Студопедия — Т.Парсонс, Р.Мертон
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Т.Парсонс, Р.Мертон






Талкотт Парсоностың (1902-1979ж.ж.) көп еңбектерінің ішінде біз оның екі негізгі еңбегін, яғни әлеуметтік іс-әрекет, қимыл («социальное действие») және құрылымды-функциональды талдау («структурно-функциональный анализ») қарастырғанымыз орынды болады. Бұлардың қысқаша мазмұны мен мәні мынадай. Қандай да бір әлеуметтік іс-әрекет, қимылдың болуында қажетті шарттар бар. Әрекет қимыл, біріншіден, оны жүргізетін адамды, екіншіден, нақты жағдайды, үшінші мақсатпен белгілі бір заң нормаларына (ережелеріне) сүйенген шартты жағдайларды қажет етеді.

Т. Парсонстың пікірінше, әрбір әрекет, қимылдың өзін-өзі ұйымдастыратын белгілі жүйесі, оның шартты белгілері (символдары) бар. Олар: мысалы, тіл, құндылықтар, іс-әрекеттің, белгілі бір нормативтік ережеге сәйкес, яғни іс-әрекеттің, қоғамда қабылдаған нормаларға, құндылыққа тәуелді болуы.

«Әлеуметтік іс-әрекет» теориясының ең негізгі ұғымы – «әрекеттер жүйесі». Т. Парсонс әрекеттер жүйесіне әлеуметтік болмыстың, шындықтың (социальная реальность) алуан түрлі деңгейлерін, олардың бір-бірімен өзара белгілі бір байланысын жатқызады. Әрбір жүйе дұрыс іс-әрекет, қимыл, қызмет атқару үшін жүйенің құнды тұрпатын сақтау; интегация құрылымы, мақсатқа жету (целедостижение), бейімделу (адаптация) сияқты 4 шартты ескеру қажет.

Бейімделу – кез келген әлеуметтік жүйе ішкі жағдайға да, сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделе алуы.

Мақсатқа жету – оны жүйе анықтайды, қойылған негізгі міндеттер мен мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуге қабілетті болуы.

Интеграциялануы (кірігу) – жаңа абуындарды жүйеге енгзуге, біріктіруге қабілетті болуы. Жүйе бір-біріне бпрлық құрамдас бөлшектерін және қызметтерін байланыстырады.

Құнды тұрпатын сақтау – кез келген жүйе жүріс-тұрыс үлгілерін, мәдени қағидалар мен нұсқаларды жасайды, жетілдіреді және жаңартады. Жалпы мөлшерлер мен қазыналарды жеке адамдардың игеруі жүйенің тұрақтылығын сақтауға және әлеуметтік шиеленістерді азайтуға мүмкіндік береді.

Басқаша айтқанда, бұл өзгермейтін (инвариантный) функционалды мәселелер жиынтығы. Ол әрбір жүйеде және оның бөліктерінде шешіліп отыруы керек. Т. Парсонстың қандай да бір теориялық құрылымын алмайық, оның әрқайсысында қайталанып отыратын ой өзегі, басты пікірі (леймотив) болады. Ол - әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын көрсететін құрылым және оның зерттеу механизмі. Осы міндетті ойдағадай шешуге Т. Парсонстың екінші теориясы, яғни «құрылымдық – функционалды талдау» бағытталған. Бұл теорияға сәйкес қоғам және оның жеке жүйелерінің белгілі бір функцияларды орындауы қарастырылады.

Т. Парсонстың құрылымдық – функционалды талдау теориясын онан әрі жетілдіру жолдарын іздеді. Ол жаңа эволюциялық емес тұжырымдамасын түйіндеді. Онда ол қоғам құрылымының жіктелуіне басты назар аударады. Ал, қоғам құрылымының дифференциациялануы деп Т. Парсонс әрбір кезеңге сәйкес қоғам құрылымының күрделенуін түсінген. Ол құрылымның күрделенуі қоғамның және оның жүйелерінің тұрақтылығын азайтады деп қорытынды жасайды.

Эмпирикалық және теориялық әлеуметтануды біріктіру идеясын бастаған ірір әлеуметтанушы Роберт Мертон (1910ж.) болды. 1949 жылы оның «Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым» атты еңбегі шықты. Оның пікірінше, эмпирикалық және теориялық әлеуметтанудың бірігуінің «алтын дәуірі» басталды. Бұл тұрғыдан алғанда, Р. Мертон өзінің ойлаған ойын шындыққа айналдырғысы келді, бірақ бұл дұрыс болмады, өйткені эмпирикалық және теориялық әлеуметтанудың қатар дамуына ұзақ уақыт керек болды. Р. Мертон осы мақсатқа жету үшін өзінің функционалды талдау және «ортаңғы деңгей» теорияларын жасады.

Спенсердің биологиялық көзқарастарын одан әрі дамытып, Мертон функционализм негізін қалайды. Қоғамның организмге ұқсастығын мойындасақ, оның жеек бөліктері бір-бірімен тығыз өзара байланыста болып, өз міндетті ісі арқылы оларды нығайтуғға талпынады. Басқаша айтқанда, қоғамда бәрі бір-бірімен тығыз өзара тәуелділік байланыста болады. Сондықтан әлеуметтанушылардың міндеті «әлеуметтік деректер мен объектілердің ішкі мазмұны туралы ойлана бермей, айқын, көрінетін, тексеруге және талдап қорытуға оңай міндетті істердің салдарларын жай алып қарағаны жөн». Осындай салдарлары арқылы міндетті қызметтері де өздерін айқындайды. Функция деп, бақылауға болатын нақты жүйенің өзін-өзі реттейтін не оны ортаға бейімдейтін құбылыстардың салдарларын айтады. Егер де бақылауға болатын осы салдарлар жүйенің өзін-өзі реттеуін, не оның ортаға бейімделуін әлсіретсе, онда оны дисфункция деп атайды.

Міндетті қызметтер 2 нысанда көрініс табады: айқын және латенттік(жасырын).

Міндетті қызметтерді байқау мен оқуға арналған тәсілнамалық құралды Мерто «орта деңгейдегі теориялар (ОДТ)» ретінде таныстырады. Ол ОДТ-ға мынадай анықтама береді: «Бұл теориялар жеке, бірақ қажетті, күнделікті зерттеулер барысында пайда болатын жұмысшы болжаулар мен бірыңғай теорияны дамытуға жан-жақты қамтуға жүйелі талаптанулардың аралығындағы кеңістікте орналасқан. Олар барлық бақылауға келетін әлеуметтік мінез-құлықтың түрлерін, ұйымдарды және өзгерістерді түсіндіреді». Басқаша айтқанда, әлеуметтанудың ерекшелігі болатын әлеуметтік әлемнің өзгеше көрінуін көбінесе, тіпті тек қана осы «аралық» кеңістікте, яғни таза эмпирикалық болжаулар мен жалпы қоғамның әлеуметтік-философиялық теорияларының арасында орналасуын айқындайды.

Әлеуметтанушылардың ішінен бірінші болып Р. Мертон әлеуметтік құбылыстардың қоғамды әлеуметтік тәртіпті сақтау және оны қолдау функциясын емес, керісінше, олардың дисфункциясына, яғни әлеуметтік құбылыстардың қоғам құрылымындағы әлеуметтік золық-зомбылықты, шиеленісті, олардан туатын қарама-қарсы қайшлықты көрсетуге баса назад аударды. «Ортаңғы деңгей» теориясы бір жағынан әлеуметтік фактілердің үлкен топтарын қорытындаудың үлкен нәтижесі болды. Екінші жағынан, жалпы әлеуметтанудың кейбір жақтарын одан әрі нақтылап түсіндірудің құралы болды.







Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 3279. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия