Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып..Бөлшек несиелеу процесін ұйымдастыру





 

Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға беретін несиеліріне тұтыну және ипотекалық несиелер жатады.

Тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:

- автомобилдік несие;

- ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;

- тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;

- кейінге қалдымайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және т.с.с) берілетін несие

Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен алуға болады.

Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:

· жиһаз;

· сантехника;

· аудио-видео-және тұрмыстық техникалар;

· компьютер және оргтехника;

· басқа да тұтыну тауарлары.

Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.

Мысалға, Қазақстан Республикасындағы жетекші банк - Казкоммерцбанктің тұтыну несиесін беру шартын 1-кестеден көруге болады.

 

1-кесте

Казкоммерцбанктің тұтыну несиесінің түрлері мен шарттары*

 

nN Несиелеу шарттары Тұтыну несиесінің түрлері
Автомобиль несиесі Ұзақ мерзімді тауарлар сатып алу несиесі
жаңа Ескі (пайдаланылған)
  Несие мөлшері Автомобиль құнының 80% дейін Автомобильді бағалау құнының 80% -на дейін · 10 000 АҚШ долларына дейін (немесе эквивалент) · 500 000 АҚШ долларына дейін (егер қамтамасыз ету заты – жылжымайтын мүлік болса)
  Бастапқы жарна Автомобиль құнынан - 20% · 3 жылға дейін жүрген шетел көлігін сатып алуда 20%; · 3 жылдан 5 жылға дейін жүрілген шетел көлігін сатып алуда 30%; · 5 жылдан 10 жылға дейін жүрілген шетел көлігін сатып алуда 50%; · 3 жылға дейін жүрілген ТМД елдерінің автокөлігін сатып алуда - 30%; · 3 жылдан 5 жылға дейін жүрілген ТМД елдерінің автокөлігін сатып алуда - 50% 20%
  Несие мерзімі · шетел-дік автокөлік 3 жылға дейін 2 жылға дейін
    үшін 5 жылға дейін; · ТМД елдерінің автокөлігі үшін 3 жылға дейін    
  Несие валютасы АҚШ доллары немесе теңге АҚШ доллары немесе теңге АҚШ доллары немесе теңге
  Несие үшін төлем Айына: 1,5% (АҚШ долларында) және 1,7% (теңгеде) Айына: 1,5% (АҚШ долларында) және 1,7% (теңгеде) Айына: 1,5% (АҚШ долларында) және 1,7% (теңгеде)
  Қамтамасыз ету түрі Сатып алатын автомобиль Егер шетел автокөлігінің жүрілген уақыты 10 жылдан ТМД-кі 5 жылдан аспаса, сол автомобильді Сатып алатын тауар немесе тұрғын үй

* Казкоммерцбанктің 2005 ж. жарнамалық материалынан.

 

Сонымен қатар жоғарыдағы банктен тұтыну несиесін алуға қажетті құжаттар тізімі мынадай:

1. Қарыз алушының анкетасы

2. Жеке куәлігі (көшірмесі)

3. СТТН (көшірмесі).

4. Соңғы 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа табыстары туралы жұмыстан берілетін анықтама.

5. Жұмыс стажы туралы жұмыс орнынан анықтама.

6. Жанұя құрамы туралы анықтама (N 3 форма)

7. Некеге тұрғандығын растайтын құжаттар (неке туралы куәлік, жұбайыңыздың жеке куәлігі).

8. Кепілге қоятын мүліктің құжаттары.

 

Келесі бір дамып отырған несиеге – ипотекалық несиені жатқызуға болады. Казкоммерцбанкте ипотекалық несие беру шарттары мынадай:

· Несие мөлшері: жылжымайтын мүліктің бағалау құнының 85% дейін.

· Бастапқы жарна: жылжымайтын мүліктің бағалау құнынан 15% дейін.

· Несие үшін төлем: айына: 1,3% (АҚШ долл), 1,7% (теңгеде).

