Студопедия — Пародонт ауруларының клиникасы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Пародонт ауруларының клиникасы






Пародонт аурулары туындатушы себептерге даму механизмі, клиникалық ағымы әртүрлі болып келетін аурулар қатарына жатады. Мұның өзі медцицнаның белсенді дамып, өріс ала бастаған кезеңдерінде көптеген ғалымдардың пародонт ауруларының әртүрлі жүйесін ұсынуына мүмкіндік туғызады.

өткен ғаысрдың 40-50 жылдары Кеңес одағында А.И.Евдакимов, И.Г.Лукомский, Я.С.Пеккер, И.О.Новик, Е.Е.Платонов, кейінірек (60-70 жылдарда) ММСИ, Н.Ф.Данилевский, Г.Д.Овруцкий ұсынған жүйелер қолданыс тапты.

Пародонт ауруларын зерттеудің халықаралық ұйымы (ARPA) 1951-1958 жылдар аралығында пародонтопатиялар (пародонт ауруларын осылай атады) жүйесін ұсынды.

Пародонтопатиялар жүйесі (ARPA)

I. Қабынбалы пародонтопатиялар – воспалительные пародонтопатии – parodontopathiae inflammatae.

1. беткей қабынбалы пародонтопатия (қызылиек қабынуы) – поверхностная воспалительная пародонтопатия, (гингивит) paradontopathia inflammata superficialis (gingivitis);

2. терең қабынбалы пародонтопатия (пародонттың қабынуы) – глубокая воспалительная пародонтопатия – (пародонтит)- parodontophatia inflammata profunda.

II. Дистрофиялаушы пародонтопатия (пародонтоз) – дистрофическая пародонтопатия – parodontophatia dystrophica (parodontosis).

III. Аралас пародонтопатия – смешанная пародонтопатия – (дистрофическая пародонтит, воспалительный пародонтоз) – parodotopathia mixtra (parodontitis dystrophica, parodontosis inflammatoria).

IV. Идиопатиялық пародонтоз (десмодонтоз, бозбала пародонтозы) – идиопатический пародонтоз (десмодонтоз, юношеский пародонтоз)- paradontosis idiophathica interna (desmodontosis, parodontosis jvenilis)

V. Неопластикалық пародонтопатия (пародонтома) – неопластическая пародонтопатия (пародонтома) – parodontopathia neoplastica (parodontoma).

Клиникалық тәжрибеде пародонттың созылмалы қабынуы, жайылған түрі жиі орын алады, дамуы ондаған жылдарға созылып, тиімді ем жүргізілмеген жағдайда тістердің өз беттерімен түсуімен аяқталады. Пародонттың созылмалы қабынуының клиникалық ерекшеліктері, ауырлығы организмнің жалпы жағдайымен, оның реактивтілік деңгейімен тығыз байланысты.

Алғашында патологиялық үрдіс катаралды қабынудан басталады, одан әрі тіс-қызылиек бекімі, тістің тіреп-ұстаушы аппараты бұзылып, сүек тіні сорылып, пародонталдық қалта пайда болады.

Пародонттың созылмалы қабынуының жеңіл дәрежесінде науқас қызылиегінің жиі, көбінесе тістерін тазалағанда қанайтынына, қызылиегінің қышуына немесе ыңғайсыздық сезіміне, аузынан нашар иіс шығатынына, тістерінің температуралық және химиялық тітіркендіргіштерден қақсап ауыратынына шағымданады.

Қарап тексергенде, қызылиекте созылмалы катаральды қабынуға тән белгілер анықталады және бұл үрдісті қызылиектің симптоматикалық қабынуы (симптоматический гингивит) деп атайды. Сонымен қатар тістер төңірегінде тереңдігі 3,5-4 мм пародонталдық қалталар анықталады. Патологиялық үрдіс көбінемесе төменгі алдыңғы немесе азу тістер аймағындағы пародонтта орын алады.

Альвеола өсіндісінің қабыну аймағындағы рентген суретінде тістераралық қалқан сүйектер ұшы бөлігінде тығыз сүйек қабатының ошақты сорылу нәтижесінде бүтіндігі бұзылған немесе ол толығымен сорылған (дескрукцияланған) кейде қалқан ұшы түгелімен сорылып, сүйек биіктігі біраз (1/3 -ге) төмендеуі нәтижесінде алдыңғы тістераралық қалқандар пішіні кертілген конусқа (усеченный конус) ұқсап қалады, ал кемік сүйекте ошақты немесе жайыла күйектену үрдісі орын алып, сүйек суретінің айқындығы төмендейді. Тістер мойны бөлігіндегі периодонт саңылаулары кеңейгені байқалады (сурет). Бұл кезде тістердің орындарынан ауытқуы және қозғалмалылығы анықталмайды. Науқастың жалпы жағдайы өзгермейді.

Пародонттың созылмалы қабынуының орта дәрежесі кезінде қабыну үрдісі қызылиектің альвеолалық бөлігін де қамтиды және ағым ерекшелігіне байланысты (созылмалы немесе созылмалы қабынудың өршу) қызылиектің катаральды, өсе немесе жаралана қабынуы тән белгілер анықталады. Тістер төңірегіндегі пародонталдық қалтаның тереңдігі 4 мм терең 6 мм дейін.

Бұл кезде науқас қызылиегінің тістерін тазалағанда, қатты тағамды тістеп үзіп алған кезде және шайнағанда тұрақты түрде қанайтынына, түсінің, пішінінің өзгергендігінекейбір тістерінің қозғалмалығына, тістер арасының ашылып, орындарынан ауытқи бастағанына, ауыздарынан нашар иіс шығуына металл дәмін немесе қышқыл дәм сезетініне шағымданады.

Қарап тексергенде, қызылиек көкшіл-қызыл түстенген, бүртіктері мен жиектері қатты домбыққан тістерге тығыз жанаспаған, қызылиек бүртіктерінің көлемдері әртүрлі болғандықтан оның жиегінің біркелкі иректігі бұзылған. Сүңгі тиіп кетсе қызылиек оңай қанайды, пародонталдық қалталардың тереңдігі 4-6 мм, қабырғаларын саусақпен сипай басқанда олардан сарысулы немесе іріңді жалқық бөлінеді. Тістердің желпіуішке ұқсап бір-бірлерінен қашықтай бастағанына байланысты араларындағы кеңістіктер ашылып (диастемалар, тремалар), тістем қатынастары бұзыла бастаған және жарақаттаушы түйісу ошақтары пайда болған. Тіс беттеріне көп мөлшерде қызылиек үсті және қызылиек асты қатты шөгінділер құрылған. Кейбір тістер I-II дәрежелі қозғалмалылыққа ие болған, әртүрлі дәрежеде түбірлері ашылып жалаңаштанған.

Альвеола өсіндісініңрентген суретінде тістераралық қалқан сүйектер түбір ұзындығының 1/3-1/2 бөлігіне дейін көлденең сорылған, сақталған бөліктеріндегі кемік сүйекте жайыла кеуектену үрдісі орын алған. Қалқан сүйек қабырғаларының тік бағытта сорылуына байланысты периодонт саңылаулары кеңеіп, сүйек қалталары пайда болған (сурет).

Пародонттың созылмалы қабынуының ауыр дәрежесі кезінде аурудың барлық белгілері өріс алады және жиі-жиі өршу үрдісі орын алып, қызылиек қатты қабынып жекелеген немесе бірнеше абсцесттер пайда болады.

Пародонт қабынуы бар науқас қызылиегінің сыздап өз бетімен ауыратындығына, қанағыштығыныа, тістерінің қозғалмалығынына тағам шайнаудың қиындығынына, тістерінің әртүрлі бағытта ауытқып (жоғары-төмен, аоға-артқа), аралары ашылып, тістер қатарының біркелкілігінің бұзылып, косметикалық ыңғайсыздық тұғызғанына, біраз тістерін жұлдыруға мәжбүр болғанына, аузынан нашар иіс шығатынына, осының бәрі көңіл-күйіне әсер етіп, ұйқысы қашып, уайылшыл ашуланшақ болғанына, бойын салғырттық, дымкәстік билегеніне шағымданады. Кейде қызылиегінде іріңді ісіктер шығатынын айтады.

Қарап тексергенде, көптеген тістер аймағында қызылиек қатты домбығып, қызыл-көкшіл немесе қою-қызыл түстенген бүртіктері әртүрлі дәрежеде ұлғайып, жиектері білікке ұқсап қалыңдап, деформациялануға ұшыраған. Көпшілік тістер орындарынан ауытқып, ІІ-ІІІ дәрежелі қозғалмалы болған, кейбір тістер түбірлері әртүрлі деңгейде жалаңаштанған. Тістердің қалыпты түйісуі бұзылып, патологиялық тістем (жарақаттаушы тістем) пайда болған. Көптеген тістердің төңірегінде пародонталдық қалталардың тереңдігі 6 мм асады және ішінде көп мөлшерде сарысулы немесе іріңді жалқық байқалады. Тістер бетінде көп мөлшерде жұмсақ және қатты шөгінділер (қызылиек асты және қызылиек үсті тасы) кездеседі.

Бір науқастың альвеола өсінділерінің әр аймағында пародонт қабынуының әртүрлі дәрежесі орын алады.

Альвеола өсіндісінің рентген суретінде тістреаралық қалқандардың көлденең және тік бағытта сорылуға ұшырауына байланысты 1/2 –ден басым бөлігі жойылған, тереңдігі әртүрлі (кейде түбір ұшына дейін жететін) сүйек қалталары пайда болған. Қалқандардың сақталған бөліктері жайылмалы кеуектенуге ұшыраған (сурет).

Пародонттың созылмалы қабынуының өршуі белсенді ағымдылықпен, қызылиектің қатты ауруымен, пародонталдық қалталардан көп мөлшерде іріңді жалқық бөлінуімен сипатталады.

Қарап тексергенде қызылиек қатты домбығып, қызарғаны байқалады, сипап-басып байқағанда қатты ауырады және пародонталдық қалталардан іріңді жақық бөлінеді. өршу үрдісі пародонттың созылмалы қабынуының орта және ауыр дәрежесі кезінде жиі орын алатындықтан, бұл кезде науқастың жалпы жағдайы да өзгереді: кейде дене қызуы көтеріліп, әлсіздік және дәмкәстік, терлегіштік сияқты организмнің созыфлмалы уыттану белгілері көрініс алады. Пародонттың созылмалы қабынуының өршуі кезінде қызылиектің абсцестеннуі жиі орын алады. Пародонталдық абсцестің дамуына терң іріңді жалқықты қалтаның болуы және одан жалқық шығуының қиындауы себепкер болады. Бұл кезде қалтадағы микроорганизмдер қызылиектің дәнекертін қабатына өшіп, шағын іріңді қабыну ошағының дамуын туындатады. Қалтаның тереңдігіне байланысты абсцесс түбір ұшы аймағында, түбірдің орта деңгейінде немесе қызылиек жиегіне жақын орналасады.

Абсцесс дамыған кезде қызылиек қатты ауырып, ол қалыптаса бастаған аймақта шектелген ісікке ұқсас томпақ ошақ пайда болады, тағам шайнау қиындайды, кейде дене қызуы көтеріліп (бірнеше абсцесс дамыған болса), аймақтық лимфа түйіндері ұлғаяды. Көпшілік жағдайда абсцесс жедел дамтды және орталық аймағы жұмсарып, қызылиек қабаты тесіліп, жыланкөз пайда болады. Сондықтан бұл жыланкөзді периодонттың соызлмалы гранулденіп қабынуы кезіндегі жыланкөзден ажырата білу керек. Ол үшін жарақат ошағы аймағының рентген суреті қажет болады.

Пардонттың соызлмалы қабынуы кезіндегі патоморфологиялық зерттеулерге сүйенсек пародонттың барлық тіндерінде өзгерістер барлығы анықталады: жабынды эпителийде дистрофиялық өзгерістер орын алып, жоғарғы қабатында өліеттену үрдісі орын алады. Қызылиек сайы эпителийі прлиферациялануға ұшырап, пародонталдық қалталар қабырғасын қуалай түбір бойымен өскені байқалады.

Ауырдың орта және ауыр дәрежесі кезінде дәнекертінде құрамында лимфоидтер, гистиоциттер аз мөлшерде плазматикалық клеткалар бар инфильтрат ошақтары кездеседі. Толықша клеткалар көптеп дегрануляциялануға ұшыраған. Аргирофильді және коллагенді талшықтар қалыңдап, жартылай ыдырауға ұшыраған.

Сүек тінінде лакунарлы сорылу (ойықтанып сорылу) үрдісі басым, тістераралық қалқандар жіңішкеріп, пішіндері бұзылған, жиі-жиі бөлшектенуге ұшыраған. Сүйек тіндерінің құрылу үрдісінен сорылу үрдісі басым. Түбір цементінде және дентиннің ұлпа жақ бетінде сорылу ошақтары анықталады. Қантамырларда да өзгерістер бар, эндотелий қабаты өсе қалыңдаған, қабырғалары гиаликозға, склероздануға ұшырап тарылған.

Қызылиектің, периодонттың, тіс ұлпасының, сүйек тінінің нерв талшықтары бөлшектенуге ұшыраған (фрагментацияланған), аурудың ауыр дәрежесінде шаңды ыдырауға ұшыраған.

Пардонттың созылмалы жайыла қабынуы барысында көптеген асқынулар орын алуы мүмкін және оларды екіге бөлуге болады: жергілікті және жалпылай. Жергілікті асқынуларға ашылған тістің қаттытіндерінің жоғары сезімталдығы (гиперестезия), ұлпаның ретроградтық қабынуы, пародонтальдық абсцесс, пародонтальдық киста жатады.

Пардонтальдық киста (пардонтальная киста) сирек дамиды және аурудың ауыр түрінде эпителийдің пародонтальдық немесе сүйек қалталарының барлық қабырғаларын төсей өсуі нәтижесінде пайда болады. Алғашқы кезде ксита ешқандай белгісіз дамиды, кейінірек ол орналасқан аймақта тіс ауытқи бастайды және қызылиекте сипап байқағанда домалақ пішінді тығыздау және аурымайтын құрылым анықталады. Рентгенсуретте киста домалақ пішінді, шекарасы айқын, тіс түбірінің алдыңғы немесе артқы бетіне жанаса орналасқан, сүйек сорылуынан пайда болған қара көлеңкелі ошақ түрінде көрініс береді (сурет). Түбірұшы аймағын.дағы тіндер өзгеріске ұшырамаған тіс ұлпасының өміршеңдігі сақталған. Қалған жергілікті асқынулар туралы мәліметтер арнаулы бөлімдерде берілген.

Жалпылай асқынуларға организмнің созылмалы уыттануы, және аллергизациялануы, әртүрлі жүйкелік күйзелістер, жақсүйек мойының қабынуы, жақсүйек аймағы жұмсақ тіндерінің абсцестері мен флегмоналары, тістердің шайнау қызметінің төмендеуі нәтижесінде туындаған ас қорыту жолы аурулары жатады.

Пародонт қабынуының ремиссиялық кезеңі (аз уақытқа тұрақтану) тиімді және кешенді емдеу жүргізгеннен кейін байқалады. Бұл кезде қызылиектің қанағыштығы, ауыру сезімі басылады, тістердің қозғалғыштығы азаяды.

Рентгенсуретте сүйек тінідегі сорылу үрдістері тежелгені анықталады. Альвеола өсіндісінің қырындағы кемік сүйектің тығызданғаны, кеуектену аймағында сүйек бағаналарының қалпына келгені, сүйек тінінің рентген көрінісінің айқындығы орын алады.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1515. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия