E) урасептиккер курсын қабылдау.
22. Нефрогенді гипертензияның паренхиматозды формасының пайда болу себебі: A) бүйрек ісіктері; B) жүктілердегі нефропатия; C) созылмалы пиелонефрит; D) бүйрек туберкулезы; E) бүйрек паренхимасының кистасы.
23. Жалпы зәр анализінде тығыздығы 1024, ақуыз- іздері, лейкоциттер көру алаңында 100 дейін, эритроцит 2-3, бактерия+++, шырыш+++. Берілген несеп жалпы анализі қай ауруға тән? A) Жедел пиелонефрит; B) созылмалы пиелонефрит; C) интерстициальді нефрит; D) жедел гломерулонефрит; E) созылмалы гломерулонефрит.
24. Жедел біріншілік пиелонефрит жиі асқыныды: A) семген бүйрек; B) апостематоздық нефритпен; C) артериальдық гипертензиямен; D) некротикалық папиллитпен; E) пионефрозбен.
25. Жедел цистит кезіндегі гематурия түрі: А) инициальды; B) тотальды; C) терминалды; D) интермиттирлеуші; E) латентті.
26. Қандай симптомсыз цистит диагнозы қойылмайды? А) ауру сезімі; B) поллакиурия; C) терминальды гематурия; D) лейкоцитурия; E) бактериурия.
27. Қандай цистит түрінде цистоскопия жасау қажет емес? А) жедел біріншілік цистит; B) паразитарлы; C) сәулелік; D) интерстициальды; E) аллергиялық..
28. Жедел цистит келесі белгілермен сипатталады: А) ауру сезімі, инициальды гематурия, дизурия; B) ауру сезімі, дизурия, пиурия, терминальды гематурия; C) олигоурия, пиурия, несеп шығару кезінде ашу сезімі; D) анурия, опсоурия; E) ишурия, протеинурия.
29. Антибакериалды ем кезінде цистит симптомдарының қайсысы бірінші жойылады: А) бактериурия; B) лейкоцитурия; C) гематурия; D) дизурия; E) протеинурия.
30. Циститке тән клиникалық көрініс: А) Дизуриясыз іштің төмен бөлігіндегі сыздап ауру сезімі; B) уретрадан іріңді бөліністер,несеп шығару басындағы ашып ауру сезімі; C) ауру сезімді несеп шығару,жиі соңында; D) іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді ауру сезімі; E) ауру сезімінсіз жиі несеп шығару.
31. Жедел циститтің жиі қоздырғышы: А) стафилококк; B) стрептококк; C) протей; D) ішек таяқшалары; E) клебсиелла.
32. Қуықтың қандай бейспецификалық қабынуы кезінде несепағардың стриктурасы болуы мүмкін: А) интерстициальды; B) бильгарциозды; C) сәулелі; D) химиялық; E) аллергиялық.
33. Интерстициальды циститтің заманауи себебі: А) аллергия; B) инфекция; C) гормональды фактор; D) аутоимунды фактор; E) нейровегетативті фактор.
34. Жиі аз мөлшердегі несеп шығару синдромының атауы: А) полиурия; B) никтурия; C) странгурия; D) поллакиурия; E) опсоурия.
35. Рецидивті цистит дегеніміз не: А) айына бір рет өршуі; B) жылына бір рет өршуі; C) жылына екі рет өршуі; D) әрбір екі апта сайын өршуі; E) жылына үш рет өршу.
36. Қандай цистит ауыр, рецидивті ағыммен, науқасты мүгедектікке алып келеді: А) аллергиялық; B) дисгормональды; C) нейрогенді; D) интерстициальды; E) ауыспалы.
37. Қандай циститке жараның сызықша тәріздес болуы тән? А) кандидомикозды; B) сәулелі; C) интерстициальды; D) шистосоматозды; E) аллергиялық.
38. Цистит кезінде қандай науқас топтарында қалдық несепті міндетті түрде анықтау қажетет? А) пиелонефритпен ауыратын науқас; B) сәулелік циститпен ауыратын науқас; C) нейрогенді несеп қуығында; D) химиялық цистит кезінде; E) қантты диабет кезінде.
39. Цистит кезіндегі ең жиі кездесетін асқыну: А) парацистит; B) пиелонефрит; C) несеп қуығының лейкоплакиясы; D) несеп қуығының малакоплакиясы; E) перитонит.
40. Циститтің қандай клиникалық формасында перитонит болуы мүмкін: А) ісіктік; B) сәулелік; C) гангренозды; D) операциядан кейінгі; E) катаральды.
41. Цисталгия мен цистит арасындағы ажырату белгісін анықтаңыз: А) ауру сезімі, B) бактериурия; C) лейкоцитурияның болумауы; D) императивті шақырулар; E) несеп қуығының толық босамауы.
42. Қай анықтама цисталгияның патогенетикалық толық ұғымын береді? А) несеп қуығының генитальды дисфункциясы; B) әйелдердегі уретральды синдром; C) жүйкелік поллакиурия; D) несеп қуығының гормональды неврозы; E) несеп қуығының жедел және созылмалы дискинезиясы.
43. Қандай нерв несеп қуығының резервуарлық қызметін реттейді? А) гипогастральды; B) жамбастық; C) жыныстық; D) простаталық; E) ректальды.
44. Циститтің қай формасында морфологиялық субстрат эозинофильді инфильтрат болып келеді: А) аллергиялық;; B) химиялық; C) инфекционды; D) интерстициальды; E) сәулелік.
45. Жедел цистит кезінде қандай ем қолданылмайды: А) антибактериальды препараттар; B) спазмолитиктер; C) жылулық емшара; D) антигистаминді препараттар;
|