· Несие валютасы: АҚШ долл. немесе теңгеде (егер 1 жылдан аспаса).

· Несие мерзімі: 10 жылға дейін.

· Қамтамасыз ету түрі: пайдаланатын немесе сатып алатын тұрғын үй.

Жеке тұлғаның төлем қабілетіндігін анықтау техникасы әр банкте әр түрлі қалыптасқан. ßғни қысқаша айтқанда барлығына бірдей ортақ әдістеме жоқ. Сондықтан да ЦентрКредит банкі АҚ-ның қолданылатын әдістемесінен мысал келтірейік.

Қарыз алушының төлем қабілетін анықтау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады (2- кесте):

 

2-кесте.

 

Қарыз алушы-жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау көрсеткіштері

 

  Көрсеткіштердің аттары Есептеу алгоритимі
  Негізгі қарыз төлемінің айлық мөлшері(НҚАТ); Несиенің мөлшері/несиенің мерзімі
  Сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемінің айлық мөлшері(СМАТ); Несиенің мөлшері * сыйақы мөлшерлемесі / 12 ай
  Негізгі қарыз және сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемінің айлық мөлшері(НҚСАТ); НҚАТ+ СМАТ
  Таза табыс (ТТ) Жалпы табыс – салықтық және басқа да төлемдер
  Нақты несиелік қабілеті (ННҚ) НҚСАТ/ ТТ (мәні жобамен 35-45%-дан төмен болмауы тиіс)

 

Мысалы: Өмірбаев А.С. деген азамат 360 000 теңге сомасында тұтыну несиесін 36 айға, 18 % жылдық сыйақы мөлшерлемесінде сұрап отыр делік. Ол кісінің таза табысы – 18 000 теңге және кепілге жылжымайтын мүлік қояды.

Жоғарыдағы кестедегі көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы А.С. Өмірбаевтың төлем қабілетін былай бағалаймыз:

НҚАТ=¾¾¾¾¾=10000 теңге

360000 * 0,18

СМАТ=¾¾¾¾¾¾¾=5400 теңге

НҚСАТ= 10000 + 5400 = 15400 теңге

ННҚ =¾¾¾¾¾¾¾=0,85 (не 85%)

 

Сонымен, қарыз алушымыз төлем қабілетті, яғни оған несие беруге болады. Ендігі қадам кепілге қоятын затын бағалауға арналады. Айталық, кепіл заты ретінде 2 бөлмелі пәтер ұсыналады. Оның нарықтық (салыстырмалы) құны 1500 000 теңге тұрады.

Банк тарапынан бағалаушы-мамандар көмегімен осы пәтердің кепіл құны анықталады. Отандық банк тәжірибесінде кепіл құны пәтердің бағалау құнының 70%-нан аспауға тиіс. Ол үшін мынадай есептеулер жасалады:

1. Пәтердің тозу коэффициенті = Пәтердің нарықтық құны * 3% (тозу коэффициенті) = 1500000 * 0,03 = 45000 теңге.

2. Алдағы уақытта пәтердің бағасының төмендеу тәуекелі = Пәтердің нарықтық құны * 15 % (төмендеу коэффициенті) = 1500000 * 0,15 = 225000 теңге.

3. Пәтердің бағалау құны = Пәтердің нарықтық құны - Пәтердің тозу коэффициенті - Пәтердің бағасының төмендеу тәуекелі = 1500000 – 45000- 225000 = 123000 теңге.

3. Пәтердің кепіл құны = Пәтердің бағалау құны * 60 %= 1230000 * 0,6 = 738000 теңге. Бұл көрсеткіш сұралатын несиенің кепілмен қатмамасыз етілу дәрежесін сипаттайды.

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі: [ 3. 59-62, 6. 58-65, 7. 61-64 бет],

Қосымша: [ 8. 3-15 бет],







Дата добавления: 2015-06-12; просмотров: 1126. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия