ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 2 страница. 52. Науқастардың өздігінен келіп қаралуы бойынша аурушылдықты зерттеу үшін статистикалық
52. Науқастардың өздігінен келіп қаралуы бойынша аурушылдықты зерттеу үшін статистикалық құжаттардың қайсысы қолданылады? 1. Емхана дәрігерінің жұмыс күнделігі 2. Қортынды диагнозды тіркеу статистикалық талоны 3. Еңбекке жарамсыздық қағазы 4. Дәрігерге қабылдау талоны 5. Сырқатнама
53. Уақытша еңбекке жарамсыздық аурушылдығын зерттеу үшін аталған құжаттардың қайсысы пайдаланылады? 1. Сырқатнама 2. Амбулаторлық карта 3. Дәрігерге қабылдау талоны 4. Еңбекке жарамсыздық қағазы 5. Емхана дәрігерінің жұмыс күнделігі
54. Өлім себептері бойынша аурушылдықты зерттеу үшін аталған құжаттардың қайсысы пайдаланылады? 1. Сырқатнама 2. Статистикалық талон 3. Өлім туралы дәрігерлік куәлік 4. Патолого-анатомиялық зерттеу іс қағазы 5. Ауруханадан шыққан науқастардың статистикалық картасы
55. Патологиялық зақымдалуды анықтау үшін қандай мәліметтер қажет? 1. Барлық тіркелген аурулардың саны, медициналық көмек алуға келгендер саны 2. Берілген жылы ағаш рет тіркелген аурулар саны, сол аймақтағы халық саны 3. Медициналық байқауда анықталған аурулар және функциональды өзгерістер саны, медициналық байқаудан өткендер саны 4. Белгілі бір ауру немесе функциональдық өзгерістер жағдайымен тіркелгендер саны, тіркелген аурулар 5. Берілген ауру немесе функционалдық өзгерістердің тіркелген жағдайларының саны, тіркелген аурулар мен функционалдық өзгерістердің жалпы саны.
56. Эпидемиялық аурушылдықты зерттеуге төмендегі құжаттардың қайсысы пайдаланылады? 1. Анықталған қортынды диагнозды тіркейтін статистикалық талон 2. Амбулаторлық аурудың медициналық картасы 3. Сырқатнама 4. Жұқпалы ауру, тамақтан және жедел түрде кәсіби уланулар жөніндегі шұғыл хабарлама 5. Ауруханадан шыққан науқастың статистикалық картасы
57. 100 жұмысшыға шаққандағы уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайларының саны көрсеткішін есептеуге қандай мәліметтер қажет? 1. Уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайларының саны, орташа жылдық халық саны 2. Уақытшаь еңбекке жарамсыздықтың жағдайларының саны, бір жағдайдың орташа ұзақтығы 3. Уақытша еңбекке жарамсыздықтың жағдайларының саны, орташа жылдық жұмысшылар саны 4. Уақытша еңбекке жарамсыздықтың жағдайларының саны, ауырғандар адамдар саны 5. Берілген жылдық еңбекке жарамсыздық жағдайларының саны, өткен жылғы жұмысшылар саны
58. 100 жұмысшыға шаққандағы уақытша еңбекке жарамсыздық күндерінің саны көрсеткішін есептеуге қандай мәліметтер қажет? 1. Уақытша еңбекке жарамсыздық күндер саны, орташа жылдық халық саны 2. Уақытша еңбекке жарамсыздық күндер саны, бір жағдайдың орташа ұзақтығы 3. Уақытша еңбекке жарамсыздық күндер саны, орташа жылдық жұмысшылар саны 4. Уақытша еңбекке жарамсыздық күндер саны, бір жылғы жұмыс күндерінің саны 5. Уақытша еңбекке жарасыздық күндер саны, бір жылғы жұмыс күнднрінің саны
59. Еңбекке жарамсыздықтың бір жағдайының орташа ұзақтығы көрсеткішін есептеуге қандай мәліметтер қажет? 1. Уақытша еңбекке жарамсыздық күндер саны, ауру адамдар саны 2. Уақытша еңбекке жарамсыздық күндер саны, халық саны 3. Уақытша еңбекке жарамсыздық күндер саны, уақытша еңбекке жарамсыздық жағдай саны 4. Уақытша еңбекке жарамсыздық күндер саны, орташа жұмысшылар саны 5. Уақытша еңбекке жарамсыздық күндер саны, бір жылғы жұмыс күндерінің саны
60. Аурушылдықты статистикалық өңдеуде міндетті түрде қолданылатын құжат? 1. Аурулар және өлім жағдайларының бірыңғай статистикалық жіктелуі 2. Аурушылдықтың халықаралық номенклатурасы 3. Аурулар мен жарақаттанудың халықаралық жіктелуі 4. Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық жіктелуі 5. Аурулар мен өлім себептерінің статистикалық жіктелуі және номенклатурасы
61. Медициналық байқаулардың негізгі түрлерін атаңыз: 1. Медициналық, алдын ала, мақсаты 2. Алдын ала, қорытынды, кезеңдік 3. Алдын ала, кезеңдік, мақсаттық 4. Алдын ала, қорытынды, мақсатты 5. Алдын ала, қорытынды, медициналық
62. Алдын-ала медициналық байқау қашан жүргізіледі? 1. Кәсіби ауруды емдеу үшін 2. Улану жағдайын анықтау үшін 3. Оқуға түсерде немесе жұмысқа кірерде аурудың бар жоғын анықтау үшін 4. Кәсіби жұмыспен байланыссыз ауруларды анықтау үшін 5. Кәсіби қауіпті заттардан болатын ауруларды анықтау үшін
63. Мезгілдік медициналық байқаулар ұйымдастырылған ұжымдарда қандай мақсатпен жүргізіледі? 1. Жұқпалы ауруларды анықтау үшін 2. Улану жағдайын анықтау үшін 3. Оқуға түсерде немесе жұмысқа кірерде аурудың бар жоғын анықтау үшін 4. Жұмысқа кірерде денсаулық жағдайын білу үшін 5. Кәсіби аурулардың алғашқы белгілерін анықтау үшін
64. Жұқпалы аурулардың арнайы түрге бөліну себебіне жатады: 1. Ұзаққа созылуы 2. Тез таралуы 3. Эпидемиялық процесті басқару қажеттілігі 4. Мамандандырылған медициналық көмектің қажеттілігі 5. Емделу құнының жоғарылығы
1. 1,2,3 2. 2,3,4 3. 3,4,5 4. 5 5. 1,2,3,4
65. Эпидемиялық емес аурулардың анықталуы туралы хабарлама қайда жіберіледі, егер аймақтық емханада алдан-ала «өкпе туберкулезі» анықталды делінсе: 1. Аурудың жұмыс орны бойынша медициналық санитарлық бөлімге 2. Санитарлық эпидемиологиялық бақылау орталығына 3. Туберкулез ауруына қарсы диспансерге 4. Территориалдық ауруханаға 5. Қалалық денсаулық сақтау бөліміне
66. Аурушылдықты зерттеудің негізгі әдістері: 1. Өлім себептері жөніндегі мәліметтер бойынша 2. Өздігінен көмек сұрай келуі бойынша 3. Халық санағы мәліметтері бойынша 4. Медициналық байқау мәліметтері бойынша 5. Анкеталық сұрау мәліметтері бойынша
1. 1,2,4,5 2. 3,5 3. 2,3,4 4. 3,4,5 5. 1,3
67. Біріншілік аурушылдықтың дұрыс анықтамасы: 1. Берілген жылы алғаш рет анықталып, тіркелген аурулар жиілігі 2. Жыл бойы дәрігер тіркеген барлық аурулар 3. Берілген жылы алғаш рет анықталған және бұрыннан белгілі, сол себепті берілген жылы қайта қаралған халық арасындағы барлық аурулардың жиілігі 4. Белгілі бір территорияда жыл бойы тіркелген аурулар жиынтығы 5. Жыл бойғы халықтың емханаға алғашқы келулерінің жиынтығы
68. Жалпы аурушылдықтың дұрыс анықтамасы: 1. Жыл бойы дәрігер тіркеген барлық аурулар 2. Берілген жылы алғаш рет анықталған және бұрыннан белгілі, сол себепті берілген жылы қайта қаралған халық арасындағы барлық аурулардың жиілігі 3. Жұқпалы, эпидемиялық емес, уақытша еңбекке жарамсыздық аурушылдықтарын қоса берілген жылы алғаш рет тіркелген барлық аурулар жиілігі 4. Белгілі бір территорияда жыл бойы тіркелген аурулар жиынтығы 5. Жыл бойғы халықтың емханаға алғашқы келулерінің жиынтығы
69. "Өздігінен көмек сұрай келушілік" статистикалық терминнің түсінігі: 1. Ауырғандығына байланысты берілген жылы амбулаторлық-емханалық мекемеге алғаш келген науқастар саны 2. Ауыруына байланысты барлық алғашқы келулер санының бекітілген жалпы халық санына қатынасы 3. Медициналық мекемелерге науқастардың бірінші және қайталап келулерінің абсолюттік саны 4. Медициналық мекемелерге науқастардың бірінші және қайталап келулерінің саны 5. Ауруына байланысты қайталап келулер санының бекітілген жалпы халық санына қатынасы
70. Егер науқас белгілі аурумен бірнеше жылдар бойы ауырып, сол себепті жыл сайын емхана дәрігеріне қаралып отырса, қандай статистикаға жатады: 1. Біріншілік аурушылдық 2. Жалпы аурушылдық 3. Патологиялық зақымдану 4. Таралу көрсеткіші 5. Аурулық көрсеткіші
1. 1,2 2. 2,4,5 3. 3,4,5 4. 1,2,3,4 5. 1,3,5
71. Берілген жылғы біріншілік аурушылдықты талдағанда өңдеуге қандай тіркеу құжаты (талон) алынады: 1. Тек () таңбалы талондар 2. Барлық статистикалық талондар 3. () таңбасыз талондар 4. (-) таңбалы талондар 5. (-) таңбасыз талондар
72. Аурушылдық жөніндегі мәліметтердің толықтығы мен сапасына әсер қандай факторлар әсер етеді: 1. Ауруларды статистикалық тіркеу деңгейі 2. Медициналық көмекпен қамтамасыз етілуі 3. Медициналық мамандардың біліктілігі 4. Халықтың мәдениет деңгейі 5. Санитарлық ағарту
1. 1,2,3,4 2. 5 3. 2,3,4,5 4. 2,3,5 5. 1,2,5
73. Жұқпалы патологияның аурушылдықты зерттеудің арнайы түрі ретінде бөліну себептеріне: 1. Жоғары летельділік беруі 2. Тез таралуы 3. Арнайы медициналық көмек ұйымдастыру қажеттілігі 4. Эпидемиялық процесті басқару қажеттігі 5. Аурудың ұзақ созылуы
1. 1,2,3 2. 2,3,4 3. 3,4,5 4. 1,2 5. 4,5
74. Эпидемиялық емес маңызы зор аурулардың аурушылдықты зерттеудің арнайы түрі ретінде бөліну себептеріне: 1. Тез таралуы 2. Аурудың ұзақ созылуы 3. Жоғары мүгедектік деңгейі 4. Арнайы медициналық көмек ұйымдастыру қажеттілігі 5. Әлеуметтік маңызы
1. 2,3,4,5 2. 1,4 3. 1,2,3 4. 1,5 5. 1,2,3,4
75. Уақытша еңбекке жарамсыздық аурушылдығы аурушылдықты зерттеудің арнайы түрі ретінде бөліну себептеріне: 1. Жоғары экономикалық шығынға ұшыратуы 2. Тұрмыстық жағдайдың әсер етуі 3. Еңбек жағдайының әсер етуі 4. Медициналық көмектің ерекше формаларын ұйымдастыру қажеттілігі 5. Жоғары мүгедектік деңгейі
1. 2,5 2. 1,3,4 3. 3,4,5 4. 2,3,4 5. 3,4,5
76. Уақытша еңбекке жарамсыздық аурушылдығының негізгі көрсеткіштеріне қайсылары жатады: 1. Науқастар пайызы 2. Бір еңбекке жарамсыздық жағдайының орташа ұзақтығы 3. Ауырған жұмысшылар арасынан госпитализацияланғандар пайызы 4. 100 жұмысшыға шаққанда еңбекке жарамсыздық күндері мен жағдайларының саны 5. Диагноздардың сәйкессіздік саны
1. 1,2,3 2. 1,2,4 3. 2,3,5 4. 4,5 5. 3,5
77. Жалпы аурушылдықты зерттеуде қолданылатын тіркеу-есеп беру құжаттарын атаңыз: 1. Амбулаторлық науқастың медициналық картасы 2. Амбулаторлық науқастың бір рет қабылдауға талоны 3. Мекеменің қызмет ету ауданында тіркелген ауруларды тіркеудің бірегей ведомості 4. Жыл бойғы ЕПМ жұмысы жөнінде есеп беру 5. Стационарлық науқастың медициналық картасы
1. 1,4,5 2. 1,2 3. 2,3 4. 3,4,5 5. 1,4
78. Госпитализацияланатын аурушылдықты зерттеуде қолданылатын тіркеу-есеп беру құжаттарын таңдаңдар: 1. Стационарлық науқастың медициналық картасы 2. Стационар жұмысы жөнінде есеп беру 3. Мекеменің қызмет ету ауданында тіркелеген ауруларды есепке алу бірегей ведомості 4. Стационардан өткен науқастың статистикалық картасы 5. Амбулаторлық науқастың медициналық картасы
1. 1,2,3 2. 3,5 3. 2,4 4. 4,5 5. 1
79. Жұқпалы ауру, тамақтан, кәсіби жағдайдағы жедел улану жөніндегі шұғыл хабарламаны кім дайындайды? 1. Дәрігер 2. Фельдшер 3. Медбике 4. Санитарка 5. ЕПМ бас дәрігері
1. 3,4,5 2. 1,2,3 3. 1,2,5 4. 2,4 5. 4,5
80. Дизентерияға күмәнді науқасты анықтаған дәрігер «шұғыл хабарламаны» кімге жіберуі тиіс: 1. Емхананың бас дәрігеріне 2. Емханадағы дәрігер-инфекционистке 3. Статистика кабинетіне 4. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың территориялық орталығына 5. Емхананың дәрігер-эпидемиологына
81. Кәсіби аурушылдықты қолданатын тіркеу-есеп беру құжаттары: 1. Кәсіби ауруларды тіркеу жорналы 2. Еңбекке жарамсыздық қағасы 3. Созылмалы кәсіби ауру жөніндегі хабарлама 4. Жұмысшының жеке бас картасы 5. Жұқпалы ауру, тамақтан, кәсіби жағдайдағы жедел улану жөніндегі шұғыл хабарлама
1. 1,2 2. 1,3,5 3. 1,4,5 4. 1,2,4 5. 5
82. «Жұқпалы ауру, астан улану, жедел кәсіби уланулар, егуге қарсы реакция жөніндегі шұғыл хабарлама» санэпидстанцияға науқастың анықталған орны бойынша қандай уақытта хабалануы тиіс: 1. 8 сағат 2. 12 сағат 3. 24 сағат 4. 48 сағат 5. 72 сағат
83. Қазіргі кездегі денсаулық сақтау органдары мен мекемелері аурулар жіктелуінің қай қайта қаралуын қолданады? 1. 7 - қайта қаралу 2. 8- қайта қаралу 3. 9- қайта қаралу 4. 10 - қайта қаралу 5. 11- қайта қаралу
84. Халықаралық аурулар жіктелуі БДҰ-ң (Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қай конференциясында және қай жылы бекітілген? 1. ДДҰ-ң 40-шы Халықаралық конференциясында 1993ж. 2. ДДҰ-ң 43-шы Халықаралық конференциясында 1996ж. 3. ДДҰ-ң 41-шы Халықаралық конференциясында 1994ж. 4. ДДҰ-ң 42-шы Халықаралық конференциясында 1995ж. 5. ДДҰ-ң 39-шы Халықаралық конференциясында 1992ж.
85. Қазіргі кездегі халықаралық аурулар жіктелуінің (ХАЖ) толық атауы қандай? 1. Халықаралық аурулар және өлім себептерінің жіктелуі 2. Аурулар және денсаулықпен байланысты мәселелердің халықаралық статистикалық жіктелуі 3. Аурулардың, жарақаттар және өлім себептерінің статистикалық жіктелуі 4. Аурулар, жарақаттар және өлім себептерінің халықаралық статистикалық жіктелуі 5. Аурулардың және денсаулықпен байланысты мәселелердәң статистикалық жіктелуі.
86. ХАЖ-ң 10-шы қайта қаралуында неше класс бар? 1. 23 класс 2. 21 класс 3. 25 класс 4. 19 класс 5. 26 класс
87. ХАЖ-ң 10-шы қайта қаралуына қандай маңызды өзгерту енгізілді? 1. Класс санының азайтылуы 2. Әріптік кодтауды сандық кодтауға алмастыру 3. Сандық кодтауды әріптік-сандық кодтауған алмастыру 4. ХАЖ класстарындағы барлық ауруларды қайта топтастыру 5. ХАЖ-дың бүкіл құрылымын өзгерту.
88. ХАЖ-ң 10-шы қайта қаралуының әр класында неше ауру топтары бар? 1. 50 2. 80 3. 100 4. 150 5. 200.
89. ХАЖ-ң 10-шы қайта қаралуының үш мәнді бөлшектен тұратын әр тобы неше ауру кодтарына бөлінеді? 1. 12 2. 9 3. 10 4. 8 5. 11.
90. Салауатты өмір салты нақтылы шарттардың келесі топтарымен белгіленген: 1. Тәртібі, салты, дәстүрлері, әрекет дәйектері 2. Белгілі тұлғалық сипатамалар, тұрмыс жағдайлары, еңбек, демалыс 3. Тәртібі, діні, әрекет дәйектері, демалыс 4. Тұрмыс жағдайлары, діні, демалысы, салттары 5. Әрекет дәйектері, демалысы, діні, дәстүрлері.
91. Жастар арасындағы патологялық жағдайлардың таралуы қандай заңдылықтарға байланысты? 1. Жастардың функционалды жағдайы, өмір сүру ерекшеліктері, медициналық көмектің ұйымдастырылуы 2. Өмір сүру ерекшеліктері, белгілі тұлғалық сипатамалар, жастардың емдеу-профиактикалық мекемелерге көріну жиілігі 3. Жас организмінде күшті компенсаторлық, және бейімделгіш механизмдердің болуы, жастардың жүріс-тұрысы, медициналық көмектің ұйымдастырылуы 4. Демалыс, еңбек жағдайлары, жастардың жүріс-тұрысы 5. Өмір сүру ерекшеліктері, әрекет дәйектері, зиянды жаман әдеттер.
92. Салауатты өмір салтының алғашқы құрам бөліктерінің бірін таңдап алыңдар: 1. Бос уақыт 2. Мәдени тәрбие 3. Дене тәрбиесі 4. Еңбек пен демалуды рационалды ұйымдастыру 5. Гигиеналық тәрбие.
93. Өнеркәсіп жағдайындағы жұмысшылар денсаулығына келесі зиянды өндіріс факторлары әсер етеді: 1. Зиянды. Аса қауіпті. 2. Химиялық. Физикалық. 3. Қауіпті. Нервтік-психикалық. 4. Зиянды. Қауіпті. 5. Биологиялық. Химиялық.
94. Аурулардың қауіп факторының дұрыс анықтамасын таңдап алыңдар: 1. Қауіп факторы – белгілі тұлғалық сипаттамалар және ауру қаупін тудыратын өмір дағдыларының ерекшеліктері 2. Қауіп факторы – аурудың даму қаупін жоғарылататын адам денсаулығына белгілі факторлардың әсері 3. Қауіп факторы – халық денсаулығы жағдайына өзгертуге келмейтін биологиялық факторлардың әсері және ауру қаупін жоғарылататын өмір дағдыларының ерекшеліктері. 4. Қауіп факторы – халық денсаулығы жағдайына әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсері және ауру қаупін жоғарылататын белгілі тұлғалық сипаттамалар 5. Қауіп факторы - халық денсаулығына микро- және макро- ортаның әсері және ауру қаупін жоғарылататын өмір сүру дағдыларының ерекшеліктері.
95. Туберкулездің арнайы алдын алу шаралары қай жастан бастап жасалады? 1. 7 жастан 2. Туғаннан кейін 3 күн өткенде 3. 12 жастан 4. 17 жастан 5. 21 жастан.
96. Туберкулезді ерте анықтау үшін келесі шаралар жүргізіледі: 1. Манту туберкулиндік сынамасын жаппай жүргізу 2. Халыққа жаппай флюорографиялық зерттеу жүргізу 3. Туберкулезбен ауыратын науқастарды міндеттендіріп емдеу үшін қорғалатын ауруханалар ұйымдастыру 4. Туберкулезді ерте анықтау және алдын алу мәселелері бойынша халыққа санитарлық-гигиеналық білім беру. 5. Жануарлар арасында туберкулезді ерте анықтаудың микробиологиялық әдістерін жетілдіру.
1. 1,2,4,5 2. 4,5 3. 3,4,5 4. 1,2,4 5. 1,3,5
97. Туберкулинодиагностиканың негізгі мақсаты: 1. Вакцина салу мен қайта егудің тиімділігін анықтау, вираж тобын анықтау, жергілікті зақымдардың пайда болуының алдын алу. 2. Қайта егудің (ревакцинация) тиімділігін анықтау, организмнің жұғылу жағдайы, туберкулезбен ауыру 3. Вакцина салу мен қайта егудің тиімділігін анықтау, вираж тобын анықтау, ерте туберкулездік улануды анықтау. 4. Өкпенің арнайы ауруларын анықтау, өкпенің туберкулезбен аймақтық зақымдалуын анықтау 5. Алғашқы рет туберкулездік уланудың ерте кезеңін анықтау, өкпенің және өкпе лимфа түйіндерінің туберкулезбен зақымдалу жағдайы.
98. Салауатты өмір салты қалыптастыру принциптері: 1. Денсаулық сақтаудағы қоғамның белсенділігі 2. Өзін-өзі емдеу мүмкіндігі 3. Арнайы мамандандырылған емге қол жеткізу 4. Ақысыз емделуге қол жеткізу 5. Сектораралақ қызметтестік
99. Қоғамдық денсаулықтың көрсеткіштері: 1. Биологиялық сұйықтарды клиникалық талдау нәтижелері 2. Рентгенологиялық зерттеулер нәтижелері 3. Патологияныңағымының сипаты 4. Медициналық-демографиялық көрсеткіштер 5. Жоғарыда айтылғандардың барлығы
100. Индивидуальді денсаулық көрсеткіштері: 1. Аурушылдық көрсеткіштері 2. Демографиялық көрсеткіштер 3. Халықтың еңбекке белсенділігінің көрсеткіштері 4. Физикалық денсаулық көрсеткіштері 5. Мүгедектік көрсеткіштері
101. Бірінші денсаулық тобындағы балалар: 1. Көп ауыратын балалар 2. Жиі ауыратын балалар 3. Сирек ауыратын балалар 4. Субкомпенсация жағдайындағы балалар 5. Практикалық түрде дені сау балалар
102. Екінші денсаулық тобындағы балалар: 1. Жиі ауыратн балалар 2. Практикалық түрде дені сау балалар 3. Функционалдық ауытқуы бар балалар 4. Сирек ауыратын балалар 5. Ұзақ ауыратын балалар
103. Үшінші денсаулық тобындағы балалар: 1. Практикалық түрде дені сау балалар 2. Функционалдық ауытқуы бар балалар 3. Сирек ауыратын балалар 4. Ұзақ ауыратын балалар 5. Компенсация сатысындағы созылмалы ауруы бар балалар
104. Төртінші денсаулық тобындағы балалар: 1. Компенсация сатысындағы созылмалы ауруы бар балалар 2. Функционалдық ауытқуы бар балалар 3. Ұзақ ауыратын балалар 4. Субкомпенсация сатысындағы созылмалы ауруы бар балалар 5. Жиі ауыратын балалар
105. Бесінші денсаулық тобындағы балалар: 1. Субкомпенсация сатысындағы созылмалы ауруы бар балалар 2. Декомпенсация сатысындағы созылмалы ауруы бар балалар 3. Функционалдық ауытқуы бар балалар 4. Компенсация сатысындағы созылмалы ауруы бар балалар 5. Практикалық түрде дені сау балалар
106. Халық денсаулығы жөніндегі мәліметтердің негізгі көздеріне жатады: 1. Іріктелген ғылыми зерттеулер мәліметтері 2. Жеке ғылыми зерттеу нәтижелері 3. Кезеңді баспа мәліметтері 4. Сақтандыру компанияларының мәліметтері 5. Аурулардың, қайғылы оқиғалардың және жарақаттанулардың регистрі
107. Денсаулықты нығайтатын факторлар: 1. Аз қозғалысты өмір салты
|