әрекетін мәнді шектейтін, нормадан физикалық немесе ақыл-ой тұрғысында ауытқуды» білдірді. Өмір сүру әрекетін шектеудің әлеуметтік моделі, бұл мәселеге әлеуметтік мәселе ретінде қарайды және ең алдымен, индивидті қоғамға толыққанды интеграциялау мәселесі ретінде қарайды. Шектеудің әлеуметтік моделіне сәйкес, өмір сүру әрекетін шектеу саяси мәнге ие болады.

Әлеуметтік модельдің авторлығы (кейде оны «интерактивті модель» немесе «өзара әрекеттестік моделі» ретінде белгілейді), мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты болады. 1976 жылы «Союз людей с физическими дефектами против изоляции» (UPLAS – Union of the Physically Impaired Against Segregation) деп аталатын ұйым, Пол Ханттың айтқан идеяларын дамытты. UPLAS мүгедектіктің өзіндік анықтамасын ұсынды: «Мүгедектік – бұл қазіргі заманғы әлеуметтік құрылыммен туындайтын, белсенділіктің шектелуі немесе кедергі болуы, ол физикалық ақаулары бар адамдарға ешқандай зейін аудармайды және оларды қоғамдағы негізгі әлеуметтік іс-әрекетке қатысуын шектейді». Әлеуметтік модельдің дамуының аталған сатысын былай сипаттауға болады: алғаш рет мүгедектік оларға қатысты қоғамның әлеуметтік құрылымымен пайда болған шектеулер ретінде сипатталды. Бұл модельдің аясында жеке адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы өзара байланыс болады. Басқаша айтқанда, шектелген мүмкіндіктер мәселе ретінде, қоғамның ішіндегі әлеуметтік және экономикалық тұрғыда қысым жасаудың нәтижесі болып саналады, сондықтан мүмкіндігі шектеулі адамдарды қысым жасалатын адамдар тобы ретінде қарастыруға болады (8).

Әлеуметтік модельдің маңыздылығы сонда, ол қолайсыз архитектуралық ортада қабілетсіздіктің, жетілдірілмеген заңдардың себептерін көреді. Әлеуметтік модельге сәйкес, мүгедектігі бар адам қоғамдық қатынастардың тең құқылы субъектісі болуы қажет, оған қоғам тең құқықтар, тең мүмкіндіктер, тең жауапкершілік және оның ерекше қажеттіліктерін ескеріп, еркін таңдау құқығын беруі керек. Мұнда мүгедектігі бар адамның өзіндік жағдайларына сәйкес қоғамға интеграциялануына мүмкіндігі болуы керек. Ұсынылған модель көптеген өркениетті елдерде танымал ғана емес, сонымен бірге оны АҚШ, Ұлыбритания, Швеция елдері мемлекеттік деңгейде ресми түрде қабылдаған. Мүгедекетіктің әлеуметтік моделі кемістіктер мен физиологиялық айрымашылықтардың болуын теріске шығармайды, мүгедектікті индивидтің өмір сүру әрекетінің қалыпты аспектісі ретінде анықтайды және оның әлеуметтік детерминациясын мүгедектікпен байланысты аса маңызды мәселе ретінде қарастырады. Осылайша, мүгедектікті әлеуметтік теңсіздіктің формаларының бірі ретінде қарастыруға болады. Әлеуметтік модель өзгеруі мүмкін өмірдің бағыттарына тірек жасайды және мүгедектердің азаматтық құқығын бірінші кезекте жүзеге асыруда қамтиды. Әлеуметтік модель мүгедектікті басым болатын медициналық түрде қабылдаудың баламасы болатын, парадигма түрінде көрсетуге ұмтылыс ретінде құрастырылды. Сондықтан, ол мүгедектігі бар адамдарды оқшаулайтын және олардың өз қауымдастығының толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік бермейтін, кедергілерді анықтауға бағытталады. Біз қарастыратын жіктеудің авторлары (А.Е.Думбаев, Т.В.Попова (28)) алуан түрлі әлеуметтік модельдердің арасынан келесілерді ажыратып көрсетеді:

А) Материалистік модель;

Б) Тәуелсіз өмір моделі;

В) Handicap моделі; (тұжырымдама)

Г) Азшылық тұжырымдамасы;

Д) Психо-әлеуметтік модель;

Е) Мүгедектіктің мәдени моделі;

Ж) Адамзаттың алуан түрлігігі моделі.

Мұнда авторлар мүгедектіктің британдық деп аталатын моделі әлемдік тәжірибеде кең таралуын атап көрсетеді, олар өзара қоғамдық құрылымды алмастыруға және әлеуметтік қанаудан азат ету стратегиясына қатынас сияқты маңызды параметрлер бойынша айрықшаланады.

8) Британдық материалистік модель К.Маркстің ілімінен туындаған мүгедектіктің әлеуметтік моделі болып саналады, оның әдіснамалық базасы ретінде, марксистік әлеуметтану және марксистік саяси экономия алынады. Мүгедектіктің материалистік моделі алғаш рет Ұлыбританияда ашылды және мүгедектердің британдық әлеуметтік қозғалысының «ұлы идеясы» деп аталды. Мүгедектіктің материалистік моделі бірнеше тіректі элементтерден тұрады:

- мүмкіндігі шектеулі адамдарды азап шегуші әлеуметтік топ болып саналатынын жариялайды;

- ақаулары бар адамдар мен олар кезігетін қанаудың арасындағы айырмашылықтарды жасайды;

- мүгедектікті (аса маңызды) әлеуметтік қанау ретінде анықтайды.

Мұнда марксизмнің саяси экономиясы, мүгедектердің әлеуметтік «жеңілгендер» болып не үшін саналатынына қанағаттанарлық түсініктеме береді. Әлеуметтік институттары бар қоғам аталған модельде, денсаулығында қиындықтары бар адамдардан мүгедек жасайтыны түрінде көрсетіледі. «Мүгедектік» категориясын еңбек нарығында және әлеуметтік ұйымдардағы әрекет арқылы арттырудағы тіректі рөл экономикаға беріледі. Капиталистік өндірістің басты мақсаты ретінде, пайда, кіріс алу болғандықтан, ол денсаулығында тұрақты ақауы бар адамдардың жұмысының өнімді жылдамдығына аз қызығушылық танытады.

9) Тәуелсіз өмірдің британдық моделі нормализация және әлеуметтік валоризация теориясынан туындады. Аталған модель көптеген батыс елдерінде, атап айтсақ АҚШ; Ұлыбританиы және Швецияда мүгедектік саласындағы әлеуметтік саясат тұжырымдамасын құруға әсер етті. Өзінің нақты көрінісін ол мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арнайы интернет желісін қысқартуға және тікелей тұрғылықты мене-жайы бойынша, мүгедектерге қызмет көрсету мен қолдаудың алуан түрлі формаларын дамытуға бағытталған ресми құжаттарды тапты.

Аталған модельдің негізіне алынатын нормализация идеясы, осы бағыттағы белгілі қайта құруларды қамтиды. Бұдан басқа, ол тәуелсіз өмір идеологиясымен сәйкес болатын, өзіне-өзі көмек беруді дамытуды қамтиды. Қоғамның инфрақұрылымына әлеуметтік қызмет жүйесін енгізу, мүмкіндігі шектеулі адамды өз бетімен шешім қабылдайтын және өзінің әрекеті үшін жауапкершілікке ие болатын, қоғамның толыққанды мүшесі етер еді. Нормализация теориясынан туындайтын тәуелсіз өмір идеологиясын жақтаушылар, өзіндік көмек беруді мүгедектің өзін-өзі жүзеге асырудың тиімді үдерісіне ықпал ететін, тіректі және аса пайдалы элемент ретінде қарастырады. Нормализация теориясы мүмкіндігі шектеулі көптеген адамдар үшін аса тартымды болды, себебі оларға ашық социумда дербес өмір сүруге және өздерін кем сезінбеуіне мүмкіндік берді. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қалыпты өмір сүру жағдайлары, өз үйінің, білімінің, еңбекке орналасуының болуын,демалысы мен өмір сүруге арналған қаржысының болуын, алуан түрлі әлеуметтік мүмкіндіктерді пайдалану мүмкіндігін, өзіне-өзі қызмет көрсету мен қарым-қатынас дағдысының болуын қамтыды. Алайда, өзіне-өзі көмек беруге, жақын туыстары мсен жергілікті қауымдастыққа сүйену, белгілі бір дәрежеде мұқтаж адамдарға қараудың дәстүрлі формаларына қайта оралуды білдірді.

Мүгедектіктің аталған моделінің оппоненттері келесі факторларды атап көрсетеді:

- біріншіден, нормализация теориясы мүгедектердің не үшін қысым көретініне және капиталистік коғамда дискриминацияға ұшырайтынына қанағаттанарлық түсініктеме ұсынбайды;

- екіншіден, аталған модельде осы дискриминациядан азат болудың жалпы ауқымды және адекватты стратегиясы көрсетілмеген, тек «тәуелсіз өмірдің» жекеленген тактикасы беріледі;

- үшіншіден, «қалыпты/қалыпты болмау» анықтамаларының екіұштылығы байқалады, ол қоғамда жасанды түрде құрылады және мүмкіндігі шектеулі адамдардың күйін бағалауда қолданылмауы керек.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 2567. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия