Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып: Бөлмелерінің микроклиматын гигиеналық бағалау.





Макет сличительной ведомости.

№ п\п Счет Субсчет ТМЦ Выявленный результат Источники покрытия недостачи Суммы окончательных недостач
Наименование код Недостача, руб Излишек, руб Нормы естественной убыли 0,001 % от веса Пересортица Приходуются окончательные излишки
                   
                   
                   
                   
                   
                   
ИТОГО              

 

Бухгалтерские проводки по результатам инвентаризации составить в следующей таблице:

в ООО «Олимп»

Содержание операции Сумма в руб. Проводки  
      Дебет Кредит
  Отражена сумма недостачи ТМЦ      
  Отражена сумма излишков ТМЦ      
  Сумма недостачи ТМЦ отнесена за счет виновного лица      
  Возмещение виновным лицом суммы недостачи      
         
         

 

Завершите, оформите и подготовьте к сдаче практическую работу.

 

 

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Тақырып: Бөлмелерінің микроклиматын гигиеналық бағалау.

Курс:1

 

 

1.Тақырыбы:Ауаның физикалық қасиеттерін гигиеналық бағалау.

2.Оқу сағатының саны: 2 сағ.

3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі): Ауа жер бетіндегі тіршілік үшін ең қажетті орта болып табылады. Ол адам, жануарлар және өсімдіктердің тыныс алуында маңызды роль атқарады. Ауасыз организмнің тіршілік етуі мүмкін емес. Ауаның адамның өндірістік қызметіндегі де маңызы зор.

Адамның тіршілік қызметіне, денсаулығына және жұмыс қабілеттілігіне әсер ететін, ауаның негізгі физикалық факторларына: күн сәулесі, температура, ылғалдылық, ауаның қозғалыс жылдамдылығы, атмосфералық қысым, радиоактивтілік жатады.

Аптекада алғашқы 4 көрсеткіштің гигиеналық маңызы зор. Бір – бірімен белгілі деңгейде байланысатын, аталған факторлар адам организміне қолайлы және қолайсыз әсер етеді, сондай – ақ дәрілік заттардың сапасына да әсер ете алады.

Адам организміне сапалық және сандық әсер көрсететін нормалар, рұқсат етілетін және оптимальды деңгейлер, шаралар өңдеу.

4.Сабақтың мақсаты:

Студент білуге тиіс:

1. Қоршаған ортаның негізгі функцияларын және химиялық факторларын гигиеналық бағалау әдістемесі;

2. Қоршаған ортаның адам организмімен өзара байланысын;

 

Студент істей білуі керек:

1. Жұмыс бөлмесінің температурасын, ылғалдылығын, өндірістік бөлмелердің жұмыс орнындағы ауа температурасын, ауа ылғалдылығын, ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау мәліметтеріне гигиеналық баға беруді;

2. Жабық бөлме микроклиматын жақсарту шараларын өңдеуді;

5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:

Негізгі білім бойынша:

Санитарлық – гигиеналық

1. және эпидемияға қарсы тәртіпті, персоналдардың қолайлы еңбек жағдайы мен демалысын қамтамасыз ету мақсатында дәріханалық ұйымдар бөлмелері мен ғимараттардың архитектуралық – жоспарламалық және конструкциялық шешімдері.

2. Дәріхананың негізгі және қосалқы бөлмелерінің ауданы мен құрамына қойылатын гигиеналық талаптар.

3. Халыққа қызмет көрсету залына, өндіріс бөлмелеріне қойылатын гигиеналық талаптар.

4. Дәрілерді сақтауға арналған, қосалқы және қызметкерлерге арналған және тұрмыстық бөлмелерге қойылатын гигиеналық талаптар.

 

Осы сабақтың тақырыбы бойынша:

1. Дәріхана бөлмелерінің құрылымына және жабдықталуына қойылатын гигиеналық талаптар.

2. Дәріхананың желдетілу және жылыту жүйелеріне қойылатын гигиеналық талаптар.

3. Дәріхананың жарықтану жүйесіне қойылатын гигиеналық талаптар.

4. Дәріхана бөлмелерінің температуралық тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптар.

5. Өндіріс бөлмелеріндегі ауаның ылғалдылығы, ауаның қозғалыс жылдамдығы, атмосфералық қысымның маңызы, анықтау құралдары.

- 2 - 6. Ақпараттық - дидактикалық блок. Дәріхана бөлмелерінің құрылымы және оны жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар. Дәріхананы салуға бөлінетін жердің көлемі 0,1 – 0,2 га қамтиды. Таңдалған территорияға қойылатын гигиеналық талаптар өте ерекше, себебі, ол жер «сау» болуы, қажет, таңдалған территория ластаушы көз болмауы қажет. Территория «сау» болуы қажет принципіне мына түсініктерберіледі: - жердің топырағы құрғақ, топырақтың капиллярлығы төмен, жер асты суларының тұру биіктігі 1,5 м – ден кем болмауы, инсоляциясы жоғары, жер еңістігі 5 – 6 0. Бұрын таңдалған жер территориясы мәйіттерді, жануар өлекселерін жерлеген, қоқыстарды залалсыздандыру алаңдарының мақсатында пайдаланылған болмауы қажет. Таңдалған территория ластаушы көз болуы қажет: дәріхана қоршаған ортаның қолайсыз факторларынан, шудан, автокөліктерден, атмосфералық ауа ластаушы өндіріс орындарынан, аэропорттардан, коммуналдық объектілерден (қоқыстардан, радиактивті заттарды жерлейтін) қорғалған болуы қажет. Сондықтан дәріхана мен қолайсыз жағдайларды тудыратын өндіріс орындар арасында СҚА ұйымдастыратын өте оңтайлы. Дәріхананы ластаушы көздердің бағыты есебімен орналастырған жөн. Дәріхананың жер учаскесінде атмосфералық ауадағы зиянды заттардың деңгейі ШРЕК – дан аспауы қажет. Дәріхананың жер учаскесінде сарай, гараж, герметизацияланаған қоқыс жинағыш болуы қажет. Дәріханамен функционалдық қатысы жоқ объектілерді салуға тыйым салынады. Құрылыс жер учаскесінің 25 % - н аспауы қажет, ал көгалдандыру аймағы 50 % кем болмауы тиіс. Дәріхана бөлмелері 4 топқа бөлінеді: 1. өндірістік 2. қосымша 3. әкімшілік 4. санитарлық - тұрмыстық Өндірістік бөлмелер өз кезегінде төмендегідей бөлмелерге бөлінеді: · стерильді емес дәрілерді дайындауға арналаған бөлмелер (ассистент, бөлу, провизор – аналитик, жуу, дистиляциондық – стерилдеу бөлмелері); · асептикалық жағдайда дәрілер дайындауға арналған бөлмелер (шлюзды деоректор, шлюзды асептикалық, дистильдеу – стерильдеу бөлмелері); Дәріхана бөлмелері мен құрамы дәріхана ұжымдарының санитарлық тәртібі бойынша инструкциямен регламенттелінеді. Осы инструкция бойынша барлық дәріханалар негізгі екі түрге бөлінеді: өндірістік және дайын дәрілік препараттар. Инструкцияда өндірісті топқа арналған жұмыс орындарының максимальды және минимальды тізімі берілген. Өндірістік дәріханалардағы жұмыс орындарының максимальды тізімі. I.Халыққа қызмет көрсету залы. - рецепт бойынша дайын дәрілік заттарды сату. - рецепсіз дайын дәрілік заттарды сату. - дәрі дайындауға халықтың рецепін қабылдау. - дәріханада дайындалатын дәрілерді тарату. - ақпарат. - оптика саласын жүргізу. - парафармацевтикалық өнімдерді сату. II. Ассистенттік бөлім. - ішке қабылдауға арналған дәрілік заттарды дайындау.

- сыртқа қабылдауға арналған дәрілік заттарды дайында

- ішке қабылдауға арналған дәрілерді бөлу (фасовка)

- сыртқа қабылдауға арналған дәрілерді бөлу

- провизор – технолог

- емдеу алдын алу мекемелері үшін кең көлемде дәрі дайындау

- емдеу алдын алу мекемелері үшін фасовка

III.Аналитикалық бөлім:

- дәрілік заттардың дайындалу сапасын бақылау.

IV. Жартылай фабрикаттар мен концентраттардың сақтау бөлмесі:

- концентраттар мен жартылай фабрикаттарды дайындау.

V. Жуу – стерилизатор бөлімі:

- рецептуралық ыдыстарды залалсыздандыру;

- стерильді дәрілік формадағы ыдыстарды залалсыздандыру;

- ыдыстарды стерильдеу;

- қосымша материалдар мен заттарды орауға дайындау;

VI. Дистилляциялық бөлім:

- дистиллденген суды (таза) алу;

VII. Дезинфекциялық бөлім:

- ЕПМ – нен қайтқан ыдыстарды залалсыздандыру;

VIII. Бөлу бөлмелері:

- товарларды бөлу;

IX. Рецептурно – экспедициялық бөлім:

- ЕПМ – нен қабылдау талаптары (рецептер);

- ЕПМ – нің жабдықтарын жинақтау және беру;

X. Ассистентік – асептикалық бөлім:

- стерильді дәрілік заттарды дайындау;

- дәрілік заттарды дайындау фасовкасы;

XI. Стерилизациялық бөлім:

- дәрілік түрлерді стерилдеу;

- ЕПМ үшін дәрілік түрлерді стерильдеу;

XII. Бақылау – белгілеу бөлімі:

- ЕПМ үшін дәрілік түрлерді дайындауды қаптау;

 

Өндірістік дәріханалардағы жұмыс орындарының;

минимальды тізімі.

I. Тұрғындарды күту залы:

- дәрілік заттар мен медициналық өнімдерді тарату;

II. Ассистенттік бөлім:

- рецепт бойынша дәрілік заттарды дайындау;

III. Аналитикалық бөлім:

- дәрілік заттардың сапасын бақылау;

IV. Жуу – стерилизатор бөлімі:

- рецептуралық ыдыстарды залалсыздандыру;

V. Дистилляциялық бөлім:

- дистилляциялық суды алу;

VI. Бөлу бөлімдері:

Дәріхана бөлмелерін жылытуға қойылатын гигиеналық талаптар. Дәріхана қызметкерлері өздерінің күрделі және жауапты жұмыстарын оңтайлы микроклимат жағдайларында жүргізуі қажет. Дәріханада орталықтандырылған сулық (конвекциондық) және сәулелік (радиациялық) жылыту жүйесі қолданылады.

- товарларды бөлу;

Дәріхананың санитарлық және эпдемияға қарсы тәртібін сақтау үшін бөлмелердің өзара дұрыс орналасуының гигиеналық маңызы өте зор. Сондықтан дәріхананың барлық бөлмелері коридор арқылы бір – бірімен қатынаста болады, ал дәріхананың меңгерушісінің бөлмесі тікелей халыққа қызмет көрсету залымен қатынаста болуы қажет. Дәрілік заттарды сақтайтын бөлмелер өтпелі болмауы тиіс. Ал дәрілік заттарды кептіретін және шикі заттарды өңдейтін бөлмелер ғимараттың бір қанатында жеке орналасады. Дәрілерді дайындау процесі максимальды қолайлы. Санитарлық – гигиеналық жағдайларды қажет етеді. Сырттан келетін шаң, микроорганизмдер, суық ауаның ағымы, шу жұмысшылардың денсаулығы мен дәрілердің сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан дәрілердің жобалануы мен құрылысы кезінде шығатын есіктерге көп көңіл бөлінуі қажет. Дәріханада екі есік болады:қызметшілер мен келушілерге және тауар қабылдауға арналған. Дәріхананың ішінде подвалмен байланысты қызметтік баспалдақ болуы қажет. Максимальды жұмыстың орны бар дәріханалардың биіктігі 3,3 м кем болмауы тиіс. Подвалдың биіктігі 2,2 м кем болмауы тиіс. Подвалдан бөлмелер жарыққа сезімтал, тез тұтанғыш, күшті тотықтандырғыштарды, залалсыздандырушы (дезинфекциялық)заттардың сақталуы үшін қолданылады. Подвалда ішкі және сыртқы байланысқан есіктер болуы тиіс. Дәріхананың ішкі жабдықталуы оның функционалдық қызметіне байланысты орындарды технологиялық % өтетін бөлмелердің едені мен қабырғасы тегіс, ылғалды жинауға және залалсыздандыруға ыңғайлы болуы тиіс. Ылғалдылық тәртіппен жұмыс істейтін бөлмелердің (жуу, дистиллятор, стерилизатор, туалет, себезгі) қабылдауы еденнен 1,8 м биіктікке дейін майлы бояумен боялады немесе глазурлы плиткалармен қаптайды. Төбесі сулы бояумен боялады. Асептикалық, ассистент, провизор – аналитик бөлмелерінің қабырғасы төбеге дейін майлы бояумен, төбесін сулы бояумен жабады. Бояулардың реңі ашық түсті болуы қажет. Дәріхана бөлмелерінің едендері тегіс, жууға және залалсыздандыруға жеңіл болуы тиіс. - Сату залында – керамикалық плита және линолеум. - Ассистент, провизор – аналитик бөлмелерінде – полимерлі заттар. - Асептикалық – линолеум, және оның ешқандай тігісі болмауы қажет. - Жуу, дистиллятор, стерилизатор бөлмелерінде еденді жабуға керамикалық плитамен және ылғалға тұрақты синтетикалық материалдар қолданылады. Дәріхананы салуға арналған материалдар кеміргіштер, жануарлар мен жәндіктерді өткізбеуі қажет. Барлық құрылыс материалдарына санитарлық – эпидемиологиялық қауіпсіздігі туралы қорытынды болуы қажет. Подвал едендері асфальттанады, бетондалады, цементтенеді. Дәріхана бөлмелерінің жарықтануына қойылатын гигиеналық талаптар. Дәріхана бөлмелерін ұтымды жарықтану жұмысының жұмысқа қабілеттілігі, көру функциясының қызметіне, денсаулық жағдайына, еңбек өнімділігін тікелей себебін тигізеді. Дәріхананың барлық бөлмелері табиғи және жасанды жарықпен қамтамасызданады. Табиғи жарық тек қана қоймалар мен подвалдарда болмауы мүмкін. Жеткіліксіз жарық болған жағдайда дәрінің дозасының өзгеруі, нақты өлшеудің болмауына, сөйтіп сапасыз дәрілердің дайындалуына себеп болады. Ұтымды табиғи жарықты қамтамасыз ету үшін дәріхана территорияларының шынысы тегіс, таза болуы қажет. Терезе шынысы жылына 2 рет жуылуы қажет. Сонымен қатар табиғи жарықтың толықжеткілікті болуына бөлменің ішкі жабдықталуы, қабырғалардың боялуының түсі әсер етеді. Себебі, ақпен боялса 80 %, ақшыл сары түс 50%, көк 25%, ал қоңыр 13 % жарық шашыратады.

кабинеттерінде және т.б. бөлмелерде пайдаланылады, қай жерде дәл түс беруі қажет. Қызу шамдарды қолданғанда жарық нормасы операцияға дайындайтын, таңу

 

Сырттағы аспанның жарығының қандай бөлімін бөлме ішіндегі жарықтың коэффициенті көрсетеді. Табиғи жарықтың коэффициентінің маңызы көру жұмыстарының дәлшілдік разрядтарына байланысты. Норма бойынша 8 разряд болады

 

Ауылдық елді мекендерде жергілікті сулық жылыту жүйесі қолданылады. Пештің ошағы коридорда орналасады, басқа бөлмелер қатысуы болмауы қажет.

 

Бөлмелердегі орташа температура 18 – 20 0 С болуы қажет. Микроклимат (гигиеналық түсінік бойынша) – шағын ғимараттардың, бөлмелердің, мектептердің, өндірістік орындардың, яғни жабық бөлмелердің метеорологиялық тәртібі.

Микроклиматты сипаттайтын физикалық факторларға температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы, барометрлік қысым, ауаның иондануы жатады. Бұл факторлар адам организміне, оның функционалдық жағдайына, көңіл күйіне, денсаулығына әсер етеді. Адам организмі мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу процесінің әртүрлігі де осы факторларға байланысты.

Бөлмелердегі микроклиматтың қолайсыз жағдайларына байланысты адамның көңіл күйі, хал жағдайы өзгереді және еңбек өнімділігі де кемиді. Организмнің көптеген патологиялық жағдайлары тоңазу мен ыстықтаудың әсерінен (салқын тию, асқазан ішек аурулары, әсіресе балалардың аурулары). Сондықтан тұрғын үйлер, өндірістік бөомелер микроклиматына қойылатын гигиеналық нормативтер сырқаттанушылықтың алдын алуға негізделуі қажет. Күшіндегі нормативтер бойынша қыста ауаның температурасы тұрғын бөлмелерде – 18 град. С, душ және ванна бөлмелерінде – 25 град. С, ас үйде – 15 град. С, дәріханада - 16 град. С деңгейінде болуы керек. Бұл параметрлер орта деңгейдегі климатқа арналған. Өндірістік орындар үшін ауаның санитарлық нормативтік шамалары көптеген жағдайларға байланысты бекітіледі: ауаның қозғалысына, ылғалдылығына, жұмыс орнын қоршаған заттар мен конструкциялардың температурасына, жыл мезгіліне, орындалатын жұмыстың ауырлығына, киімге және басқа да факторларға байланысты.

Аурухана бөлмелерінде науқастар мен сауығып келе жатқан адамдар үшін барлық комфортты жағдайлар жасалуы тиіс. Ерекше микроклиматтық жағдайлар, физикалық және химиялық факторлардың тұрақтылығын қажет ететін бөлмелерде (операция бөлмесі, жас нәрестелерге, аллергиялық реакциялары бар науқастарға палаталар) ауаны конденционерлеу керек. Ыстық аудандарда микроклиматтың қолайсыз жағдайлары науқастың патологиясын одан әрі күшейтуі мүмкін, сондықтан бөлмені жасанды жолмен салқындату қажет. Палатаның ыстық болуы, әсіресе жүрек – тамыр аурулары бар науқастарға, операциядан кейінгі және пневмониясы бар науқастарға, балаларға диспепсия кезінде қолайсыз әсер етеді. Аурухана бөлмелерінде микроклиматтың қолайлы жағдайын қамтамасыз ету мақсатында сәулемен жылыту ұсынылады.

Аурухана бөлмелері үшін температураның келесі нормалары қабылданған: ересектерге арналған палаталарда, асханада, емдеу кабинеттерінде 20 град. С, балаларға арналған палаталарда – 22 – 25 град. С, жараны таңу бөлмесінде - 22 град. С, операция және әйелдердің босану бөлмесінде – 25 град. С, тиреотоксикозбен ауыратын науқастар бөлмесінде - 12 – 1 8 град. С, жүрек - тамыр жүйесі ауыратын науқастар палатасында - 18 – 23 град. С (жергілікті жердің биіктігіне байланысты).

Ауаның температурасын өлшеудің қажеттілігімен дәрігер балалар мекемелеріне, өндіріс пен кәсіпорындарға санитарлық бақылау жүргізгенде, сонымен қатар температураны өлшеудің талап ететін санитарлық, физико – химиялық зерттеулерде кездеседі. Барометрлік қысымды, ауа ылғалдылығын анықтағанда және тозаңдану мен газдануын зерттегенді міндетті түрде температураны өлшейді.

Бөлме ауасының температурасын санитарлық бағалау нақтылы өлшенген температураны белгіленген нормативтермен салыстыру арқылы іске асырылады. Температураны әртүрлі термометрлермен анықтайды. Олардың құрылысы, аттары әрқалай. Шкаласының градусқа бөлінуіне байланысты: Цельсий, Реомюра, Фаренгейта (біздің елімізде Цельсий шкаласы қабылданған) термометрлері, конструкциясы мен құрылысына байланысты спирттік, сынапты, электрлік термометрлер болып бөлінеді.

Сонымен қатар тұрмыстық, аспирациялық, минимальды, максимальды, медициналық және топырақтың, судың температурасын өлшейтін термометрлер болады.

СҰЙЫҚТЫҚ ТЕРМОМЕТРЛЕР. Сынапты термометрлер 35 град. С – тан 35,7 град. С – қа дейін температураны өлшеу үшін қолданылады. Сынапты термометрлерге мыналар жатады:

- МАКСИМАЛДЫ ТЕРМОМЕТОР – инесімен болған уақытта ең жоғарғы температураны белгілеуге арналған. Температура жоғарылағанда кеңіген сынап өтетін иілген жерде капиллярдың қосылған жері болады, температура төмендегенде бұл қысылған жер сынаптың резервуарға өткізбей ұстап қалады және оның капиллярдағы жайы максималды температураны көрсетеді.

- МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМОМЕТОР – максималды. Қисайған орнында капилляр тарылады, жоғары температура кезінде босаңсыған сынаптан байқалады; температура төмендегенде бұл тарылу резервуардағы сынаптың қозғалуын тоқтатады және капиллярда максималды температураны көрсетеді.

- СПИРТТІ ТЕРМОМЕТР - төменгі температураны анықтайды (130 град. С- қа дейін). Жоғары температурада спирт біркелкі кеңімейді, ал 78,3 град. С болғанда қайнайды.

- МИНИМАЛДЫ ТЕРМОМЕТР - шыныланған инелі көрсеткішімен. Ол нақты уақыт сызығында ең төменгі температураны қабылдау үшін қызмет етеді. Спирт, майысқан менискті көрсетеді, төменгі температура кезінде бағыт бойынша резервуарға көрсеткішті апарады, ал жоғарғы температурада – спиртпен алынған көрсеткіш орнында қалады. Температура резервуардан ине – көрсеткіштің соңына дейінгі арақашықтық саналады. Жұмыс орны – вертикальды.

- ЭЛЕКТРЛІ ТЕРМОМЕТР – дің мақсаттары әртүрлі болғанымен, олардың құрылыстарының принциптері әртүрлі. Оның жұмысы датчигі термобу немесе термометр болуы мүмкін және тіркейтін бөлігі градусқа бөлінген шкаласы бар гальвонометрден тұратын электр тізбегінде пайда болатын электр тоғын тіркеуге негізделген.

- ТЕРМОГРАФ - апта немесе сөткеде температураның қосарланбаған қабылдануы үшін, өзбетінше жазатын аспап. Сөткелік термограф биметалликалық пластиканың қабылдаған температураның бөліктік аспабынан тұрады (немесе жазық мералликалық резервуардан, толуолмен толтырылған). Қисаюдың өзгерісі, температураны қолданғанда, арнайы қозғалған лентада термограмманы жазады, ол күн, сағат және температураның градусы бойынша бөлінеді.

Бөлме ауасының температурасын әртүрлі нүктеде өлшенген орташа температура, тік және көлденең бағыттағы температура айырмашылығы және температураның тәуліктік өзгерісі сипаттайды. Термометрлердің резервуарларын ашық аспан астында күн радиациясының әсерінен қорғау керек, ал бөлмеде тым жақын орналасқан ыстық заттардан немесе салқын қабырғадан қорғау керек. Егер бұл талаптар орындалмаса термометрлер бөлме температурасын көрсетпей, климаттық температураны көрсетуі мүмкін. Климаттық температура бұл зерттеген кезде термометрдің резервуарына әсер ететін әртүрлітемпературалық факторлардың жиынтығы.

Ауаның ылғалдылығын анықтау. Ауаның ылғылдылығы келесі параметрлермен сипатталады:

- АБСОЛЮТТІ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ – 1 текше метр ауадағы су буының грамдық мөлшері.

- МАКСИМАЛДЫ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ – берілген температурада 1 текше метр ауаны толық қанықтыратын су буларының грамдық мөлшері.

- САЛЫСТЫРМАЛЫ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ – процентпен белгіленетін абсолютті ылғалдылықтың максималды ылғалдылыққа қатынасы.

- ҚАНЫҒУ ТАПШЫЛЫҒЫ – абсолютті және максималды ылғалдылық арасындағы айырмашылық.

- АУАНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ТАПШЫЛЫҒЫ – 37 град. С (адам денесі температурасына тең) температурадағы максималды ылғалдылық пен өлшенген абсолютті ылғалдылықтың айырмашылығы.

- ШЫҚ НҮКТЕСІ - өлшенген абсолютті ылғалдылық максималдыға айналатын температура. Гигиеналық жағынан маңыздысы салыстармалы ылғалдылық пен қанығу тапшылығы.

Бұл ұғымдар ауаның су буларымен қанығуының дәрежесін көрсетеді, өйткені тердің адам денесінен булануының қарқыны мен жылдамдығы және жылу беру шамасы, адамның көңіл күйі осы ұғымдар шамаларына байланысты. Тердің булануына әсер ете отырып, салыстырмалы ылғалдылық жоғары температурада (25 –30 град.), басты фактор, ал 35 град. температурада адамның жылулық көңіл күйін түзуге қатысатын шешуші фактор болып табылады. Ауа мен қоршаулардың температурасы жоғары болғанда сәулелену немесе өткізу арқылы жылу беру қиындайды және жоғары ылғалдылық жылу реттеудің тез бұзылуына, жылудың организмде жиналуына және соның салдарынан дененің қызуына әкеліп соқтырады. Төменгі температура жағдайында жоғары ылғалдылық организмге қолайсыз әсер етеді. Бұл ылғал ауаның жылуды өзіне жақсы өткізетіндігімен, яғни жоғары жылу сыйымдылығымен және ылғал киімнің жылу сақтау қасиетінің төмендеуімен түсіндіріледі. Мысалы, қыстың күні құрғақ киімдегі адамға қарағанда дымқыл, ылғалды киімдегі адам тез тоңады. Өйткені киімдегі су адамның жылуын өзіне тартады. Дымқыл ауа әрқашанда салқын болып көрінеді. Ылғалдылығы жоғары және температурасы төмен бөлмеде ұзақ уақыт болу тоңазу мен организмнің қорғаныш күшінің төмендеуінің себебі болуы мүмкін. Олар кейбір ауруларды (артрит, невралгия, невроз, жоғары тыныс алу жолдарының қатарлары, нефриттер) асқындыру мүмкін. Сонымен, адам үшін дымқыл ылғалды ауа төмен және жоғары температурада да жылу реттеуге қолайсыз әсер ететін фактор болып табылады. Ылғалодылығы төмен ауа жоғары температурада жылу беруге қолайлы әсер етсе, төмен температурада жылудың жойылуының төмендеуіне әсер етеді. Ауаның ылғалдылығы жылу реттеу процесіндегі маңыздылығымен қатар тыныс алу жолдарының шырышты қабықшаларының қызметіне әсер етеді. Құрғақ ауа үшкіл нервтің сезімтал ұштарын тітіркендіретін дем шығарғанда ауа ылғалданады. Үшкілнервтің шектен тыс тітіркенуі секреция бездерінің органикалық өзгерістерге ұшырауына, соның салдарынан жоғары тыныс алу жолдарының қабынуына себеп болады. Мұрын қуысының, жұтқыншақтың, трахеяның, бронхылардың эпителий клеткалары (мерцательн. Эпителий) 40 – 60 % салыстырмалы ылғалдылықта жақсы қызмет етеді. Сондықтан, ауаның ылғалдылығы адамның өмір сүруінің факторы ретінде гигиеналық нормалау мен санитарлық бақылауда болуы керек. Тұрғын бөлмелерде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30 – 60
%болуы керек. Ылғалдылықты анықтайтын аспаптарға: Август және Ассман (аспирациялық) психрометрі, гигрометр, гигрографтар жатады.

Ассман психрометрінің көмегі арқылы 3 түрлі әдіспен анықталады:

1. номограмма бойынша

2. кесте бойынша

3. формула бойынша

Ал Август психрометрінің көмегімен кесте бойынша және формуламен есептеу анықталады.

Дәріхананың желдету жүйесіне қойылатын гигиеналық талаптар.

 

 

Дәріхана бөлмелерінде санитарлық тәртіпті сақтауда желдету жүйесінің маңызы өте зор. Дәріхана бөлмелерінің ластаушы көзі болып дәрілік заттарды дайындаудағы техникалық процестер, олардың сақталуы, бөлме ішінде тасымалдануы, бөлшектелуі, қызметкерлердің өмірлік функциясы табылады. Сондықтан бөлме ауасында дәрілік заттардың шаңы, өсімдік тектес шикізат шаңдары, газ тәріздес химиялық улы заттар және жағымсыз иісті заттар. Сонымен қатар дәріханаға келушілердің патогенді микроорганизмдері де анықталады. Жуу, стерилизатор – дистиллятор бөлмелерінің техникалық процесі. Сондықтан бөлме ауасы ылғалданып, температурасы жоғарылайды. Ұтымды ұйымдасқан желдету жүйелері дәрілердің санитарлық – гигиеналық тәртібін сақтап, зиянды заттардан ауаның тазалануына көмектеседі.

 

Дәріханаларда табиғи және жасанды желдетуді қолдану.

Табиғи және жасанды желдету терезе, желдеткіш, фрамугалар арқылы аэрациялау жүргізіледі. Тиімді жүргізілуді бөлме қабырғасында орналасқан, сорып – шығару каналдары қамтамасыз етеді. Оның жұмысын жоғарылату үшін шатырдағы арнайы насаткадефлекторлар орналастырылады. Дегенмен санитарлық – гигиеналық тәртіпті сақтауға тек қана табиғи және жасанды желдету жеткіліксіз. Дәріханаларда механикалық сорып – шығару желдету жүйесі қолданылады, түрлері жергілікті және жалпы алмастыру. Дәріханаларда жасанды желдету жүйелерін ұйымдастырудың ерекшелігі бір бөлмеден келесі бөлмеге ауа жібермеу негізгі өндірістік бөлме болып саналатын ассистент бөлмелеріндегі (дәрілік шаң, газ тәріздес дәрілер және химиялық заттар) шығарып сорудан жоғары ауаның санитарлық жағдайы жақсару үшін жалпы алмастыратын сорып – шығару жүйесі (+ 2 – 3) орналасады. Сору және шығару тесіктері бөлменің жоғарғы жағында орналасады. Тура осы негіздегі жасанды желдету жүйесін бөлу, дистиляциялық, дефекторлық, қоймалық, провизор – аналитик бөлмелерінде қолданылады. Провизор – аналитиктің бөлмелерінде жалпы алмастырушы жасанды желдетумен қоса, жергілікті шығару желдеткіші – шығару шкафы орналасады.

Жуу және дистилляция – стерилизация бөлмелерінің желдету жүйесінің жұмысы дұрыс ұйымдастырылуына барлық бөлмелердің микроклиматтық факторларына әсер етеді. Бұл бөлмелердің сорып – шығару жүйесінің алмасу жиілігі + 3 – 4. Жуу бөлмелерінде ыдыс жуатын ваннаның үстінензонт тәріздес жергілікті шығару жүйесі орналасады.

Аналитикалық бөлмелердің желдетілуі ауа ағынын бөлмеден шлюзге, одан коридорға өткізуі қажет. Ауа бөлмесінің төбелік перфорированный панелі арқылы және еденнен 2,5 м биіктікте орналасады. Қабырғадағы тесіктер арқылы беріледі. Желдетілу жиілігі + 4 – 2. Шығару тесіктері асептикалық бөлмелердің сорутесіктеріне қарама – қарсы еденнің бойында орналасады. Берілетін ауа арнайы сүзгілерден өткізіледі. Дәріхана бөлмелерінің желдетілуінің ең тиімді түрі – ауаны кондиционерлеу, яғни жасанды түрде қолайлы микроклиматтық жағдайларда беру. Желдету жүйесі агрегатталған подвалдарда дірілді және шуды температуралық материалдарымен қаптау қажет.

7. Сабақтың мазмұны:

  • Бастапқы білім деңгейін бақылау (Қосымша 1)
  • Студенттердің өздік жұмысы: бөлменің жарықтануын бағалау (Қосымша 2)
  • Бөлмедегі температуралық тәртіпті анықтау (Қосымша 3)
  • Салыстырмалы ылғалдылықты анықтау (Қосымша 4)
  • - студенттердің өздік жұмысының мәліметтерін талдау.

    • Қорытынды білім деңгейін бақылау (Қосымша 5)
  • Осы сабақ тақырыбы бойынша оқытушымен жұмыс:






Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 5757. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия