Дәріс 2. Әлеуметтік педагогиканың негізгі категориялары
Дәріс жоспары: 1.Әлеуметтік педагогика ғылымының негізгі категориялары 2.Әлеуметтік педагогика пәнінің басқа педагогикалық пәндермен байланысы 3.Әлеуметтiк педагогика ғылымының төл және кірме ұғымдары мен олар арасындағы сабақтастық байланыс
Әлеуметтік педагогика ғылым ретінде адамның бүкіл өмірі барысында жүзеге асырылатын әлеуметтік тәрбиесін қарастырады. Барлық ғылымдар саласы секiлдi әлеуметтiк педагогика да өзiндiк ұғымдар мен түсiнiктерге және ғылыми категорияларға ие. Олар әлеуметтену, әлеуметтiк оқу, әлеуметтiк тәрбие, әлеуметтiк iс-әрекет, әлеуметтiк-педагогикалық iс-әрекет, әлеуметтену процесi және т.б. «Әлеуметтiк» деген сөз латын тiлiнен аударғанда «қоғамдық» деген мағынаны бiлдiредi, яғни қоғамдағы адамдардың өмiрiмен және қарым-қатынасымен байланысты қоғамдық дегендi дәйектейдi. Бұл мағынада адамның әлеуметтiк дамуы мен тәрбиесi туралы ғана емес, қоғамдағы әлеуметтiк құндылықтарға, нормалар мен ережелерге бағдар алу туралы сөз етуге болады. Әлеуметтiк педагогикада екi бағыт байқалады: әлеуметтiк және тұлғалық. Бiрiншi бағыт мемлекет пен қоғамның өскелең ұрпақты тәрбиелеуге жалпы ықпал етуi арқылы анықталады. Бұл - социопедагогика деп аталады, ал тар мағынада - адамның тұлғасын қалыптастыру процесiне өмiр сүру ортасының ықпалы - орта педагогикасы болып саналады. Әлеуметтік педагогиканың мәселелерi П. Наторп, И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский, Н. И. Пирогов, Дж. Дьюи, Г. Кершенштейнер, Р. Зейдель, С. Т. Шацкий, А. С. Макаренко, Б. Р. Лихачев, В. Д. Семенов және т.б. еңбектерiнде теориялық тұрғыдан зерттелдi.
Әлеуметтiк педагогиканың тұлғалық бағыттары Дж. Локк, Ж. Ж. Руссо, Ф. Ницше және т.б. философиялық көзқарастары арнасында қарастырылған. Аталмыш бағыттың бастауы – «даралық» педагогикасы болып саналады. XIX ғасырдың екiншi жартысында адамнан жоғарыны қалыптастыру концепциясы пайда болды. (Ф. Ницше) Бұл бағыт педагогтар алдына адамның өзi үшiн тәрбиелеу мәселесiн шешудi мiндет еттi. Тұлғаның әлеуметтiк қалыптасуы оның табиғат заңдары бойынша дамитын әлеуметтiк жан ретiнде, әрi әлеуметтiк орта, қоғам, индивидтiң белгiлi бiр ықпал ету қабiлеттiлiктерiн ескеру негiзiнде тәрбиеленедi деген тұжырым бередi. Адамның әлеуметтiк өзiндiк дамуы өте күрделi процесс, дегенмен әлеуметтiк даму жағдайлары, бағыттары және қарқындылығы өзгерiс үстiнде болады. Сонымен, әлеуметтік педагогика ғылымының негізгі категориялары: әлеуметтену, әлеуметтену процесi, әлеуметтік оқу, әлеуметтік тәрбие, педагогикалық іс-әрекет, әлеуметтік-педагогикалық iс-әрекет, әлеуметтендіру, әлеуметтендіру факторлары, әлеумет (социум), микроәлеумет, әлеуметтік институт, теріс әлеуметтендіру (деәлеуметтендіру) институттары, әлеуметтік рөл, әлеуметтік бейімделу, әлеуметтік құлдырау, педагогикалық құлдырау, балалықты қорғау, бала құқығы, қамқорлыққа алу, қорғаншылық жасау, жетімдік, балаларға деген қатігездік қатынас, әлеуметтік жұмыс, қайырымдылық әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік реабилитация, әлеуметтік кеңес беру, отбасылық кеңес беру, отбасы терапиясы және т.б. Педагогика ғылымы «жеке адам», «даму», «әрекет», «әлеуметтендіру», «қоғам» деген секілді көптеген басқа пәндер түсініктерін де қолданады. Оны педагогика ғылымының кірме түсініктері деп айтамыз. Ал педагогика ғылымының төл ұғымдары «білім беру», «оқыту», «тәрбиелеу» категориялары болып табылатындығын бiлемiз. Енді осы ұғымдардан әлеуметтік педагогиканың негізгі түсініктерін ажыратып көрсетейік. Түсінік - бұл шындықты танып-білу процесінің санамызда бейнеленуінің бір формасы болып табылады. Ғылыми түсінік бірден қалыптаспайды. Түсініктің мәнін анықтау үшін оның белгілерін ажыратып алу қажет. Сонымен қатар, негiзгi ұғымдар деп тек сол ғылымға тән түсiнiктердi айтамыз. Кез келген жаңа ғылым саласы өзiнiң негiзгi түсiнiктерiнен туындайтын жаңа түсiнiктерге ие болады. Әлеуметтiк педагогиканың түсiнiктерi педагогика ғылымының түсiнiктерiнен туындайды, олай болса әлеуметтiк педагогика пәнiнiң өзi ғылыми педагогиканың бiр саласы ретiнде көптеген зерттеу объектiсi жеке адамның қалыптасуы болып табылатын басқа ғылымдармен тығыз байланыста болады. Оны төмендегі 1-схема мынадай түрiнде көрсетуге болады: Тұжырым: 1Әлеуметтік тәрбиенің мақсаты адамзат қоғамының барлық кезеңiнде адамды өзi өмiр сүрiп отырған қоғамының талаптарына сай етiп қалыптастыруды көздеген. Әлеуметтік педагогика ғылдымының негізгі категориялары педагогика ғылымы категорияларынан келіп туындайды, сонымен қатар олар да қоғамдық категория болып табылады. Өйткенi әртүрлi қоғамдық талаптарға сай берiлген анықтамалар мазмұны бiрдей емес. Бұдан байқайтынымыз, қоғамның мақсаты тәрбиенiң, тұлғаны қоғам талабына сай етіп қалыптастырудың мақсатымен сәйкес сабақтасып отырады. Тәрбие үздiксiз және үзiлiссiз процесс болғандықтан, тұлғаны қоғам талабына сай әлеуметтендіру үрдісі де үздіксіз әрі үзіліссіз процес болып табылады. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 1.Әлеуметтiк педагогиканың негiзгi ұғымдары мен кірме ұғымдарын атаңыз. 2.Әлеуметтендiру, әлеуметтiк оқу мен әлеуметтік тәрбие, әлеуметтiк бейiмделу және т.б. ұғымдарға сипаттама берiңiз. 3.Тәрбие мен әлеуметтендiру түсiнiктерiнiң өзара арақатынасына талдау жасаңыз. 4.Әлеуметтiк педагогика өз дамуында педагогика ғылымының басқа қандай салаларымен және басқа қандай ғылымдармен байланысады. 5.Әлеуметтiк тәрбиенiң әлеуметтендiру процесiнiң құрамдас бөлiгi екендiгiн дәлелдеңiз.
|