Студопедия — Дәріс. Жоспар: Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жариялаған Бала құқығы Декларациясы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс. Жоспар: Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жариялаған Бала құқығы Декларациясы

 

Жоспар:

  1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жариялаған Бала құқығы Декларациясы.
  2. Ақыл-ойы жетілмеген адамдардың құқығы туралы Декларация.
  3. «ЮНЕСКО-ның білім беру саласындағы дискриминациямен күресу туралы Конвенциясы»
  4. Интеграциялық білімнің Отандық нормативті-құқықтық базасы
  1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жариялаған Бала құқығы Декларациясы.

Білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балалардың тең құқықтарын жүзеге асырудың бастамашысы ретінде, Біріккен Ұлттар Ұйымы алынады (БҰҰ). Өзінің құрылған кезінен бастап (1945ж.) БҰҰ мемлекет пен үкіметтің назарын мүмкіндігі шектеулі адамдардың сапалы және қолжетімді білім алу құқығын қамтамасыз ету мәселесіне аударып келеді, олар өз кезегінде БҰҰ-ның бірқатар құжаттарында көрініс табады: Адам құқықтарының Декларациясы (1948ж.), білім беру саласында дискриминациямен күресу туралы Конвенция (1960ж.), бала құқығының Декларациясы (1959ж), ақыл-ойы жетілмеген адамдардың құқықтары туралы Декларация (1971ж.), мүгедектердің құқықтары туралы Декларация (1975ж.). Алғаш рет мемлекеттер халықаралық деңгейде адамның білім алу құқығын 1948 жылы қабылданған адам құқығының Жалпы декларациясында мойындады. Онда білім берудің гуманистік құндылығы және бірегейлігі жарияланды: «Білім беру адамзат тұлғасын толық дамытуға және адам құқығын, оның негізгі еркіндігіне деген құрметті арттыруға бағытталуы керек. Білім беру барлық халықтар, нәсілдік және діни топтар арасындағы өзара түсіністікке, төзімділікке жне достыққа ықпал етуі керек, сонымен бірге әлемді қолдау бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының іс-әрекетіне ықпал етуі керек». Адам құқығының Жалпы декларациясының 26-бабында былай делінген: «Әрбір адамның білім алуға құқығы бар... Техникалық және кәсіптік білім жалпы қолжетімді болуы керек, ал жоғары білім әрбір адамның қабілеттері негізінде, барлығы үшін бірыңғай қолжетімді болуы керек». Мүгедектердің (қоғамның басқа әлеуметтік категориялары сияқты) бұл Декларацияда тікелей аталмауына қарамастан, олардың да басқа азаматтар сияқты білім алу құқығы бар.

23 қараша 1959 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жариялаған Бала құқығы Декларациясында (37), негіз құраушы принциптердің арасында келесі принциптер аталады:

- физикалық, психикалық және әлеуметтік тұрғыда толыққанды болып саналмайтын балаға, арнайы режим, білім және қамқорлық қамтамасыз етілуі керек.

- баланың тегін және міндетті білім алу құқығы бар, бастапқы сатыда балаға білім берілуі керек, ол баланың жалып мәдени дамуына ықпал етеді және мүмкіндіктердің теңдігі негізінде өзінің қабілеттерін дамыта алады, қоғамның пайдалы мүшесі бола алады.

- бала нәсілдік, діни және дискриминацияның басқа түрлерін қолдайтын тәжірибеден оқшаулану керек.

Нәтижесінде, 50 жыл бұрын әлемдік қауымдастық белгілі бір нормаларды құрды, оларға сәйкес денсаулығында физикалық, сенсорлы немесе ментальды ақауларымен байланысты ерекше қажеттіліктері бар балаларға, мүмкіндіктердің теңдігі принципін бұлжытпай сақтауда, қосымша (арнайы) қатынас талап етілді.

  1. «ЮНЕСКО-ның білім беру саласындағы дискриминациямен күресу туралы Конвенциясы»

1960 жылы ЮНЕСКО өзінің білім беру саласындағы дискриминациямен күресу туралы Конвенциясын қабылдады. Аталған Конвенцияға сәйкес, «дискриминация» ұғымы кез келген айырмашылықты, шығаруды, шектеуді немесе қалауды білдіреді, оның мақсаты білім беру саласындағы теңдіктің бұзылуы немесе жоюдың салдары:

а) белгілі бір адам немесе топ үшін кез келген сатыдағы немесе типтегі білімнің қолжетімділігін жабу;

б) адамның абыройына сәйкес келмейтін қағида, оған белгілі бір адам немесе топ қойылады.

Соған байланысты, мемлекет міндетті:

а) барлық заңнамалық қаулыларды және әкімшілік өкімдерді жою, білім беру саласындағы дискрминиациялық сипаттағы әкімшілік тәжірибені тоқтату.

б) мемлекеттік органдардың оқу мекемелеріне белгілі бір көмек түрін ұсынған жағдайға, оқушылардың белгілі топқа қатыстылығына негізделген ешбір қалаулар мен шектеулерге жол бермеу;

с) бастауыш білім алмаған немесе оны бітірмеген адамдарға білім берудің қолайлы әдістерін мадақтау және дамыту, олардың білімін әркімнің қабілетіне қарай жалғастыру.

Мұнда аталған Тұжырымдамадағы ешбір ескертулерге жол берілмеді.

Содан кейін міндетті күші бар бірнеше келісімдерді қабылдауға жол берілді, олардың арасында қазіргі баяндамаға 1966 жылғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакттың тікелей қатысы болды. Халықаралық Пакттің 13-бабында Жалпы декларация әрбір адамның міндетті және тегін бастауыш білім алу, сонымен бірге тегін орта және жоғары білім алуға бірте-бірте өту құқығын ресими жариялау есебінен әрі қарай дамыды.

  1. Ақыл-ойы жетілмеген адамдардың құқығы туралы Декларация.

БҰҰ қабылдаған халықаралық құжаттардың негізгі блогы, мүгедектердің құқығы мәселесіне арналған. Ақыл-ойы жетілмеген адамдардың құқығы туралы Декларация (38) 1971 жылы қабылданды, оның 2-тармағында мемлекеттерге «ақыл-ойы жетілмеген адамдардың білім алуға, оқуға құқығы бар екендігі, білім мен оқудың олардың өзіндік қабілеттерін және барлық мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік беретінін» ерекше назарға алуын ұсынады.

Ақыл-ойы жетілмеген адамдардың құқығы туралы Декларацияда келесі мәселелер атап өтіледі:

1. Ақыл-ойы жетілмеген адамның жүзеге асырылуы бойынша басқа адамдар сияқты барынша дәрежедегі құқығы болады;

2. Ақыл-ойы жетілмеген адамның қажетті медициналық қызметке және емделуге, сонымен бірге білім алуға, оқуға, еңбекке қабілетсіздігін қалпына келтіруге, қолдау алуға құқығы бар, олар оған өзінің қабілеттерін және бар мүмкіндіктерін дамытуға ықпал етеді.

3. Ақыл-ойы жетілмеген адамның материалдық қамтамасыздандыруға және қанғаттаннарлық өмірлік деңгейге құқығы болады. Ол тиімді еңбек етуге немесе өзінің мүмкіндіктеріне қарай, толыққанды шамада басқа пайдалы іспен шұғылдануға құқығы бар.

4. Мүмкін болған жағдайда, ақыл-ойы жетілмеген адам өзінің отбасының ортасында немесе асырап алған ата-анасымен өмір сүруге және қоғам өмірінің әртүлі формаларына қатысуға құқығы болады. Мұндай адамды арнайы мекемеге орналастыру қажет болған жағдайда, жаңа орта мен өмір жағдайының әдеттегі өмір жағдайларынан онша айрықшаланбағанындай жасау қажет.

