ЮНЕСКО
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.
United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization L’Organisation des Nations Unies pour l’éducation, la science et la culture La Organización de las Naciones Unidas para la Educación, la Ciencia y la Cultura 联合国教育、科学及文化组织' منظمة الأمم المتحدة للتربية والعلم والثقافة
|
ЮНЕСКО Эмблемасы
|
ЮНЕСКО Эмблемасы ЮНЕСКО Эмблемасы
|
Түрі
| Халықаралық ұйым
|
Орналасуы
| Париж, Франция
|
Ресми тілдері
| Ағылшын тілі, Испан тілі, Орыс тілі, Француз тілі, Қытай тілі, Араб тілі
|
Бас директор
| Ирина Бокова
|
Атқарушы кеңесінің төрағасы
| Алиссандра Камминс
|
Бас мекемесі
| Штаб-пәтер
|
UNESCO жалауы
ЮНЕСКО (U nited N ations E ducational, S cientific and C ultural O rganization — UNESCO) — Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.
Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше. 1972 жылы ЮНЕСКО 1975 жылы күшіне енген Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қабылдайды, дәл қазір 184 елде бекітілген (КСРО — 1988 жылы). 1999 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бас директоры — Коитиро Мацура. 2005 жылы ол 4-жылдық мерзімге қайта сайланды.
XX ғ. ЮНЕСКО-ның аса мәнді жобалары мыналар: II дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери әрекеттерден зардап шеккен кітапхана және мұражай қорларын қалпына келтіру; Азияда, Африкада, Латын Америкасында бастауыш білім беру жүйелерін дамыту; құнды еңбектерді аудару, тікелей байланыстар орнату арқылы Батыс пен Шығыстың арасында мәдени алмасуды дамыту; дамушы елдердегі сауатсыздықты жойып, "негізгі білім беру" жүйесін қалыптастыру (оқу орталықтары Камбоджада, Үндістанда, Таиландта, Оңтүстік Кореяда, Либерияда, Түркияда, сондай-ақ бірқатар, Латын американдық елдерде, Таяу Шығыс елдерінде); өркениет ескерткіштерін сақтау. 1959 ж. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру бойынша Халықаралық комитет жұмыс істей бастады.
Мазмұны
- 1 Мақсаты
- 2 Мүше елдер
- 2.1 Серіктес мүше елдер
- 2.2 Бақылаушы елдер
- 3 Сыртқы сілтемелер
- 4 Пайдаланған әдебиет