ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 1 страница
ОҚУ ЖЫЛДАРЫНА
«ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» МАМАНДЫҒЫНЫҢ;
Алматы 2013
Емтихан тесттері қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының мәжілісінде талқыланды хаттама № ____, «___» «_________» 2013 ж.
Каф. меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Камалиев М.А.
1.Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқарудың толық анықтамасы: 1. Медицина мен денсаулық сақтаудың ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық проблемалары жөніндегі ғылым 2. Медицинаның, халық денсаулығын қорғау және қалпына келтірудің әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық, социологиялық және психологиялық сұрақтарының кешенін зерттейтін қоғамдық ғылыми және оқу пәні 3. Халық денсаулығын қорғауға бағытталған әлеуметтік, құқықтық және ұйымдастырушылық шараларды зерттейтін ғылым 4. Денсаулық сақтаудың тиімді қызмет көрсетуі жөніндегі ғылым 5. Медициналық социологияны зерттейтін ғылым
2. Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқарудың зерттеу негізіне жататындар? 1. Қоғамдық денсаулық және оны анықтаушы факторлар 2. Халық денсаулығын қорғау және қалпына келтіруді қамтамсыз ететін жүйе 3. Қоршаған орта факторлары 4. Денсаулық сақтаудағы басқару процестері 5. Денсаулық сақтаудағы мамандарға қатысты сұрақтары
1. 1,2,4,5 2. 1,2 3. 2,3,5 4. 1,2,3 5. 2,3,4,5
3. БДҰ қабылдаған қоғамдық денсаулық анықтамасына не кіреді: 1. Толық рухани және әлеуметтік қолайлы жағдай 2. Аурудың және физикалық кемістіктердің болмауы 3. Мүгедектіктің болмауы 4. Қоршаған ортамен оптимальды тепе-теңдік 5. Медицинаның даму деңгейі
1. 3,4,5 2. 1,3 3. 1,2 4. 1,3,5 5. 5
4. Қоғамдық денсаулықты қайсылары сипаттайды? 1. Аурушылдық көрсеткіштері 2. Демографиялық көрсеткіштер 3. Халықтың еңбекке белсенділігінің көрсеткіштері 4. Физикалық денсаулық көрсеткіштері 5. Мүгедектік көрсеткіштері
1. 1,2,4,5 2. 1,2 3. 2,4,5 4. 1,4,5 5. 1,2,3,4
5. Халық денсаулығына күштірек әсер ететін негізгі фактор: 1. Экологиялық жағдай 2. Медициналық көмекті ұйымдастыру 3. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар және халықтың өмір сүру салты 4. Тұқым қуалаушылық 5. Мекен-жайы
6. Халықтың жас құрамы бойынша типін анықтау үшін келесі жас топтарындағы халық санын білу қажет: 1. 10 жасқа дейін, 10-29 жас, 30 жас және одан жоғары 2. 20 жасқа дейін, 20-39 жас, 40 жас және одан жоғары 3. 0-14 жас, 15-49 жас, 50 жас және одан жоғары 4. 0-20 жас, 20-60 жас, 60 жас және одан жоғары 5. 0-10 жас, 10-20 жас, 20-30 жас, 30-40 жас, 40-50 жас, 50-60 жас, 60 және жоғары
7. Перинатальды өлімнің құрылымдық компоненттерін көрсетіңіз: 1. Өлі туушылық 2. Ерте неонатальды өлім 3. Неонатальды өлім 4. Кеш неонатальды өлім 5. Сәбилер өлімі
1. 1,2,3 2. 2,3,4,5 3. 1,2 4. 1,2,5 5. 2,3,4,5
8. Бала өлімін тіркеу үшін ахаж ұйымына денсаулық сақтау мекемелері қандай құжаттар дайындауы қажет: 1. Перинатальды өлім жөніндегі куәлік 2. Өлім жөніндегі медициналық куәлік 3. Өлім жөніндегі фельдшер анықтамасы 4. Сырқатнама 5. Патологоанатомиялық (соттық-медициналық) зерттеу хаттамасы
1. 1,4,5 2. 1,2,3 3. 2,3,4,5 4. 2,3,5 5. 1,2,4,5
9. Алдағы өмірдің орташа ұзақтығы деген: 1. Осы туылған ұрпақтың олардың өмір сүру барысында жасқа байланысты өлім көрсеткіші олар туылған кездегіден өзгеріссіз қалған жағдайдағы алдағы өмір сүру жылдарының саны 2. Осы туылған ұрпақтың олардың өмір сүру барысында туылу және өлім көрсеткіші олар туылған кездегіден өзгеріссіз қалған жағдайдағы алдағы өмір сүру жылдарының саны 3. Бір жылда өлгендердің орташа жасы 4. Осы туылған ұрпақтың олардың өмір сүру барысында туылу көрсеткіші олар туылған кездегіден өзгеріссіз қалған жағдайдағы алдағы өмір сүру жылдарының саны 5. Осы туылған ұрпақтың олардың өмір сүру барысында жасқа байланысты туу көрсеткіші олар туылған кездегіден өзгеріссіз қалған жағдайдағы алдағы өмір сүру жылдарының саны
10. Жалпы туылу көрсеткішін есептеуге қажет: 1. Тірі туылғандар саны және орташажылдық халық саны 2. Босанулар саны және әйелдер саны 3. Тірі және өлі туылғандар саны және орташажылдық халық саны 4. Өлі туылғандар саны және орташажылдық халық саны 5. Тірі туылғандар саны және әйелдер саны
11. Туу туралы куәлікті кім береді: 1. Емдеу-профилактикалық мекеменің бас дәрігері 2. Босандырған дәрігер 3. АХАЖ қызметкері 4. Босану үйінің әкімшілігі 5. Статистистикалық басқарма
12. Халықтың өсуін мынадай демографиялық көрсеткіштер сипаттайды: 1. Туылу 2. Өлім 3. Фертильдік (босану мүмкіндігі) 4. Табиғи өсу 5. Летальдік
1. 1,2,3,4 2. 1,4 3. 2,3,5 4. 3,4,5 5. 1,2,5
13. Халық “миграциясы ” түсінігіне кіреді: 1. Науқастың ауылдық учаскелік ауруханадан жолдама бойынша облыстық арнайы мамандандырылған медициналық орталыққа көшуі 2. Науқастың бір мекеме ішіндегі басқа бөлімге ауыстырылуы 3. Басқа елге көшу 4. Басқа елден көшіп келу 5. Халықтың табиғи қозғалысы
1. 1,2 2. 1,3,4 3. 2,3,4 4. 3,4,5 5. 2,3
14. Өлім жөніндегі медициналық куәлікті кім береді: 1. Емдеу-профилактикалық мекеме дәрігері 2. Соттық-медициналық сараптау 3. Мәйітті ашуды жүргізген патологоанатом 4. ЕПМ бас дәрігері 5. Статистикалық басқарма
15. Халықтың табиғи өсуіне әсер етеді: 1. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар 2. Жас-жыныстық құрамы 3. Сәбилер өлімі деңгейі 4. Халықтың этникалық ерекшеліктері 5. Эмиграциялық процестер
1. 1,2,3,4 2. 2,5 3. 1,4,5 4. 2,3 5. 3,4,5
16. Халықтың табиғи өсуі – қандай көрсеткіштердің арасындағы айырмашылық: 1. Туушылық пен еңбекке жарамды жастағы өлім 2. Жас топтары бойынша туушылық пен өлім 3. Бір жылдағы туушылық және өлім 4. Жыл мезгілі бойынша туушылық және өлім 5. Жынысы бойынша туушылық және өлім
17. Өлімнің арнайы көрсеткіштеріне: 1. Еңбекке жарамды жастағы өлім 2. Жас топтары бойынша өлім 3. Жынысы бойынша өлім 4. Жыл мезгілдері бойынша өлім 5. Бір жылдағы өлім
1. 1,2,3,4 2. 1,4 3. 2,3,5 4. 1,3,5 5. 3,4,5
18. Туушылық көрсеткішін есептегенде берілген жылы қалай туылғандардың саны алынады: 1. Тірі 2. Өлі 3. Өлі және тірі 4. Жетіліп туылғандар 5. Жетілмей туылмағандар
19. Депопуляция құбылысы елде мынадай типті жас пирамидасы болуымен сипатталады: 1. Симметриялық тип 2. Регрессивті тип 3. Прогрессивті тип 4. Ассиметриялық тип 5. Стабильді тип
20. Туушылықтың арнайы көрсеткішіне жатады: 1. Жалпы көбею 2. Некелік көбею 3. Көбеюдің жасқа байланысты коэфициенттері 4. Туушылық көрсеткіші 5. Жалпы фертильдік
1. 1,2,3,5 2. 1,3 3. 2,3,4,5 4. 2,4,5 5. 1,5
21. Демографиялық статистиканың негізгі бөлімдері? 1. Халық саны мен құрамы. 2. Халық статикасы мен динамикасы. 3. Халықтың табиғи және механикалық қозғалысы. 4. Халық құрамы мен миграциясы. 5. Халық статикасы мен табиғи қозғалысы.
22. Халық статикасы нені зерттейді? 1. Халық саны. 2. Халықтың жасы мен жынысы бойынша құрамы. 3. Халық құрамы мен санының геогафиялық ерекшеліктері. 4. Әлеуметтік белгілері бойынша халық құрамы. 5. Халық саны және жасы, жынысы, басқа да әлеуметтік-демографиялық белгілері бойынша құрамы.
23. Халық қозғалысы нені зерттейді? 1. Халықтың миграцилық процестері мен туушылығы. 2. Халықтың механикалық қозғалысы мен өлімі. 3. Халықтың көбеюі. 4. Халықтың механикалық және табиғи қозғалысы. 5. Халықтың табиғи қозғалысы және туушылығы.
24. Халықтың табиғи қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер? 1. Туушылық, өлім, табиғи өсу, көбею. 2. Табиғи өсу, алдағы өмірдің орташа ұзақтығы, көбею, өлім. 3. Туушылық, неке, ажырасу, сәбилер өлімі, көбею. 4. Туушылық, өлім, табиғи өсу, неке, ажырасу. 5. Некелік көбею, жалпы өлім, туушылық, алдағы өмірдің орташа ұзақтығы.
25. Халықтың жалпы өлімі көрсеткішін есептеуге қажетті мәліметтер? 1. Берілген жылғы орташажылдық халық саны, өткен жылы өткен жылғы орташажылдық халық саны. 2. Берілген жылы өлгендер саны, орташажылдық халық саны. 3. Берілген жылы өлгендер саны, берілген жылы тірі туылғандар саны. 4. Берілген жылы өлгендердің 2/3-і өткен жылы өлгендердің 1/3-і, халық саны. 5. Берілген жылы өлгендер саны, берілген жылы өлі және тірі туылғандар саны.
26. Халықтың жасқа байланысты өлім көрсеткішін есептеу үшін қандай мәліметтер қажет? 1. Берілген жылы белгілі бір жаста өлгендер саны, берілген жылы өлгендердің жалпы саны. 2. Берілген жылы белгілі бір жаста өлгендер саны, берілген жылы тірі туылғандар саны. 3. Берілген жылы белгілі бір жаста өлгендер саны, осы жастағылардың орташажылдық халық саны. 4. Берілген жылы белгілі бір жаста өлгендер саны, орташажылдық халық саны. 5. Берілген жылы өлгендер саны, осы жастағы халық саны.
27. Жекелеген себептерден халық өлімін есептеуге қажетті мәліметтер? 1. Берілген жылы жекелеген себептерден өлгендер саны, берілген жылы өлгендердің жалпы саны. 2. Берілген жылы жекелеген себептерден өлгендер саны, берілген жылы тірі туылғандар саны. 3. Берілген жылы аурудан өлгендер саны, орташажылдық халық саны. 4. Жекелеген аурудан өлгендер саны, берілген жылы тірі және өлі туылғандар саны 5. Берілген жылы жекелеген себептерден өлгендер саны, орташажылдық халық саны
28. Республикадағы халық өлімінің құрамында қандай себептердің үлес салмағы жоғары? 1. Тыныс органдарының аурулары, эндокринді жүйенің аурулары, жарақаттанулар. 2. Жұқпалы аурулар, қан айналу жүйесінің аурулары, тыныс органдарының аурулары. 3. Жарақаттанулар, қатерлі ісіктер, жұқпалы аурулар. 4. Қан айналу жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер, жарақаттанулар. 5. Тыныс алу жүйесінің аурулары, асқорту жүйесінің аурулары, қан айналу жүйесінің аурулары, қан аурулары
29. Сәбилер өлімін есептеуге қажетті мәліметтер? 1. Берілген жылы туылған соң 1 ай ішінде өлгендер саны, беілген жылы тірі туылғандар саны. 2. Берілген жылы өмірінің алғашқы аптасында өлгендер саны, берілген жылы тірі туылғандар саны. 3. Берілген жылы туылғаннан кейін 1 жасқа дейін өлгендер саны, берілген жылы тірі туылғандар саны, өткен жылы тірі туылғандар саны. 4. Берілген жылы тірі туылғандар саны, алғашқы 6 күнде тірі және өлі туылғандар саны, орташажылдық халық саны. 5. Берілген жылы 1 жасқа дейін өлгендер саны, орташажылдық халық саны.
30. Біздің республикадағы сәбилер өлімінің себептері қандай? 1. Асқорту ағзаларының жұқпалы аурулары, тыныс ағзаларының аурулары, қан аурулары 2. Тыныс ағзаларының аурулары, перинатальдық кезенде туындайтын жағдайлар, туа біткен ақаулар 3. Ұрықтың асфиксия не гипоксиясы, жарақаттану, жұқпалы аурулар 4. Жүрек-қан тамырлар аурулары, қатерлі ісіктер, жарақаттану 5. Туа біткен ақаулар, тыныс ағзаларының аурулары, асқорту ағзаларының аурулары
31. Перинатальдық өлім құрамында қандай себептердің үлесі жоғары? 1. Асқорту ағзаларының жұқпалы аурулары, ұрықтың асфиксиясы және гипоксиясы, нәрестелердің гемоктикалық аурулары 2. Туа біткен ақаулар, кезіндегі жарақаттану, тыныс ағзалар аурулары 3. Ұрықтың асфиксиясы және гипоксиясы, шала туылғандардың респиратрорлық дистресс-синдромы, туа біткен ақаулар 4. Туылу кезіндегі жарақаттану, жұқпалы аурулар, тыныс ағзаларының аурулары 5. Шала туылғандардың респираторлық дистресс-синдромы, сепсис, қан азаюы
32. Жалпы көбею көрсеткішін есептеу үшін қандай мәліметтер қажет? 1. Берілген жылы тірі туылғандар саны, 15-49 жас аралығындағы әйелдердің орташа жылдық саны 2. Берілген жылы босану жасындағы әйелдерден тірі және өлі туылғандар саны, орташа жылдық халық саны 3. 15-49 жас аралығындағы әйелдер саны, орташа жылдық халық саны 4. Берілген жылы тірі және өлі туылғандар саны, орташа жылдық халық саны 5. Берілген жылы тірі және өлі туылғандар саны, өткен жылы тірі туылғандар саны
33. Демография бұл- 1. Қоғамдық дамудағы халық туралы ғылым 2. Тұрғындардың аумақтағы орын алуы туралы ғылым 3. Тұрғындардың денсаулығы туралы ғылым 4. Қоғамдық-экономикалық фармацияға әсер етуші өндірістік қарым-қатынастар туралы ғылым 5. Денсаулық және денсаулық сақтау туралы ғылым
34. Демографиялық құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін әдістерге жатады: 1. Демографиялық құбылыстың өтпелі есебі, сараптамалық бағалаулардың әдістері, бюджеттік-экономикалық әдіс 2. Тарихи әдіс, халық санағы 3. Халық санағы, демографиялық құбылыстарды күнделікті тіркеу, демографиялық мәселелерді іріктеп зерттеу 4. Демографиялық мәселелерді іріктеп зерттеу, сұрақнама әдісі, статистикалық әдіс 5. Тарихи әдіс, анамнестикалық, статистикалық және экономикалық әдістер
35. Халық санағы барысында бақылаудың қандай әдісі қолданылады? 1. Іріктеу 2. Жалпы 3. Механикалық 4. Типологиялық 5. Сериялық
36. Постнеонатальды өлім деп статистикада қандай мерзімде өлгендер есептеледі 1. Туылған соң 16 күннен бастап 2. Туылған соң 18 күннен бастап 3. Туылған соң 19 күннен бастап 4. Туылған соң 29 күннен бастап 5. Туылған соң 30 күннен бастап
37. Сәбилер өлімі көрсеткіші қалай есептелінеді?
1.
2.
3.
4.
5.
38. Неонатальды өлім-жітім көрсеткішінің формуласы:
1.
2.
3.
4.
5.
39. Ерте неонатальды өлім-жітім көрсеткішінің формуласы:
1.
2.
3.
4.
5.
40. Кеш неонатальды өлім-жітім көрсеткішінің формуласы:
1.
2.
3.
4.
5.
41. Өлі туылу көрсеткішін есептеу формуласы:
1.
2.
3.
4. 5.
42. Перинатальдық өлім себептері бойынша бірінші орын алатын сырқат түрін көрсетіңіз (бірінші топтағы ананың аурулары мен денсаулық жағдайы бойынша) 1. Жүктілік асқынулары 2. Жүктіліктің екінші жартысында асқынулар 3. Нәресте айналасындағы судың ерте кетуі 4. Баланың жылдам туылуы 5. Бала жолдасының мерзімінен ерте түсуі
43. Перинатальдық өлім себептері бойынша бірінші орын алатын сырқат түрін көрсетіңіз (екінші топтағы ананың аурулары мен денсаулық жағдайы бойынша) 1. Асфиксия 2. Тыныс аурулары 3. Туа біткен ақаулар 4. Бала жолдасының ерте түсуі 5. Кіндік және оның айналасының асқынуы
44. Экономикалық дамыған елдерде халық өлімі құрылымында жетекші орындарға ие: 1. Жұқпалы және паразитарлық аурулар; асқорту жүйесінің аурулары; психикалық аурулар 2. Қан айналу жүйесінің аурулары; қатерлі ісіктер; жарақаттанулар мен уланулар 3. Қатерлі ісктер; жарақаттанулар және уланулар; тыныс алу жүйесінің аурулары 4. Туберкулез; қатерлі ісіктер; қан айналу жүйесінің аурулары 5. Қатерлі ісіктер; жарақаттанулар мен уланулар; тыныс алу жүйесінің аурулары
45. Аурушылдық көрсеткіштеріне қатысты: 1. Біріншілік аурушылдық 2. Жалпы аурушылдық 3. Патологиялық зақымдалу 4. Жалпы өлім 5. Аурулық
1. 1,2,3,5 2. 4,5 3.2,3,4,5 4. 2,3,5 5. 1
46. Біріншілік аурушылдықты анықтау үшін қандай мәліметтер қажет? 1. Берілген жылы алғашқы рет тіркелген аурулар саны, сол территориядағы орташа жылдық халық саны 2. Берілген жылы алғашқы рет тіркелген аурулар саны, өткен тіркелген аурулар саны 3. Профилактикалық тбайқауларда анықталған аурулар саны, өткен жылы тіркелген аурулар саны 4. Берілген жылы алғашқы рет тіркелген аурулар саны, сол жылы тіркелген аурулардың жалпы саны 5. Берілген жылы тіркелген аурулардың жалпы саны, сол территориядағы халықтың орташа жылдық саны
47. Жалпы аурушылдықты (таралуын) анықтау үшін қандай мәліметтер қажет 1. Берілген жылы алғаш рет тіркелген аурулар саны, сол территориядағы халықтың орташа жылдық саны 2. Медициналық байқауларда тіркелген аурулар саны, медициналық байқаудан өткендер саны 3. Берілген жылы тіркелген барлық аурулар жиынтығы, сол территориядағы халықтың орташа жылдық саны 4. Берілген жылы тіркелген аурулардың жалпы саны, өткен жылы тіркелген аурулардың жалпы саны 5. Өткен жылы тіркелген аурулар саны, орташа жылдық халық саны
48. Медициналық байқау мәліметтері бойынша аурушылдықты зерттеу әдісінің жетістіктеріне төмендегілердің қайсысы жатады? 1. Халық аурушылдығы туралы мәліметтерді толықтырады 2. Созылмалы ауруларды бастапқы сатысында анықтауға мүмкіндік береді 3. Жедел аурумен аурушылдықты сипаттайды 4. Ауруды анықтаудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді 5. Амбулаторлық-емханалық көмекке қол жеткізуге байланысты емес
1. 1,2,4,5 2. 1,2 3. 1,2,3,4 4. 3,4,5 5. 3,4
49. Өздігінен келіп қаралу мәліметтеррі бойынша аурушылдыққа (арнайы тіркеу мәліметтері бойынша) төмендегілердің қайсысы жатады? 1. Эпидемиялық аурулармен аурушылдық 2. Эпидемиялық емес маңызды аурулармен аурушылдық 3. Уақытша жұмысқа жарамсыздық аурушылдығы 4. Тамақтан және кәсіптік уланулар 5. Жүрекке және қан тамырлар аурулармен аурушылдық
1. 1,2,3,4 2. 2,4 3. 2,3,5 4. 5 5. 1,3,4,5
50. Арнайы тіркеуге алынатын ауруларды атаңыз: 1. Асқорту ағзаларының аурулары 2. Қатерлі ісіктер 3. Туберкулез 4. Психикалық бұзылыстар 5. Тері-венерологиялық
1. 2,3,4,5 2. 4,5 3. 1,2,3 4. 1 5. 1,2,4,5
51. Госпитализацияланатын аурушылдықты зерттеу үшін төмендегі біріншілік медициналық құжаттардың қайсысы қолданылады? 1. Қорытынды диагнозды тіркеу статистикалық талоны 2. Еңбекке жарамсыздық қағазы 3. Ауруханадан шыққан науқастың статистикалық картасы 4. Төсек қоры мен науқастардың қозғалысы тіркелетін қағаз 5. Науқастарды қабылдауды, ауруханадан шығаруды тіркеу журналы
|