Дима знает текст – это по сути – одна реприза про татуху и финалгон. Можно вставить перед ней ещё что-нибудь из этого номера, но я бы оставил короткой.
(грустно) Я здесь с вами, а в Питере сейчас – праздник корюшки… Так, стоп, а я-то чего?! Это всё бабки выбили меня из колеи!
-
-
-
-
-
Орындаған:Әбдіраш Б.Б.
Абылдаған: Келімханова С.Е.
Күні:15.02.15
Кәдімгі бөріқарақат өсімдігіне жалпы сипаттама
ДӨШ:
Бөріқарақат тамыры
Бөріқарақат жапырағы
Бөріқарақат қабығы
Бөріқарақат жемісі
Корень барбариса
Листья барбариса
Кора барбариса
Плоды барбариса
ü Барбарис дәрілік өсімдік ретінде Ежелгі Вавилонда, Ежелгі Индия тұрғындарына белгілі болған.
ü Б.з.д. 650 жылдарда өмір сүрген ассириялық патша Ашшурбанипалдың кітапханасында арнайы саздан жасалған тақтайшаларда барбаристің қанды тазартқыш зат екендігі туралы жазылған.
ü Орта ғасырларда барбарис жемісі мен тамырын цинга ауруының түрлі формаларында, бауыр ауруларының емі ретінде қолданған.
Таралуы:
Барбарис Австралия мен Антарктидадан басқа барлық континеттерде өседі десем қателеспеймін. Алайда, таулы аймақтарда, соның ішінде Орталық Еуропа, Қырым, Кавказ, Персия, Шығыс Сібір, Солтүстік Америка, Украина, Ресейдің кей аймақтарында, Орталық Азияда, Қазақстанда айтарлықтай көп таралған. Қазақстандағы 9 түрі Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында, Алтайда,Тарбағатай тауларында, Зайсанда, Қарқаралыда, тау беткейлері мен тасты шатқалдарда, тау өзендерінің жағалауында өседі. Оның ішінде Қарқаралы бөріқарақаты мен Іле бөріқарақаты Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Ең жиі кездесетін түрі — кәдімгі Бөріқарақат.
ДӨШ жинау еркешеліктері:
Бөріқарақат тамырын
көктем және күз айларында жинайды. Бұтағынан жұлып алады немесе бұтақшасымен бірге қазып алады. Тамыр жүйесін толығымен қолданбайды. Тек 10-15 см-гі тамыр кесіндісін ғана қолданады.
Бөріқарақат жапырақтарын
гүлденуден кейін мамыр-шілде айларында жинайды.
Бөріқарақатжемісін
толық пісіп жетілгеннен кейін жинайды. Жасыл жемістері улы болып келеді!
Құрғақ, қараңғы жерде, қағаздан жасалған, картоннан жасалған қораптарда сақтайды. Сақталу мерзімі – 3жыл.
Қолданылу
Барбарис тамыры, жапырағы, қабығы, жемісі:
медицинада С витаминінің, органикалық қышқылдар мен берберин алкалоидының көзі ретінде жиі қолданады. Берберин матка бұлшық етіне ынталандырушы, өттің бөлінуін жақсартушы, жүрек тартылымының амплитудасын ұлғайтушы зат ретінде өте тиімді. Бүйрек, зәр шығару жолдарының ауралырында, бүйрек тас аураларында зәр айдағыш, қабынуға қарсы зат ретінде қолданады.
Қытайда көздің қабынуында барбарис қайнатпасынан ылғалды тампон жасау арқылы емдеп жатса, барбаристің өзегін, қабығын, тамырын рак ауруына қарсы, тыныс жолдарына қоздырғыш зат, тұтқырландырғыш зат ретінде қолданады екен.
Тамыр сығындысы:
өттің бөлінуін жақсартады, ас қорыту жүйесін жақсартады, асқазан шырышты қабаттарының қабынуын төмендетеді.
Тамырының қайнатпасы:
пневмония, жөтелде кезінде температураны түсіреді, шөлді басады.
Жапырақ қайнатпасын, тұндырмасын немесе тұнбасын
акушерлік практикада матка қан кетуі кезінде қолданады. Сондай ақ бауыр, өт жолдарының ауруларында, гепатиттің түрлі формаларында қолданады. Тұндырмасын сары ауруында қолданады.
Жемістерінің шырыны
нағыз витаминдер көзі болып табылады. Тәбетті арттыру, асқазан жұмысын жақсарту мақсатында қолданылады. Сондай ақ қан қысымын төмендететін, жұрек бұлшық етінің, қан айналымының қызметін жақсартатын әсер көрсетеді.
Барбарис жемісін
Франция елдерінде безгек ауруына қарсы зат ретінде, бактерицидті, гипотензивті зат ретінде қолданады екен.
Химиялық құрамы:
Өсімдіктің барлық бөліктерінде дерлік
алкалоидтар 0,3%-ға дейін, соның ішінде берберин және пальметин көбірек кездеседі.
берберин алкалоиды
Барбарис жемісінде:
қант, каротин, К, С витаминдері (172 мг/%-ға дейін), лимон, алма, шарап қышқылы, алкалоидтар (берберин және т.б.), илік, пектинді, бояғыш заттар, минералды тұздар бар.
Жапырақтарында:
илік және шайырлы заттар, эфир майлары, С, Е витаминдері, алма қышқылы, каротин табылған.
Сабақ қабығында:
алкалоидтар, илік, бояғыш, шайырлы заттар кездеседі.
Тамырында:
берберин, берберрубин, леонтин және т.б. алкалоидтары бар
Дайындау тәсілі:
Барбарис жапырақтары немесе қабығының қайнатпасы: 1 ас қасық ұсақталған шикізатты алып, 1 стакан су құйып, 1 минут бойы қайнату керек. 30 минут тұндырып, қолданар алдында сүзіп алу керек.
Барбарис тамырының қайнатпасы (сыртқа): 1-2 ас қасық шикізатқа 0,5 л су құйып, 1 минут қайнатып, 1 сағат тұндырып, сүзіп алу керек.
Жапырақ тұндырмасы:1 ас қасық ұсақталған жапырақтарды алып, 250мл 40% спирт құйып, 1 аптаға қараңғы жерге қалдырып, тұндырамыз да сүзіп аламыз.
Қолдануға қарсы көрсетілімі:
ü Климатериялық кезеңде
ü Туудан кейінгі қан кетуде;
ü Жапырақ тұндырмасын жүктілік кезінде;
ü Өт тас ауруы кезінде;
ü Бауыр циррозында;
ü Гепатиттің ауыр формасында;
ü Жеке көтереалмаушылықта;
ü 12 жасқа дейінгі баларға;
ü Ескерту! Бөріқарақат жемісінің жасыл түрі улы.
ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при которых тело находится под действием заданной системы сил...
Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...
Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...
Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...
Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...