Студопедия — Дәріс-15.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс-15.






Қазіргі кезде қоғамымызда қауіпті құбылысқа айналып отырған қылмыстардың бірі – сыбайлас жемқорлық болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері, бұл яғни жалпыға мәлім ең алдымен қоғамға қауіптілігімен, құпиялылығымен, ерекше құрылымы мен экономикаға кері әсер етуімен, құқыққа қайшылығымен күш көрсетумен және басқа да зиянды зардаптарымен сипатталады.

Сыбайлас жемқорлық қоғамға жат әлеуметтік құбылыс ретіндегі саяси, экономикалық, қылмыстық, әлеуметтік-мәдени күрделі байланыста болып келеді. Онымен күрес жүргізудің қиындығы да содан болып отыр. Сондықтан да сыбайлас жемқорлық әрекеттерін азайту қызметі мен оны одан әрі жою жолдары тек қана қылмыстық-құқықтық шараларымен ғана шектелмей жан-жақты іс-шараларымен шешілуі қажеттігін айқын сезінуіміз қажет. Себебi, бұл iндеттiң тарихы қалың, тамыры терең болып келеді. Оны түп-тамырымен жою мүмкiн емес. Тек сәл саябырлатуға болады.

2006 жылғы бірінші наурыздағы Президенттің халыққа жолдауында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында үнемі жұмыс істеп, ахуалды жақсартып келеміз, алайда бірқатар қаржы өнеркәсіп топтарының ақша ағыстарының ашық болмауы және олардың табысты жасыру, қаржы мен мүлікті шетелдерге шығару, салық төлеуден жалтару есебінен заңсыз баюы, сондай – ақ көлеңкелі экономика біздің дамуымыздың елеулі шектеулеріне айналып отыр. Нақ осы топтар өкілдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге шақырған ұрандары дүңкілдеп тұр. Сонымен бірге бюджеттің негізгі ысырабы да нақ осында жатыр. Сөзден іске көшетін уақыт жетті». Осы тұста Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылдың заңнамалық базасын және жүйесін әзірлеуде алдыңғы қатарлы орын алады. 1998 жылғы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шараларының ғылыми танымдары мен өзекті мәселелері Қазақстандағы қоғамдық қатынастарды реформалаудың барлық кешенді мәселелерімен тығыз байланыста. Сыбайлас жемқорлықтың мән – мағыналық мәселелері оның пайда болуы, онымен күрестің қылмыстық – құқықтық құралдары қызу пікірталастар тудыру үстінде «Сыбайлас жемқорлық» ұғымы қандай қылмыстық қол сұғушылықты қамтитыны да даулы мәселе қалпында қалып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа жол беретін әрекеттерді ережеге бағындыру, құқықтық саралау мәселесі де баяу жүргізілуде. Сондай – ақ, қылмыстық заң баптарының санкциясы мен сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін жазаның қандай түрлерін қолдану да нақты шешімін таппай отыр. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықтың ұғымы, мәні, маңызы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарының қалыптасуы мен дамуы, сыбайлас жемқорлықпен жасалатын қылмыстың нақты құрамы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың қылмыстық - құқықтық, қылмыстық – процесуалдық, криминологиялық шаралары талданады.

Қазақстанның жаңа қылмыстық заңдарының ережелерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрестің өзекті мәселелерінің проблемалық аспектілерін жасау болып табылады. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық қылмысымен күресудің жаңа нысандарын, әдістерін әзірлеу, қылмыс санаттарын уақтылы ашу, алдын ала қылмысты болдырмау үшін құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру қажеттілігі туындайды.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрестің тиімділігін арттыру мақсатында бұл қылмыстарды тергеу үшін, жедел – тергеу топтарын қазіргі заманғы ғылыми – техникалық құралдармен жабдықтау болып табылады. Бұл қылмыспен күрестің тиімділігін арттыру мақсатында тергеудің жеке әдістемелерін қалыптастыру маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ең басты өзекті мәселесі – жеке азаматтарға және мемлекетке материалдық үлкен шығын алып келуі. Қазіргі республикамыздың нарықтық экономика кезеңінде, сыбайлас жемқорлық қылмысымен қарсы күрес жүргізу мәселесі ең басты құндылық болып есептеледі. Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерімен қалыптаспай келеді. Жалпы бұл термин латынның «соrruptio» - «сатып алу» деген сөзінен шыққан. Яғни, лауазымды адамдардың қызметті өзінің бас пайдасының қамы үшін пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді. Сыбайлас жемқорлық туралы Цицеронның «егер парақорлар өздеріне қажеттісін жымқырған болса ғана қалтырайды, ал егерде, басқалармен бөлісуге жетерліктей жымқырған болса, онда олар аса қорқыныш жоқ», деген белгілі сөзін еске алуға болады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу айтарлықтай моральдық шығынға ұшырататыны сөзсіз. Тәжірибеде осы қылмыспен күрес процесінде адамдардың пайдакүнемдік, қанағатсыздық, көре алмаушылық, арызқой әрекеттері жиі байқалуда. Сыбайлас жемқорлық пен пара алу салықтан бұлтару сияқты көрініс табуда. Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес проблемаларының өзектілігі әдеттегідей әлеуметтік шиеленістіктен, экономикалық тұрақсыздықпен, қайыршылықпен сабақтасып, реформаларды жүзеге асыру кезеңінде айрықша көрініс табады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықты өзінен-өзі пайда болатын құбылыс, әлеуметтік өмір қыртысының қойнауында бұғып жатады, мәдени-этникалық және аумақтық шекараларды мойындамайды. Сыбайлас жемқорлықты жою немесе оны жедел мақсатты бағдарлама негізінде әлеуметтік тұрғыдан елеусіз деңгейге дейін тез де тұрақты түрде азайту мүмкін болмауда. Әлемдік тәжірибеде, сонымен қатар, нарықтық механизмдердің сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмыспен күрестегі өзіндік жеткілікті мәні негізделген жоқ. Орныққан нарықтық қатынастары бар елдерде ұйымдасқан қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күрес әлденеше онжылдықтар бойы жүргізіліп келеді. Алайда бұл құбылыстар қолданылып отырған шаралардың арқасында тежелсе де, өмір сүруін жалғастырып және дамып келеді. Айтылмыш елдерде тиісті құқықтық нұсқаулар үнемі жетілдіріліп, толықтырылып отырады және олар міндетті түрде қатаңдата түседі, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмыстарды әшкерелеу тарапындағы оперативтік-ізкесушілік, қылмыстық-процессуалдық, бақылаушылық-қаржылық және өзге де қосымша шаралар енгізіліп отырады.

Ел Президенті қылмысқа қарсы күреске байланысты бірқатар жарлық шығарды. Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының қылмыспен күресті күшейту мен құқық қорғауды нығайту мәселелері жөніндегі мәжілісінде, парақорлықпен күрестің түбегейлі шараларын алға ала отырып: «Парақорлық әлеуметтік қауіпті көлем алып барады, - деп атап көрсетіп, - параны көп нәрсе үшін – жер бөліп бергені үшін, коммерциялық құрылымдарды қайта тіркегені үшін, әскерден қалдырғаны үшін, табысын салықтан жасыру үшін, жекешелендіруге жәрдемдескені үшін, ең соңында бастықтың алдынан тамыр – таныстықпен өткізгені үшін алады».

Алғашқы рет Республика заңдарында сыбайлас жемқорлыққа және соған байланысты құқық бұзушылыққа заңгерлік түсінік беріліп, сыбайласқан құқық бұзушылықтың субъектілері анықталып отыр. Заңда, сондай – ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 39 – бабының І – тармағына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындау өкілеттігі бар және соларға теңестірілген адамдардың құқығы мен бостандықтарын сақтай отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі жолдары берілген.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары мен сыбайласқан құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке арнайы бөлім арнаған. Ал заңның негізгі мақсатына тоқталсақ, І – бабында, осы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты негізгі ұғымдар заңның ІІ – бабында баяндалған, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп танылады. Сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады.

Біздің ойымызша, сыбайлас жемқорлықтың қоғамдық қауіптілігі саяси, әлеуметтік – экономикалық және құқықтық аспектілерден көрінеді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстың қауіптілігінің саяси аспектісі мынадан көрінеді:

- сыбайласқан мемлекеттік аппараттар мен олардың буындарының заңдар мен өзге де нормативтік актілерді қабылдауда мемлекеттің саясатын жүргізу мүмкіндігін жоғалтуы;

- іс жүзінде азаматтардың заңнан гөрі сыбайласқан мемлекеттік шенеуніктерге бағыныштылығы;

- қоғамдық сана сезіміндегі сыбайлас сияқты өзге де саяси режимдердің жағымсыз көріністері мен құбылыстарының түбіріне балта шабу;

Сыбайлас жемқорлық қауіпінің әлеуметтік – экономикалық кезеңі мынада:

- сыбайласқан мемлекеттік аппараттың мемлекеттік әлеуметтік – экономикалық саясатын бұрмалап, соның ішінде экономикалық қатардағы қылмысты одан әрі үдете түсуге әсерін тигізетін азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін жүзеге асыруды күрделендіріп және оған кедергі жасау;

- қылмыс араласқан нарықтық экономиканың қалыптасуы, әлі жас мемлекеттерге қылмыстық араласпаған инвестицияға, сондай – ақ Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық жүйедегі тиісті интеграциялық мүмкіндігіне жол берілмеуі;

- алынбаған салықтардың кесірінен мейлінше зор материалдық шығынға ұшырау;

- елімізді экстпорттық – импорттық операциялармен тонау, төлемдердің қамтамасыз етілмеуі біздің елімізге бағыт алатын инвесторлардың қорқақтауы және тағы басқа.

Сыбайлас жемқорлық кауіпінің құқықтық аспектісі:

- қажетті және маңызды деген заңдар мен өзге де нормативтік актілерді дер кезінде қабылдамау;

- ұйымдасқан қылмыс құрылымдарының мүмкіндіктерін кеңейте түсетін, кері мағынада түсінілетін, олар үшін пайдалы да қолайлы заңдар қабылдау;

- құрастырылуы күрделі, нақтылығы жоқ және түсініксіз немесе қарастыратын кейбір белгілері дәлелдеуге келмейтін «өлі» нормалар қабылдау.

Сыбайласқан көріністер еліміздегі капиталдың «көлеңкелі» айналымының өсуі сияқты негізсіз процестермен тікелей байланысты, соның көмегімен валюталық қаржылардың бақылаусыз қозғалысының көлемі мен қарқыны да өсе түсуде. Одан кейін осылайша жиналған капитал ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтар құруға және сыбайласқан шенеуніктердің санын арттыруға жұмсалады.

Профессор Н.М. Әбдіров – парақорлық сыбайлас жемқорлықтың нағыз кең тараған құралына айналады, - дейді. Бұл мемлекет шенеуніктерге қылмыстық жолмен сыйақы беру қай жағынан алсақ та ұйымдасқан қылмыстың артына жасырынған тиімді жолдарының бірі. Мемлекеттік шенеуніктердің қызметіне әсер ету арқылы Қазақстан Республикасының стратегиялық бастаулары мен мүдделерінің, оның қорғаныс қабілетінің, ішкі және сыртқы қауіпсіздіктерінің, саяси тұрақтылығы мен артықшылығының беделін түсіретін және әлсірететін мақсаттағы сыйақы алу мемлекеттік пен қоғам үшін аса қауіпті факторларының бірі. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың туындауына алып келетін жайттарды қысқарту әрі олардың алдын алу мақсатында Қаржылық бұрмалаушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық құру, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен қаржылық бұрмалаушылықтар бойынша тапсырылған материалдарды тиісінше қарауға қатысты өзара іс-қимылдарды күшейту және ТМД елдерінің жоғары қаржы бақылау органдарымен жемқорлық әрекеттерге қатысы бар бақылау объектілері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарға қатысты анықталған заң бұзушылықтар туралы ақпарат алмасуды жолға қою жөнінде өзара ынтымақтастық шараларын әзірлеуді жоспарлау керек. Егер ескерсек, ондай шаралар бiздiң елiмiзде жасалып та жатыр деуге де болады.

Егер былай қарап отырсақ, былтырғы 2006 жыл коррупциямен күресте есте қалатын жыл болатын шығар деуге де болады. Әрине, Ел басының осы сыбайлас жемқорлықпен 1992 жылдан бастап күресiп келе жатқанын жоққа шығарғым келмейдi. Дегенмен, былтыр талай шабақтар да, бiрен-саран шортандар да қармаққа түстi. Бұл мәселе Ұлттық Қауiпсiздiк Кеңесiнде де көтерiлдi. Бас прокурордың айтуынша, жыл басынан берi коррупцияға қарсы заңды бұзудың 6000 жуық фактiсi тiркелген. Коррупциялық қылмыс ретiнде 235 қылмыстық iс қозғалған. Тексерiстердiң арқасында мемлекетке 10 млрд. 800 млн. теңге көлемiнде түсiм түскен немесе тартқан зияны орнына келтiрiлген. Талай шенеунiк орнынан да алынды... Қазiр Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексi бойынша әлемде «мәртебелi» 105-орында тұр. Дүние жүзінде 200-ге тарта мемлекет болса, сыбайлас жемқорлық деңгейiн зерттейтiн халықаралық «Транспаренси Интернейшнл» ұйымы соның 150-де зерттеулер жүргiзедi. Мiне, бiздегi сыбайлас жемқорлықпен күрестiң көлеңкемен күрескендей нәтижесiздiгi. Адамзат баласының ендi тоқтата алмайтын, ақырын басып, алапатқа соқтыратын өзi ойлап тапқан сойқанының бiрi - осы.

Әрине, коррупция бұл мемлекеттi орға жығатын дерт. Бiзде, оны PR-кампания ретiнде қарастырады. Коррупцияға қарсы агенттiгi, басқасы бар акция кезiнде адамды қамауға алуға ғана дайын тұрады. Бұл арада, маңыздысы орнынан алып тастап, қолына кiсен салу емес. Маңыздысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизм орнату керек. Ал бiзде механизм жоқ. Қазақстанның ауық-ауық сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауына келсек, бiздiң билеушi элита мемлекеттегi барлық жайтты қолға алу керек екенiн түсiндi. Болмаса, iрi қаржылық топтар болып-толып алды. Бүгiн ауыздықтамаса, ертеңгi күнi олардың ырыққа көнбей кетуi мүмкiн. Сыбайлас жемқорлық қылмысы қоғамға аса қауіп төндіруші құқық бұзушылықтың бірі болып табылады. Бұл орайда, тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстың саны қылмыстың басқа түрлерімен салыстырғанда аздығына қарамастан, олар Республикада жүргізіліп жатқан реформаларға айтарлықтай қауіп төндіреді. Олардың қауіптілігі сол, мұндай қылмыстарды мемлекеттің атынан белгілі бір функцияларды жүзеге асыруға уәкілет берілген тұлғалар жасайды. Мысалы, егер біз мәліметтерге сүйенсек, 2003 жылы қызмет өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін 222, ал пара алғаны үшін 210 лауазым иесі жауапкершілікке тартылғандығы мәлім. Алайда, бiз де қол қусырып отырған жоқпыз, бұл iндетке қарсы күрес те қағаз жүзiнде қатаң қолға алынған. Онымен тiкелей айналысатын Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссия да бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2006-2010-жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын бекітті, осы жарлыққа сәйкес республика үкіметіне бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспарын бір айда жасап бекітуге тапсырма да берілді. Сонымен бірге үкіметке жыл сайын 30-қаңтар мен 30-шілдеде президент әкімшілігіне бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы жиынтық талдамалық ақпаратты таныстырып отыру міндеттелді. Бұл бағдарламаның негізгі, яғни басты мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа белсене қарсы тұру арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған. Аталмыш бағдарламада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдардың жауапкершілігін ұлғайтуға да, биліктің барлық тармақтары мен азаматтық қоғам институттарының бұл мәселені шешудегі әлеуметтік әріптестігіне де баса мән беріліп отыр. Конституциялық Кеңестің пікірінше, сыбайлас жемқорлық қылмыстың деңгейін төмендету және азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүддесін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, қолданыстағы заңнаманың экономикалық кестесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы сараптама жүргізіп, сондай-ақ сараптаманың бұл түрін Парламентке енгізілетін барлық заң жобалары үшін міндетті ету қажет. Құқықтық нормалардың дәлсіздігі, ережеден тыс кету, құқықтық реттеудегі кемшіліктер және заңнаманың өзге де кемшін тұстары құқық бұзушылық, әсіресе экономикалық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға септігін тигізеді.

Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына өзінің «Қазақстан-2030» Жолдауында жеті стратегиялық қағидалардың қатарына «сыбайлас жемқорлыққа табандылықпен әрі аяусыз күресуді» атап та өтті. Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің арасынан бірінші болып «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заң қабылдап және осы күресті теңдесі жоқ міндеттердің бірі деп санады[4]. Ата Заңымызда азаматтардың тең екендігіне «тайға таңба басқандай» деп анық айтылғанымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің көп жағдайда әркімнің отырған орын-тағы мен өз ортасындағы билікке қарай іріктелініп, теріліп жүргізіліп, жазаға тек төменгі буындағы мемлекеттік қызметкерлердің тартылатындығы қалай десеңіз де ойландырмай қоймайды. Мұның түп төркінінде қандай сыр жатыр? Заң әлсіз бе, жоқ әлде құқық қорғау органдары дәрменсіз бе? Мүмкін, жоғары буындағы өз қызметтерін мінсіз атқаратын адал адамдар шығар. Мәселен, кезінде үкіметті басқарып, кейін шет елдерге асып кеткен, ел–жұртының ақшасын қалтасына басқан азаматтар да аз емес.

Қорыта айтқанда, қылмыстық жаза жүйелерінде көзделген жаза түрлерінің сыбайлас жемқорлық қылмыстарына кінәлі деп танылғандарға тиімді түрлерін нақты тағайындау осы құбылыспен пәрменді күрес жүргізуге қолайлы мүмкіндік туғызады деген ойдамыз. Бүгінгі таңда, мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процесстерінің басқарылуына, ұйымдық – құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін - өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиіс. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты оның алдын алу, яғни, оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн.

 

 







Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 758. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия