Арынды сораптың сұлбасы және жұмыс істеу принципі
Арынды сорап былайша айтқанда кәдімгі сорап сияқты шығару жерінде артық арынды құрмайды. Арынды сорапта гидравликалық энергияны екі есе түрлендіру болады. Жұмыс сұйықтау потенциалды энергиясы алғашқысында кинетикалық энергияға сұйыққа инжектрленген арынды орналастырудың арқасында ауысады. Араласқан сұйық (жұмыс және инжектерленген) араласу камерасынан өтіп, диффузорға түседі. Онда араласқан арынның түрленген кинетикалық энергиясы потнциалды энергияға ауысады. Арынды сораптың принципиалды сұлбасы сурет 44-те келтірілген. Сорап келесі негізгі элементтерден тұрады: жұмыс агентін жеткізу каналы 1, белсенді сопло 2, инжектрлі сорапты жеткізу каналы 3, (осы каналды көбінесе қабылдау камерасы деп атайды), араластыру камерасы 4 және диффузор 5. Арынды сорап келесідей жұмыс жасайды: өте жоғары потенциалды энергиямен жұмыс агент соплоға келеді, мұнда потенциалды энергия кинетикалыққа ауысады.
Соплодан жұмыс агенті шығын қабылдау камерасында қысымды төмендетеді, осыдан инжектерлі сұйықтың бөлігі (ұңғы өнімі) жұмыс агентінің иарынымен араласып, орналасу камерасына түседі. Араласу камерада жұмыс агенті және инжектрлі сұйық араласып, олардың жылдамдықтары мен қысымдары теңесіп, араласқан арын диффузорға түседі. Диффузорда араласқан арынның кинетикалық энергиясы жай төмендеп, потенциалды энергияның өсуі болады. Диффузордың шығу жерінде араласқан арынның потенцалды энергиясы сұйықтың көтеруге қажетті болады. Осы сораптың жұмыс істеу принципі түсінікті болғанмен, оның негізгі элеменнерін есептеу өте күрделі, өйткені ол ұңғы өнімімен (инжектрлі арын) байланысты. Қазіргі жағдайда жобалаудың осы қиындықтарының алдын алып, осы сорап түрлері кеңінен пайдалануда. Танемді қондырғы келесідей жұмыс істейді: ортадан тепкіш сораппен алынатын ұңғы өнімі арынды сораптың соплосында беріледі, онда сұйық жылдамдығы өсіп, соплодан келетін арын қабылдау камерасына келіп, онда қысымды төмендетеді. Осы кезде қабылдау камераның кері қақпағы ашылып, қосымша ұңғы өнімі қабылдау камерасына келіп түседі.
Қарастырылған танемді қондырғылар батырмалы қондырғыларды қолдану аймағын кеңейтеді, ал қосымша арнайы қондырғылар (мысалы, газосеператорлар) энергияны сақтаушы болып келеді. Пайдаланудың осы әдісі шельфті кен орындарды игеруде негізгі болып келетіні мәлім. Нег. 1.[93-151], 5.[185-208] Бақылау сұрақтары: 1. Шельфте қандай пайдалану тәсілдері бар? 2. Өнім өндірудің механикаландырылған тәсілі қандай варианттарда болады? 3. Арынды сорап қалай жұмыс істейді? 4. Фонтанды өндіру тәсілінде жұмыс неге негізделеді? 5. Танемді қондырғының жұмыс принципі. 6. Қандай жағдайларда бұрандалы сораптарды қолданады? 7. Батырмалы ортадан тепкіш сораптың қандай ерекшеліктері бар?
|