E) сцинтиграфия.
230.Фосфатты тастар мен тұздар өздігінен шығарылады.Қандай зерттеу әдісі ұсынылады: А)ЖҚА және зәрді флораға себу,зәрдің PH-і,тәуліктік зәрдегі кальций; B) жалпы шолу және экскреторлы урография; C) қан сарысуындағы кальций,фосфор; D) бүйректі ультрадыбыстық зерттеу; E) цистоскопия:
231.Несепағардың төменгі 1\3 бөлігінде 3мм тас бар,тастан жоғары уретеропиелоэктазия орналасқан.Дұрыс емес емдеу тәсілі: А) спазмолитикалық дәрілер; B) тері астына прозерин; C) сумен жүктемелер; D) несепағардың электростимуляциясы және жоғары жиілікті ультрадыбыстық зерттеу; E) диуретиктер:
232.Уродинамиканы бұзатын несепағардың төменгі 1\3 бөлігіндегі 7-10мм ураттық тастарда,созылмалы латентті пиелонефритте көрсетілген: А) литолиз; B) уретеролитоэкстракция; C) контактілі литотрипсия; D) араласулар болмау керек E) санаторлы-курорттық ем.
233. Несепағардың ортаңғы 1\3 бөлігіндегі 12-17мм-лік оксалатты немесе фосфатты таста келесілер ұсынылады: А) литолиз; B) санаторлы-курорттық ем; C) контактілі литотрипсия; D) уретеролитоэкстракция; E) пункциондық нефростомия.
234. 20ж науқаста несепағардың төменгі 1\3 бөлігінде шамалы уретероэктазиямен 5мм оксалатты тас табылған.Оған көрсетіледі: А) уретеролитоэкстракция; B) уретеролитотомия; C) нефрэктомия; D) пункциондық нефростомия; E) несепағарды катетрлеу.
235. 25ж науқаста несепағардың төменгі 1\3 бөлігінде 12-16мм өлшемді және шамалы уретероэктазиямен тастар табылған.Оған тағайындауға болады: А) консервативті емді жалғастыру; B) бір мезетте екі жақты уретеролитоэкстракция; C) бір жақты уретеролитоэкстракция; D) бір мезетте екі жақты контактілі литотрипсия; E) екі жақты пункциондық нефростомия.
236. 40ж науқаста несепағардың төменгі 1\3 бөлігінде 5-10мм фосфатты тастар бар,4ай бойы шамалы уретерэктазия.Оған көрсетіледі: А) уретеролитотомия; B) уретеролитоэкстракция; C) соққы-толқынды литотрипсия; D) литолиз; E) консервативті емді жалғастыру.
237. 55ж науқаста бүйрегінде көптеген тастар,созылмалы пиелонефрит белсенді фазасы,2-лік бүріскен бүйрек,2жыл көлемінде артериалды гипертензиясы бар.Оған көрсетіледі: А) қабынуға қарсы, гипотензивті ем тағайындау амбулаторлы жағдайда,ұзақ; B) пиелолитотомия,нефростомия; C) пункционды нефростомия; D) нефрэктомия; E) соққы-толқынды литотрипсия.
238. Несепағардың төменгі 1\3 бөлігінде 5-4мм таста,жедел серозды пиелонефритпен асқынғанда көрсетіледі: А) уретеролитотомия; B) бүйрекке нефростомисы және декапсуляциясы; C) несепағарды катетрлеу,кең көлемді әсер ететін антибиотиктер; D) уретеролитоэкстракция; E) консервативті ем.
239.Уретеролитоэкстракция бағытталған: А) әйелдерде несепағардың төменгі 1\3 бөлігінде 6мм өлшемді тастарда,асқынбаған ағымда; B) ерлердеде сондай жағдайда; C) ерлер мен әйелдерде несепағардың 1\3 төменгі бөлігіндегі 5-6мм тастарда; D) несепағардың жоғарғы 1\3 бөлігіндегі екі жақты тастарда; E) барлық жағдайларда;
240. 55ж науқаста несепағардың ортаңғы 1\3 бөлігінде 6-9мм,уродинамиканы бұзатын тас бар.оған көрсетіледі: А) консервативті ем; B) контактілі литотрипсия; C) уретеролитотрипсия, D) несепағарды катетрлеу; E)физиоем.
241.Жалғыз бүйректің,несепағардағы 5мм таста 12сағат анурияда қолдануға болады: А) тамыр ішіне лазикс; B) шұғыл нефростомия; C) пункционды нефростомия; D) несепағарды катетрлеу; E) спазмолитиктер.
242.Поликлиникада несепағарда тасы бар,бүйректік шаншыма,жедел серозды пиелонефритпен науқас диагностикаланды.оған тағайындау керек: А) үйде антибактериалды, спазмолитикалық емді жалғастыру; B) урологиялық орталыққа шұғыл түрде госпитализациялау; C) поликлиникада несепағарды катетрлеу; D) алдын ала шокқа қарсы ем; E) күндізгі стационарда инфузионды ем.
243.Жұлын жарақаттанғанда эрекция мен эякуляцияның орталықтарының зақымдануы мыналардың себебінен болады: А) жұлындағы қабыну және дистрофиялық өзгерістер; B) бас миының қан тамырларының зақымдануы; C) жұлынның жарақаттық зақымдануы; D) жұлынның онкологиялық аурулары; E)ми-жұлындық жарықтар.
244.Психогенді эректилді дисфункция пайда болады: А) реактивті жағдайлар мен невроздарда; B) гипогонадизмде; C) анорхизмде; D) кавернозды артериялардың стенозында; E) шашыранды склерозда;
245.Горманалды эректилді дисфункция келесі зақымданғанда пайда болады: А) қалқанша маңы бездері; B) жұмыртқа мен бүйрекүсті бездері; C) гипоталамус; D) сілекей бездері; E) айырша без;
246.Эректилді дисфункция мына жағдайларда бақыланбайды: А) Клайнфельтер синдромында; B) Шерешевский-Тернер синдромында; C) Каллман синдромында; D) Даун синдромында; E) гонадалар дискинезиясында;
247.Жыныстық бұзылыстары бар науқастарда неврологиялық тексеру мына зерттеулерді қамтымайды: А) кремастер және рефлекстер; B) пирамидалық жолдар жағдайын анықтайтын рефлекстер; C) вегетативті жүйке жүйесі; D) қарашық рефлекстері; E) каверналық рефлекстер.
248. Эректилді дисфункция мына операциялық араласудан кейін бақыланады: А) радикалды простатэктомия; B) қуық асты безінің трансуретралды резекциясы; C) парапроктитті ашу және дренаждау; D) үлкен теріасты көктамыр флэбэктомиясы; E)ұма абсцесін ашу.
249.Қандай әдіс бойынша жыныс мүшесінің терең артериясы бойынша қан ағыс жылдамдығын анықтайды: А) цистоскопия; B) қантамырлар артериографиясы; C) дуплексті ультрадыбысты зерттеу; D) цистотонометрия; E) түнгі эрекцияны зерттеу.
250.Жыныс мүшесінің терең артериясы бойынша қалыпты жағдайдағы систолалық қан ағыс шыңы: А) 5мл\сек; B) 10мл\сек, C) 15мл\сек; D) 20мл\сек;
|