Студопедия — Хорезмидің «Махаббатнама» дастанының көркемдігін саралаңыз.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Хорезмидің «Махаббатнама» дастанының көркемдігін саралаңыз.






Хорезмидің толық аты-жөні, өмірбаяны белгісіз, Сыр бойынан шыққан ақын. «Махаббатнама» атты поэмасын екі тілде бірдей жазған. Барлығы он бір бөліктен тұратын ғашықтық өлеңдердің үш тарауы парсыша, сегізі түркі тілінде. Дастан 473 бәйіттен тұрады және 58 жол «Хикая» деп аталатын шығарманың негізгі мазмұнынан бөлек өлең бар. Шығармасында ақын махаббат, адалдық, адамгершілік жайында айтады. Азға қанағат етуді, бұрынғы салт-дәстүрлерден қол үзбеуді өсиет етеді. Хорезми бұл поэмасында нама жанрының өзіне дейін болмаған жаңа мүмкіндіктерін ашты, байытты. Өлеңнің араб-парсы поэзиясы арқылы келген ғазал, қасыда, мәснауи, фард дейтін шағын жанрларын да қолданған. Махаббатнама" - лирикалық дастан (авторы — Хорезми). Кейбір зерттеушілер оны сарай маңында туған одалық шығарма деген пікірде. Шығарманың басында Мұхаммед Хожабекке арналған мадақ бар. Бірақ Махаббатнаманың мазмұны одан көп бөлек. Хорезмидің дастанды түркі жөне парсы тілдерінде жазуына қарағанда, бұл кезеңде жазба әдебиет әлемінде екі тіл қатар дамыған секілді. Ә.Қоңыратбаев оның негізін оғыз-қыпшақ тілі десе, Махаббатнама Жармұхамедов Алтын Орда жағдайында қалыптаса бастаған Дешті- Қыпшақ тілінің жаңа үлгісі ретінде бағалаған. А.Қыраубаева да осы пікірді мақұлдаған. Дастан 754 жылы жазылған, ал арабша көшірмесінде 914 жылы көрсетілген. 14 ғ-да Сыр бойында мәдени өмір жанданып, Көк орданың шаңырақ көтергенін ескерер болсақ, Махаббатнама Сығанақта жазылды деп болжауға болады. Сүйіспеншілік сезіміне кұрылған сырлы саз — "Махаббатнама" өз дәуіріндегі түркі поэзиясының көркем бір үлгісі. Сол себепті қазақ әдебиетінің тарихы пан да көрнекті орын алады. Белгілі әдебиет зерттеушісі, проффессор А.Қыраубаева "Махаббатнама" туралы зерттеу еңбек жазған, қазақша көркем аудармасын жасаған.«Мұхаббат-наме» дастаны он бір бәйіттен тұрады. Шығарма желісі сұлу қызға өлердей ғашық болған жас жігіттің жүрек жарды сырлары ретінде берілген. Ғашық болған қызының сұлулығын сипаттау үшін жігіт байқұс оның көркін мына дүниедегі барлық әсемдік атаулыға шендестіруге әзір.Дастанда қыздың пікірлері яки жігітке қайтарған жауабы берілмейді. Оны тек жігіттің толғауларынан ғана аңғаруға болады.

Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен әдеби мұрасын жүйелеңіз.

Ыбырай Алтынсарин есімі қазақ балалары үшін мектеп ашқан ұлы ағартушы, орыс әдебиеті классиктерінің балаларға арнап жазған шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармашы ретінде ғана емес, қазақ жазба әдебиеті тарихында тұңғыш прозаик ретінде де белгілі. Олай дейтін себебіміз, Ыбырайға дейін шын мәнінде көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптаспаған еді. Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз заманының келелі мәселелерін қамтиды. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке, т.б. ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі,Бай баласы мен жарлы баласы, Таза бұлақ, Әке мен бала т.б. тәлімдік мәні зор әңгімелерін енгізді.Қазақ хрестоматиясына енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, сөйтіп, оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап көрсетті.Ыбырайдың шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады. Ыбырай әңгімелерінің негізгі қайнары халық тұрмысынан алынған. Өмірді, адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп суреттеп, шындықтан алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әректтері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты.Оның әңгімелерін тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілкке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады.

Айнура

61.Т.Айбергеновтің ақындық ерекшелігін дәлелдеңіз. Төлеген Айбергенұлы Айбергенов (08.03.1937, Қоңырат ауданы, Қарақалпақстан, Өзбекстан - 29.08.1967, Нүкіс қаласы, Қарақалпақстан, Өзбекстан) - ақын. Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қаракалпақ елінің Қонырат деген жерінде дүниеге келген.1959 жылы Ташкенттің Низами атындағы педогогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп,туған ауылында мұғалымдік қызмет атқарады. Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтын бітірген (1959). 1959-62 ж. Қоңырат аудындағы орта мектепте мұғалім, 1962-65 ж. Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар Ы мектебінде директор. 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Т.Айбергенов творчествосы — өлімді жеңіп шыққан өмір шаттығының жыры.Сөз жоқ, Төлеген жырлары — қуаныш жырлары. Бірақ бұл гүлге елтіген, көбелек қуған серуеншінің қуанышы емес, қиынды көрген, қайғы мен қасіреттің де ащы дәмін татып байқаған азамат адамның жүзеге асқан мақсаты мен орындалған арманының қуанышы. Айбергеновтың өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан "Жас дәурен" атты топтама жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ыррақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары - "Арман сапары" (1963), "Өмірге саяхат" (1965), "Қумдағы мұнаралар" (1968), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Аманат" (1975), "Бір тойым бар" (1981), балаларға арналған "Бақшаға саяхат" сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай-ақ орыс тілінде "Мир созвездья" (1987) деген атпен таңдама-лы өлеңдері аударылып басылды. Айбергеновтың "Ақ ерке, Ақ жайық", "Жаңғырған Маңғыстау", "Қазақстан", "Сені ойладым", "Мені ойла", "Ақ қайыңдар", "Бір тойым бар", т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974, қайтыс болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер" жинағы мен ол турапы жазылған "Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы жарық көрді.

62.Сал-серілер поэзиясының өкілдерін сипаттаңыз. Қазақ поэзиясының ерекше дамыған кезі – XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы. Бұл кезеңдегі қазақ поэзиясының басында сал-серілер ығармашылығы тұрды. Сал-серілер поэзиясы - өзіне дейінгі ауызша поэзия мен жазба поэзияның жалғастыратын буын сияқты, өзінің алдында өткендерге қарағанда бір адым ілгері кеткен, жаңалығы, ерекше сипаты бар өнер. Сал-серілер - әдебиет тарихында да, музыка өнері тарихында да есімдері алтын әріппен жазылып, халықтың ерекше сүйіспеншілігіне, ықыласына бөленген талант иелері. Сал-серілердің өмірбаянын, шығармашылығын, композиторлық, әншілік өнерін жан-жақты зерттеген ғалымдар кімдер деген сұраққа, ең бірінші ауызға алатынымыз – С.Мұқанов, А.Затаевич, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, Қ.Жұмалиев, А.Жұбанов, М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Е.Ысмайылов, Ғ.Әбетов, Ғ.Малдыбаев, І.Жақанов т.б. Ең алғаш баспа жүзінде Біржанның атақты сал ақын, әнші ретінде есімі С.Мұқанов, А.Затаевич, С.Сейфуллиннің еңбектерінде аталады. М.Жұмабаевтың «Ақан сері», С.Мұқановтың «Үкілі Ыбырай» деген мақалалары жарияланды. А.Затаевич әнші ақындардың туындыларын нотаға түсірумен қатар, оның авторы, орындаушысы жайлы деректер береді. Мәселен, Біржан әніне жазған түсініктемесінде сал мен серінің айырмашылығы, мінездері туралы айтады.Біржанның өмірі туралы деректі жазған – Сәбит Мұқанов. Онан кейін М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, А.Жұбанов, М.Ғабдуллин, Е.Ысмайылов секілді белді-белді ғалымдардың кітаптарында Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы сөз болады. Ал Біржан туралы бұрынғы-соңғы деректерді жинап, қорыта отырып, оның поэзиялық шығармалары жөнінде нақты талдау жасаған әдебиетші-ғалым – Ғ.Әбетов. Біржанның ақындығы туралы, айтыстағы өнері туралы пікірлер көптеген әдебиетшілер еңбектерінде кездеседі. Сал-серілер шығармашылығын зерттеу саласында көп еңбек сіңірген танымал әдебиетшілердің бірі – Е.Ысмайылов. Ол өзінің «Ақындар» атты монографиясында бұрын жалпылай ақын аталып келген өнерпаздарды іштей бірнеше топқа жіктеп, «әнші ақындар» деген ұғымды сал-сері сөзімен синонимдес мағынада қолданып, сал-серілер өнерінің сан қырлы, синкретті сипатына тоқталады, сал мен серінің айырмашылығын көрсетіп, «сал», «сері» сөздерінің шығу тегіне үңіледі.

63. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерделеңіз. Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады. Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай өлеңдері төңірегінде 20-жылдарда, одан кейінгі кездерде айтыс-тартыс көп болды. Осыған орай Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» атты 1913 ж. жарияланған мақаласындағы Абайға берген бағасы, ұлы ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орнын анықтауы, өнерпаздық өзгешелігін, асқан шеберлігін тануы шынайы ғұлама ғалымға тән айрықша көрегендіктің, білгірліктің, өлең сөздің қадірін терең бағалай алатын ақындық сезімталдықтың, талғампаздықтың үлгісі деуге лайық. Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрде дұрыс көзқарастың қалыптаса бастағанын 1933 ж. Мұхтар Омарханұлы Әуезов бастырған жинақтан (мұнда Әуезов жазған ақынның өмірбаяны берілген) және 1934 ж. жарық көрген Ілияс Жансүгіров, Ахмет Жұбанов секілді белгілі әдебиет, ғылым қайраткерлерінің мақалаларынан байқауға болады. Абай орталықтары Вьетнамның Ханой Ұлттық педагогикалық университетінде және Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық университетінде жұмыс жасайды.







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 2954. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия