Студопедия — Емханада
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Емханада

Билет.

1.

· Ата - баланың әкесінің және анасының әкесі.

· Апа - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесі. Одан арғылары әже, үлы әже деп аталады.

· Әке - баласы бар ер адам

· Ана - балалы әйел, туған шеше.

· Аға - бірге туған ағайындылардың ер жағынан жасы үлкені.

· Іні - бауырлас ер адамдардың жас жағынан кішісі.

· Бауыр - бірге туған қыздардың үлкендеріне бауырлас ер адамдардың жасы жағынан кішісі.

· Әпке - бірге туған қыздардың жас жағынан үлкені.

· Сіңілі - бірге туған қыздардың үлкендеріне жас жағынан кішісі.

· Қарындас - бірге туған ағайынды ер адамдардан жасы кіші қыздар.

Туыстық қарым-қатынастағы атаулар[

· Абысын - ағайынды адамдардың әйелдері.

· Бажа - бір адамның немесе ағайынды кісілердің қыздарына үйленген адамдар.

· Бөле - бірге туған апалы-сіңілі кісілердің балаларының арасындағы туыстық қатынастың атауы.

· Ене - ерлі-зайыптылардың аналары бір-біріне ана болады.

· Құда - күйеу мен қалыңдықтың(ерлі-зайыпты адамдардың) аталары, әкелері.

· Жиен - күйеуге шыққан қыздан туған бала.

· Жеңге - атаның, жасы үлкен туыстардың әйелі.

· Жезде - туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі.

· Күйеу - әйелдің ері, жұбайы.

· Келін - ата-ана үшін баласының әйелі де, жасы үлкен ағалары мен туысқандары үшін інісінің әйелі.

· Қайын - қыз алып, қыз берген екі елдің күйеу мен келінге туыстық қатынасын білдіретін сөз.

 

 

Билет.

1. Менің тобым.

Мен Қарағанды Мемлекеттік университетінде,Философия және Психология факультетінде,психолог мамандығында оқимын.Менің факультетімдегі студенттер тату адамдар екен.Ал менің тобым сондай күшті топ.Біз бір-бірімізді тек қана 4 ай білеміз,бірақ біз осы 4 айда жақсы дос болып қалдық.Біз бақылау жұмыстарында бір бірімізге көмектесеміз.Маған оқумен қиын болса,курстастарым маған көмектеседі.Біз анда санда киноға барамыз,саяхаттануға шығамыз.Мен өз тобымды жақсы көремін.

2. Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған.Киіз үйдің құрылысы бірнеше бөліктерден

тұрады.
Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады.

Шаңырақ Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады.

Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды.

Уық

Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады.

Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Онын ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.

Киіз үй есігі

Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау.

Сықырлауықты тақтайдан жасайды. Шеберлер киіз үйді сәулетіне қарай оюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді.

Билет.

1. Мен үшін біздің еліміздің болашағы өте маңызды. Біздің еліміз,біздің жеріміз, біздің Тәуелсіз Қазақстан! Ежелден бері біздің ата-бабамыз тәуелсіздік үшін, жер үшін күрескен. Біздің қазақ хандары мен батырлары қасық қаны қалғанша,бар күшін салып кіндік қаны тамған байрақ жерін қорғаған. Біздің еліміз көптеген қиындықтардан өткен.

Жастық - ол ізденістің бастауы, осы жаста ғана адам өзінің күшіне сеніп, тауды да қопарып тастайтындай болып көрінеді, барлық істе - спортта, саясатта, бизнесте болсын көшбасшылық танытады.

Жастар тәрбиесімен жұмысты жақсарту, егемен еліміздің салауатты ұрпақтарын қалыптастыру - Елбасының биылғы "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты елге Жолдауында атап көрсетілген басты міндеттердің бірі. Болашағы зор айбынды Қазақстанның сенім артар азаматтары - асқақ рухты жастар десек қателеспейміз. Білімді де білікті жастар - еліміздің ертеңгі тірегі. Сондықтан ел ертеңі жастардың қолында.Еліміздің барлық аймағында жастар тәрбиесімен кешенді жұмыс жүргізілуде.

2. Халық уақытты анықтауда өзіндік бай тәжірибелерін жинап, оны қолданудың реті мен жолдарын таба білген. Халқымыздың ұғымында — мерзім — белгілі бір уақыттың немесе мезгілдің ұзындығын, ұзақтығын білдіреді. Мысалыға: күн, ай, тоқсан, бие сауым және тағы басқа.

Мезгіл сол уақыттың бір сәтін ғана білдіреді. Мысалыға айтатын болсақ, елең-алаң, түс, түн ортасы және тағы басқа. Төрт мезгіл, яғни көктем, жаз, күз, қыс — мезгіл өлшемдері деп аталады

Мерзім өлшемдері — қас қағым сәт, бір сәт, немесе бір секунд; сүт пісірім немесе бес-он минут; бие сауым немесе бір жарым сағат; ет пісірім немесе екі-үш сағат; жарты күн, бір түн немесе тәуліктік жиырма төрт сағат; апта жеті күн; ай немесе отыз бір күн; тоқсан немесе үш ай; жыл немесе үш жүз алпыс бес күн; ғасыр немесе жүз жыл. Адам өмірі де жас -бір жас; мүшел-он екі жыл; бір мүшел — он үш жыл; екі мүшел — жиырма бес жас; үш мүшел — отыз жеті жас; төрт мүшел немесе қырық тоғыз жас және тағы сол сияқты..

4 билет.

1. Менің күн тәртібім.

10:00 тұрамын,жуынамын,таранамын.

10:20 –тамақтанамын.

11:00-сабаққа дайындаламын,таранамын,киінемін,боянамын.

11:45-үйден шығамын,аялдамаға барып,өз көлігімді күтемін.

12:15-көліктен түсіп,өз университетіме барамын.

12:40-сабақ басталады.

18:40-сабақ бітеді.

19:00-үйге келемін.

19:15-қолымды жуып,киініп,тамақ ішемін.

20:00-сабақ істеймін.

21:00 ден 23:00-ге дейін мен демаламын,теледидар көремін.

23:00-уйықтаймын.

2.Қала және ауыл өмірі.

Ауыл мен қаланың айырмашылықтары бар.Ауылда әрқашан қайнаған тіршілік.Бір көшеде тұратын көршілер туыс болып кеткен.Ал, қалада олай емес.Көп ешкімге сене де алмайсың.Қалада оқып жүрген жасөспірім балалар қаншама? Ия,қалаға барып өмірді көресің.Адамдармен араласасың.Жаңа достар табасың.Әрине,қала өмірі осындай.
Ауылдың қоныс жүйесі ретінде қаладан айырмашылығы — тұрғындарының орналасу тығыздығы төмен және саны аз.

Ауылдын адамдары каланын адамдарына караганда тез картаяды. Ауылда казiр туру онай емес, мал устау, су тасу тагы да баска бiтпейтiн жумыстар бар.

Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда – негіз қазақтар.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы...барлығы сақталған...

.

Ауылда тұратын адамдар үшін - қалада тұру қиын.
Ал қала тұрғындарына - ауыл тіршілігі қиын.
Сонымен қатар, ауылда көп нәрсені өздері қолдарымен жасайтын болса, қалада дайын затты сатып алады. Сосын...мінездерінде ерекшеліктер бар.

Ауылдың баласы - жуас, момын, денелі.

Қаланың баласы - елгезек; қағылез; нәзік.

 

Билет.

1. 1. Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.

2. Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.

3. Жақсы ниет - жарым ырыс.

4. Су бермегенге, сүт бер,

5. Ана алдында - құрмет,
Ата алдында қызмет.

6. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.

7. Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без,
Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без.

8. Жақсылық еткен, алғыс алады.

9. Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.

10. Көпті сыйлағаның, өзіңді сыйлағаның.

2. Әрбір адам – өмірге келген қонақ. Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты. Көңіл-күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы, көңіл-күй адамның айнасы.Адамдармен қарым-қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады десек артық емес. Қарым-қатынас адамның бүкіл психикалық өмір-сүру іс-әрекетін түсіндіреді. Адам бойында кездесетін сыйластық, әдептілік, әділдік,, тіл табысу, келісім, татулық сияқты қасиеттер қарым-қатынас жасауға үйренудің негізі болып табылады. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының арасында қарым-қатынас мәдениетінің деңгейі төмендеп бара жатыр. Себебі, сөйлеу мәдениеті бұзылып барады. Тіл қарым-қатынас құралы. Әрбір айтылған сөз арқылы адамның ой-өрісінің, ақыл-парасатының, рухани байлығының қандай екенін білуге болады. Мектеп оқушыларының қарым-қатынасы көп өзгерген. Оны өзгерткен көбіне компьютер, ғаламтор деп ойлаймын. Олар белгілі бір қарым-қатынасты жеделдету үшін сөздердің графикалық қысқартылған нұсқаларын жиі қолданады. Барлығымыз тек ізгі жолмен жүріп, дұрыс қарым-қатынас жасасақ екен деймін.

Билет.

1. Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам Отанын сүйеді.

2.Жауда қалған бұлбұлдан Отанға кайтқан ит артық.

3.Орағың өткір болса, қарың талмайды,
Отаның берік болса, жауың алмайды.

4.Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.

5.Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.

6.Отан от басынан басталады.

7.Отан оттан да ыстық,
жалыны бар шоқтан да ыстық.

8.Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

9.Отансыздың оты жанбайды.

10.Отан үшін еңбек етсең
халқыңның сүйген ұлы боласың.

2.  1. Ата жұрт
   Ата жұрт деп отырғанымыз азаматтың өз жұрты, әке-шеше, аға-іні-бауыр, әпеке-қарындас-сіңлі қатынастағы отбасы ортасы, осы отбасы рулық нарқы бойынша жеті атасын немесе онан арғысын тізіп, рулық шежіресін қалыптастырады.
2. Нағашы жұрты 
  Ер жігіттің нағашы жұрты негізінен анасының (шешесінің) жұрты, туыс-туғандары. Рулық тұрғыдан алғанда, баланың өз жұрты мен нағашы жұрты тең тұрғыда құрметке бөленеді.


 3. Қайын жұрты
   Ата жұрттан өсіп-өнген ұрпақтар неке жасына толған соң, сөз байласып үйлену барысын қалыптастыра бастайды. Міне мұнан барып рулар ара құдандалық қарым-қатынас орнап, қыз-ұлдарда қайын жұрт қалыптасады.

Жеті ата: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, бұдан ары туыстық атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Қазақ халқы жеті ата араламайынша өзара қыз алыспайтын дағдыны осылай атап қалыптастырған екен.

Билет.

1. Сұхбат: Орталық әмбебап дүкенінен туысқаныма сыйлық алу.

-Сәлем,Дина!Бір аптадан кейін Жаңа Жыл!!!

-Сәлем,Әдия!Мәссаған,сен туысқандарына сыйлық сатып алдың ба?

-Жоқ,бірге барып алайық

-Жарайды,менде әлі сыйлықтарды алған жоқпын,қай дукеннен аламыз?

-Мүмкін орталық әмбебап дукенінен алармыз?

-Орталық әмбебап дүкенінде қымбат емес пе?

-Қазір мереке болған соң сыйлықтардың бағалары төмендеу

-Жақсы болды ғой,онда ертең сағат уште аялдаманың қасында кездесейік

-Сен кімге сыйлық сатып аласын?

-Әкеме,анама,атама,әжеме,сіңлілеріме,інілеріме.Ал сен ше?

-Мен де,өзіне сыйлық жасамайсың ба?

-Хех,жасайтын шыгармын,саған сыйлық сатып алуым керек.

-Рақмет!!Мен де саған сыйлық дайындаймын.

-Жарайды онда,кездескенше!

-Сау бол!

2.Ауылым-алтын бесігім.

Адам баласы дүние есігін ашып, жарыққа шыққан соң үйін,бауырларын, түгел айналаны ақырындап тани бастайды Оның таңда атқан күні мен батқан түніне дейін еске сақтап, жүрегінің ең сенімді жеріне сақтайды. Өсе келе оның тұнық ауасын аңсайтын күйге жетеді.
Міне, осындай жанға жылы, жүрекке жақын тұрған жерді әр адам баласы өзінің туған жері, атамекені, алтын бесігім деп біледі.
Менің де өз алтын бесігім, туған жерім өзіме ыстық. Ауылым туралы әңгіме басталса-ақ болды. Жүрегім елжіреп, балалық шағым түгел есіме түседі. Еріксіз көзіме жас келіп, сол шақтарды аңсап кететін болыппын. "Акқу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды" демекші, ауылдың бүгінде орны қалғаны болмаса, адамдары әлдеқашан көшіп кеткен.Әркімге өз ауылы ыстық болып тұрады.

 

Билет.

1. Асханада түскі асқа тапсырыс беру.

-Сәлеметсіз бе!Мен сіздің жаңа бастығыңыз,есімім-Әкімова Әлия Маратқызы.Бүгіннен бастап асханамызда әр түрлі тағамдар пісірілүі керек!Сорпадан бастап тәтті кәмпиттерге шейін.Түскі асқа сіздер ұйғыр палауын,лагман,манты пісіруініз керек.Ал тәттілерден сіздер даршынды печенье,бисквит,тәтті тоқаштар пісіруініз керек!Міндетті түрде шай,кофе,сут,айран болсын.Біздің асханамыз студенттерге арналған асхана,сондықтан студенттер асханадан әбден тойып шығу керек.Тағамдардың бағалары арзан болсын,студенттер ақшасын көп жұмсамасын.Аспазшылар,сіздерге түсінікті ме?

-Иә,түсінікті!

2.Менің пәтерім.

Менің пәтерім үлкен.Пәтерім 4 бөлмелі,пәтерімде қонақ үй,демалыс бөлме,әке-шешемнің жататын бөлмесі,өзімнің бөлмем бар.Қонақ үйде үлкен устел және орындықтар орналасқан,қабырғаларда суреттер ілулі тұр,демалыс бөлмеде диван,креслолар және улкен 3D теледидар орналасқан,әке-шешемнің жататын бөлмесінде комод, шкаф,кереует,теледидар бар,өз бөлмемде кереует,шкаф,устел мен орындық,комод орналасқан.

Билет.

1.Салауатты өмір салты - белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты - тек медициналық емес, сонымен қатар өндіріс пен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті. Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай маскүнемдікке әкелетін заттар, анаша, шылым шегу салауатты өмір салтын қалыптастыруға жан-жақты кедергі келтіреді. Зиянды әдеттер көптеген аурушаңдықтың қауіптілік факторы болып саналады және балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді.

Қазіргі кезде, жоғарғы сынып оқушыларына жүргізілген эпидемиологиялық тексерулер шылым шегу, шарап ішу, анаша пайдалану жастардың арасында кеңірек таралып бара жатқанын көрсетеді. Әсіресе маскүнемдік бірінші орынға шығады екен.

2.Отбасы – бақыт негізі.

Меніңше,отбасы деген сөздің мағынасы әке-шешмді,сіңлілерімді,бауырларымды білдіреді.Әркімнің өз отбасысы бар.Біреулер өз отбасын сыйлайды,өлердей жаксы көреді,құрметтейді,ал біреулер өз отбасысынан ұялады.Бұл дұрыс емес,әркім өз отбасысын сыйлау керек.Мен үшін менің отбасым ең жақын.Отбасым толық,әкем десем,әкем бар,шешем десем шешем бар және менде інім бар.Әкем асқар тау,кейде мен сабақ істей алмайтын кезімде,әкем маган айтады: «Сен өте ақылды қызсың,сен барлық қиындықтарды шеше аласын,сен білім алуға тырысуын керек».Ал анам менің сыпайы,мейірімді адам,Кейде мен сабақтан кейін шаршап келгенде,анам мені құшақтап,сүйіп көңілімді көтереді.Ал менің інім нағыз менің әкем.Менің інім 17-де.Біз бір-бірімізге әрқашанда көмектесеміз,себебі бізді әке шешеміз кіші жасымыздан бері тату болуға үйреткен.Міне, менде осындай керемет отбасым бар.

 

10 билет.

1.Менің жұмыс күнім.

Мен Қарағанды Мемлекеттік Университетінде, Философия және Психология факультетінде,психолог мамандығында оқимын.Таңертең мен сағат онда тұрамын,жуынамын,тамақтанамын,тура он бірде мен киінемін,боянамын,таранамын.Он екіге он бес минут қалғанда мен үйден шығып,өз университетіме барамын.Сәрсенбі күні сабақтар көп.Бірінші сабақпен сәрсенбі күні бізде информатика пәні.Информатика сабағында біз компьютермен жұмыс жасаймыз,Word,Pascal,Excel,Access деген тақырыптарда өтеміз.Информатикадан кейін бізде ағылшын тілі,бұл сабақта біз ағылышын тілінде кино көреміз.Екінші сабақтан кейін мен құрбыммен асханаға барамын. Үшінші,төртінші,бесінші сабақпен бізде қазақ тілі болады.Қазақ тілінде біз қызықты тақырыптарды өтеміз.Сабақтан соң,үйге келіп,ертеңгі тапсырмаларды орындап,демаламын.

 

2. Қарағанды – бұл Қазақстанның ірі индустриялы-өндірістік, ғылыми және мәдени орталық. Қала аты осы маңайда көп өсетін қарағана өсімдігінен шықты деп есептелінеді. Қарағанды өзінің қала мәртебесін 1934 жылы 10 ақпан айында алды. Бүгінгі күні, халық саны бойынша, Қарағанды – Қарағанды облысның ең үлкен қаласы (559 200 адам) және Қазақстан бойынша төртінші орында (Алматы, Шымкент, Астана).

Қарағандыда көмір шығару бойынша ірі кәсіпорындар жұмыс істейді, сонымен қатар машина салу, металл өңдеу және тамақ өндірісінің кәсіпорындары бар. Қалада көлік және байланыс кәсіпорындары көп.

ХІХ ғасырда қала орнында ештеңе болған жоқ. Жаңа ғасыр басталуымен қалада қайтадан құрылыс басталды: қаланы салу бірінші жоспарында қарастырылған басты көшелер қалпына келтіріліп жатты, тұрғын үйлер, мәдени және әкімшілік мекемелер реконструкцияланды, қазіргі эстетика ережелеріне сәйкес жаңа сауда ортылықтары салынды, жаңа саябақтар салынды.

11 билет.

1. Ата– әкесінің әкесі.

Әже – әкесінің шешесі.

Әке – перзентті болған ер адам

Ана – сәби сүйген әйел заты. (шеше)

Нағашы ата – шешенің әкесі. (ата)

Нағашы әже – шешесінің шешесі. (апа)

Бала – балиғат жасына жетпеген перзент.

Аға – жасы өзінен үлкен ер адам.

Әпке – жасы өзінен үлкен әйел адам (қыз).

Ағайын – туыс – бір рудың адамдары.

Іні – жасы кіші ер адам.

Қарындас – ер адамдардан жасы кіші әйел (қыз).

Сіңлі – жасы әйел адамдардан кіші қыз.

Бауыр – бірге туған тумасы.

Жеңге – ағаның жұбайы.

Келін – баласының және інісінің жұбайы.

Жиен – ұзатылған қыздан туған бала.

Жезде – әпкенің күйеуі.

Күйеу – әйел адамның некелескен ері.

Күйеу бала – ұзатылған қыздың не қарындасы, сіңілілерінің күйеуі (ері).

Қайын ата – әйелінің әкесін

Қайын ене – әйел жақтың анасы.

Қалыңдық – атастырылып қойған қыз.

Бажа – әйелдің әпкесіне не сіңілісіне жар болған адам, күйеу.

Бөле – туысқан, ағайын адамдардың арасында қыздарынан туған бала.

Абысын – қайын ағаның әйелі

Немере – ұлынан туған нәресте. (екінші дүние есігін ашқан бала)

Шөбере – немереден туған бала (үшінші ұрпақ)

Шөпшек – шөбереден туған бала (төртінші ұрпақ)

2. Біздің Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті –Қазақстандағы алғашқы университеттердің бірі.Ол 1972 жылы құрылған.Мұндағы 14 факультетте 117 мамандық бойынша күндізгі және сыртқы бөлімдерде 20 мыңнан аса студент оқиды.Оларға Интернет залы,мәдениет сарайы,асхана,лингафон кабинеті,спорт залы,мультимедиялық сыныптар,тұрмыстық қызмет көрсету кешені қызмет етеді.Кітапхана қорында,мерзімді баспасөз залында оқытушылар мен студенттер үнемі шұғылданады.67 кафедраның жоғары білікті мамандары студенттермен оқу-тәрбие жұмысын жүргізеді.Жыл сайын 30 мамырда университетте «Ашық есіктер күні» өткізіледі.

12 билет.

1.Бүгінгі ауа райы керемет.Маған қыс мезгілі өте ұнайды.Ауаның иісі таза,күн жарқырап тұр.Балалар далада қармен ойнап жүр,өйткені дала жылы.Балаларды көрген сайын өзін-ақ қармен ойнағың келіп тұрады.Үлкен кісілер дүкендерге барып,Жаңа жылға дайындалып жатыр.Мереке келе жатыр,сондықтан көшедегі адамдардың көңіл-күйлері жақсы.Осындай адамдарды көргеннен кейін өзімнің де көңілім көтеріледі.Қандай тамаша кун!!!

2.Тарих беттерінен.

Қаз дауысты Қазыбек би-елінің бірлігі мен тәуелсіздігі жолында ересен еңбек еткен көрнекті мәмлегер,мемлекет қайраткері.Ол Жонғария хандығына елшілік,мәмлегерлік жолмен үш рет барған.Бірінші рет барғаны,жобамен, 17 ғасырдың 80 жылдары.Жас шамасы 14-15-тегі кезі.Жоңғар ханына тесіле қарап тұрып:

Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай,жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

13.

1) Менің атым Катя. Мен көп достарыммен араласамын, бірақ бір жақын құрбым бар.Оның аты Таня, ол менің құрдасым. Таняның сырты азиялық. Оның шашы ұзың және қап-қара. Таняның бойы орта, шамалы 165 см. Оның көзі қара және терең. Кірпіктер ұзын, әдемі. Оның терісі қара торы. Қастар шашы сияқты қара.Оның қолы,аяғы ұзын емес,қысқа,себебі бойы орта. Олда кіші және ұқыпты мұрын. Ол өте сымбатты, келбетті қыз. Таняның еріндері үлкен емес, бірақ олар өте ұқыпты. Біз онымен ұқсас емеспіз. Бірақ біздің мінездеріміз өте ұқсайды.

2) Ауылда тып-тыныш,таза ауа,тамаша табиғат. Ауылда адамдар озі азық-түлектер бар: сүт, қымыз, айран, құрт, ірімшік, шұбат, қаймақ және т.б. Онда адамдар малды ажыратады,себебі оларда озі ет және сүт бар. Ауылда адамдар өте еңбекқор.

Қалада лас ауа, өте азан-қазан, бірақ онда көп мүмкіндіктер бар: универсисиеттер, институттар, коледждер, әр-түрлі жұмыстар, өте көп дүкендер және сауда үйлер, мейрамханалар, дәмханалар бар.

14.

1)” Мен тұратын қала” сұхбатты:

- Береке,сәлем!

-Жаңагүл,айналайын,сәлем!Қалың қалай?Сен қашан қалаға келесің?

-Жақсымын, Қарағандыға кеше келдім.

-Саған қаламыз ұнайды ма?

-Иә, өте әдемі,үлкен және қызықты қала,бірақ мен осында ештеме білмеймін, Қарағанды туралы маған айтып беріңізші.

-Біздің қаламыз – өндіріс, экономикалық,ғылыми және мәдениет орталық, Қазақстанның ортасында орналасқан. Қарағандыда 5 мың астам адамдар мекендейді. Біздің қаламызда бірнеше ірі университеттер және әр түрлі оқу орындары бар, сан алуан сауда үйлер,дүкендер,ойын-сауық орындары бар. Тағы да біздің қаласында медицина жақсы дамыған, бізде көп емханалар,деңсаулық орталықтар,дәріханалар бар. Біздің қаламызда Цирк, С.Сейфуллин атындағы, Станиславский атындағы театрлар және кинотеатрлар бар, үлкен саябақтар бар.Біздің қала Бұқпа өзеннің екі жағалауында орналасқан. Қарағанды өте әдемі және қызықты қала!

-Иә,дұрыс айтасын! Рахмет саған,Береке!

2)

- Дәулет, бірнеше сұрағым бар,жауап бересің бе?

-Қиын болмаса, жауап беруге тырысайын.

-Мен уақыт, кез, мезгіл, шақ деген сөздерді қалай дұрыс қолдау керек екенін білмеймін. Түсіндіресің бе?

-Әрине. Қай уақытта ұықтауға жатасың?

-Кешкі сағат 12 шамасында.

-Қай мезгілде демалысқа шығасың?

-Жаз мезгілінде немесе қыс мезгілінде.

-Қай шақты есіңізге көп аласыз?

-Балалық шақты, жастық шақты.

-Қай кезде теледидар көресің?

-Түс кезінде. (Қолым бос кезде).

-Енді түсіндің бе?

-Рахмет. Түсіндім.

15.

1) Адамгершілік — бұл рухани тәрбие.Әр адам адамгершілік сапалармен болуға керек. Адамгершілік қасиеттері ең жақсы болу керек. Адмамдық, жақсылық, аяныш, рақым, қайырым, ақыл,рухани – бұл адамнының ең жақсы және қажет қасиеттері. Тағы да, адамға отаншылығы болуға керек, біз Отанымыз сүйуге, қадірлеуге,мақтану керек. Бізге озіміздің тіл, салт дәстүрлер, мәдениет білуге керек. Әр адам жақсы,дұрыс тәрбие алуға керек, себебі әдепті болуға керек.

2) Евней Арыстанұлы Бөкетов 1925 жылы 23 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Октябрь (Қазіргі Сергеевка) ауданындағы Бағанаты ауылында дүниеге келген. Ол өмір жолын бастауыш және орталау мектепте мұғалім болып бастады. Кейін ол Алматы Қазақ тау-кен металлургия институтын аяқтап, осы институттың аспиранты болды. 1954 жылы Техника ғылымдарының кандидаты, 1957 жылы Техника ғылымдарының докторы және профессор ғылыми атағы берілді. 1972-1980 жж7 жа4адан ашылған Қарағанды мемлекеттік университетінің тұңғыш ректоры болды. Е.А. Бөкетов металлургия және химия саласында ғана емес, сонымен бірге әдебиет сыншысы, тамаша аудармашы, публицист, ақын және жазушы, қоғам қайраткері, педагог, жастардың ұстазы болды. Қазір ҚарМУ-де Е.А.Бөкетовке арналған мұражай бар.

16.

1)” Университеттегі жаңалықтар” сұхбатты:

-Сәлем,Гүлім!

-Қал қалай,Сәуле?

-Жақсымын!Өзің қалайсың?

-Жақсымын,рахмет,сен осы корпуста оқисың ба?

-Иә, сен де басты корпуста оқисың ба?

-Жоқ, мен 8-ші корпуста оқимын, мен басты корпусқа тек қана концертке келдім.

-Қаңдай концерт? Мен концерт туралы ештене естіген жоқпын.

-Шың ба? Бұл концерт Жаңа Жылға арналған. Онда менің тобым ән салады және би билейді.

-Қандай керемет, мен сендерді көруге келемін онда!

-Жақсы,кездескенше!

2) Білімдіден шыққан сөз.

Қазақ халқына қарапайым мен кішіпейілдік, ашық-жарқын көңіл мен кенпейілділік,өзге нісілді адамдарға деген достық және сыйластық көзқарас, қонақжайлылық пен пайымшылдық сияқты қасиеттер тән.

Ер адамда 8 түрлі қасиет болсын,олар: игі мінез, ізгі қасиет; әйел адаммен сөйлескенде әдепті, сыпайы болсын; жұрт сыйлайтын адамды жақсы көріп, құрмет тұтсын; жауының алдында жүректі болсын; үлкендерге кішіпейілдік; халық салтын қадірлей білсін; осал жерін білетіндерге жұмсақ болсын;

17.

1) Менің есімім Ақмарал.Жасым он сегізде.Балалық шағым туралы айтып берейін.Мен балалық шағымда сүйкімді қыз болғанмын.Балабақшаға бара жатқанда,біз атам екеуіміз күнде әнұран айтатынбыз.Балабақшадан мені анам алатын еді.Анам балабақшадан кейін мені кондитерлік фабрикаға апаратын еді,өйткені мен тәттілерді жақсы көремін.Кішкентай кезімде қыс бойы інім екеуіміз кунде далада қар ойнайтынбыз,шанамен сырғанайтынбыз.Осындай керемет балалық шағым болды.

2) Адамзаттық ұлы мәдениеттің негізін сан түрлі, сан бояулы ұлттық мәдениеттер құрайды. Ал ұлттық мәдениет негізін сол ұлттың дәстүрлі тарихи мәдениетінен іздейді.

Мәдениет – кең ұғымды, мол пішінді, терең мазмұнды дүние.

Мәдениет дегеніміз – адамгершілік, имандық.

Мәдениет дегеніміз –біздің Адам екенімізді айғақтайтын басты атрибут.

Мәдениет -ұлттың рухы.

Мәдениетке жаңашырлық -туған тілге жаңашырлық.

Мәдениет -білімді ғана емес, біліктілікте.

М(дениет -зиялы деген атауда емес, иман ұялған инабатты бетте.

Мәдениет -ақиқат пен шыңдықта.

Мәдениет- баршамызға ортақ дүние.

18.

1) Менің есімім Ақмарал.Мен Қарағанды Мемлекеттік университетінде,Философия және Психология факультетінде,психолог мамандығында оқимын.Болашақта психолог болып жұмыс істегім келеді,себебі мен адамдармен сөйлесіп, оларға көмектескім келеді.Психологтар адамның сыртқы келбетінен адамның мінезін біледі.Мен болашақта жеке психологиялық кәсіпкерлікті ашқым келеді.Маған психолог мамандығы өте ұнайды.

2) Қазақтың көптеген ұлттық спорт ойындары болған. Олардың ішінде бәйге, жамбы және аударыспақ ойындары бар.

Қазақстанда көптеген спорт мектептері жұмыс істейді, онда 160 мыңдай оқушы тәрбиеленеді.

Тәуелсіздік Қазақстан 1994 жылы хақықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі болды.

Атлантада біз 26-шы орынды жеңіп алды, Наганода 11-ші орын аламыз. Президент Назарбаевтың бастамасынмен 1998 жылы тамыз айында тұңғыш рет бүкіл Қазақстандық ұлттық спорт ойындарының спатакиадасы өтті.

Сидней олимпиадасында Қазақстан командасы 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

Қазақстанның ең белгілі спортшылары: Г.Головкин, С.Сәпиев, И. Ильин және т.б. Қазір Қазақстанда спорт жақсы дамытады.

19.

1) Мен Қарағанды Мемлекеттік университетінде,Философия және Психология факультетінде,психолог мамандығында оқимын.Менің факультетімдегі студенттер тату адамдар екен.Ал менің тобым сондай күшті топ.Біз бір-бірімізді тек қана 4 ай білеміз,бірақ біз осы 4 айда жақсы дос болып қалдық.Біз бақылау жұмыстарында бір бірімізге көмектесеміз.Маған оқумен қиын болса,курстастарым маған көмектеседі.Біз анда санда киноға барамыз,саяхаттануға шығамыз.Мен өз тобымды жақсы көремін.

2) Киіз үй – ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының баспанасы. Көшіп –қонуға арналып жасалған. Оны жинап, ат пен түйеге артып көшетін болған. Киіз үйдің негізгі қаңқалары: кереге, сықырлауық, уық. шаңырақ. Оларды киіз үйдің сүйектері дейді. Киіз үй төрт, алты, сегіз, он екі қанат болып бөлінеді. Киіз үй шаңырақ, жерқағар, түндік, желбау, уық, кереге, торкөз, басөұр, тіреуіш. Бақан, киіз есік, ағаш есік, сауғардан тұрады.

20.

1)

1) Ел мен жер егіз.

 

2)Елге бай құт емес, би құт.

3) Елшінің қылышы – тіл.

4)Туған жер - тұғырың,

Туған ел - қыдырың.

5)Ел не демейді,

Есек не жемейді.

6)Отан – елдің анасы

Ел – ердің анасы.

7)Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

8)Отанды сүю – от басынан басталады.

9)Туған жердің жуасы да тәтті.

10)Әркімнің өз жері - жұмақ.

11)Ер елінде,

Гүл жерінде.

12) Отансыз адам –

Ормансыз бұлбұл.

13)Үйде оңбаған,

Түзде де оңбаған.

14) Ел іші алтын бесік.

15)Жері байдың елі бай.

16)Отан –қуат,

Отбасы – шуақ.

 

2)Адамның денсаулығына кері әсер өтетін факторлар

21.

1)Кітапханада

-Айдана, сәлем! Маған «Қазақ әдебиет» пәнінен ұстаз тапсырма берді,бүгін кітапхана бара аласын ба?

-Сәлем, Ардақ,бүгін қолым бос,сенімен бірге кітапханаға бара аламын.

-Саған қандай кітап керек?

-Маған «Абай жолы» кітабы керек.

-Мәссаған,мен ол кітапты оқығанмын.

-Кітапта не туралы әңгімелейді?

-Ұлы Абай туралы: оның бабалық шағы, қалай ол Медреседе оқыды, оның отбасы туралы, оның шығармаларының тақырыптары және мазмұны туралы.

-Бұл өте қызықты кітап екен, үлкен рахмет саған, Ардақ!

- Оқасы жоқ, кездескенше, Айдана.

-Саубол!

 

 

2)Халық емі

Әр түрлі табиғи және халықтық әдістер аурудың алдын алу үшін пайдаланылуда.

Халық емшілері шипалы өсімдіктермен емдеуді, уқалау және биологиялық белсенді нүктелерді тітіркендіруді кеңінен пайдаланады,

Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері белгілі. Мысалы, суық тигенде өгей шөп, киікоты, тасшөп, шалфей өте пайды. Сол сияқты құлпынай, бал және сарымсақпен емдеген жақсы. Шайқурай мен түймедағы өсімдігінің микробқа әсері белгілі. Түйежапырақ бауыр, бүйрек, ішек қарын жұмысын жақсартады. Қалақайдың да дәрілік, шипалық ұасиеті зор. Оның жапырақтарының тұнбасы шашты қатайтуға және қайығаққа қарсы жақсы ем ретінде қолданылады.

22.

1) Сәлем құрметті құрбым!Бүгін сенің туған күнің!Туған күнің құтты болсын,бақытты бол,денің сау болсын,дастарханың мол болсын,ақшаң көп болсын,өз университетінді қызыл дипломға аман сау бітір,




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Просвещение в странах Востока. | Список источников

Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 740. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия