Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

леуметтік құрылым және стратификация





 

«Стратификация» термині латынның stratum - жік, қатпар және facio – істеймін деген сөздерінен шыққан. Әлеуметтік стратификация дегеніміз қоғам мүшелерінің материалдық байлықты, табысты, артықшылықты, мәртебені, билікті, құқық пен міндеттерді иеленуінің бірдей болмауынан көптеген әлеуметтік топтарға, таптарға бөлінуі.

Қоғамның әлеуметтік құрылымының проблемасы теңсіздік проблемасымен байланысты. Теңсіздік проблемасына көптеген ғалымдар батыс қоғамтанушылары (К.Маркс, М.Вебер, П.Сорокин, Г.Моска, Р.Дарендорф, В.Парето, Б.Барбер, Л.Уорнер т.б.) және отандық (Аженов М.С., Аитов Н.А., Биекенов К.У., Ишмухамедов А.Ш., Сарсенбаев Т.С. т.б.) мектептер көңіл бөлді.

Батыс социологиясында стратификацияның бірнеше тұжырымдамасы бар. Енді соларға тоқтала кетейік.

К.Маркс ілімі кеңес қоғамында негізгі ілім болып саналды. Ол негізінен таптық құрылымдық қоғамды сипаттай келе, жеке меншіктің пайда болуын таптық құрылымдық қоғамның пайда болуымен байланыстырды. Ал таптардың пайда болуы қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктерге әкеп соқтырды деп көрсетті. Яғни, Маркс қоғамның әлеуметтік стратификациясын экономикалық ұйыммен байланыстырды.

М.Вебер «тап» категориясын анықтау барысында Маркс теориясымен келіседі. Ол капитализм кезіндегі теңсіздік пен жеке меншіктің рөлін мойындайды, бірақ экономикалық ұйым стратификацияның негізі деп санамады. Вебер теңсіздіктің мынандай үш компонентін ұсынады:

1) мүлік теңсіздігі – байлық еңбекақыға қарағанда жоғары тұрады, әртүрлі әлеуметтік таптардың өкілдерінің әлеуметтік деңгейлері, мүмкіншіліктері әртүрлілігімен сипатталады.

2) бедел теңсіздігі - әрбір топ адамдары бірдей құрмет пен сыйласымдылыққа ие болғанмен, беделдері әртүрлі болып келеді (осыған орай Вебер мәртебелік топтар түсінігін енгізді).

3) билік теңсіздігі – адамның немесе топтардың өмірде жоспарын жүзеге асыруға қабілеттілігі, іс-әрекет етіп саясатқа қатысы болып табылады.

Қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарға бөлінуі П.Сорокиннің «Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобилдеу» теориясында көрсетіледі. Бұл теория бойынша, барлық қоғам табыс, іс-әрекет түрі, саяси көзқарасы, мәдени ерекшеліктеріне қарай әртүрлі қабаттарға, страттарға бөлінеді. Бұлай бөлінудің бірнеше белгілері бар: экономикалық, кәсіптік және саяси.

Сорокиннің пікірінше, әлеуметтік стратификация дегеніміз – қоғамның табиғи және қалыпты жағдайы. Адам өз мамандығын, экономикалық жағдайын, саяси көзқарастарын өзгерте отырып, бір әлеуметтік қабаттан екіншісіне өтіп отырады, бұл әлеуметтануда әлеуметтік мобилдеу деп аталады. Яғни, индивидтерді не әлеуметтік нысанның, адамдардың қызметімен жасалып, жетілдірілген құндылықтарының бір әлеуметтік бағыттан екіншісіне көшуі әлеуметтік мобилдеу теориясы деп аталады.

Әлеуметтік мобилдеу тік және көлденең мобилдікболып екіге бөлінеді.

Тік мобилдік – индивидтің не әлеуметтік нысанның өзгеруіне жағдай туғызатын өзара әрекеттердің жиынтығы. (яғни, адамның не әлеуметтік топтың иерархиялық тәртіппен бір әлеуметтік қабаттан басқа екінші әлеуметтік қабатқа өтуі).

Көлденең мобилдік - индивидтің не әлеуметтік нысанның сол бір деңгейдегі әлеуметтік бағыттан екіншісіне ауысуы.

Р.Дарендорф өзінің әлеуметтік стратификация тұжырымдамасының негізіне өкімет пен әлеуметтік топтардың билік үшін күресін сипаттайтын саяси ұғым «беделді» алады. Ол қоғамды басқарушылар мен басқарылатындар деп екіге бөледі. Басқарушыларға – жеке меншікті басқарушылар және бюрократтар-менеджерлерді, ал басқарылатындарға – жоғары топ немесе жұмысшы аристократиясы және төменгі топ немесе маманданбаған жұмысшыларды жатқызады.

Америка социологы Л.Уорнер әлеуметтік стратификация туралы өз болжамын ұсынды. Топтарды айқындайтын белгі ретінде ол төрт өлшемді ұсынды: табыс, кәсіп мәртебесі, білім, этникалық тек. Осы белгілерді басшылыққа ала отырып, ол билеуші элитаны алты топқа жіктеді: жоғарғы, жоғарыаралық, жоғарғы ортаңғы, ортаңғы аралық, аралықжоғарғы, аралық-аралық.

Тағы бір америкалық социолог Б.Барбер стратификацияны алты өлшемге негіздеп жасады: 1)мәртебе, кәсіп, билік пен қуаттылық; 2) табыс мөлшері; 3) білім деңгейі; 4) діни дәрежесі; 5) туыстарының жағдайы; 6) этникалық тегі.

Сонымен, кез-келген қоғам әртүрлі әлеуметтік белгілеріне қарай страттарға, таптарға, топтарға жіктеледі. Яғни, әлеуметтік стратификация дегеніміз - өздерінің әлеуметтік мәртебесімен өзгешеленетін қоғамдағы түрлі әлеуметтік жіктердің жіктелу процесі және нәтижесі.

 

Колданған әдебиет тізімі:

Ш.Қ. Қарабаев «Әлеметтану негіздері»







Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 1455. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия