Студопедия — Мемлекеттік тілде өмірбаян жазудың үлгісін көрсетіңіз.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мемлекеттік тілде өмірбаян жазудың үлгісін көрсетіңіз.






Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі. Мен, Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков, 1983 жылы, 14 қаңтарда Алматы обылысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында тудым. Менің ұлтым - қазақ. Алматы каласы, Бостандық ауданындағы №81 орта мектебін 2000 жылы бітірдім.

2004 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің 1 курсына оқуға түстім.

Ата-анам бар: әкем - Ахмет Абимолдаұлы Нүсіпбеков циркте жұмыс істейді. Анам - Салтанат Әріпжанқызы Алпысбекова, ауруханада жұмыс істейді. Мен үйленбегенмін.

Қазір осы жоғары оқу орнының 2-курсында оқып жүрмін. Мақсатым - жоғары білім алып, маман болып шығу.

Мекен жайым: Алматы қаласы, "Орбита-3" ықшамауданы, 26-үй, 48-пәтер, тел. 29-48-56.

65.Сайф Сараидың «Гүлістан бит- түрки» дастанының маңызын көрсетіңіз. Саиф Сараи (1321, Сарайшық қаласы — 1396 ж. ш., Мысыр) — қыпшақ ақыны, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі. Хан ұрпақтары арасындағы тақ таласы тұсында туған жерінен кетіп, өмірінің соңғы кезеңін мәмлүктер билігіндегі Мысырда өткізді. Саиф Сарайды Ә.Наджип қазақ халқының негізін құраған қыпшақ тайпасынан шыққан деп есептейді. Бізге жеткен елеулі еңбегі — бес мың жолға жуық түркі (қыпшақ) тіліндегі “Гүлстан бит-түрки” (1391) туындысын Сарайшықта бастап, Египеттегі Ніл өзені бойында аяқтаған. Дастанның негізгі бөлімі Сағдидің “Гүлстан” шығармасының еркін аудармасынан тұрады, сондай-ақ оған өзімен тұстас сегіз шайырдың ғазалдары, ақынның өзі жазған лирикалық өлеңдері, нақыл, ғақлия, толғаулары енген. Саиф Сарайдың бұл поэмасы 14 ғасырдағы қыпшақ әдебиетінде қалыптасқан әдеби дәстүр, озық поэзия үлгісі болған. Саиф қолжазбасы 1915 ж. белгілі болды, оның фотокөшірмесі Анкарада (1954), орыс әліпбиі негізіндегі транскрипциясы Ташкентте (1968) басылды.

Гүлистан би-түрки” (“Гүлстан”) — Шығыстың көрнекті ақыны Сағдидің қаламынан туған дастан. Сайф Сараи-Алтын Орда әдебиетінің ХІҮ ғ аса көрнекті өкілі. С.Сараи-лирик және эпик ақын, аудармашы. «Гүлстан бит-түркидің» (1391ж)-прозамен жазылған қыпшақ тіліндегі көркм шығарма екендігі. «Түркі тіліндегі Гүлістанның»парсы-тәжік әдебиетінің классигі әйгілі Сағди-Ширазидың «Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы екендігі. «Түркі тіліндегі. Гүлстанның» парсы-тәжік әдебиетінің классигі әйгілі Сағди Ширазидің «Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы екендігі. «Түркі тіліндегі. Гулистан» қолжазбасының табылуы, зерттелуі, жариялануы. Э.Н.Нәжіп- «Гүлістан бит-түрки» қолжазбасын зерттеуші, аудармашы, кітап етіп шығарушы тюрколог-ғалым..Дастанның компазициялық құрылысы,тілі.

66.Абай поэзиясының тілін сипаттаңыз. Абай қазақтың өзіне дейінгі және өзімен тұстас өлең сөзіне қатаң талап қойып, кей сәттерін сынай отыра, қазақ поэзия тілінің жасалу және даму заңдылықтары мен шарттарына мойынсұнбай кетпеді, өйткені бұл - көркем сөз дамуының объективті заңдарының бірі. Абай буын саны жағынан өлеңнің өзіне дейін болмаған жаңа түрін жасағанымен олардың барлығы да силлабикалық құрылыс заңдылығына бағынады, өйткені қазақ өлеңінің жасалу табиғатының өзі - силлабикалық буын өлшеміне құрылған. Абай өлеңнің тармақ саны мен ұйқасуына қарай небір алуан жаңа түрлерін ұсынғанымен олар өлеңді ұйқасқа құру шартына бағынады, өйткені соңғы дәуірлердегі қазақ өлеңінің негізгі белгісі - аллитерация емес, ұйқас. Абай қазақ өлеңі бұрын білмеген теңеудің, эпитеттің, метафораның жаңа түрлерін ұсынды, ал олардың қолданылу принциптері мен жасалу техникасы Абайға дейінгі қазақ өлеңіне де тән болатын. Бұл шарттан да Абайдың аттап етуі мүмкін емес еді. Бірақ осылардың барлығын жетілдіру, түрлендіру, жаңа сапалық белгілер қосу тұрғысынан. т-н дамытуда Абайдың еңбегі орасан зор болды. Абай, Пушкин сияқты, өлеңнің іші поэтикалық ойға толы болуына күш салады. Ойға құрылған өлең сол ойды дәл, әсерлі етіп беретін амал-тәсілдерді іздестіреді. Сондықтан да Абайда өлеңнің мазмұнын, айтпақ идеясын білдіретін элементтердің айқындала түсуі басым.

67. Түйіндеме жазудың ерекшеліктерін көрсетіңіз. Түйіндеменің ерекшелігі білімі және еңбек жолы туралы мәліметтерді хронологиялық тәртіппен жазу болып табылады. Түйіндеме немесе Резюме (Резюме; француз тілінен алынған термин; “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді) — белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.Түйіндеме жазған адам туралы толық мәлімет беру үшін онда, оның білімі, біліктіліг, жеткен жетістігі, жұмыс тәжірибесі, не нәрсеге икемділігі бар екені жазылу керек керек. Түйіндеме кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі. Түйіндеменің мазмұндық-құрылымды:аты-жөні;т уған жылы, күні, айы, туған жері; ұлты; жынысы; мекен-жайы, телефоны; отбасы жағдайы; азаматтығы; білімі; бітірген оқу орындары; кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі; тілдік дағдылары; компьютерлік сауаттылығы; жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т.б.) қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т.б.) туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар, патенттер т.б.)

68. Құтыбтың «Хұсырау- Шырын» дастаныныың сюжетін баяндаңыз. Қыпшақ сахарасында серілікті әдемі суреттеген ақынның бір Құтыб. «Хұсырау-Шірін» ғашықтығын жырлаған кемеңгер ақын. Ол жырды Сырдария бойында тұратын Женд қаласында 875 (1383 ж.) жылы жазып бітірген. Жер аттары көбінесе Қазақстан жері. Негізгі сюжеті серілік, ғашықтық туралы. Сол серінің бірі Хұсрау не Фархад, оның сүйген қызы Шірін туралы. Бұл аңыз Құтыбтан кейін Сырдария бойындағы қазақтар арасында XIX ғасырға дейін айтылып келді. Құтыб жырының соңында өзі туралы айтқан:

Бітірдім кітабымды қатесін бағып, Бұ захмет шеккенімді білгейсің оқып. Атағымды «Берке факыр» деп айтады, Өзім мүмін, өзім мүслім, асылым қыпшақ. Кітап тарих жеті жүз сексен бесте (1383) сафар айының 25 де жазылып бітеді. (Құтыб. Хұсрау-Шірін.)

69.М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңінің идеясын ашыңыз. Қазақтың аса дарынды ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірден өз орнын анық тауып, артына өшпес мол мұра қалдырғанын анық білеміз. Мағжан баршамызға ұлтшыл ақын екені аян. Жастарға арналған өлеңдері де біршама. Ақынның «Мен жастарға сенемін» өлеңінде нағыз қазақ жастарының қандай болу керектігін, түр- тұлғасын айқын суреттегені байқалады. Сондықтан Мағжанның «Мен жастарға сенемін» өлеңін оқи отыра, жастарымыздың басты қасиеттерін қазіргі кезімен, сол кездерін ашығырақ таныстыруды жөн көрдім. Мағжан Жұмабаетың «Мен жастарға сенемін»өлеңінің тәрбиелік мәнін талдау. Ақын өзін немесе өзінің лирикалық кейіпкерін ғана емес,айналасындағы жастарды да «арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты» қалыпта көргісі келеді. Халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш-жастар. Олай болса,өмір бойы «алаш» ұранын көтеріп кеткен Мағжан үшін жастардың тәрбиесінің, қайраттылығының орны бөлек. Өз өлеңінде ол жастарға үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті,таза жүрек пен ер мінезді,туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанады. Шабыттана жырлайды. «Мен жастарға сенемін» деп асқақтай сөйлейді. Бірақ біз жастар осы ақын ойын ақтап жүрміз ба?- деген сұрақ көкейде тұрады. Өлеңдегі қайраттылық, рух-жігер, табандылық, әділеттілік, бәрі-бәрі тәрбиеден бастау алады.

70. Қазақтың би-шешендерінің тілдік ерекшеліктерін салыстырыңыз. Шешендік сөз немесе шешендік өнер - ежелгі Грекия мен Рим заманынан бермен қарай көптеген халықтардың мәдени, рухани, өмір тіршілігіндегі өнердің бір түрі. Шешендік сөздер ағып тұрған поэзия, тұнып тұрған философия. Ақ өлеңмен өрілген сөз тұнығы: сырлы теңеу, астарлы сын, жинақы ой, жұмбақты меңзеу, қисынды толғам, тылсымды талай. Бәрі тіл құдіретінің, пікір түйінділігінің, таңғажайып ой толғағының әмбебап туындысы. Шешендік - ұшқыр ойдың қас қағымда тілге оралымдылығы, байламы; дер кезінде дәл мағынасын дөп басар бейнелілігі; мәнді, ойлы сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге айналуы; дау-дамайда қазылық, мәмілегерлік; ара қатыста елшілік, жаугершілікте бітімгерлік; ұрпаққа, қалың қауымға өсиет. “Алажағым кетсе де, айтажағым кетпесін” дейтін қазақтың сөзге қонақ беруі. Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (ХЫЫ-ХЫЫЫ ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (ХЫВ-ХВ ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті. Шалгез, Бұхар (ХВ-ХВЫЫЫ ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (ХЫХ ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді.

71. Рабғузидің «Қисса- ул-әнбийа» кітабының мазмұнын баяндаңыз. Рабғузи (лақап аты; шын аты-жөні – Наср әд-Дин Бурһан әд-Диннің баласы (т.-ө.ж.б.) – 13 ғ-дың аяғы мен 14 ғ-дың басында өмір сүрген жазушы, ойшыл. Рабғузидың Қисса-с-ул әнбийя атты еңбегі қазақ әдебиетінің ертедегі нұсқаларының бірі саналады. Рабғузидің «Қисас – ул - әнбиа»атты еңбегі 1310 жылы жазылған. Кітапта ежелгі шығыс ертегі - аңыздары, мифтік сюжеттері, әңгіме - хикаялары, өлеңдер жинағы топтастырылған. Кітапта Вавилон мифологиясының көптеген қалыпты сюжеттері бар: дүниенің жаратылуы, жердітопан су қаптауы, Адам мен Хауа ана оқиғалары. Рабғузидың Қисса - с - ул әнбийя атты еңбегі қазақ әдебиетінің ертедегі нұсқаларының бірі саналады. Алтын Орда дәуіріндегі (ХІІІ - ХҮ ғғ) туындыларға "Кодекс Куманикус" сияқты авторы беймәлім ескерткіштерді, сондай - ақ Хорезмидің "Мұхаббат - наме", Құтбтың "Хұсрау - Шырын", Сәйф Сарайдың "Гүлистан би - т - түрки", Дүрбектің "Жүсіп - Зылиха", Рабғузидің "Қиссас - ул әнбия" атты шығармалары жатады. Рабғузидің "Қиссас ул - әнбия" еңбегі Қисса - сүл әнбийя» - Алтын орда мемлекеті тұсында дүниеге келген діни тақырыптағы соқталы дүниелердің бірі. Рабғузидің «Қисса-сул әнбия» ескерткіші біздің заманымызға бірнеше нұсқада жеткен. Көне түрік тілінде үш нұсқасы бар. Бірі – Лондон, бірі – Қазан, бірі – Ташкент нұсқалары болып отыр

72.Абайдың ақындық шеберлігін дәлелдеңіз. Абай қазақ халқының тұрмыс-хәліне жіті қарап, өз бағалауын хатқа түсіріп отырған, ақындық шығармаларының да дені елінің өмір қаракетін сипаттап, сын көзінен өткізгенін аңғартады. Ұлы ақынның сыншылдығын міншілдігі деп түсінбеуіміз керек. Абайдың сыны әр тарапты, әрі ауқымды: адамның мінез-құлқын ғана сынамайды, қоғамдық, әлеуметтік, әдеби де өнерлік, ғылыми, ұстаздық болып келеді. Алдымен ұлт мінезін қатал сынайды: «Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз...» - дейді жиырма төртінші сөзінде. Міне, ұлы ойшылдың арманы - осылай асқақ, көксеуі - күрделі, сыны - сындарлы. Ақынның сыншылдығын, негізінен, үш салаға даралаймыз. Бірінші - әлеумет өміріне, заманға көзқарасы. Екінші - өнер мен әдебиетке, ғылымға көзқарасы. Үшінші - жеке адамның мінез-құлқын адамшылық, имандылық, ұстаздық тұрғысынан бағалауы... Абай елдің тұрмыс-халін, өз тұсының халық ұғымы тұрғысынан талдап түсіндіреді. Абайдың ақындық өнері, тар жолды, бірбеткей емес. Абайдан бергі қазақ әдебиетінің беті жаңа түр тапты. Абай бұрынғы ақындардың ұстанып келе жатқан бетін тастап, тыңнан жол салды. Бұл Абайдың бұрынғы ақындардан ақыл көзінің артықтығы болды — бір; ақындығы күшті болды — екі; өлеңнің өнер екендігін білді — үш. Сонымен Абай ешкімнен үлгі алмай, қазақ әдебиетінің бетін бұрып, мүйіс шығарды.

73.Жамбылдың халық поэзиясының үздік өкілі екенін тұжырымдаңыз. Жамбыл Жабайұлы (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда, халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбылдың туған халқының өмірін жүз жыл талмай жырлауының өзі де – ерлік. (Родригес Роман. Куба қайраткері)

Жамбыл халық поэзиясының ғасыр жасаған емені, ақындық еңбектің батыры, халқының мақтанышы. Қазақтың халық поэзиясының алыбы Жамбыл есімі бүгінгі таңда дүние жүзіне мәлім.

74.Жыраулар шығармашылығының ерекшеліктерін көрсетіңіз. Жыраулар поэзиясы – бірегей тарихи-мәдени құбылыс. Жыраулар поэзиясының ілкі нышандары. Жыраулар поэзиясы – ұлт қалыптасуының көрінісі. Жыраулар поэзиясындағы романтикалық әдіс ерекшеліктері. Жыраулар поэзиясындағы реализм және оның бел алу себептері. Жыраулар поэзиясындағы идеялар мен көркемдік мазмұн, негізгі қаһармандар.Жыраулар поэзиясы – қазақ мәдениетіне ғана тән бірегей тарихи-мәдени құбылыс. Бірегей құбылыс болатын себебі – дүние жұртының арғы-бергі тарихында қазақ жыраулары мен олардың жыр-толғауларына дәлме-дәл сәйкес келетін әдеби шығармашылық иелері де, шығармалар да кезікпейді. Ал жыраулар поэзиясының өзімен дәуірлес өзге елдер әдебиетіндегі үлгілерден бөлек арна түзе, өзіне ғана тән мазмұнмен және өзіне ғана тән пішінмен тарих сахнасына шығуының сыры оның қазақ топырағында тарихи оқиғалармен, тарихи жағдайлармен орайласа тууында жатыр. Жыраулар поэзиясы кемелдене өркендеген ХV-ХVIII ғасырларда қазақ баласы бастан өткерген жағдайлар мен оқиғалар жайын осыған дейінгі тұстарда шолу сипатында ұсынған болатынбыз. Ал сол оқиғалардың бастауында тұрған ең маңыздысы – 1456 жылы дербес Қазақ хандығының құрылуы. Содан кейінгі оқиғалардың барлығы дербес Қазақ мемлекетінің құрылуына өзге жұрттардың көзқарасына, қарым-қатынас сипатына т.с.с. жағдайларға байланысты туындағаны шүбәсіз. Демек, жыраулар поэзиясының ХV-ХVIII ғасырларда қанат жая дамуының ең негізгі себебі – жыраулардың дербес елде өмір сүріп, өз елінің тағдырына, болашағына қатысты ойларын ашық айтуға мүмкіндік алуында жатыр. Осы тұрғыдан келгенде, жырауларды өз елінің арман-аңсарын, мақсат-мұратын жырлаған, халқының өмір салтын, тірлік-тынысын боямасыз бейнелеген еркін ойлы шығармашылық иелері ретінде тану абзал.

75.Ш.Құдайбердиев – лирикасындағы Абай дәстүрі және жаңашылдық; ХХ ғасыр басындағы қазақ лирикасындағы Шәкәрім Құдайбердіұлының лирикалық өлеңдерінің жанрлық ерекшеліктерін ұлттық және әдеби дамудағы көркемдік дәстүр мен үндестік, сабақтастық жағдайында әдеби тұрғыда кеңінен талдануы зерттеу жұмысының ғылымми жаңалығы болып танылады. Шәкәрім лирикасының жанрлық ерекшеліктері ұлттық әдебиеттану ғылымындағы лирикалық жанрдың дамуымен тұтастықта алынып қарастырылды. ХХ ғасыр басында қазақ лирикасын жанрлық жағынан байытқан ақын мұраларының ғылыми айналымға енуі жұмыстың жалпы ғылыми мәнін айқындайды. Халық өмірінің әрбір тарихи сәтін мүлт жібермеуге ұмтылған Шәкәрім лирикасының жанрлық маңызы ерекше артты. «ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ әдебиетіндегі азаматтық лириканың дамуы, оның үстінде орыс қоғамындағы ағартушылық-демократтық ой-санасының өрістеуі бұл кезде Абай арқылы қазақ поэзиясына жаңа леп әкелген болатын.Осы реалистік дәстүр, шынайы халықтық арна ХХ ғасыр басындағы ақындар шығармашылығының да негізгі идеялық-көркемдік нысанасына айналды.» деген әдебиетші ғалым Б.Әбдіғазиев пікірінің шындығы Шәкәрім лирикалық мұраларына, оның лирикалық жанр ерекшелігіне тікелей қатысты.

76.Қасым Аманжоловтың ақындақ шеберлігін дәлелдеңіз. Қасым Аманжолов — (1911-1955) қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны. Қасым Аманжолов– қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды. Қасым Аманжолов – көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды. Қ.Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын. Ақынның бұлайша өзіндік түр іздеуі отызыншы жылдары-ақ, белгі берген болатын. Мәселен, Пушкиннің қайтыс болуына жүз жыл толуына арналған "Ақынның ескерткішіне" (1937), "Отан үшін жан пида!" (1941) өлеңдері 15 буынмен жазылса, "Руставели Шотаға" (1937) өлеңі 16 буынмен жазылған. Мұндай көп буынды өлеңдер ол кезеңде некен-саяқ ұшырасатын. Кейінгі жылдары Қасым көркем аудармамен көп шұғылданды. Т.Шевченко өлеңдерін, Низамидің "Ләйлі мен Мәжнүнін", А.Пушкиннің "Полтавасын", М.Лермонтовтың "Маскарадын", А.Твардовскийдің "Василий Теркинін", т.б. шығармаларын аударуы, ақын ойының тереңдей түсуіне, шеберлігінің өсуіне көп пайдасы тигізді. Өмірінің соңғы кездерінде Қ.Аманжолов өлім, өмір, өмірдің мәні, азаматтық парыз, ақындық борыш жайында көп ойланып, көп толғанды. Ондай өлеңдері – елін, жұртын емірене сүйген азамат акынның жан сыры, ой-сезімі.







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 2044. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.073 сек.) русская версия | украинская версия