1974 жылы мүгедектердің сегрегациясына қарсы тұруға бағытталған мүмкіндігі шектеулі адамдар Одағы құрылады. Одақ мүшелерінің басылымдарында шектелген мүмкіндіктерді саналы мағыналаудың жаңа әлеуметтік тұжырымдамасы құрастырылады: қиындықтар мен шектеулер ең алдымен, қоғамдағы жағдайлар және кедергілерге байланысты пайда болады. Осы кедергілерді құра отырып, қоғам адамға, әсіресе мүмкіндігі шектеулі балаға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік бермейді. Әрі қарай бұл тұжырымдама мүгедектіктің әлеуметтік тұжырымдамасы ретінде танымал болды.

1975 жылы мүгедектердің құқығы туралы Декларацияда (39), білім беру және әлеуметтік құқықтармен қамтамасыз ету нормалары, ментальды және денсаулығында басқа бұзылыстары (ақаулар) бар барлық адамдарға қатысты болды: «Мүгедектердің білім алуға, қолөнерлік кәсіптік дайындыққа, оған өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін барынша көрсетуге мүмкіндік беретін, олардың әлеуметтік интеграциясы немесе реинтеграциясы үдерісін жеделдететін қызмет көрсетудің басқа түрлеріне құқығы болады» (Декларацияның 6-бабы). Декларацияда мүгедектердің осы құжатта көрсетілген барлық құқықтарды қолдану қажеттілігі атап көрсетіледі. Бұл құқықтарды барлық мүгедектер нәсілі, терісінің түсі, жынысы, тілі, діни сенімі, саяси және басқа сенімдері, ұлттық немесе әлеуметтік жағдайы, материалдық жағдайы, кез келген факторға қатыссыз мойындаулары қажет.

Аталған құжатта мүгедектердің адами абыройын және намысын құрметтеудің ажырамас құқығы атап көрсетіледі. Өздерінің кемістіктері мен ақауларының пайда болуы, сипаты және күрделілігіне қарамастан, мүгедектердің осы жастағы басқа азаматтар сияқты негізгі құқықтары болады, бұл бірінші кзекте аса қалыпты және толыққанды қанағаттанарлық өмір сүру құқығын білдіреді. Декларация мүгедектігі бар адамдардың азаматтық және саяси құқықтарын көрсетеді. Мұнда мүгедектердің медициналық, психикалық немесе функционалды емделу құқығы бекітіледі, ол емдеу протездік және ортопедиялық аппаратты, денсаулықты қалпына келтіруді, білім алуды, қолөнер кәсіби даярлықты, еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіруді, көмек алуды, кеңес беруді, қызмет алу мен еңбекке орналастыруды қамтиды, олар өз кезегінде мүгедектерді өздерінің мүмкіндіктерін және қабілеттерін барынша көрсетуге ықпал етеді және олардың интеграция немесе реинтеграция үдерістерін жеделдетеді.

ХХ ғасырдың 70-жылдарында негізі қаланған «білім – барлығы үшін» принципін дамытуды жалғастырып, мүгедектерге қатынаста әрекет етудің Бүкіләлемдік бағдарламасы (23) 1982 жылдың 3 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен қабылданды, ол БҰҰ мүше-мемлекеттердің осындай саясатын ұйымдастырудың бағыттарын нақты белгіледі, ол өз кезегінде мүгедектердің басқа адамдардай білім алу мүмкіндігі мен құқығын мойындайды. Мұнда мүгедектерге білім беру мүмкіндігінше жалпы мектеп жүйесінің аясында жүргізілуі керек. Білім алу құқығын жүзеге асыруда, мемлекет балаларды сыныптан сыныпқа көшіру мен қабылдау жасына қатысты кез келген ережелерді қолдануда «ерекше икемділікті ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге, мүгедек оқушыларға емтихан жүргізуді қамтамасыз ету керек», мүгедек балалар мен ересектерге білім беру жүйесін құрастыруда негізгі критерийлерді есепке алуы керек. Бұл жүйе «дараландырылуы, кез келген адам үшін қолжетімді болуы керек; тұрғындардың аталған тобының ерекше қажеттіліктеріне сәйкес бірқатар мүмкіндіктерді ұсынуы керек».

Атап өтетін бір жайт, Бүкіләлемдік бағдарламаның 124-тармағында былай деп көрсетілген: «егер белгілі бір себеппен, жалпы мектепте білім беру жүйесінің мүмкіндігі бірқатар мүгедек балалар үшін жеткіліксіз болса, онда бұл балалар аталған уақыт мерзімінде арнайы мекемеде оқуы керек. Мұндай арнайы мектепте оқытудың сапасы, жалпы мектептегі білім беру жүйесінің сапасына тең болуы керек, білім беру жүйесінің бұл екі жүйесі өзара тығыз байланысты болуы керек». Бұл өте маңызды норма, ол арнайы білім берудегі жетістіктерді сақтауға мүмкіндік береді және оны жалпыға қолжетімді білім беру үдерісінің бағытында дамытуға мүмкіндік береді. Алайда, Бүкіләлемдік бағдарлама мүгедектерді және «мүгедек еместерді» жалпы оқу бағдарламасы бойынша, мүгедектігі бар адамдарға білім беру негізінде, бірлесіп оқытуға ешбір талассыз басымдылық береді.

  1. Интеграциялық білімнің Отандық нормативті-құқықтық базасы

1989 жылы бала құқығы туралы Конвенция (1) қабылданды, оған сәйкес мүше-мемлекеттер өздерінің міндетіне әрбір баланың құқығын ешбір дискриминациясыз, нәсіліне, жынысына, тіліне,дініне, саяси немесе басқа сенімдеріне, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік жағдайына, денсаулық күйіне және бала тууына, оның ата-аналарына немесе заңды қамқоршыларына қарамастан қамтамасыз ету және құрметтеу міндетін қабылдады. 23-бапта мүше-мемлекеттер толыққанды емес баланың ерекше қамқорлыққа деген құқығын мойындайды және қолдайды. 28-бапта мүше-мемлекеттер баланың білім алу құқығын мойындайды, оның мақсаты – тең мүмкіндіктер негізінде осы құқықты жүзеге асыруға бірте-бірте жету болып саналады, атап айтсақ, тегін және міндетті бастауыш білімді енгізуді міндеттейді.

1990 жылы балаларды қорғау және дамыту, өмір сүруін қамтамасыз ету туралы Бүкіләлемдік декларациясы қабылданды, оның міндеттері ретінде, мүгедек балаларға, сонымен бірге аса қиын жағдайда болатын басқа балаларға көбірек зейінді бөлу, қамқорлық таныту және қолдау көрсету алынады. Аталған декларацияға қол қойған елдер, сауатсыздық деңгейін төмендететін және барлық балаларға өздерінің шыққан тегіне және жынысына қарамастан, білім алу мүмкіндігін ұсынатын бағдарламаларды жүзеге асыру міндетін қабылдады; олар балаларды еңбек іс-әрекетіне дайындайды және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ұсынады, мысалы, кәсіптік даярлау жолы арқылы; бұл балларға кәмелеттік жасқа жету мүмкіндігін ұсынып, қолайлы және мәдени жағдайларда қолдау сезіміне бөлейді.

Инклюзивті тұғырды дамытуда маңызды оқиға ретінде, 1990 жылдың наурыз айында Джомтьене (Тайланд) қаласында барлығы үшін білім беру бойынша Бүкіләлемдік конференцияны өткізу алынды. 155 елдің, 160 үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, конференцияның жұмысына қатысып, әрекет ету Бағдарламасын қабылдады, аталған бағдарлама көрсетілген мақсаттарға жету бойынша әрекеттер мен іс-шаралардың нақты бағыттары айқындады, мұны барлығы үшін білім беру туралы Бүкіләлемдік декларация қолдады. Оны жариялай отырып, «әрбір адам бала, жас адам немесе ересек адам бола тұрып, білім алу құқығы және оның жемісін қолдануға құқығы бар», барлығы үшін білім алу туралы Бүкіләлемдік декларация білім беруді дамытудағы жаңа беттерді ашты. Ол білім берудің қатал, рецептуралық жүйесінің аяқталуы және жүйенің икемділігі дәуірінің басталуы жайлы жариялады, барлық елдерді өздерінің білім беру жүйесін білім алушылардың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарына, мәдени және тарихи жағдайларға бейімделген тұтынушылардың сұранысына сәйкестендіруге шақырды.

Балаларға, жас адамдарға және ересектерге бастауыш, орта және жоғары білім беру саласындағы тең мүмкіндіктері анықтауда, «Мүгедектерге арналған тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережелерінің» (1993ж) зор мәні болды, ол жалпы мектептік білім беру жүйесінде, барлық мүгедектердің білім алу қажеттіліктерін адекватты қанағаттандыру мүмкіндігін қамтиды. Аталған құжатта интеграциялық құрылымда мүгедектігі бар балаларға, жас адамдарға және ересектерге бастауыш, орта және жоғары білім беру саласында тең мүмкіндіктер принципін қамтамасыз етуге шақырды. Мемлекет мүгедектерге білім берудің жалпы білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі болғанын қамтамасыз етуі керек. Мұнда интеграциялық құрылымдағы мүгедектерге білім берудегі жауапкершілік, жалпы білім беру органдарына жүктелуі керек. Құжат мемлекеттерге білім беру саласындағы ұлттық жоспарлау бағдарламасына, мүгедектерге білім берумен байланысты мәселелерді енгізуді және мұнда оқу бағдарламаларын құрастыруда және оқу үдерісін ұйымдастыруда есепке алуды ұсынды. «Интеграциялық» бірлескен білім берумен қатар, Стандартты ережелер, «жалпы мектептік білім беру жүйесі барлық мүгедектердің қажеттіліктерін адекватты түрде қанағаттандырмаған жағдайда, арнайы оқытуды қарастыруға болады. Ол жалпы мектептік білім беру жүйесінде оқытуға оқушылардың даярлауға бағытталуы керек. Мұндай оқытудың сапасы жалпы білім беру жүйесіндегі оқытудың стандарттары мен мақсаттарына сәйкес болуы керек. Мүгедек оқушыларға қалыпты балаларға бөлінетін білім ресурстарын бөлу керек. Мемлекет арнайы оқу мекемелерін жалпы білім беру жүйесіне бірте-бірте интеграциялауға ұмтылуы керек.

«Мүгедектерге арналған тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережелерінде», алғаш рет мүгедектікке келесі үлгіде анықтама берілді: «мүгедектік – бұл ағзаның функцияларының тұрақты бұзылуымен, денсаулықтың бұзылуына әкелетін, өмір сүру әрекетін шектеуге жетелейтін, әлеуметтік қорғаудың қажеттілігін туындататын әлеуметтік жетіспеушілік», ал балалық кезеңде – «баланы білім беру және тәрбие бағдарламаларына енгізудің күрт шектелген мүмкіндігі, қосымша қарау мен көмекке деген ерекше қажеттілік». Сондықтан, білім алудағы тең құқықтарды жүзеге асыру, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қоғам өміріне белсенді қатыстыру, олардың әлеуметтік бейімделуін жүзеге асыру, жалпы білім беретін мектепке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қажет.

Атап өтетін бір жайт, аталған құжат арнайы білім берудегі жетістіктерді сақтауға және оларды жалпы қолжетімді білім беру үдерісі бағытында дамытуға шақырады. Мұндай арнайы оқытудың сапасы, жалпы мектептік жүйеде оытудың сапасына тең болуы керек, бұл білім берудің екі жүйесі өзара тығыз байланысты болуы қажет.

Әлемдік педагогикалық қауымдастық үшін, 1994 жылы Испанияның Саламан қаласында ЮНЕСКО ұйымдастыруымен өткізілген ерекше қажеттіліктері бар адамдарға білім беру бойынша Бүкіләлемдік конференция айқын оқиға болды. Нәтижесінде, педагогикаға «инклюзивті білім беру» термині енгізілді және инклюзивті білім берудің негізгі принциптері жарияланды. Аталған конференцияда қабылданған Саламандық декларация, «инклюзивті білім беруді» білім беруді дамытудың басты бағыты ретінде жариялады. Мұндай тұғырдың ерекше айырмашылығы сонда, бұл білім беру жүйесі әрбір баланың ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне бейімделуі керек, мұнда жалпы білім беретін мектептерде бірлесіп оқытумен қатар, бірқатар балалар арнайы мекемелерде де оқи алады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру сияқты маңызды саланың қалыптасуы, көп жағдайда әрбір нақты елдің дәстүрлері мен деңгейіне тәуелді болады. Сондықтан, аталған құжаттарда БҰҰ мүше елдердің білім беру жүйесін жетілдірудің жалпы бағыттары мен принциптері анықталады. Осылайша, жоғарыда аталған халықаралық құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде, өткен ғасырдың 90-жылдары, білім беру саласында мүгедектіктің жаңа идеологиясымен байланысты және «инклюзивті білім беру», «инклюзивті тұғыр» ұғымдарында жалпыланған бағыт дами бастады. Инклюзивті тұғыр балалардың алуан түрлі білім алу қажеттіліктерін түсінуді және осы қажеттіліктерге сәйкес, балаларды білім беру үдерісіне аса толық қатыстыру, қоғамдастықты баулу, білім берудегі дискриминация мен сегрегацияны жою арқылы қызмет ұсынуды қамтиды.

ЮНЕСКО құрастырған құжаттардың стандарттарын құратын бірнеше басқа құжаттар, білім беруге жалпы ортақ қолжетімділіктің нормативті базасын және инклюзивті тұғырларды қамтамасыз етеді, оның ішінде білімді жалғастыру және өмір бойы оқыту тұғырын қамтамасыз етеді. Бұл құралдар барлығы үшін білімнің қолжетімділігінің халықаралық заңды міндеттемелерін құрады: діни және лингвистикалық азшылық тобы, тұрғылықты халық, екінші реттегі әлеуметтік және экономикалық топтар, иммигранттар, мүгедектер, босқындар және кедейшіліктің себебінен білім алу құқығынан айырылғандар.

2000 жылы сәуір айында білім беру бойынша Бүкіләлемдік форум өткізілді, онда әрекеттердің Даңарлық аясы қабылданды, оның мақсаты әрбір баланың, жас адамның және ересек адамның ұрпақтан ұрпаққа, өмір бойы базалық білімділік қажеттіліктерін қанағаттандыру болып саналатын, стратегияның негізінде құрастырылған халықаралық қауымдастықтың жалпы бейімделушілігі көрсетіледі. Әрекеттердің Дакарлық стратегиясы, 2015 жылға қарай барлық балалардың, әсіресе қыздар мен күрделі жағдайда өмір сүретін балалардың, этникалық аз топтардың лайықты сапасы бар тегін бастауыш білімге қолжетімділігіне кепілдік береді.

Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қалыпты білім беретін ұйымның білім беру үдерісіне белсенді қатыстыруды ғана емес, сонымен бірге барлық категориядағы балалардың білімділік қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында, жалпы білім беру жүйесін және оқу-тәрбие үдерісін қайта құруды қамтиды. Көріп отырғанымыздай, философиялық білімнің аясындағы гуманистік идеялардың құқықтық, педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік салаларға бірте-бірте ендірілуі үшін біршама уақыт талап етеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен адам құқығы саласындағы негіз құраушы халықаралық құжаттарға сәйкес, елдегі барлық балалардың білім алуға деген тең құқықтары принципі қарастырылады. Аталған құжаттардың негізінде, мемлекет кез келген балаға ұлтына, діни сеніміне, денсаулық күйіне қарамастан, тегні жалпы білім алу құқығына кепілдік береді. Балалардың білім алу құқығына кепілдік беретін құжаттар:

  • ҚР Конституциясымен,
  • ҚР «Білім туралы заңымен»,
  • «Бала құқығы туралы» Заңмен,
  • «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік, медико-психологиялық-коррекциялық қолдау туралы» заңымен.
  • «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен,
  • ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасында білім берудің дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» саналады.

1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған ҚР Конституциясында, барлық азаматтарға мемлекеттік оқу мекемесінде тегін орта білімге кепілдік беру қарастырылады. Мұнда орта білім міндетті болып саналады. «ҚР бала құқығы туралы» Заңында (2002) барлық балалардың білім алу құқығы бекітіледі және оларға тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқығына кепілдік беріледі, сайыстық негізде – тегін техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алу құқығына ҚР білім туралы Заңнамасына сәйкес кепілдік беріледі. Мұнда арнайы педагогикалық тұғырларға мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі балаларға, мемлекеттік бюджеттен қалыптасқан стандарт деңгейінде білім алуға кепілдік беретін қосымша қаржы бөлу қарастырылған.

ҚР «Білім туралы» Заңында (2007), білім беру жүйесінің жалпы міндеттерінің арасында, мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім алуының арнайы шарттарын құру міндеті айқындалады. Мұндай шарттарға білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктерін және әлеуетті мүмкіндіктерін есепке алатын арнайы білім беру, оқу бағдарламалары жатады, олар психологиялық-медико-педагогикалық кеңестің ұсыныстарын ескеру арқылы анықталады.

Аталған Заңның негізінде, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке оқу жоспары, қысқартылған білім беруші оқу бағдарламалары, білім беру ұйымының шешімі бойынша, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты аясында оқуға құқықтары болады.

«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» Заңда (2002), мүмкіндігі шектеулі балалардың арнайы білім беру ұйымдарында немесе мемлекеттік жалпы білім беретін оқу мекемесінде тегін білім алу құқығы атап көрсетіледі. «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес (2005), мүгедектер білім алу және мектепке дейінгі мекемеде тәрбие алу үшін барлық жағдайлармен қамтамасыз етілуі керек. Мүгедектерге тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға кепілдік беріледі. Жалпы типтегі мектепке дейінгі мекемеде және орта білім беру ұйымдарында бөлу мүмкіндігінен айырылған мүгедек балалар үшін, балабақшалар мен басқа арнайы коррекциялық ұйымдар құрылады.

Барлық адамдарға арналған сапалы білімге қолжетімділікте, тек құқықтардан – тең мүмкіндіктерге қозғалыстағы бірізді қадамдарды жасай отырып, ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасында білім берудің дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында», маңызды міндеттердің бірі ретінде, инклюзивті білім беруді дамытуды анықтайды. Бағдарламада барлық балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру кеңістігіне ендірудің қажетті нормативті-құқықтық негізін құруға ықпал ететін іс-шаралар анықталды. Мемлекеттік бағдарлама білім беру жүйесін 2020 жылға қарай бағыттайды:

- 3030 мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге тең дей қолжетімділік үшін жағдайлар құрылатын болады (мектепте дефектолог-педагогтар және балаларды психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етудің болуы, арнайы жеке техникалық және компьютерлік құралдардың болуы);

- мектептердің жалпы санының 70%-нан инклюзивтің білім беруге жағдай жасайтын мектептердің үлесі арттырылатын болады;

- мектептердің жалпы санының 20%-нан мүгедек балаларға «кедергісіз қолжетімділік» құрастын мектептердің үлесі;

- мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санының 50%-ы инклюзивті білім беру қамтылған балалардың үлесі.

2009 жылы ҚР Үкіметінің «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық коррекциялық қолдау бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту» туралы қаулысын жүзеге асыру аясында, ҚР БҒМ «Мүмкіндігі шектеулі балаларға интеграциялық (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар» дайындады және ол өз жұмысында қолдану үшін білім беру ұйымдарына бағытталды. Аталған ұсыныстарға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектепке қабылдау, ата-аналардың жазбаша өтініші бойынша немесе басқа заңды өкілдердің, психологиялық-медико-педагогикалық кеңес берудің қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

Әдістемелік ұсыныстарға сәйкес, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балалар контингенті болған жағдайда сыныптар ашылады:

1) интеграциялық оқыту сыныптары, олар мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне толық интеграциялауды жүзеге асырады. Интеграциялық оқыту сыныбында мүмкіндігі шектеулі үш оқушыдан артық бала оықытылмайды;

2) арнайы (коррекциялық) сыныптар (әрі қарай – арнайы сыныптар), олар мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне жекелей интеграциялауды жүзеге асырады.

Құжатта мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу, бұзылған немесе жоғалған функцияларды түзету немесе орнын толтыру мақсатында, жалпы білім беретін мектептерде арнайы білім беруші және материалдық-техникалық жағдайлар құрылуы мүмкін (қазіргі заманғы техникалық және қосалқы құралдармен қамтамасыз ету, аталған категориядағы барлық балаларға жалпы білім беру және арнайы білім беру бағдарламасын толық меңгеру үшін, қолдаудың қажетті деңгейін көтеру).

Әдістемелік ұсыныстарда білім беру ұйымдарының ішіндегі коррекциялық педагогикалық қолдауды, арнайы педагог (дефектолог), психолог, әлеуметтік педагог т.б. мамандардың жүзеге асыру қажеттілігі атап көрсетіледі. Педагог-дефектолог маманның арнайы әдістемесін ажырататын педагогикалық салалары дайындалады. олар:

- тифлопедагогика (көрмейтіндер мен нашар көретіндер)

- сурдопедагогика (естімейтіндер мен нашар еститіндер)

- тифлосурдопедагогика (күрделі кемістігі бар яғни естуімен қатар көруінде ауытқуы бар)

- логопедия (сөйлеуінде ауытқуы бар)

- олигофренопедагогика (зиятында ауытқуы бар).

Білім беру ұйымынан тыс мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үдерісін қамтамасыз етуді, арнайы коррекциялық білім беру ұйымдарының мамандары, психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеті, логопед пункттері, медициналық мекеме мамандары келісім-шарт негізінде жүзеге асырулары керек.

Осылайша, ҚР тәуелсіздігін жариялағаннан бері, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім берудегі теңдей қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Арнайы (коррекциялық) интеграциялық оқу ұйымдарында оқытудың кең тараған формаларының орнына, әлемнің көптеген озық елдерінде танылған, оқытудың жаңа инклюзивті формасы келді, ол әрбір баланың тұрғылықты мекен-жайына бойынша жалпы білім беретін мекемеде оқу құқығын қамтамасыз етеді.

ҚР-да бұл форма 90-жылдары тарай бастады, негізінен әртүрлі халықаралық ұйымдардың қолдауымен, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне ендірудің мемлекеттік жүйесін құру бойынша ғылыми зерттеу қызметін ұйымдастырған профессор, п.ғ. докторы Р.А.Сүлейменованың бастамасымен тарады. Аталған қызметтің нәтижесі ретінде, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне ендірудің өзекті мәселелерін анықтау алынады.

2000 жылдан бастап ҚР-да мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты жаңа білім беру саясаты қалыптаса бастады, балалардың әлеуметтендіру, тәрбиелеу, білім беру, әлеуметтік қолдау және бейімдеудің оңтайлы жолдары белсенді түрде іздестіріле бастады. Арнайы білім беру саласына балаларды дені сау қатарластарының білім беру ортасына интеграциялау бойынша, инновациялық үдерістер кеңірек енгізіле бастады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңтайлы бейімдеу және қоғамға интеграциялаудың оңтайлы жолдарын құрудағы инновациялық бағыттарды зерттеу бойынша жұмыс жетілдіреді.

 

Дәріс




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Тақырыбы: Интеграциялық үдерістердің халықаралық және отандық нормативті-құқықтық базасы | 

Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 3849. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия