Студопедия — Пропускная способность механического цеха
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Пропускная способность механического цеха






Апта саны: 8

Сағат саны: 320

 

Тараз 2014ж

 

Әдістемелік нұсқауда өндірістік тәжірибенің мақсаттары, міндеттері, жоспарлау мен орындауды ұйымдастыруға, бөлімдердің мазмұнына және өндірістік тәжірибе бойынша жазылған есепті рәсімдеуге қойылатын талаптар берілген. Аяқталған жұмысты қорғауға ұсынудың үрдісі көрсетілген.

 

Әдістемелік нұсқауды құрастырушылар:

Игликова А.Н. __________________

/қолы/

 

Әдістемелік нұсқау «Есеп және аудит» кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №1 13.09.2012ж.

 

Кафедра меңгерушісі ____________________ Қожабеков С.С.

/қолы/

 

«Экономика және бизнес» факультетінің Ғылыми-әдістемеләк бюросымен мақұлданды.

Хаттама № 1 26.09.2012ж.

 

ҒӘБ төрайымы _____________________ Сулеева С.Е.

/қолы/

 

 

1-бөлiм. Диплом жұмысын орындау алдындағы кәсіби тәжiрибенiң мақсаты мен мiндетi

Студенттердiң диплом алдындағы кәсіби тәжiрибесi есеп және аудит бойынша жоғары бiлiктi кәсiби мамандарды даярлаудың қажеттi құрамдық бөлiгi болып табылады.

Кәсіби тәжiрибе кәсiпорындарда кәсiпорынның өтiнiшi бойынша жүргiзiледi. Оның өз мақсаты университетте оқу процесiнде қаржы және басқару есебiнен, басқаруды және қаржылық талдау, аудит, статистика, қаржы және басқа экономикалық пәндер бойынша студенттермен алынған теоретикалық бiлiмдi баянды ету және қаржылық есеп берудi толтыруда және ұсынуда, iшкi бақылауды, аудиттi, қаржылық басқаруды талдауды ұйымдастыруда практикалық жұмысқа дағдыланып меңгеру

Диплом жұмысын орындау алдындағы кәсіби тәжiрибенiң мiндетiне жатады:

- кәсiпорынның ұйымдастыру құрылымымен, ондағы есеп экономикалық, аудиторлық жұмыстардың мазмұнымен және қойылуымен танысу;

- кәсiпорынның бухгалтериясының және басқа құрылымдық бөлiмдерiнiң жұмыс тәжiрибелерiн оқып үйрену;

- есептiк-аналитикалық, аудиторлық жұмыстарға дағдылану, экономикалық және бақылау жұмыстарының әдiстерiмен танысу.

Тәжiрибенi өту екi бөлiмнен тұрады: жалпы және жеке. Кәсіби тәжiрибенiң (практиканың) жалпы бөлiмi осы бағдарламаға толық сәйкес болу керек. Тәжiрибенiң жеке бөлiмi студентпен "Есеп және аудит" кафедрасымен дайындалған дипломдық жұмысты орындау бойынша әдiстемелiк нұсқауына сәйкес орындалады.

 

Жұмыс уақытын бөлу үлгiсi

  Бағдарламаның бөлімдері Жұмыс күндерінің саны
Күнд Сырт
1. Жалпы бөлім
  Кәсіпорынмен, оның өндіріс технологиясымен және экономикалық көрсеткіштерімен жалпы танысу    
  Бухгалтерия және экономикалық қызмет бөлімдерінің жұмыстарын оқып үйрену:    
2.1 Кәсіпорының қаржы-шаруашылқ қызметінің бухгалтерлік есебін, аудитін және талдауын ұймдастыру    
2. Қаржы және басқару есебі. аудит пен талдау
  Капитал мен резервтердің есебі,аудиті және талдауы    
  Негізгі құралдар, материалдық емес активтер, биологиялық активтер, барлау мен бағалау активтерінің есебі, аудиті және талдауы    
  Инвестициялардың есебі, аудиті және талдау    
  Ақша қаражаттарының есебі, аудиті және талдауы    
  Қорлар есебі, аудиті және талдауы    
  Еңбек ақы есебі, аудиті және талдауы    
  Дебиторлық қарыздар мен міндеттемелердің есебі, аудиті және талдауы    
  Өндіріс шығындарының есебі, аудиті және талдауы    
  Өнімді шығарудың және өткізудің есебі, аудиті және талдауы    
  Кәсіпорынның кірістері мен шығыстарының есебі, аудиті және талдауы    
  Субъектінің қаржылық және статистикалық есеп беруі және оларды толтыру тәртібі    
3. Тәжірибе бойынша есеп беру
  Жинағы:    

 

2-бөлiм. Тәжiрибе бағдарламасының мазмұны

Студент тәжiрибеге кетер алдында кафедрада өз жетекшiсiнен дипломдық жұмысты жазу үшiн қажеттi мәлiметтi (материал) жинау бойынша консультация алуы керек.

Жетекшiден алынған консультацияға сәйкес студент диплом жұмысының тақырыбы бойынша бухгалтерлiк есеп регистрлерi мен қаржылық, статистикалық есеп берудiң формаларын толтырады.

Дипломдық жұмыс тек жетiк нақты практикалық мәлiметтер және таңдалған тақырып бойынша кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң көрсеткiштерi жiктеп талдау арқылы ғана жазылатынын ескеруi тиiс.

Ең алдымен студент кәсiпорынмен танысуы қажет. Ол үшiн кәсiпорыннан тәжiрибе жетекшiсi мамандармен бiрге саяхат жүргiзуi керек және практиканттарды негiзгi, көмекшi, цехтары және шаруашылықтарымен, өнiм өндiру технологиялық ерекшелiктерiмен таныстырады.

Студент практика iшiнде келесi жұмыстарды орындауы және мына бөлiмдер бойынша есеп беруi қажет:

 

3-бөлiм. Кәсiпорынмен жалпы танысу

1. Кәсiпорынның қысқаша технико- экономикалық сипаттамасы:

- Кәсiпорынның өндiрiстiк-ұйымдастыру құрылымы және басқаруды ұйымдастыру. ¤нiм өндiру (жұмыс, қызмет) кәсiбi (бағыты), яғни ерекшелiгi.

- Өндiру технологиялық процесiнiң схемасы. Кәсiпорынның өндiрiстiк бөлiмдерiнiң негiзгi функциялары (қызметтерi). Қаржы жағдайы (қызметiнiң нәтижесiн сипаттау).

- Басқару құрылымының схемасы. Кәсiпорынның әкiмшiлiк қызметкерлерiнiң негiзгi функциялары.

- Кәсiпорынды шикiзатпен, материалдармен, отынмен, электр энергиясымен жабдықтау көздерi. Дайын өнiмдi, жұмысты және қызметтi тұтынушылар. ¤ткiзудi өнiмдi, (жұмысты және қызметтi сату өткiзу) ұйымдастыру. Жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасында тiкелей байланыстарды сипаттау және сипаттама беру.

2. Кәсiпорында ҚЕХС сәйкес бухгалтерлiк қызметтi ұйымдастыру

Есептiң 1-шi бөлiмiнiң екiншi бөлiмшесiнде танысу және баяндау қажет:

- Бухгалтерлiк қызметтiң жұмысының ұйымдастырылуын, бухгалтерия құрылымын;

- Бухгалтерия қызметкерлерiнiң арасында мiндеттерiн бөлу және оларға қойылатын талаптар;

- Бухгалтерия, жоспарлы-экономикалық бөлiмiнiң, талдау және бақылау қызметкерлерiнiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiктерi;

- Есептiң, iшкi аудиттiң және талдаудың қолданылатын әдiстерi.

Студент тәжiрибенi өтуде кәсiпорынның нарықтық экономиканың талабына сай басқаруды жақсарту бойынша жүргiзiп жатқан iс-шараларымен тиянақты танысуы қажет.

Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және есеп беру туралы" заңының, Қазақстан Республикасының Салық Кодексiнiң, Қазақстан республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" Заңының материалдарын, бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарын, есеп берудiң халықаралық стандарттарын, Қазақстан Республикасының басқа заңдары мен нормативтiк актiлерiнiң және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң бухгалтерлiк есеп және аудит методологиясы Департаментiмен құрастырылған (қабылданған) Ережелерiн нұсқауларын оқып бiлуi және пайдалануы керек.

Қазақстан Республикасы Салық Кодексi бойынша:

- салық туралы баптарын пайдалану және қарастыру; заңды және жеке тұлғалардың корпоративтiк және жеке табыс салығы туралы; жер салығын есептеу тәртiбi туралы, мүлiкке, көлiк құралдарына және басқа салықтар туралы; қосымша құн салығы туралы;

- қорлардың өзiндiк құнына енгiзiлмейтiн және мерзiмдi шығындар болып табылатын шығындар туралы, табысты және т. б. анықтаған кезде өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) өзiндiк құнына енгiзiлетiн шығындар туралы Ережелердi қарастыру және пайдалану.

 

4-бөлiм. Қаржы және басқару есебi, аудит және талдау

 

1-тақырып. Капитал мен резервтердің есебі, аудитi және талдауы

1.1 Шығарылған капиталдың есебi мен аудитi.

1.2 Эмиссиялық кірістің есебi мен аудитi.

1.3 Сатып алынған жеке меншік үлестік құралдардың есебі мен аудитi.

1.4 Резервтердің есебі мен аудиті.

1.5 Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) есебі мен аудиті. Ведомость - машинограммаларды толтыру.

1.6 Меншiктi капиталдың құрамы мен құрылымын талдау. Меншiктi капиталдың кiрiстiлiгiн талдау.

1.7 Компьютерлендiру жағдайында меншiктi капиталдың есебi мен аудитiн ұйымдастыру

1.8 Есеп және меншiктi капиталдың өзгерiсi туралы есеп берудiң мәлiметтерiнiң дұрыстығы жөнiнде аудиторлық анықтама тексеру актiсi толтыру.

 

2-тақырып. Негiзгi құралдар, материалдық емес активтер, биологиялық активтер, барлау мен бағалау активтерінің есебі,

аудитi және талдауы

2.1 ҚЕ 16 ХС; 600 АХС-на сәйкес негiзгi құралдардың қозғалысының есебi мен аудитi.

2.2 Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануының БЕ 16,36 ХС-на сәйкес есебі. Негiзгi құралдардың амортизациясын есептеу ведомость-машинограммасын толтыру.

2.3 Негiзгi құралдарды жөндеу бойынша шығындардың есебi мен аудитi.

2.4 Жалға алынған, берiлген негiзгi құралдардың есебi және аудитi. ҚЕ 17 ХС-на сәйкес жалдың түрлерi.

2.5 Негiзгi құралдардың есебiнiң ведомость-машинограммаларын толтыру.

2.6 Негiзгi құралдарды түгендеу және түгендеудiң нәтижесiн есепте көрсету тәртiбi. Инвентарлық тiзiм толтыру. Негiзгi құралдардың есебi бойынша шаруашылық операциялардың көрсетiлуiнiң дұрыстығын тексеру.

2.7 ҚЕ 38-ХС; 600АХС-на сәйкес материалдық емес активтердiң қозғалысының есебi мен аудитi. Материалдық емес активтердiң амортизациясын есептеудiң есебi мен аудитi. материалдық емес активтердiң есебiнiң ведомость-машинограммасын толтыру. Материалдық емес активтердiң қозғалысының есебi бойынша операциялардың көрсетiлуiнiң дұрыстығын тексеру.

2.8 Биологиялық активтер есебі мен аудиті.

2.9 Барлау және бағалау активтерінің есебі мен аудиті. Барлау және бағалау активтерінің амортизациясы және құнсыздануы.

2.10 Статистикалық есеп беру формаларын толтырутәртібімен танысу.

2.11 Негізгі өндірістік қорлар мен материалдық емес активтердің пайдалануын талдау

- негiзгi құралдардың құрамы мен құрылымын талдау;

- негiзгi құралдардың техникалық жағдайын талдау;

- негiзгi құралдардың тиiмдi пайдаланылуын талдау;

- жабдықтарды пайдалануын талдау;

- материалдық емес активтердiң құрамы мен құрылымын және олардың тиiмдi пайдаланылуын талдау.

2.12 Компьютерлендiру жағдайында негiзгi құралдардың және материалдық емес активтердiң есебi мен аудитiн ұйымдастыру.

 

3-тақырып. Инвестициялардың есебi, аудитi және талдауы

3.1 ҚЕ 32,39 ХС; 600АХС-на сәйкес қаржылық инвестициялар есебі.

3.2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін оқып білу. ҚЕ 24, 27, 28 ХС-на сәйкес еншілес,қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға салынған инвестициялар есебі.

3.3 ҚЕ 40 ХС; 600 АХС-на сәйкес жылжымайтын мұлікке салынған инвестициялар есебі және аудиті.

3.4 Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялардың есебі мен аудиті.

3.5 Инвестициялар есебінің ведомость-машинограммасын толтыру.

3.6 Инвестициялық сатып алуларды қамтамасызетуді,өткізу рыногін талдау. Қаржылық инвестициялардың тиімді пайдалануын талдау. Қаржылық инвестициялардың тиімділігін, кірістілігін және тәуекелділік белгілері бойынша инвестициялар портфелінің қолайлығын арттыру бойынша кепілдемелер құрастыру.

3.7 Компьютерлендiру жағдайында инвестициялардың және қаржылық инвестициялардың есебi мен аудитiн ұйымдастыру.

 

4-тақырып. Ақша қаражаттарының есебi, аудитi және талдауы

4.1 Кассадағы ақша қаражатының есебі. Касса бойынша ақша қозғалысы есебiнiң ведомость-машинограммасын толтыру.

4.2 Ағымдағы банктік,депозиттік және арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі мен аудиті. Ақша қаражаттарының қозғалысының есебінің ведомость-машинограммаларын толтыру.

4.3 Қызметкерлердің дебиторлық қарыздарының есебі мен аудиті. Аванстық есепті, ведомость машинограмманы толтыру және есепке тіркеу. Қызметкердердің дебиторлық қарыздарының есебінің дұрыстығын тексеру.

4.4 Ақша қаражаттарының түсiмiн және шығуын қызметтiң үш түрi бойынша талдау операциялық, финанстық, инвестициялық.

4.5 Компьютерлендiру жағдайындағы ақша қаражаттарының есебi мен аудитiн қаржылық есеп берудiң халықаралық стандартарын қолдану арқылы ұйымдастыру

4.6 ҚЕ 7 ХС "Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп", ҚЕ 21 «Валюталық курс өзгерісінің әсері» ХС-нан оқып үйрену.

 

5 тақырып. Қорлар есебі, аудитi және талдауы

5.1 ҚЕ 2 ХС-на сәйкес кәсіпорындағы қорларды топтастыру және бағалау. 600 АХС-на сәйкес кәсіпорында материалдардың бағалануының дұрыстығын тексеру.

5.2 Қорлардың қоймадағы есебiн ұйымдастыру және қойма шаруашылығы жағдайы мен өндiрiстiк қорлардың сақталуының аудитi. Қорлардың бухгалтериядағы есебi мен аудитi. Қорлардың қозғалысы есебiнiң ведомосiн толтыру.

5.3 Транспорттық дайындау шығындарының есебi, бөлу тәртiбi және олардың аудитi. Жабдықтаушылар мен мердiгерлерге кредиторлық қарыздардың есебi мен аудитi. ТДШ бөлу ведомосiн, қорлардың қозғалысы есебi мен жабдықтаушылар мен мердiгерлердің кредиторлық қарыздары ведомость-машинограммаларын толтыру.

5.4 Қорлардың түсiмi мен шығуы бойынша жинақтау және топтастыру ведомосiн (қорлардың қозғалысы есебiнiң ведомосi) толтыру. Қорларды өткiзу бойынша операциялардың есебi мен аудитi

5.5 Қорларды есептен шығару бойынша резервтің есебі мен аудиті.

5.6 Қорларды түгендеу және түгендеу нәтижелерінің есепте көрсету тәртібі. Түгендеудің бекітілген мерзімінің және жүргізу тәртібінің сақталуын, нақта бар құндылықтардың дұрыс анықталуын, инвентаризациялық тізімдерді дайындауын, салыстыру ведомостерінің толтырылуын, қорларға жүргізілген түгендеу нәтижелерінің есепте көрсетілуінің дұрыстығын тексеру.

5.7 Компьютерлендiру жағдайындағы қорлардың есебi мен аудитiн ұйымдастыру.

5.8 Қорлардың аудитiнiң (аудиторлық анықтамасын) тексеру актiсiн толтыру.

 

 

6-тақырып. Еңбек ақы есебi, аудитi және талдауы

6.1 Тиiстi кәсiпорындағы қолданылатын еңбек ақы формалары мен жүйелерiн оқып бiлу. Тарифтiк кесте және оның сипаттамасы. Жұмыс уақытының табельдiк есебiн ұйымдастыру.

6.2 Еңбек ақы төлеу бойынша қысқа мерзімді қарыздардың есебi мен аудитiн ұйымдастыру. Жалақыны есептеу және одан ұсталынатын шегерiмдердiң есептерiн (расчеты) толтыру. Еңбек ақы есебiнiң ведомость-машинограммасын толтыру тәртiбi.

6.3 Есеп айырысу төлем ведомосiн толтыру есептеудi және берiлуге тиiстi соманы бiрнеше қызметкерлердi (3-4) мысалға ала отырып толық көрсету, есептелiнген жалақыдан жинақтаушы зейнет ақы қорына, жеке табыс салығын және басқа шегерiмдермен алымдарды ұстап қалу. Жалақыны беру мерзiмi және тәртiбi. Есептелiнген жалақының барлық түрлерiнiң және одан ұстап қалынатын шегерiмдермен алымдардың, еңбек ақы шығындарының өзiндiк құнға жатқызылуының дұрыстығын тексеру.

6.4 ҚЕ 19 ХС; 600 АХС-на сәйкес қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ және қысқа мерзімді бағалау міндеттемелерінің есебі мен аудиті.

6.5 Жалақыны бөлу ведомосін толтыру және әлеуметтік салық пен әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелерді есептеу, жалақыны бөлу есебінің ведомость машинограммасын толтыру. Еңбек ақы шығындарын өндіріс шығындарына енгізудің негізделгенін және заңдылығын тексеру.

6.6 Статистикалық есеп беру формаларын толтыру тәртібімен танысу.

6.7 Кәсiпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етiлуiн талдау. Жұмыс уақытының пайдаланылуын талдау. Жалақы (еңбек ақы) қорын пайдалануын талдау.

6.8 Компьютерлендiру жағдайындағы еңбек ақы есебi мен аудитiн ұйымдастыру.

 

7-тақырып. Дебиторлық қарыздар мен мiндеттемелердiң есебi, аудитi және талдауы

7.1 Дебиторлық қарыздар есебi мен аудитi. Ведомость-машинограммасын толтыру. Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің дебиторлық қарыздары, берілген қысқа мерзімді аванстар, жалдау бойынша дебиторлық қарыздар, алуға арналған сыйақылар есебi мен аудитi.

7.2 ҚЕ 24, 31 ХС; 600 АХС-на сәйкес еншiлес, қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың дебиторлық қарыздарының есебі мен аудиті.

7.3 Күмәндi талаптар бойынша резервтердiң есебi мен аудитi. Күмәндi талаптар бойынша резервтердi құрудың негiзделгенiн, оларды пайдалануының және iздеу мерзiмi өтiп кеткен дебиторлық қарызы баланстан есептен шығаруының дұрыстығын тексеру.

7.4 Алдағы кезеңдердің шығыстарының есебі мен аудиті.

7.5 Ағымдағы салық активтерінің есебі мен аудитi.

7.6 Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер есебі мен аудиті.

7.7 Салықтар бойынша міндеттемелер есебі мен аудиті. Ведомость - машинограммасын толтыру. Салықтар бойынша декларацияларды толтыру. Төлемдерді есептеудегі арифметикалық есептеулердің дұрыстығын, олардың бюджетке уақтылы және толық төленуін тексеру.

7.8 Филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге кредиторлық қарыздар, төлеуге арналған сыйақылар, жалдау бойынша кредиторлық қарыздар есебі. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді бағалау міндеттемелерінің есебі мен аудиті.

7.9 Еншілес, қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға кредиторлық қарыздар есебі мен аудиті.

7.10 Болашақ кезеңдер кірістері есебі мен аудиті, ведомость - машинограмманы толтыру.

7.11 Дебиторлық қарыздар мен міндеттемелердің құрамы мен құрылымын талдау. Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың айналымдылығын талдау. Дебиторлық қарыздар мен міндеттемелердің жағдайын жақсарту жолдары.

7.12 Компьютерлендіру жағдайындағы дебиторлық қарыздар мен міндетемелердің есебі мен аудитін ұйымдастыру.

 

8-тақырып. Өндiрiстiк шығындарының есебi, аудитi және талдауы

8.1 Өндiрiстiк шығындардың құрамы мен классификациясы.

8.2 Кәсiпорында қолданылатын өндiрiстiк шығындардың есебiнiң әдiстерiн оқып бiлу және өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау.

8.3 Негiзгi шығындардың есебi мен аудитi және оларды ҚЕ 2 ХС-на сәйкес өнiмнiң өзiндiк құнына енгiзу тәртiбiн оқып бiлу.

8.4 Көмекшi өндiрiс цехтарындағы өндiрiстiк шығындардың есебi мен аудитi.

8.5 Өндiрiстiк шығындардың аналитикалық есебiнiң ведомостерiн №1, 2, 3 және ведомость-машинограммаларды толтыру.

8.6 Үстеме шығындардың есебi мен аудитiн ұйымдастыруын оқып үйрену және оларды бөлу мен өнiмнiң жұмыстың, қызметтiң өзiндiк құнына енгiзудiң негiзделгенiн және дұрыстығын тексеру.

8.7 Өндiрiс шығындарының есебi мен аудитi өндiрiстегi ақау, тоқтап қалулардан болған шығындар. Ақаулы өнiмнiң өзiндiк құнын есептеудiң дұрыстығын тексеру. Ақау есебiнiң ведомосiн № 4 ведомость толтыру.

8.8 Мерзiмдi шығыстардың (өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар, әкімшілік шығыстар, қаржыландыруға арналған шығыстар) есебі мен аудиті. Мерзімдік шығыстарға жатқызылған шығыстардың негізделгенін тексеру. ҚЕ 23 ХС оқып үйрену.

8.9 Аяқталмаған өндiрiстi бағалау және түгендеу. Кәсiпорынның балансы мен Бас кiтабындағы аяқталмаған өндiрiс шоттары бойынша қалдықтардың көрсетiлуiнiң дұрыстығын тексеру.

8.10 Өндiрiске кеткен шығындардың құрама есебi, өнiмнiң бiр данасының өзiндiк құнын анықтау және олардың есептелiнуiнiң дұрыстығын тексеру.

8.11 Өнiмдi, (жұмысты қызметтi) өндiруге кеткен шығындарды қорытындылайтын көрсеткiштердi талдау. Өндiрiстiк шығындарды экономикалық элементтер және калькуляция баптары бойынша талдау. Өткiзiлген өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) 1 теңгесiне шаққандағы шығындарды талдау.

8.12 Компьютерлендiру жағдайындағы өндiрiстiк шығындардың есебi мен аудитiн ұйымдастыру.

 

9-тақырып. Өнiм шығарудың және өткiзудiң есебi, аудитi және талдауы

9.1 Дайын өнiм есебi мен аудитi. Дайын өнiмдi бағалау мен жөнелтiлген және өткiзiлген дайын өнiмнiң (тауарлардың, жұмыстың, қызметтiң) нақты өзiндiк құнын анықтау. Дайын өнiмдi шығару ведомосiн толтыру. Дайын өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) қозғалысының есебiнiң ведомость-машинограммасын толтыру. Дайын өнiмдi бағалаудың негiзделгенiн және заңдылығын тексеру.

9.2 Дайын өнiмдi (тауарды, жұмысты, қызметтi) өткiзудiң (сатудың) есебi мен аудитi. Сатып алушылар және тапсырыс берушiлермен есеп айырысу есебiнiң ведомосiн, жөнелтiлген және өткiзiлген дайын өнiм (тауарлар, жұмыс, қызмет) есебiнiң ведомость-машинограммасын толтыру.

9.3 Өткiзiлген дайын өнiмнiң (тауардың, жұмыстың, қызметтiң) өзiндiк құнының есебi мен аудитi. Өнiмнiң нақты өзiндiк құнының оның есептiк баға бойынша құнынан ауытқуын есептеудiң және оны өткiзiлген өнiмге бөлудiң және оның қоймадағы қалдығының дұрыстығын тексеру.

9.4 Импорттық және экспорттық тауарлардың және олардың жабдықтаушыларымен есеп айырысудың есебi мен аудитi. Жабдықтаудың (E XW, F,C,D)базистiк шартының аудитi.

9.5 Импорттық және экспорттық тауарларды өткiзудiң есебi мен аудитi.

9.6 Консигнацияға қабылданған тауарларды, өктiзудiң есебi мен аудитi. Консигнация тәртiбiнде өткiзiлген тауарлардың есебiнiң бухгалтерлiк жазуларының дұрыстығын тексеру.

9.7 Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар есебі мен аудиті.

9.8 Өнiмдi өндiру мен өткiзу жоспарын орындау және динамика көрсеткiштерiн талдау. ¤нiмнiң ассортиментi мен құрылымын талдау. ¤нiмнiң сапасын және шығару ырғақтылығын талдау. Экспорттық және импорттық тауарлардың жабдықтаушыларымен есеп айырысуды талдау.

9.9 Компьютерлендiру жағдайындағы дайын өнiм шығарудың және өткiзудiң есебi мен аудитiн ұйымдастыру.

 

10-тақырып. Кәсiпорынның кiрiстерi мен шығындарының есебi, аудитi және талдауы

10.1 Бұл тақырыпта студент ҚЕ 18 "Пайда» ХС оқып білуі тиіс.

10.2 Қаржыландырудан түсетін кірістің есебі мен аудиті.

10.3 Басқа да кірістер мен шығыстардың есебі, аудиті және талдауы. ҚЕ 20 ХС оқып үйрену.

10.4 Қаржы нәтижесінің қалыптасуын және пайдалануын талдау. Кірістіліктің (рентабельділіктің) салыстырмалы көрсеткіштерін талдау. Кәсіпорынның зиянсыздығын талдау.

 

11-тақырып. Субъектiнiң қаржылық және статистикалық есеп беруi және оларды толтыру тәртiбi

11.1 Есеп берудi толтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру.

11.2 № 1 "Бухгалтерлiк баланс"; № 2 "Пайда және зиян туралы есеп" № 3 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп»; № 4 "Меншiктi капиталдағы өзгерiстер туралы есеп" қаржылық есеп беру формаларының (нысандарының) 1 ҚЕХС сәйкес толтыру тәртібімен және техникасымен танысу. Олардың растығын тексеру. ҚЕ 8 «Кезеңдегі таза пайда немесе зиян, түпкілікті қателер және есептік саясаттағы өзгерістер» ХС-ын оқып үйрену.

11.3 Кәсiпорынның қаржы жағдайын талдау: баланстың активi мен пассивiнiң құрамы мен құрылымының динамикасын талдау.

11.4 Қаржы жағдайын оның тұрақтылық дәрежесi бойынша бағалау (4 типi). Баланстың ликвидтiлiгiн (өтiмдiлiгiн) талдау. Кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiн және несие қабiлеттiлiгiн талдау. Кәсiпорынның iскерлiк белсендiлiгiн және қызметiнiң тиiмдiлiгiн талдау.

11.5 Жылдық есептiң түсiнiктеме хатын және 700 АХС-на сәйкес аудиторлық есептi оқып үйрену (бiлу).

 

5- бөлiм. Тәжiрибенi қорытындылау кезеңi

Диплом жұмысын орындау алдындағы өндiрiстiк тәжiрибенi өту туралы есептiң бұл бөлiмiнде студент кәсiпорынның есептiк процесiнiң кемшiлiктерiн, ол есептiң, аудиттiң және талдаудың теориясы және практикасы бойынша қандай қиыншылықтарды кездестiргенiн баяндайды. Қандай тақырыптарға лекцияда, практикалық және лабораториялық сабақтарда көңiл бөлу қажет. Кәсiпорында есептiк экономикалық ақпаратты компьютерлендiрудiң қазiргi заманғы жағ-дайын, еліміздің экономикасының индустриалды-инновационалдық дамуы жағдайындағы есеп пен аудиттi ұйымдастыру бойынша болашақтағы перспективалары қандай. Студент iстелiнген жұмыс туралы қорытып талданған қорытынды жасайды: осы кәсiпорында есептi, аудиттi және шаруашылық қызметiн талдауды жетiлдiру бойынша нақты ұсыныстар бередi. Есепке есептiк регистрлер мен қаржылық және статистикалық есеп берудiң формалары тiркеме ретiнде тiркелiнедi.

 

Таблица 1 - Техническая норма времени на изготовление деталей 1,2,3….n

Номер операции Наименование операции Тп.з, мин tшт, мин Тн, мин Разряд работы
           
           
Итого:          

Таблица 2 - Техническая норма времени на сборку изделия

№ п/п Тп.з, мин tшт, мин Тн, мин разряд работы
         
         
Итого:        

 


Таблица 3 - Трудоемкость заданной программы для деталей 1,2,3…n

Виды работ по операциям Тн, мин Тн, час Q, нормо-час
       
       
Итого:      

Таблица 4 - Трудоемкость на сборочные операции (сборки изделия)

№ п/п Тн, мин Тн, час Q, нормо-час
       
       
Итого:      

1.3 Расчет количества станков и их загрузки.

nрасч = Q / Кн * Fд, (станки) (7)

где Q – трудоемкость

Кн – плановый коэффициент, выполнения норм (1,01¸1,1)

Fд – действительный фонд времени, час

nрасч – расчетное число станков

 

Fд = Т * S * d * (1- d/100), (час) (8)

где Т – количество рабочих дней в периоде, дни

S – число смен работы оборудования, смен

d – продолжительность одной смены, час (Для S=1, d=8; для S=2, d=7,5¸7,7)

a - планируемы процент потерь времени на ремонт оборудования (2¸4)%

 

Кз = nрасч/nприн (9)

Кз.ср = ånрасч/ånприн

nприн получается округлением nрасч в большую сторону до целого числа.

Таблица 5 - Расчет количества станков и их загрузка на деталь 1,2…№

Операции Модель станка Q (н/ч) n расч. (шт) n прин. (шт) Кз
           
Итого:         Кз.ср =

 

Кз.ср < 1, значит станки недозагружены т.е. широкое место на участке.


 

 


Рисунок 1 – График загрузки станков по каждой детали

1.4 Производственная мощность и плановая загрузка оборудования.

Пропускная способность механического цеха

Рмех = n * Fд, (станко-часы) (10)

где n – количество оборудования, шт

Fд - действительный фонд времени, час

Загрузка

Q = Nгод * tш / Кн, (станко-часы) (11)

Производственная мощность

Ммех = n*Fднн, (шт) (12)

где Кв – плановый коэффициент выполнения норм

tшт – штучное время, час

Таблица 6 - Производственная мощность и загрузка оборудования для детали 1,2…n

Модель станка Техническая норма времени, Тн (час) Количество станков Использование оборудования Производственная мощность механического цеха
Пропускная способность Загрузка Коэффициент загрузки
             
             
Итого:         Кз.ср= -

1.5 Расчет сдельных расценок по операциям и основной заработной платы на детали.

Р = Сч * Тн / 60, (руб) (13)

где Сч – часовая тарифная ставка, руб (средний показатель для машиностроительной отрасли на данный период времени)

Тн – техническая норма времени, мин

Р – расценок, руб

Таблица 7 - Расчет сдельных расценок на деталь 1,2…n

Наименование операции Тн, мин Разряд работы Часовая тарифная ставка, Сч, руб Сдельный расценок, руб
         
         
Итого:        

 

Расчет основной и дополнительной заработной платы.

Зосн = SР * К, (руб) (14)

где К – коэффициент, учитывающий доплаты до основной зарплаты (1,2÷1,6)

SР – суммарный сдельный расценок

ФОТна 1 деталь = Зосн + Дополнительная зарплата (ДЗП) основных производственных рабочих

ДЗП = ((Топтр)*100%) + 1%

где Тр = Т (см п.1.1)

Топт – дни отпуска в году (18÷28 дней)

ФОТна программу = Nгод * ФОТна 1 деталь

Таблица 8 - Расчет основной и дополнительной заработной платы

Наименование деталей Зосн, руб Здоп, руб ФОТ на 1 деталь ФОТ на программу
         
         
Итого:        

1.6 Расчет численности рабочих, среднегодовой и среднемесячной заработной платы.

Чосн = Nгод * tшт / Кн * Fэф (15)

где Чосн – численность основных производственных рабочих

Nгод – годовая производственная программа

tшт – время изготовления одной детали

Кн – плановый коэффициент выполнения норм

Fэф – эффективный фонд времени работы оборудования

 

Среднегодовая зарплата = ФОТна программу / Чосн (руб)

 

Среднемесячная зарплата = Среднегодовая зарплата / 12 (руб)

Таблица 9-

Наименование детали Чосн (чел) Среднегодовая зарплата (руб) Среднемесячная зарплата
       
       
Итого:      

1.7 Расчет себестоимости изделия.

Таблица 10 - Калькуляция себестоимости детали 1,2…№

Наименование статей Расчет Сумма, руб
1 Сырье и материалы М=mзз  
2 Покупные полуфабрикаты    
3 Транспортно-заготовительные расходы %ТЗР(М+n/Ф) / 100% =  
4 Основная заработная плата основных производственных рабочих SР*Кдопл  
5 Дополнительная заработная плата основных производственных рабочих з*Осн.З/плату / 100% =  
6 Отчисления на социальные нужды (ЕСН) %*(Осн.З/пл + Доп.З/пл) / 100%=  
7 Расходы на содержание и эксплуатацию оборудования (РСЭО) (%*Осн.З/пл) / 100%  
8 Общепроизводственные расходы (ОПР) %ОПР*Осн.З/пл / 100%  
Цеховая себестоимость: S1…8

 

М = mз * Цз (16)

где mз – масса заготовки, кг (см. комплект ТД)

Цз – цена за 1 кг. материала, руб (см. рыночную стоимость на материалы на текущий период)

ТЗР = (3÷10)%

ЕСН = 35,6%

РСЭО = (60÷100)%

ОПР = (80÷110)%


Таблица 11 - Кал







Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 421. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия