Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лазер сәулесінің қолданылуы.





Өзінің өте сирек қасиеттерінің арқасында лазер сәулесі ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында қолданыла бастады. Лазер сәулесі туннельдер салуда, құбырларды өткізуде қолданылады. Оның көмегімен өте нашар балқитын материалдарды буландыруға, сүйекте, керамикада, аса қатты қорытпаларда, жартылай өткізгіштерде өте жіңішке саңылау алуға болады.

Лазер сәулесінің жоғары бағыттылығы радиолокацияда қолданылады, лазерлі дальномерлер (аралықтың алыс- жақындығын өлшейтін құрал) арақашықтықтың жоғары дәлдікпен өлшенуін қамтамасыз етеді.

Лазер сәулесі космостық ортада хабардың берілуі үшін пайдаланылады. Лазер сәулесі паренхиматоздық мүшелерге операция жасауға мүмкіндік береді. Лазер сәулесімен жасалған операция қысқа мерзімді, ауырсынбайды және кескен жерді жіңішкелеп тігуге мүмкіндік береді.

Офтальмологтар лазерді көздің тор қабығының астында жатқан тамыр қабықшасына осы қатпарланған тор қабықты «пісіру» үшін қолданады. Лазер сәулесінің көмегімен тісті емдеу кезінде дентинаны (тістің негізгі бөлігін құрайтын сүйек тінінің бір түрі) бұзуға, ауыз қуысына тіс протездерін тікелей бекітуге, дауыс сіңірінің зақымдануын жоюға, мойын омыртқаларын алып тастауға болады.

Лазеротерапияны қолдану көрсетілімдері:

Ішкі аурулар түрі: жүректің ишемиялық ауруы (жүрекке артерия қанының аз келуі не келмей қалуы), гиперотниялық ауру, өкпелердің ерекше емес созылмалы аурулары, қарынның, жұмыр ішектің (ұлтабарұшының) ойық жаралы аурулары, өт жолдары дискинезиясы, колиттер (тоқ ішектің қабынуы), созылмалы панкреатит (ұйқы безінің қабынуы), қатал және созылмалы (тассыз) холециститтер (өт қапшығының қабынуы),.

Хирургиялық аурулар түрі:операциядан кейінгі және ұзақ жазылмайтын жаралар, трофикалық ойық жаралар, келлоидты тыртықтар, жарақаттар (механикалық, жылулық, химиялық), остеомиелиттер (сүйек майының қабынуы), ұлпалар жарығы, іріңді абсцессалар, маститтер, аяқ- қолдар қантамырларының аурулары. Рак жасушаларын, туа біткен дақтарды, салынған таңбаны жою мүмкіндігі бар.

Хирургияда лазер сәулесі «жарық скальпелі» ретінде қолданылады. Оның артықшылығы- операцияның стерильділігі мен қансыздығы, кесу енін өзгерту. Қансыздықты ақуыз молекулаларының коагуляциясы, сәуле жолындағы қантамырларының бітелуі қамтамасыз етеді. Осы эффект бауырға, көкбауырға, бүйректерге т.б. операция кезінде жақсы әсер етеді. Лазердің талшықты оптикамен қосылуы оны эндовидеохирургияда қолдануға мүмкіндік береді.

Гинекологиялық; аурулар және несеп- жыныс жүйесінің аурулары: созылмалы сальпингоофорит, созылмалы ерекше емес простатит, уретрит, цистит, түтікшелі белдеулік, жыныс қызметінің әлсіреуі. Акушерлік пен гинекологияда кванттық гемотерапия әдісі қолданылады, қан оттегімен тәуліктің орнына 1 минут бойы қанығады. Лазер электрокоагуляция (күйдіру), эрозия, жатыр мойыншасының кистасы (зақымдалған ұлпада пайда болатын, сұйыққа толы қабықшасы бар бітеу қуыс), әйелдердің белдеуін сүйемелдейтін жабысқан жер үрдісінде (спайка), залым эндометриоз кездерінде қолданылады.

Стоматология аурулары:стоматиттер, гингивиттер, альвеолиттер, пульпиттер, периодонтиттер, парадонтоз, жақ- беттің одонтогенді қабыну үрдістері. Лазер стоматологияда тісті емдеу кезінде дентинаны бұзу үшін қолданылады.

Дерматология, тері жамылғыларының аурулары:қышыма дерматоздары, түрлі генезді (шығу тегінің) трофикалық ойық жаралар,қабынған инфильтраттар, экзема, нейродермиттер, псориаз, атопикалық дерматит.

Есту, тыныс алу мүшелерінің аурулары:мұрынның қосалқы бөлігі қуысының созылмалы қабынуы, фаринголарингиттер, тонзилиттер, отиттер, субатрофикалық және вазомоторлы риниттер. Лазерлер дауыс сіңірінің және мойын полипінің зақымдалған жерін алып тастау үшін қолданылады.

Жүйке жүйесінің аурулары:невриттер мен шеткі жүйкелер невралгиясы, беттегі жүйкенің невриті, қантамырлы- мидың жетіспеушілігі. Лазер сәулесі орталық жүйке жүйесінің дисбалансын жояды.

Қимыл- тіреу жүйесі аппаратының аурулары:омыртқа жотасының остеохондрозы, сүйектер мен асқыну кезіндегі буын аурулары, артриттер мен артроздар, бұлшықетті - байланыстырушы аппараттың ауруларуы мен жарақаттануы (миозиттер, тендовагиниттер, бурситтер).

Лазердің көмегімен Жерден планеталарға дейінгі арқашықтық өлшенеді. Лазерлі дальномер самолеттердің қону жүйесінде, су асты шолу жүйесінде, топырақ, теңіз бетінің күйін бағалау үшін, түбі мен өңірдің бедерлілігін оқып- зерттеуде қолданылады. Массасы 60 грамм кішігірім лазерлі локатор соқыр адамдардың таяқтарына орнатылған. Жақын бөгет кезінде таяқтың тұтқасы біраз секіре бастайды. Лазерлі массажер аса тиімді, ол жарықтық және механикалық әсер етеді.







Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 2775. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...


Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия