Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Ежелгі Шығыс философиясы





Дәріс жоспары:

1. Ежелгі Үнді философиясының пайда болуы және кезеңдері.

2. Үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері.

3. Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, өзіндік болмысы.

4. Даосизм және Конфуций ілімі – Қытай философиясының негізгі ағымы.

 

Дәріс мазмұны:

Ол біздің заманымызға дейінгі Х ғасырда басталды. Бұл қола дәуірінен темір дәуіріне көшу, рулық-тайпалық құрылымның ыдырауы, товар-ақша қатынасының қалыптасуы, мемлекеттің пайда болуы кезеңдері болатын.

Үнді қоғамында веда кейін өз алдына брахмандар дамытқан кітапта жазылған діни – ареньяк (тоғай кітабы), оны таратқан шайқыларға, сондай-ақ – упанишада (ұстаз қасында отырып дәріс тыңдау) дәстүрлеріне айналды. Бірақ веданың нағыз шын берілген қолдаушысы жоғары каста – брахмандар болды. Кейін осылардың негізінде тұңғыш үнділік философия қалыптасты. Жайнизм – этикалық ілім. Оның негізі – адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Жайнизм – материяны жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат атом, не атомдар қосындысы) субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеңістік, уақыт, қозғалыс, тыныштық та кіреді. Ал жанның басты белгісі, джайнизм бойынша – сана. Жан – мәңгі, оның мүмкіндіктері шексіз. Бірақ ол денемен бірге өмір сүреді. Бұл оны шектегендік болып табылады.

Буддизм – біздің заманымызға дейінгі VI-V ғасырларды діни ілім ретінде дүниеге келді. Ол брахманизмге қарсы әділдік көксеген төменгі таптар арасында пайда болды. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты, дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха немесе Гаутама Будда. Ол б.з.б. VI ғасырда өмір сүрген. Бұл дін Шығыс елдеріне (Қытай, Жапония, т.б.) кең тараған. Буддизм теориялық философиядан гөрі діни этикаға негізделген. Мақсаты адамдарды түрлі рухани азаптардан босату және оған жетудің жолын іздестіру. Буддизм кейін бірнеше ағымдарға бөлінеді. Ертедегі Үнді философиясында материалистік ағым да болды. Оны локаята (немесе чарвактар) дейді. Локаята бұл дүниеден басқа о дүние бар дегенге сенбестік білдіреді. Табиғаттағы заттар: ауа (жел), от (сәуле), су, жерден тұрады дейді.

Ертедегі Қытай философиясында конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам Конфуций (б.з.б. 551-479 жж.) ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған орны ерекше. Ол бірнеше кітаптар құрастырды (“Өлеңдер кітабы”, “Көктем және күз” жылнамасы, т.б.) бұл кітаптарда Қытай мәдениеті жинақталған.

Идеализм мен мистикаға қарсы күресте даоцизм ілімі, былайша айтқанда, Дао жөніндегі Лао-Цзы (VI-V ғ.) ілімі дүниеге келді, өмір сүрді. Оның пікірінше, табиғат пен адамдарды басқаратын Көк Аспан емес, Дао деп қарады. Дао – заттардың табиғи заңы, ол цзи субстанциясымен бірге әлемнің негізін құрайды, деді. Лао-Цзы пікірі бойынша, адам заттардың табиғи даму процесіне араласпауы қажет. Ал кімде-кім оған араласып, оны өзінің жеке басының пайдасына икемдемек болса, ол адам сәтсіздікке ұшырайды, дейді.

Әдебиеттер:

1. Алтаев Ж.А., Мұқанбетәлі К. Философия тарихы. – А., 1999.

2. Ақназаров Х.З. Философия тарихынан дәрістер курсы. – А., 1992.

3. Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы. – А., 1992.

4. Кішібеков Д., Сыздықов Ұ. Философия. – А., 1994.

5. Литман А.Д. Современная индийская философия. – М., 1985.

6. Сепанянц М.Т. Восточная философия: Вводный курс. Избранные тексты. – М., 1997.

7. Радхакришнан. Индийская философия. – М., 1956.

8. Философиялық сөздік. – А., 1996.

9. Чанышев А.Н. Курс лекций по древней философии. – М., 1981.

10. Чаттерджи С., Датта Д. Индийская философия. – М., 1966.

11. Антология мировой философии. Т.1. – М., 1969.

12. Древнекитайская философия: собрание текстов в 2 т. – М., 1972.

13. Китайская философия: энциклопедический словарь. – М., 1994.

14. Книга перемен. – М., 1993.

15. Хрестоматия по истории философии. От Лао-Цзы до Фейербаха. – М., 1997.

 







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 2231. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия