Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ. 1. Гигиенада қолданылатын санитарлық қадағалау түрлері:


1. Гигиенада қолданылатын санитарлық қадағалау түрлері:

- ағымды

-жалпы

-жергілікті

-ескерпелі

-терең

2. Ағымды санитарлық қадағалау келесі түрде жүргізіледі:

-жоспарлы

-реидті

-жоспардан тыс

-ескерпелі

-жобаны сараптау

3. Жобаны сараптау санитарлық қадағалаудың қай түріне жатады:

-ағымды

-жоспарлы

-жергілікті

-терең

-ескерпелі

4. Оқу – тәрбиелік балалар мекемелерінің торабына кірмейді:

-кәсіптік – техникалық мектеп

-жалпы орта білім мектебі

-балалар кітапханасы

-ас блогы

-балалар мен жасөспірімдер сарайы

5. Балалар мекемелерін салуға жер учаскесін таңдаған кезде қолданылатын негізгі гигиеналық талаптар:

-жер “сау” болады

-территория батпақталған

-таңдалған территория ластаушы көз болмайды

-көгалданған

-магистралды жолдарға жақын

6. Мектепке дейінгі мекемелердің жер территориясы келесі аймақтарға бөлінеді:

-ас блогы

-топтық

-шаруашылық

-емхана

-көгалдандыру

7. Жалпы білім беретін мектептердің рұқсат етілген қабаттылығы:

-бір

-екі

-үш

-төрт

-бес

8. Мектепке дейінгі мекемелердің жер учаскесінде ашық жүзу бассеиндері қандай аймақта орнатылады:

-топтық

-ас блогы

-изолятор

-шаруашылық

-тұрғын үй

9. Балалар жиһаздарын бағалауға арналған сызғыщ:

-Никитин – Флеров

-Громашевский

–Елкин

-Кардашенко

- сантиметрлік лента

10. Сыныпта 1 оқушыға есептелінген аудан көлемі:

-1,5 м 2

-1,8 м 2

-2,0 м 2

-2,3 м 2

-2,5 м 2

8. Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Учебник «Гигиена детей и подростков» под ред. В.Н.Кардашенко – М.:Медицина, 1988.
  2. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков. Под ред. В.Н.Кардашенко – М.:Медицина, 1983.
  3. Учебник «общая гигиена» под ред. Г.И.Румянцева, Е.П.Вишневской, Т.А. Козловой – М.:Медицина, 1985.

Қосымша:

  1. Лекция фонд кафедры.

 

 

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.

Тақырыбы: Балалар мекемелерінде оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастырудың гигиеналық негіздері.

 

 

Курс:2

 

 

1.Тақырыбы:Балалар мекемелерінде оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастырудың гигиеналық негіздері.

2.Оқу сағатының саны: 2 сағ. (90 минут).

3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі): жаңа мазмұнды білім беру жолына көшкелі, оқушылардың оқу ісі маңызды түрде қарқындалып, сабақтың пайдалы уақыты тығыздалады. Осының нәтижесінде оқушылардың денсаулығына және жұмыс қабілеттілігіне оқытудың формалары мен әдістерінің тигізер әсерін анықтау міндеті туып отыр. Сонымен қатар, организмнің функционалдық жағдайына әсер ететін (жүрек, қан тамыр жүйесіне, орталық нерв жүйесіне және т.б.) әсер етуі мүмкін денсаулықтағы ауытқуларды болдырмау аса назар аударуды қажет етеді.

Осыған байланысты мектепте және үйде болсын, оқушының денсаулығна жағымсыз әсер етуі мүмкін жағдайларды болдырмау керек. Оқу, еңбек және дем алу процестері балалар мен жасөспірімдердің функционалдық мүмкіншіліктеріне сай келетіндей ұйымдыстырылуы керек, және де ол тек денсаулық жағдайын сақтауға ғана емес, оны нығайтуға әсерін тигізу қажет. Осы мақсаттағы педиатр мен санитарлық дәрігерлердің жұмысының бағыты бір болады.

 

4.Сабақтың мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің күн тәртібін гигиеналық бағалау дағдыларын меңгеру, құқықтық, нормативтік және оперативтік есеп құжаттарымен істеу дағдыларын меңгеру.

Студент білуге тиіс:

- мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың күн тәртібін бағалау әдістемесін үйрену;

- мектептегі сабақ кестесін бағалау әдістемесін үйрену;

- еңбек сабағының құрылымын гигиеналық бағалау әдістемесін үйрену.

Студент істей білуі керек:

- оқушылардың күн тәртібін ұтымды ұйымдастыруға ұсыныс беруді;

- пәндердің қиындық ранг шкаласын қолдана отырып сабақ кестесін бағалауды;

- оқушылардың жұмысқа қабілеттілігін гигиеналық бағалауды.

5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:

Негізгі білім бойынша:

  1. МДБМ – н, мектептерді жоспарлау мен орналастыру принциптері.
  2. Әртүрлі мектептер мен МДБМ салуда жер учаскелерін таңдау.
  3. Мектептер мен МДБМ учаскелерін шекаралау.
  4. МДБМ – н жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар.
  5. Мектептерді жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар.

Осы сабақтың тақырыбы бойынша:

  1. Күн тәртібінің физиологиялық негізі.
  2. Балалар мен жасөспірімдердің күн тәртібінің ерекшеліктері мен жалпы негізі.
  3. Балалар мен жасөспірімдерді оқытудың гигиеналық негізі.
  4. Мектепке дейінгі және мектеп жастағыларды оқыту ұйымы.

6.Ақпараттық – дидактикалық блок.

Балалар мен жасөспірімдердің күн тәртібі дегеніміз – баланың іс-қимылының тәулік бойына ұтымды бөлінуі.

Балалар мен жасөспірімдердің күн тәртібінің компоненттері сан алуан. Әр түрлі іс – қимылға кеткен энергия шығыны бала организміне зиян келтірмес үшін организмнің функционалдық мүмкіншіліктерін бағалау қажет. Жұмысқа қабілеттілігін бағалау кезінде шаршау түсінігі бірге жүреді, себебі шаршау организмнің түсірілген жүктемеге қарсы функционалдық тежелуі болып саналады. Шаршау кезінде организмнің жұмысқа қабілеттілігі және функционалдық мүмкіншіліктері төменгдейді.

Шаршау – физиологиялық процесс, ми қыртысында қорғаныштың тежелу процесінің дамуымен сипатталады. Шаршауды диагностикалау еңбек процесі кезінде организмнің функционалдық өзгерістерін тіркеуге негізделген: жұмысқа қабілеттіліктің өзгеруі (істелінген жұмыстың сапасы мен сандық көрсеткіші);

Әртүрлі жүйе мен мүшелердегі ауытқу.

Жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі және шаршаудың басталуын жұмысқа қабілеттілікті анықтауға арналған әртүрлі тесттер мен зерттеулер көрсете алады. Оқу – тәрбие процесін бағалау кезінде оқушылардың жұмыс қабілеттілігін анықтау үшін Анфимов, Холин, Платнов тесттераты қолданылады. Бұл тесттар бір уақыт бірлігінде еңбек өнімділігінің төмендеуін және қате санының көбеюін көрсетеді.

Келесі тест тобы қимыл координациясының бұзылуын анықтайды – тремометрия, қорғалушы объектіге реакция. Есту, көру, сезу анализаторының сезімталдығының өзгеруін бағалауға арналған тесттер: аудометрия, хронорефлексометрия, адаптометрия және т.б.

Анфимов кестесі бойынша корректуралық тест өткізу әдістемесі.

 

Тест III кезеңде өткізіледі. I кезең – орталық нерв жүйесінің жұмысқа қабілеттілігінің бірінші кесіндісін «сабақтың басында» алу; II кезеңде – сабақтың ортасында; III кезеңде- сабақтың соңында.

Әр студентке Анфимов кестесі таратылады. Оқытушының «басталды» белгісінен соң (3 немесе 2 минут шамасында) кестедегі қатар орналасқан бір әріптің үстін сызып, екінші әріптің астын сызады. Мыс: АХ қатар тұрса – АХ әрпін үстінен сызады; КЕ қатар тұрса – олардың астынан сызады.

Әріптерді өте зейінді түрде белгілейді. Оқытушының 2 – 3 минуттан кейін «аяқталды» бұйрығынан кейін, әріптерді белгілеу тоқтатылады.Соңғы рет белгіленген әріп және әріптер қатары сызықпен белгіленеді. Енді кестені өңдейміз.

Біріншіден – қаралған барлық әріп есептелінеді. I қатар толық 40 әріптен тұрады, 40 – ты қаралған әріптер қатарына көбейтеміз де, қалған қатардағы әріптерді қосамыз, жалпы қаралған әріптер санын аламыз.

Екіншіден – жіберілгенқателер санын есептейміз. Қате: үстінен сызудың орнына асты сызылса, әріп белгіленбей қалса, қатар қаралмай қалғанда. Қатардың ашық жеріне жіберілген қатені таяқша санымен (I, II) көрсетеміз. Жалпы қателер санын есептейміз. Қате жоқ болса, 0 қойылады.

Үшіншіден – 500 белгіге қате санын аударамыз. Қателерді стандартизациялау жүргізіледі. Мыс: 245 белгі қатарда 3 қате жіберілді. Пропорция құрастыру арқылы қатені есептейміз: 245 б – 3 қате

500 б – х

500 х 3

х = ________________________ = 6,1

Төртіншіден – сабақтың ортасында екінші тест жүргізіледі. Берілетін тапсырманы өзгертуге де болады. Сабақтың соңында III тест жүргізіледі. Өңдеу тәртібі тура жоғарыда айтылғандай.

Бесіншіден – жүргізілген үш тесттің қорытындысы бойынша жұмысқа қабілеттіліктің өзгеруі бағаланады, яғни I тест қорытындысына қарағанда жжұмысқа қаюілеттіліктің жоғарылауы, төмендеуі, еш өзгеріссіз қалды деген қорытынды беріледі. Мұны анықтау үшін «Орталық нерв жүйесінің функционалдық жағдайы мен жұмысқа қабілеттіліктің өзгеруін анықтау» (1) кестесін пайдаланамыз және жұмысқа қабілеттіліктің өзгеру номерін анықтаймыз (2 кесте).

 

 

Есептеу тәртібі келесі жолмен жүргізіледі:

  1. Анфимовтың корректорлық тесті бойынша орталық нерв жүйесінің функционалдық жағдайын тіркеу хаттамасы.

 

  I зерттеу II зерттеу 5 % шамасында ауытқулар > 5 % + < 5 % - өзгеріссіз 0 Ауытқу номері Жұмысқа қабілеттілікті бағалау
Қаралған әріп саны     245+12=257       № 2 Жұмысқа қабілет-к өзгеріссіз қалды
500 белгіге есеп. қате саны 6,1 3,8 6,1+0,3 6,1-0,3 6,5 бас-тап > 5,7 бас- тап <      

 

Жұмысқа қабілеттіліктің екінші рет бағаланған кездегі көрсеткіштің бірінші көрсеткіштен айырмашылығы 5% шамасын құайтын болса жұмысқы қабілеттілік өзгеремеген деп бағаланады да кестеге «0» саны жазылады. Ал көрсеткіш 5%-тан жоғары болса «+» белгісі, 5%-тен төмен болса «-» белгісі қойылады. Ауытқу нөмерін 2-ші кестеден тауып орталық нерв жүйесінің функционалдық жағдайын анықтап қорытындысын жазамыз.

2 кесте

Корректуралық сынаманың көмегімен уақыт бойынша орталық нерв жүйесінің функционалыдқ өзгерістерін бағалау кестесі.

өзгерістер өзгерістер нөмері
                 
Қаралған әріптер саны     + + - + -   -
500 белгіге есептелінгендегі қателер саны   -   - - +   + +
Функционалыдқ жағдайы өзгеріссіз Жұмысқа қабілеттеліктің көтелрлу кезеңі Шаршаудың Белгілері бар Шарашудың белгілері бар

Оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуын гигиеналық бағалау.

Балалар мекемелерінде оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуын гигиеналық бағалау үшін балалалрдың күн тәртібін, мектептегі сабақ кестесін, күн тәртібі компонеттерін ескеру қажет.

Балалардың апталық күш тәртібін бағалау үшін арнайы хронометраж кестесі пайдаланылады. Онда барлық іс – қимылдарға кететін уақыт көрсетіледі. Материал апта соңында қорытындыланып, бағаланады.

 

Сабақ кестесін құруға қойылатын гигиеналық талаптар.

 

Кез – келген жұмысты атқаратын кезде жұмысқа қабілеттілік айқын өзгереді, бұл процесті физиологтар бірнеше зерттеулер арқылы дәлелдеген. Жұмыстың басында іскерліктің біртіндеп жоғарылау кезеңі жүреді. Содан кейін жұмысқа қабілеттілігі оңтайлы деңгейде өтіп, соңынан организмнің қажу себебінен қабілеттілігінің төмендеу кезеңі басталады. Жұмысқа қабілеттіліктің төмендеу кезеңін 3 аймаққа бөлуге болады: жартылай компенсациялану аймағы, көңіл – күйдің көтерілуімен байланысты жұмысқа қабілеттіліктің қысқа мерзімдік көтерілу аймағы және прогрессивті құлдырау аймағы.

 

 

Жұмысқа қабілеттіліктің физиологиялық өзгеру сызығы. I кезең – қабілеттіліктің біртіндеп жоғарылау кезеңі; II кезең – жұмысқа қабілеттіліктің жоғары және тұрақты деңгейі; III кезең – төмендеу кезеңі.

а) жартылай компенсациялану аймағы; ә) қабілеттіліктің қысқа мерзімдік көтерілу аймағы; б) прогрессивті құлдырау аймағы.

Организмнің осындай қасиеттерін ескере отырып, сабақтың аптаның, тоқсанның және жылдың басында сабақ ауырлығы мейілінше жеңіл болу керек, себебі, өздерін қисық сызықтан байқап отырғандай осылардың басында оқушының еңбек өнімділігі төмен келеді. Қабілеттіліктің біртіндеп жоғарылау кезеңі аяқталар кезінде оқушыларға қатаң талаптар қоюға болады, бұл кезде жұмысқа қабілеттілік деңгейі жоғары деңгейде болады. Осы кезде күрделі оқу материалдарын беруге, бақылау жұмыстарын өткізуге толық мүмкіндік бар. Жұмысқа қабілеттіліктің прогрессивті құлдырау аймағында оқушылардан ауыр жұмыстарды орындауды талап етуге болмайды.

Мектепте сабақ кестесін ұтымды құру үшін пәннің қиындығын және сабақ кезінде статистикалық немесе динамикалық күштердің өсу мүмкінділігін ескеру қажет. Сабақты бағалау әдісі ретінде пәннің қиындық ранг шкаласын пайдалануға болады (1 кесте).

Сабақтың құрылымына қойылатын гигиеналық талаптар барлық сыныптар үшін бірдей болады, оларға жататындары: сабақ кезінде микроүзілістер ұйымдастырылуы керек, оқу ауырлығы біртіндеп жоғарылап, сабақтың ортасында максималды деңгейге жетіп, сабақтың соңына қарай төмендеуі керек. Осы талаптарға сай сабақ 3 бөлімнен тұрады: 1 – кіріспе; 2 – негізгі; 3 – қоырытынды.

 

Жаңа типті мектептерге арналған пәндердің қиындық шкаласы

(лицей, гимназияларға арналған).

 

Пәннің аты Балл бойынша қиындық шкаласы
  Математика, есептеу техникасы мен информатика, орыс тілі  
  Шетел тілдері: оның ішінде ұлттық мектептердегі қазақ тілі  
  Физика, астрономия, химия, биологиялық химия  
  Логика, логикалық ойындар (шахматтар және т.б.), психология, политология (тарих, философия негіздері және т.б.)  
  Әдебиет, сөз мәдениеті, қазақ тілі – туған тілі ретінде.  
  Биология, ботаника, анатомия, физиология, география, гигиена  
  Дене шынықтыру, хореография  
  Еңбек сабағы, үй шаруашылығы  
  Сызу  
  Сурет салу  
  Көркемдік – эстетикалық тәрбие (музыка, ән салу.т.б.)  

 

1 – 4 сынып оқушыларын еңбекке оқытудың ұйымдастырылуына қойылатын

санитарлық – гигиеналық талаптар.

  1. 1 – 4 сынып оқушыларына еңбек сабағы бір оқу сағаты бойынша аптасына 2 рет жүргізіледі (45 минут)
  2. Кіші жастағы оқушыларға еңбек сабағын қосарландырып өткізуге қатаң тиым салынады, жетіліп келе жатқан организм артық күш түссе тез шаршайды.
  3. Әр сабақтың құрамына оқытушының түсіндірме – кіріспе сөзі, оқушылардың дербес жұмысы, жұмыстың қорытындысын беру және жұмыс орындарын жинастыру кіреді.

Оқушы түсіндірме сөздің барлығын сабақтың басында бермей жұмысты жасау процесінде оқушы тапсырманың бір бөлімін орындағаннан кейін, жұмыстың келесі сатысын түсіндіріп берген дұрыс.

1 – 2 – ші сынып оқушыларының тәжірибелік жұмысының ұзақтығы жалпы сабақ уақытының 20 – 25 минутынан аспауы керек. Ал 3 – 4 – ші сынып оқушылары үшін сабақтың 30 –35 минутынан аспауы керек.

  1. 6 – 9 жас аралығындағы балалардың шыдамдылық, координация және қол ептілігі сияқты қасиеттерінің дамуы әлі жетілмегенін ескере отырып, 1 – 4 сынып оқушылыраның жұмысты үздіксіз орындауын шектеу керек.

а) еңбек сабағындағы 1 – ші оқушыларының үздіксіз жұмыс атқаруындағы уақыты 5 минуттан аспау керек;

ә) 2 – 3 – ші сынып оқушыларының картонмен, қағазбен, матамен жұмыс істегендегі үздіксіз жұмыс істеу уақыты 5 – 7 минуттан аспау керек;

б) 4 – ші сынып оқушыларының картонмен, қағазбен, матамен жұмыс істегендегі үздіксіз жұмыс ұзақтығы 10 минуттан аспау керек; ал ағашпен, сыммен жұмыс істеген кезде 4 – 5 минуттан аспау керек;

  1. 2 – 4 – ші сынып оқушыларына сабақтың әр 15 минуты сайын ұзақтығы 3 минуттан физкультминуткалар өткізіліп тұруы керек.

 

Орта білім мектептерінің құрылысы мен жұмысының мазмұны бойынша санитарлық нормалар мен ережелерден үзінді.

Оқу – еңбек сабақтары ҚР Білім министрлігімен бекітілген базистік және типтік оқу жоспарында қарастырылған сағатқа сай жүргізілуі керек. Базистік оқу жоспарында оқу ауырлығының үш деңгейі белгіленген: негізгі (инвариантты), вариативті (оқушының таңдауымен алынған пәннен немесе факультативтік курстан тұрады және жақсы дамуы жеке және топтық сабақ, қоғамға пайдалы еңбек).

Барлық орта білім беретін мекемелерінде оқу ауырлығы жоспарымен мынадай көлемде бекітіледі (орта білім мектебі, гимназия, лицей және т.б.);

 

Сыныптар                      
Аптаның 1 сағат түс. күш                      
Міндетті түрдегі мин. күш                      
Міндетті түрдегі макс. күш                      
Шектеліп рұқсатталған күш                      
1 күндегі сағат саны 3-4       5-6 6-7 6-7 6-7

 

Сабақ кестесін құру кезінде пәндер арасындағы оптимальды қатынас ескерілуі керек, сонымен қатар бір күннің және бір аптаның ішінде табиғи – математикалық және гуманитарлы сабақтары, ән, сурет, дене тәрбиелеу және еңбек сабақтарымен дұрыс кезектесуі қажет.

Барлық пәндер бойынша қосарланған сабақтарды жүргізу тек 8 – 11 – ші сыныптарда рұқсат етіледі, ал 1 – 7 – ші сынып оқушылары үшін тек интегралданған сабақтарды және еңбек сабақтарын (5-7 сыныптар) қосарландыруға болады.

1 – ші сынып оқушылары үшін сабақтың ұзақтығы – 35 минут, сабақ арасындағы үзілісті – 20 минут, ал 2 – 11 – ші сынып оқушылары үшін сабақтың ұзақтығы – 45 минут, сабақ аралығындағы үзілістер (мектеп кеңесінің шешімі бойынша) 5 – 10 минут және ұзақ үзілістің ұзақтығы 30 минут болуы қажет.

Үйге тапсырма оқушылардың орындау мүмкіндіктеріне байланысты беріледі:

1 сыныптарға – үйге тапсырма берілмейді;

2 сыныптарға – 1 сағаттық уақытқа дейін;

3-4 сыныптарға – 1,5 сағаттық уақытқа дейін;

5-6 сыныптарға – 2 сағаттық уақытқа дейін;

7 сыныптарға – 2,5 сағаттық уақытқа дейін;

8-9 сыныптарға – 3 сағаттық уақытқа дейін;

10-11 сыныптарға – 3,5 сағаттық уақытқа дейін.

 

Оқушылардың жасына байланысты техникалық құрал - жабдықтарды

қолдану ұзақтығын айқындайтын ұсыныс.

 

Сыныптар Минут бойынша минималды көру ұзақтығы
диафильмдер кино - видео теле - хабар
I – II 7-15 15-20  
III – IV 15-20 15-20  
V – VII 20-25 20-25 20-25
VIII - XI - 25-30 25-30

 

Сабақ кестесін құру кезінде техникалық оқу құрал жабдықтары қолданылатын сабақтардың бірінен соң бірі болмауын, және де осы сабақтардың соңынан сурет, сызу, еңбек сабақтарының болмауын қарастыру керек. Себебі, техникалық оқу – құрал жабдықтары қолданылған сабақ кезінде балалардың көру жүйесі қажиды, егер одан кейінгі сабақтар сурет, сызу және еңбек сабағы болатын болса, оқушының жұмыс белсенділігі төмендейді.

7. Сабақтың мазмұны:

1. Негізгі білім деңгейін бағалау (Қосымша 1).

  1. Студенттердің өздік жұмысы:

- III кезеңнен тұратын Анфимовтың корректуралық сынамасын өткізу (Қосымша 2).

- Пәндердің қиындық ранг шкаласын пайдалана отырып сабақ кестесін бағалау (Қосымша 3)

  1. Оқытушымен жұмыс.

- жүргізілген әдістер бойынша мәліметтерді талдау

  1. Қорытынды білім деңгейін бағалау (Қосымша 4).

8. Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Учебник «Гигиена детей и подростков» под ред. В.Н.Кардашенко – М.:Медицина, 1988.
  2. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков. Под ред. В.Н.Кардашенко – М.:Медицина, 1983.
  3. Учебник «общая гигиена» под ред. Г.И.Румянцева, Е.П.Вишневской, Т.А. Козловой – М.:Медицина, 1985.

Қосымша:

  1. Лекция фонд кафедры.

 




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Жағдайлық есептерді шешу. | Ақпараттық – дидактикалық блок. 1. Жұмысқа қабілеттіліктің физиологиялық қисығының негізгі бөлімдері:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 3200. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия