Студопедия — Пародонттың құрылысы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Пародонттың құрылысы






Пародонт құрамына кіретін тіндердің біразының (периодонттың, тіс тіндерінің) анатомо-гистологиялық құрылымы туралы мәлімет ертеректе берілгендіктен, бұл бөлімде тек қызылиек пен альвеола өсіндісі туралы ғана беруді жөн деп санайық.

Қызылиек деп ауыз кілегейлі қабығының жақ сүйектерінің альвеола өсіндісін жауып тұрған бөлігін айтады және олпародонттың маңызды құрамы болып саналады.

Клиникалық және физиологиялық көзқарасқа сай, қызылиектің бірнеше бөлігін ажыратады. Олар: тісаралық қызылиек бүртігі (десневой сосчек), қызылиек жиегі (десневой край) екеуі еркін қызылиекті құрайды. (свободная десна) және альвеолалық немесе бекіген қызылиек (альвеолярная или прикрепленная десна).

Еркін қызылиек тіс мойнына тығыз жанаса орналасқан, ал альвеолалық қызылиек дәнекертін талшықтары арқылы альвеола өсіндісінің сүйек қабымен бітісіп кеткен.

Тіс бетімен қызылиек, сайының арасында тереңдігі 1,0-1,5 мм тар саңылау (желобок) орналасқан және ол «қызылиек сайы» (десневая борозда) деп аталады. Қызылтек сайының эпителийқызылиек жақ қабырғасын және табанын эпителий жауып жатады және ол кіреуке катикуласына барып бекиді. Бұл аймақтағы құрылым тіс-эпителий бекімі (зубо-десновое прикрепление) деп аталады.

Бекім эпителийінің тіс тіндерімен қосылу механизмі осы уақытқа дейін нақты анықталған жоқ.

Электронды-мекроскопиялық зерттеулер нәтижесіне сүйінсек, бекім эпителийінің беткей қатарының клеткаларының көптеген гемидесмосомдары тіс бетіндегі органикалық матрицаның жұқа түйіршікті қабаты (40-120мм) арқылы апатит кристалдарымен байланысқан.

Қалыпты жағдайда қызылиек сайының табаны кіреуке-дентин шекарасы деңгейінде орналасқан, ал жас ұлғайған сайын біраз тереңдей түседі.

Тісаралық қызылиек бүртігі үшкір ұшы тістердің тістеу қырына (шайнау бетіне) қараған үшбұрышқа ұқсас келеді және көршілес тістер арасындағы кеңістікті тығыз толтырып тұрады. Тістер сирек орналасқан жағдайда (тістер арасында түйесу орын болмаған кезде) қызылиек бүртігі үшбұрышқа ұқсас пішінін жоғалтып, тістердің мойын деңгейінде альвеолалық қызылиекке ауысады.

Жиектік қызылиек – тістің мойнына тығыз жанасқан альвеолалық қызылиектің бөлігі.

Альвеолалық қызылиек – қызылиектің альвеола өсіндісін жауып жатқан бөлігі. Ұрт жағынан альвеолалық қызылиек альвеола өсіндісінің табанында жақ сүйек денесін жауап тұрған кілегейлі қабыққа және ауыспалы қатпарға ауысады, ал тіл жағынан қатты таңдай кілегей қабығы (жоғарғы жақта) мен ауыз табаны кілегейлі қабығына (төменгі жақта) ауысады.

Қалыпты жағдайда қызылиек бозғылт-қызыл түсті, кейде пигменттің шөгуіне байланысты түсі өзгеруі мүмкін. Бұл жағдайда меланиннің шамадан көп пайда болуына байланысты қызылиекте қоңыр немесе көкшіл түсті шағын немесе аумақты ошақтар пайда болады. Мұндай ошақтар ауыз кілегейлі қабығының басқа аймақтарында да орын алуы мүмкін.

Гистологиялық құрылымы жағынан қызылиек екі қабаттан тұрады. Беткі қабаты – көпқабатты жазық эпителий немесе жабыңды эпителий, астыңғы қабаты – нағыз кілегейлі қабық қабаты немесе нағыз дәнекертін пластинасы деп аталады.

Қызылиек аймағында үш түрлі эпителийді ажыратады: нағыз қызылиек эпителий, қызылиек сайының эпителийі (эпителий борозды) және біріктіруші эпителий немесе тіс эпителий бекімі, тіс қызылиек бекімі (соединительный эпителий или эпителий прикрепления).

Нағыз қызылиек эпителийі тістераралық бүртіктерді және бекіген қызылиекті жауып жатады, біраз қалыңдау және мүйізгектеніп тұрады. Бұл эпителий әртүрлі клеткалардың төрт қпбптынан тұрады. Олар – базальды, тікенекті, түйіршікті немесе дәнді және мүйізгектенген қабаттар.

Базальды қабат цилиндрге ұқсас клеткалардың 1-2 қатарынан, ал тікенекті қабат көпбұрышты өсікті клеткалардың 4-6 қатарынан тұрады. Электронды-микроскопиялық зерттеулердің нәтижесіне сүйінсек, базальды жәнге тікенекті қабаттар клеткалары бір-бірімен десмосомдар арқылы тығыз байланысқан. Десмосомдар симметриялы (тепе-тең) оранласқан екі жартыдан тұрады және арқайсысы көрші орналасқан клеткалардың құрамына кіреді, араларында клеткааралық кеңістік сақталған. Десмосомның әрбір жартысының ұзындығы 0,2 мкм және құрамына плазмолеманың бөлігі және оған жақын жатқан цитоплазманың тығыз гемогенді қабаты кіреді.

Тікенекті қабаттың үстінде түйіршікті (дәнді) қабат орналасқан, ол цитоплазмасында кератогиалин түіршіктері (дәндері) бар жалпақ клеткалар қатарынан тұрады. Ең үстінгі немесе беткей қабат толассыз түлеуге ұшырайтын, ядроларын жоғалтып мүйізгектенуге ұшыраған жалпақ клеткалар қатарынан тұрады.

Қызылиек сайы эпителий оның қызылиекке қараған қабырғасын жауып жатады, базальды және тікенекті қабаттардан тұрады. Тікенекті қабат жұқа және үстінгі қатар клеткалары жалпақтанған, эпителий астындағы дәнекертін бүртіктері жақсы дамымаған.

Біріктіруші эпителий немесе тіс-қызылиек бекімінің эпителийі тіс бетіне параллелді орналасқан ұзынша клеткалардың бірнеше қатарынан тұрады. Бұл клеткалар басқарына қарағанда жиі және жылдам жаңарып отырады (регенерациялану мүмкіндіктері өте жоғары). Эпителий клеткаларында РНК, гликоген (аз мөлшерді) гликозаминкликандар анықталған. Олар трофикалық және жаңару үрдістерінде үлкен роль атқарады.

Нағыз кілегейлі қабық пластинасы-дәнекертінді құрылым, екі қабаттан тұрады: жабынды эпителийгежақын немесе оның астында орналасқан бүртікті қабат (сосчковый слой) тереңірек орналасқан торлы қабат (сетчатый слой). Бүртікті қабат борпылдақ дәнекер тіннен тұрады, эпителийге қараған бетінде бүртікті құрылымдары бар (эпителий қабатына еніп жатады) және олар арқылы қантамырлары мен нервтер өтеді. Торлы қабат тығыздау дәнекертіннен тұрады.

Нағыз дәнекертін пластинасының құрамына негізгі зат, талшықты және клеткалық құрылымдар кіреді.

Талшықты құрылымдар коллагенді, эластикалық және аргирофилді талшықтардан тұрады.

Жіңішке аргирофилді талшықтардың нысанды бағыттағы (тік бағыттағы) шоғырлары базалды жарғақты (мембрананы) құрайды және дәнекертінді қабат пен табынды эпителийді байланыстырады.

Нағыз кілегейлі қабық қабатының негізін қалаушы - әртүрлі бағытта (көлденең, тік, серіппелі) орналасқан коллаген талшықтары эластикалық талшықтар көбінесе қызылиектің бүртікті қабатында орналасқан.

Коллагенді талшықтар шоғыры мен аргрофильді талшықтар торының арасында клеткалық құрылымдар: фибробластар, гистиоциттер, плазматикалық клеткалар, толықша клеткалар орналасқан. Қантамырлаға жақын аздаған лаброциттер мен лимфоциттер кездеседі.

Фибробластардың негізгі қызметі – коллаген және құармында хондроитигсульфат пен гиалурон қышқылы бар мукопротеид құру.

Толықша клеткалардың құрамына гепарин бар, ал дегрануляциялану кезінде гистамин, серотонин, простогландиндер бөледі.

Лимфоциттер мен плазматикалық клеткалар антидене құруға қатынасып, гуморалдық және клеткалық иммунитеттің жауабында өзіндік орын алады.

Негізгі немесе клеткаралық заттың негізін гликозаминогликандар және гликопротеидтер қалайды. Қантамыр – тін өткізгіштігінің реттеуде және дәнекер тіннің кедергілік (қорғаныс) қызметін сақтауда гиалурон қышқылы – гиалуронидаза жүйесінің маңызды рөлі бар. Тіннен бөлінетін және микробтар бөлетін гиалуронидазаның белсенділігі күшейсе гиалурон қышқылы деполимеризациянуға ұшырайды (сұйықтанады). Осының нәтижесінде негізгі заттың өткізгіштігі жоғарылап, микробтар уыты және әртүрлі жарақаттаушы ықпалдарды өткізуге мәжбүр болады.

Қызылиекте ұсақ қанайналым торабы жақсы дамыған, олар артериолалар, капиллярлар (қылтамырлар), посткапиллярлар, венулалар және артериола-венулалық анастомоздар. Қызылиектегі қалыпты зат алмасуды қамтамасыз етуде капиллярлардыңмаңызы зор.

Қызылиек сайы мен тіс-қызылиек бекімі аймағында ұсақ қанайналым торабының өзіндік ерекшелігі бар: капиллярлар ілмектерсіз эпителий қабатына өте жақын орналасады және оларға өте жоғары өткізгішті тән. Осыған байланысты қызылиек сайына толассыз сұйық бөлініп тұрады және ол «қызылиек сайы сұйығы» (десневая жидкость) деп аталады.

Қалыпты жағдайда тәулігіне 5,5-2,4 мл қызылиек сұйығы ауыз ішіне бөлінеді. Жоғарғы тістер қызылиек сайынан төменгі тістер қызылиек сайына қарағанда сұйық көбірек бөлінеді деген мәлімет бар.

Қызылиек сұйығы қан сарысуының транссудаты болғандықтан, құрамы жағынан қан сарысуының құрамына ұқсас. Қызылиек сұйығында қызылиек тіндеріне қарағанда натрий және калий иондарының мөлшері жоғары, ал кальций, фосфор, магний, цинк, күкірт, хлор және фтордың мөлшерісондағымен бірдей.

Қызылсүйек сұйығында және қан сарысуында белоктың құрамы бірдей. Белоктың глобулинді фракциясына ферменттер, иммуноглобулин Y және б. кіреді. Қызылиектің қабынуы кезінде сұйықтың мөлшері жоғарылайды, бірақ белоктың мөлшері өзгермейді эксперименталдық зерттеулер дәлелденгідей, адреналиннің әсерінен қызылиек сұйығының бөлінуі бәсеңдейді, ал гистамин керісінше бөлінуін күшейтеді (қантамырлар қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылауы нәтижесінде). Ересек адамдардың қызылиек сұйығында нейтрофилдер (95-97%), лимфоциттер (1-2%), моноциттер (2-3%) кездеседі, ал 8-16 жастағы балаларда бұл көрсеткіштер 82-86, 13-18 және 1% құрайды. Монуклеарлық лейкоциттердің 24% Т-лимфоциттердің, ал 58% В-лимфоциттердің үлесіне тиеді. Кейбір аминқышқылдар мен кининдер қантамырлары қабырғаларының өткізгіштігін жоғарылатып, қанайналымынан лейкоциттердің сыртқа шығуына себепкер болады. Пародонт қабынуы кезінде қызылиек сұйығында минералды заттар мөлшерінің көбейетіні дәлелденген.

Құрамында фибринолизин және плазминогеннің болуына байланысты қызылиек сұйығына фибринлиздеуші белсенділік тән. Бұл белсенділік қызылиек сайы эпителийінің тіс бетіне беку аймағын фибринді жарғақ пайда болған жағдайда өте қажет болады. Себебі, бұл жарғақ қызылиек сұйығының қызылиек сайына шығуына кедергі болуы мүмкін.

Қызылиек сұйығындағы коллагеназа және эластаза сияқты ферменттердің үлкен маңызы бар, олар пародонт тіндеріндегі үрдістерге қатынасады. Қызылиек – көлемінің 50%, альвеола сүйегінің органикалық фракциясының 40% коллаген құратын болғандықтан, қызылиек сайындағы коллагеназа мен эластаза мөлшерін анықтаудың маңызы зор. Бұл ферменттердің белсенділігінің жоғарылауы пародонт тіндерінде қабынбалы-деструкциялық үрдістердіңдамығандығына куә бола алады.

Екінші жағынан, эластаза мен коллагеназаның коллагенді ыдыратушы әсерінің күшеюі ауыз сұйығында бұл ферменттерді тетеуші, қышқыл ортада өте тұрақты белокты қосындылардың немесе протеиназа ингибиторларының (ИП) жетіспеушілігінен де болуы мүмкін.

Эластазаның коллагеназаның және басқа қан сарысуы протеиназаларының ингибиторларына d1- протеиназа ингиботоры (а1-ИП) және d2 – макроглобулин (d2 - М) жатады. Қалыпты жағдайда қызылиек сайында а1-ИП анықталмайды, ал қабыну үрдістері кезінде мөлшері жоғарылайды. Мысалы, пародонт қабынуы кезінде қызылиек қабынуына қарағанда 4,8 есе жоғарылайды. Қызылиек және ауыз сұйықтары нейтрофилдерінен бөлінетін эластаза ингибиторларын тіндер тұрақтылығын пародонттың жергілікті қорғанысын қамтамасыз етуші маңызды фактор деп санауға болады. Қызылиек сүйығында ß-глюкоуронидаза және лактатдегидрогеназа анықталған. Лактатдегидрогеназа мөлшерінің көбеюі пародонт тіндерінде анаэробты гликолиздену үрдісінің күшейгенін көрсетеді.

Қызылиек сайы мен қызылиек сұйығы қалыпты жағдайда пародонт тіндері үшін маңызды тосқауылдық қызмет атқарады. Бүтіндігі бұзылмаған қызылиек сайы және тіс-қызылиек бекімі эпителий пародонт тіндерін микроорганизмдер мен олардың уыттарынынң және басқа тітіркендіруші факторлардың әсерлерінен қорғайды.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1888. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия