Студиялық бейнемагнитафон. Кәсіби бейнемагнитафон.
Бұл магнитафондар өте сенімді және сапалы бейнелер жазуға арналып жасалған. Студиялық бейнемагнитафондар бейнемонтаж жасағанға, жылжымалы телевизиялық станцияларда мұрағат системасына (архивтік) бейнежазбаларды сақтағанға оны бірнеше уақыт өтседе қайталауға арналған.
Алғашқы студиялық бейнетаспалар катушкалық яғни көлденең жолақты (строчный) бейне жазбаны қолданды. Ал қазіргі заманда студиялық аппараттарды қуаттанған (зарядка) кассетаның плёнкалар қолданылады. Студиялық бейнемагнитафон (ТВС) генератор, уақытша кодты есептегіш. Аталған бейнемагнитафонда жоғары сапалы жазбалар, лента орағыш, тартқыш механизмдері тұрақты сапалы құрастырылған. Студиялық бейнемагнитафон өте толық қызмет атқарғыш “Редакторлық бейнемагнитафон” деп аталады. (Studio editing VCR,VTR). Бұндай комплексті студиялық редакторлық ақпараттар электронды кәсіби бейнемонтаж кадрлардың анықтылығы, бейне эффекттілерді шығарғанға арналып ыңғайланған. Қазіргі уақытта бейнемонтаждар компьютердің көмегімен жасалады. Жай қарапайым студиялық бейнемагнитафондар электрондық монтажды(өңдеу) қондырғылары жоқтар бейнежазбаларды эфирге бергенде шығарғанға қолданады.