Студопедия — Адами ресурстар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Адами ресурстар






Бұл бөлімде өнім сапасына әсер ететін персоналды арнайы дайындықпен қамтамсыз ету қарастырылады. Перслналды дайындау жоспары мекеме үшін актуалды тапсырмалармен тығыз байланысты.

Стандарт персоналды дайындау мен оқыту нәтижелерін міндетті тіркеуді қарастырады.

 

2.4 Инфрақұрылым

Мекеме өнімге қойылатын талаптарға сәйкестігіне қол жеткізу үшін қажетті инфрақұрылымды жұмыс күйінде ұстау, анықтау және қамтамасыз ету қажет. Инфрақұрылым – бұл ғимараттар, құрылғы, қамтамасыздандыру қызметтері, көлік және т.б.

 

 

3. Өмірлік цикл процесстері

3.1 Жобалау және дайындау

Бұл бөлім өндірілетін өнім немесе көрсетілетін қызметтің жаңа түрлерін жобалау кезінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың сапасын қамтамасыз етуге арналған.

Ол бірнеше бөлімшелерден тұрады:

Жалпы жағдайлары. Мекеме өнімнің берілген сипаттамасын қамтамасыз ету мақсатымен жобалауды басқару және бақылау жөніндегі процедураларды дайындау және жұмыс күйінде ұстап тұруы тиіс.

Жобалау мен дайындау процестерін жоспарлау. Мекемеде жобалау мен дайындау кезінде жүргізілетін операцияларға жауапкершілігі анықталатын жоспарлар жасалады. Жлспарлар жобалау процесі қалай орындалатынын анықтауы қажет, сондай-ақ персоналдың барлық деңгейлерге қатысуын және жобалау тобының басқа қызметкерлерімен өзара қарым-қатынасын бекітуі қажет.

Кірістік жобалау мәліметтері. Жобалауға қажетті талаптарды алу жүйесі анықталуы тиіс. Жобалау тобы жобаға қойылатын қарама-қарсы талаптарды ьалдау кезінде марктингтік қызметпен белсенді қарым-қатынас жасауы тиіс.

Шығыстық жобалау мәліметтері. Олар құжат түрінде рәсімделіп, талаптар, есептеулер және талдаулар түрінде ұсынылуы тиіс; кірістік жобалау талаптарына жауап беруі тиіс; қабылдау критерийлерінен тұруы қажет.

Жобаны тексеру. Мекеме басшылығы компетентті персоналдың жобаны тексеру функцияларын жоспарлайды, құжаттандырады және бекітеді. Жобаның мұқият және құжат түрінде рәсімделуін қамтамасыз ету қажет.

Жобаның өзгертулері. Мекеме жобаның барлық өзгерістерін анықтау, құжаттық рәсімдеу, тексеру және растау процедураларын өзі бекітеді.

 

3.2 Өнімді сатып алу

Өнімнің сатып алуының сапасын қамтамасыз ету қажеттілігі:

· Жеткізушілердің бағасы мен таңдауын;

· Сатып алынатын өнімге қойылатын техникалық талаптарын көрсетуге байланысты материалдық-техникалық жабдықтардың құжаттамасын тексеруді;

· Сатып алынатын материалдар мен бұйымдардың қабылдау бақылауын қарастырады;

Мекеме жеткізуші өнімнің көрсетілген талаптарға сәйкестігіне сенімді болуы тиіс. Жеткізшілерді таңдау олардың сапа талаптарын орындай алу қабілеттілігін бағалау негізінде жүзеге асырылады. Жеткізушілерді бағалау процесінде жеткізу бойынша бұрынғы тәжірибесі ескерілуі қажет, сондықтан тұрақты жеткізушілермен қызмет атқару ыңғайлы болады.

Сатып алуға рәсімделетін құжаттамада: сатып алынатын материалдық толық сипаттамасы; технологиялық процесске қойылатын талаптар; бақылаубойынша ереже; материал мен өнімді қабылдауға қатысты басқа ақпараттар болуы тиіс.

 

3.3 Құжаттаманы басқару

Әрекет етуші құжаттаманы уәкілетті мамандар уақытында көрсетуі, қарастыруы және қабылдауы қажет.

ИСО стандартарының талаптарының орындалу тәртібі мен әдістерін анықтайтын барлық құжаттар олардың өндірісте қолданылуына дейін басшылықтың қарауы мен мақұлдануына өтуі керек. Бұл құжаттарға сапа саласындағы ұйымның саясаты; мақсаттары; бақылау әдістемесі мен процедуралары; сапа бойынша басшылық; жұмыстың тексерілуі туралы есеп және т.б.

Құжаттардың шығарылуы барлық орныдаушыларға түсінікті болуын қамтамасыз ету керек, ал ескірген құжаттама өз уақытында алынып тасталу керек. Яғни мұнда:

· Құжаттамаларды үнемі тексеріп отыру (кім жасады, тексерді, растады, оның әрекет ету мерзімі, оның нормативтік құжаттарға сәйкестігі);

· Құжаттарды тарату, яғни оған сілтеме жасау, тексеру және уақытында барлық көшірмелеріне өзгеріс енгізу;

· Ескірген құжаттаманы алып тастау жұмыстары жүргізіледі.

 

3.4. Процесстерді басқару

Процесстерді сауатты басқару соңғы өнімді алуға дейінгі өндірістің барлық сатыларындағы өнім сапасының тұрақтылығы мен қолжетімділігіне кепілдік береді.

Сертификатталатын ұйымда өнім сапасына әсер ететін ьарлық процесстерге бектіліген үлгідегі жұмысшы ережелер дәл, нақты болуы керек. Жұмысшы құжатар процеске арналған қажетті құрылғыларды, өндірістік ортаны, нормативтік құжаттарды, сапа бойынша жоспарларды анықтауы керек.

Қолданылатын құрылғылардың оларды пайдалануға қойылатын талаптарын анықтайтын рсталған жұмысшы ережелері болуы қажет. Бұл ережелер бекітілген талаптарға сәйкестігін сақтау мақсатымен кезеңді түрде қайта қаралып отырады. Сондай-ақ жұмысшылар үшін берілген ережелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және олардың уақытында қаралуы мекеме басшылығының міндеттеріне кіреді.

 

3.5. Тиеу-түсіру жұмыстары, сақтау, қаптау және жеткізу.

Бұл бөлімде өнімнің тиеу-түсіру жұмыстарымен, сақталуымен, қаптау және жеткізуімен байланысты барлық әрекеттер толығымен құжаттандырылуы керектігі қарастырылады. Оған бірнеше бөлімшелер кіреді:

Тиеу-түсіру жұмыстары. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу әдістері өнімнің сақталуын қамтамасыз етуі керек. Олар құжат түрінде рәсімделеді және персоналдың оқытылуын қарастырады.

Сақтау. Мекеме бұзылуға, шығынға немесе араласып кетуіне жол бермеу үшін өнімнің және материалдың сенімді сақталу тәсілдерін жасау және қолдану қажет. Құжаттандырылған процедуралар ме әдістемелер материалдардың сақталуын кепілдендіру үшін сақталатын материалдардың сақталуын кезекті бағалануынан құралуы қажет.

Қаптау. Операциялар қаптау мен таңбалаудың құжат түрінде рәсімделген процедуралары арқылы жүргізілуі тиіс. Сонымен бірге қаптау бойынша ережелердің, нұсқаулардың құрамына өнімді бұзылудан сақтау әдістері кіреді.

Жеткізулер. Өнімді жеткізу арнайы келісімшартқа байланысты жүргізіледі. Ұйым тағайындалған орынға жеткізуге дейінгі өнімнің сақталуын қамтамасыз етуі керек. Жеткізу әдістері мен олардың тәжірибелік іске асыруы сәйкес құжаттармен қамтамасыз етіледі, ал олардың қатысушылары осы тапсырмаларды орындауға дайын болуы керек.

3.6. Өндіріс және қызмет көрсету

Сапа саласындағы саясат пен өнімді тұтынушылармен жасалған келісімшарттарға байланысты мекеме деңгейі сапа бойынша жоспарда анықталған қызметке кепілдік беруі тиіс. Өндіріс пен техникалық қызмет көрсету бойынша барлық жұмыстар толығымен келісімшарт пен өндірілетін өнімге қатысты ұйымның кепілдіктеріне сәйкес келуі қажет.

 

 

4. Өлшеулер, ТАЛДАУ, ЖАҚСАРТУЛАР

 

4.1. Мониторинг және өлшеу

Сапаны бақылау өнімге қойылған талаптардың орындалуын растау қажет. Оған:

· Кірістік бақылау (материалдар бақылаусыз процесте пайдаланбауы керек; кірістік өнімді тексеру поцедураларға бекітілген сапа жоспарына сәйкес келуі керек және әртүрлі бола алады);

· Аралық бақылау (ұйымның процесс ішіндегі бақылау мен сынаулар процедурасын тіркейтін арнайы құжаты болуы керек және осы бақылауды жүйелі түрде жүргізіп отыруы тиіс.);

· Қортытынды бақылау (нақты соңғы өнім мен сапа жоспары бойынша қарастырылған өнім арасындағы сәйкестікті шығаруға арналған; құрамына барлық алдыңғы тексерулердің нәтижелері кіреді және өнімнің қажетті талаптарға сәйкестігін көрсетеді);

· Бақылау мен сынаулар нәтижелерін тіркеу (бақылау мен сынау нәтижелері туралы құжат қызығушылық танытқан мекемелер мен тұлғаларға ұсынылады) жатады.

 

4.2. Бақылау, өлшеу және сынау құралдары

Өлшеу және сынау құралының дәлдігі сапаны бағалаудың сенімділігіне әсер етеді, сондықтан оның сапасын қамтамсыз ету ерекше маңызды болып табылады.

Бақылау, өлшеу және сынау құралдарын басқару кезінде мекеме:

· Қандай өлшеу жүргізілетінін, қандай құралмен және дәлдікпен жасалу керектігін анықтауға;

· Құрылғының қажетті талаптарға сәйкестігін құжат түрінде рәсімдеуге;

· Үнемі мөлшерлеу жүргізуге (құралдың бөлінуін тексеру);

· Мөлшерлеудің әдістемесі мен кезеңдігін анықтауға;

· Мөлшерлеудің нәтижелерін құжат түрінде рәсімдеуге;

· Қоршаған орта параметрлерін көрсете отырып, өлшеу техникасын қолдану шарттарын қамтамасыз етуге;

· Түзетілмейтін немесе жарамсыз бақылау-өлшеу құралдарын алып тастауға;

· Құрылғының реттелуі мен тек арнайы оқытылған персоналдың көмегімен бағдарламалық қамтамасыздандыруды жүргізуге міндетті.

 

4.3. Бақылау мен сынау дәрежесі

Өнімге бақылау мен сынау жүргізу көзбе-көз бекітілуі қажет (мысалы, этикетка, бирка, пломба және т.б. көмегімен). Тексеру критерийлеріне сәйкес келмейтін өнімдер басқаларынан бөлініп алынады.

Сондай-ақ осындай бақылауды жүргізуге жауапты мамандарды анықтап, олардың өкілеттілігін бекіту қажет.

 

4.4. Жақсарулар. Түзетуші және ескертуші әрекеттер

Бұл әрекеттер тұтынушылардың кез келген шағымдарына, қызмет көрсетудегі қателерге, сапа бойынша жазбаларға және т.б. негізделеді. Олар сәйкессіздіктің себептерін табуға және өндірілетін өнім немесе көрсетілетін қызметтің бекітілген талаптарға кез келген сәйкессіздігін ескерту мақсатымен процедураларды түзетуге мүмкіндік береді. Ол үшін:

· Сәйкес емес өнімге жүйелі түрде талдау жүргізу;

· Өнім мен процессті жетілдіру бойынша шараларды анықтау;

· Сапасы төмен өнім алу тәуекелділігін болдырмау үшін түзетуші іс-шаралардың орындалуын жүзеге асыру;

· Түзетуші әрекеттердің әсерлілігіне бақылау жүргізу;

· Сәйкессіздіктерді жою мақсатымен ережелерге өзгерістер енгізу қажет.

 

4.5. Статистикалық әдістер

Бұл бөлім мекеме өз өнімін өндіру мүмкіндігін растау және осы өнімнің талап етілетін сипаттамаларына қол жеткізу үшін статистикалық әдістерді орнату қажеттігін қарастырады. Статистикалық шешімдерге негізделген әдістер өнімнің өмірлік циклының барлық сталыарныда қолданылады. Жиі қолданылатын статисткалық әдістерге:

· Гистограммалар;

· Уақытша қатарлар;

· Парето диаграммасы;

· Себеп-салдар диаграммалар;

· Бақылау парақтараы;

· Шашырау диаграммасы жатады.

 

4.6. Сәйкес өнімді басқару

Сәйкес өнім деп бекітілген талаптарға жауап бермейтін өнімдерді айтады. Сәйкес емес өнім табылған жағдайда оны басқа өнімдерден бөліп алып, идентификациялау қажет.

Сәйкессіздікті басқару бойынша барлық операциялар құжат түрінде рәсімделуі тиіс. Ол:

· Түзетілмейтін өнімді бағалау, алып тастау, белгілеу, қосымша өңдеу (түзету), жөндеу, жою;

· Ақаулы өнім бірліктерін тіркеу және оларды мекеме ішінде хабарлау;

· Тапсырыс берушіні әрекет етуші жүйе туралы ақпараттандыру әрекеттерін жүзеге асыру қажет.

Сәйкес емес сападағы өнім тұтынушы талаптарын қанағаттандыру мақсатымен түзетіледі, басқа мақсаттарда пайдалану үшін басқа санатқа ауыстырылады немесе жарамсыз деп танылып, қалдықтар құрамына жатқызылады.

 

4.7. Мәліметтерді талдау

Мекеме өнім сапасы туралы мәліметтерді тіркеп, талдау жасап отыру қажет. Бұл мәліметтер міндетті түрде ішкі тексеру нәтижелерінен, жеткізушілердің бағасынан, тұтынушылармен жасалған келісім шарттың талдауынан, жобаларды қайта қараудан, қабылданған түзетуші және ескертуші әрекеттерден, өнімді бақылау мен сынаудан тұрады.

Сапа туралы мәліметтер дәл анықталуы, тіркелуі және жеңіл қол жеткізілетін орында сақталуы керек. Осы мәліметтердің көмегімен өнімнің кезектілігі қамтамасыз етіледі.

 

4.8. Сапаны ішкі тексеру

Мекеме сапа жүйесінің әсерлілігін анықтау және оның ИСО 9000 талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатымен өзінің іс-әрекетін жан-жақты тексеру жұмысын жүзеге асырады. Тексерулер операциялар мен әрекеттердің маңыздылық деңгейіне тәуелді әртүрлі салада жоспарланған аудит формасында болады.

Тексерулерді құжат түрінде рәсімделген ережелерге сәйкес мамандар жүргізеді.

Тексеру нәтижелері құжат түрінде рәсімделеді және тексеру кезінде шығарылған кемшіліктерді жою және уақытылы түзетуші әрекеттерді жүзеге асыру үшін басшылыққа хабарланады.

Тексеру жүргізу жиілігі алдыңғы тексеру тәжірибесі негізінде анықталады. Бірдей аумақта тексеру жылына бір реттен кем емес жүргізіледі және бекітілген жоспарға сәйкес орындалады. Жоспарда тексеру жүргізу орны мен уақыты, аудитордың біліктілігі, дайын өнімге қойылатын талап, тексеру жүргізу әдістері, сондай-ақ нәтижелерді көрсету тәртібі көрсетіледі.

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 737. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия