Студопедия — Дәріс--5.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс--5.






Қылмыс қылмыстық құқықтың іргетастың категориясы болып табылады. Қылмыстық заңнамада негізгілерінің бірі болып қоғамға қауіпті әрекеттердің қайсысы қылмыс болып табылатындығын анықтау әрекетнің (процесінің) айтамыз.

ҚР-ғы құқықтық реформа мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, заңмен қорғалатын ең жоғарғы әлеуметтік құндылықтар ретінде, табиғи құндылықтары мен бостандықтарының біріншілігі мен бөлінбейтіндігінен кейде қылмыс түсінігін деполитизациялау және дейдеологизациялау қажет. Сәйкесінше қылмысты топталуды оның қроғамдық қауіптілік деңгейіне сәйкес қайта қарастыру.

Берілген ереже ҚР-ң 1997 жылғы ҚК-де көрініс тапты. ҚР-ң ҚК-ң 9-бабы: "Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (әрекет және әрекетсіздік) қылмыс деп танылады". Мұндай заңнамалық анықтамалар бізді дамыған әлем елдерінің ҚК-ң ұқсас ережелеріне және құқық қолданушылық қызмет қағидасының орындалуын қамтамасыз етеді.

ҚР ҚК 9 б 1 б берілген қылмыс анықтамасында қылмыстың келесідей белгілері бөлініп көрсетілген: "Қоғамдық қауіптілік (қарсы әрекет) кінәлілік, жазаланушылық".

Қоғамдық қауіптілік - әлеуметтік мәнін ашатын қылмыс белгісі, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиянын келтіретін немесе зиян келтіру қаупін туғызатын әрекет қоғамдық қауіпті деп танылады.Зиян әртүрлі болуы мүмкін: материалдық, психикалық, идеологиялық, физиологиялық, ұйымдық-басқармалық және т.б.

ҚР ҚК 9-бабында қоғамдық қауіптілік кінәмен қатар әрекеттің объективтік заңдылығы ретінде анықталады.

Қоғамдық қауіптілік тек қылмысқа ғана емес, басқа да құқық бұзушылықтарға тән. Қылмысқа қоғамдық қауіптіліктің жоғары деңгейі тән. Қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің деңгейінің анықтауда - қылмыстық сандық сипаттамасы сот тәжірибесі нақты жасалған қылмыстық әрекеттің барлық жағдайларының жиынтығынан шығады (кінә нысаны, мақсаты, әдісі, жағдайы, қылмыс жасау сатысы, зардап ауырлығы, қылмыс қатысушылардың әрқайсысына қылмысқа қатысу деңгейі мен сипаты және т.б.). Қоғамдық қауіптілік сипаты ретінде қылмыстың сапалық жан-жақтылығы саналады. Қоғамдық қауіптілік сипатының анықталуы, ең алдымен қылмыс объектісінің мағынасымен қоғамдық қатынастарға келтірілген зиян мазмұны мен (материалдық, психикалық, физикалық, идеологиялық, ұйымдық-басқармалық) анықталады.

Қылмыстық қоғамдық қауіптілік деңгейіне қарай бөлу, қылмыстық (классификация) тоқтауда көрініс тапқан. Қылмыстық әрекеттің екінші міндетті белгісі болып оның заңға қайшылығы табылады. Оның мәні қылмыстық заңмен жазалау қатерімен тыйым салынуы. Қалай болғанда да қоғамдық қауіпті әрекет егер ол үшін қылмыстық заңда жауапкершілік көзделмесе қылмыс болып табылмайды. Солай бола тұра әрбір қоғамдық қауіпті әрекет қылмыстық болып табылмайды, ол қоғамдық қауіптіліктің жеткілікті деңгейіне ие болу керек. Қылмыстық заңға қайшылық қоғамдық қауіптіліктің заңды көрінісі деген жалпы қабылданған көзғараспен келіскен жөн. Сонымен қатар қоғамдық қауіптілік түсінігін заңда қайшылық түсінігіне залал келтіре отырып абсолюттендірудің қажеттілігі жоқ. Бұл бір-бірінен салыстыруды қажет етпейтін өзара байланысты түсініктер.

Қылмыстың келесі негізгі белгісі болып кінә табылады. Республикамыздың қылмыстық теориясымен тәжірибесі субъективтік қабілеттілікті қабылдайды және объективтік қабілеттілікті кінәсіз жауаптылықты көздемейді. Кінәсіз жасалған әрекет қылмыс болып табылмайды. Қылмыстың міндетті белгілері болып кінәлілік табылады, ол ҚК-ң Ерекше бөлімінің баптарының диспозициясында көрсетілген шектеулерді бұзғанда жаза қолдану қатерімен анықталады.

Әрекет етіп жатқан қылмыстық заңнамада әртүрлі негіздермен қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату көзделген және бұл декримилизация еместігін көрсетеді.Республикамыздың қылмыстық заңнама тарихында алғаш рет ҚР ҚК-де қылмысты топтауды көздейтін арнайы нормалар енгізілген. ҚР ҚК 10 бабының 1 бөлімінде: "Осы кодексте көрсетілген әрекеттер сипатына және қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға және аса ауыр қылмыстарға бөлінеді.

Аса ауыр емес қылмыстар үшін ең жоғарғы жазалау осы кодексте 2 жылдан аспайтын бас бостандығынан айыру көзделген қасақана әрекет сонымен қатар осы кодексте көзделген 5 жылдан аспайтын бас бостандығынан айыру ауыр жазасымен жазаланатын абайсыздықпен жасаланатын әрекет. Ауырлығы орташа қылмыстарға жоғарғы жаза осы кодекспен 5 жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана қылмыс, сондай-ақ заңмен көзделген негіздер 5 жылдан асатын мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген абайсыздықпен жасалған әрекет. Ауыр қылмыстарға, осы кодексте көзделген жаза мөлшері 20 жыл бас бостандығынан аспайтын қасақана әрекеттер жатады. Ерекше ауыр қылмыстарға көзделген жаза мөлшері 20 жылдан астам мерзімде немесе өлім жазасы көзделген әрекеттер жатады.

ҚР ҚК-де қылмыстарды топтау қылмыстық құқықтық нормаларды қолданады: қылмыстардың қайталануы (13 б), қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу (24 б), қылмысқа қатысу нысандары (31 б 1 б) бас бостандығынан айыру (48 б), өлім жазасы (49 б), арнаулы, әскери немесе құрметті атағына, сыныптық шенімен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттіке наградаларынан айыру (50 б), қылмыстық жауаптылықпен жазаны жеңілдететін мән-жайлар (53 б), қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау (58 б), шартты түрде соттаудың күшін жоюы не сынақ мерзімін ұзарту (64 б), шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (65 б), жәбірленушімен татуласуымен байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (68 б) ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (69 б), жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату (70 б), жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру (71 б), жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру (72 б), төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру (174 б). айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату (75 б), соттылық (77 б).

 







Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 606. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия